Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Орытындылау сұрақтары




1. Phaezoosporophyceae класының даму циклінің ерекшеліктері.

2. Cutleria sp. морфологиялық ерекшеліктері

3. Phaezoosporophyceae класы өкілдерінің экологиясы.

 

Тәжірибелік сабақ 7. ҚЫЗЫЛ -RНОDОРНҮТА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ

(2сағат)

Мақсаты: Bangiophyceae, Florideophyceae кластарының жекелеген өкілдерінің құрылысы мен биологиялық ерекшеліктерін оқу.

Практикалық дағдылары:

Қызыл балдырлар өкілдерін тани білуге үйрену.

1 - тапсырма. Bangiophyceae класы өкілдерінің даму цикліне Porphyra sp. (50

сурет) мысалында сипаттама беру жəне анықтап қарау.

 

Florideophyceae класы

50- сурет. Porphyra sp. даму циклі (өзгерістерімен www.unioviedo.es бойынша).

 

51- сурет. Asparagopsis sp. даму циклі (өзгерістерімен www.unioviedo.es

бойынша).

2 - тапсырма. Florideophyceae класы өкілдерінің даму цикліне Asparagopsis sp.(51 сурет) мысалында сипаттама беру жəне анықтап қарау.

3- тапсырма. Қарау жəне суретін салу:

Nemaliales қатары

Batrachospermum sp. (талломның жалпы көрінісі, цистокарпилер);

Rhodymeniales қатары

Rhodymenia sp. (таллом морфологиясы)

Gigartinales қатары

Phyllophora sp. (таллом морфологиясы)

Орытындылау сұрақтары

1. Florideophyceae класының даму цикліне қандай генерациялар кіреді?

2. Florideophyceae класының морфологиялық ерекшеліктері.

3. Florideophyceae класы өкілдері қалай көбейеді?

1. Қызыл балдырлардың кластарға бөліну принциптері.

2. Bangiophyceae класының морфологиялық ерекшеліктері.

3. Bangiophyceae класы өкілдері қалай көбейеді?

 

Тәжірибелік сабақ 8. Жасыл балдырлар – Chlorophyta

Вольвокстар қатары – Volvocales (2сағат)

(Хломидомонада, вольвокс)

1. Сабақтың мақсаты:

Жасыл балдырлардың өкілі – хламидоманады, вольвокс құрылысы, морфологиялық белгілері, көбею түрлерімен және жасыл балдырлардың түрлерімен таныстыру

2. Құрал – жабдықтар, қажетті материалдар тізімі: Микроскоп, хломидомонада, вольвоксты сулар, балдырдың коллекциясы, вольвокстін тұракты препараты.

Жалпы түсінік

Жасыл балдырлар - табиғатта көп тараған, жиі кездеседі.

1300 ден астам түрлері бар. Оларға бір жасушалы, кауымды, көп жасушалы тарамдалмаған (трихальды) және тарамдалған (гетеротрихальды) жіп тәрізді, пластинкалы, сифонды құрылысты балдырлар жатады. Қозғалғыш түрлерінде қозғалу мүшесінің ұзындығы және пішіні бірдей талшыктар аткарады, көіпшлік жасыл балдырлар вегетативтік күйінде қозғалмайды. Жасушларының хромотофорларыңда хлорофилл а және б пигментгерінен баска каротин, ксантофилл пигментгері де болады.

Жасушаның көбіне тығыз целлюлозалы, кейде пектинді заттардан тұратын қабыкшасы болады, жасушаның қабықшасына пектин сіңгенде ол кілегейленіп тұрады. Кейбір карапайым өкілдерінің (дуналиеллада) жасуша қабыкшасы болмайды. Ол цитоплазманың калыңдаған бөлімі плазмолеммамен капталған не болмаса перипласттан кұралады. Мұндай ағзалар кей жағдайда детаболизмге яғни тіршілік кезінде зат алмасу нәтижесінде сырткы ортадағы заттар ағза заттарына айналады, ал,—ағза кұрамындағы заттар ыдырап бөлініп шығуына үшырайды. Жасушасы цитоплазма, ядро, хромотофор, пиреноид және вакуольдерден тұрады.) Цитоплазмасы әдетге жасушалык кабыкшасына жакын орналасады да, жасушаның орталык, бөлімін жасуша шырынына толы ірі вакуоль алып жатады. (Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотофор болады. Ол өсімдік түріне карай пластинка, лента, жұлдыз, дән тәрізді және тағы баска пішінді болып келеді. Хромотофордың кұрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдікгердің хлорофилінің күрылысындай. Оларға хлорофилл сіңген, түссіз белокты стромадан құралған. (Хромотофорда белокка бай дөңгелек тығыз денелер пиреноидатр болады. Бұлардың айналасында көбінесе корекгік заттардың коры ретінде крахмал және май тамшылары жиналады. Жасыл балдырлардың көпшілігінде жасуша бір ядролы, кейде көп ядролы. Ядро хромотофордан әрірек жасушаның сыртын ала жаткан цитоплазманын кабатында немесе жасушаның ортаңғы бөлімінде вакуоль куысына жакын орналасады. Мұндай ядроны цитоплазманың сырткы қабатына карай созылған цитоплазма жіпшелері ұстап түрады. Монада қүрылысты түрлерінде жиырылғыш вакуолі, кызыл көзшесі, екі тең талшығы болады.

Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Бір жасушалы түрлерінде жасушаның жай екіге: бөлінуі, қауымды және жіп тәрізді түрлерінде кауымның ыдырауы мен жіптің бөлшектерге үзілуі аркылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюлері зооспорлар мен козғалмайтын апланспоралар аркылы болады. Жасыл балдырларда, изогамий, гетерогамия жөне оогамиялык жыныс процестерінің болуымен сипатталады.

Жасыл балдырлардьщ басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топыракта, ағаштың кабығында мекендейді. Бір жасушалы және кауымды жасыл балдырлар.

Вольвоксті - vоlvосаlеs балдырлар катары. Бұл катарға вегетативтік күйінде козғалғыш келетін бір жасушалы, ценобиальды-монада кұрылысты ағзалар жатады. Тең талшықтылар қласының вольвокстер қатарынын өкілі ретінде хламңдомонада және вольвокс балдырларын қарастырамыз.

       
   

Хламидомонада - Сhlатуdотоnаs бір жасушалы дөңгелек, сопак, жумыртка тәрізді т.б. пішінді, монада қүрылысты ағза. Хдамидомонаданың жасуша кабыкшасы пектинді - целлюлозалы болып келеді. Жасушаның алдыңғы жағыңда екі цитоплазмалык талшығы болады, осы талшығының көмегімен қозғалады. Жасуша орталығында тостағанша тәрізді хромотофоры болады, оның базальды жағында пиреноиды болады, оның айналасында крахмал дәндері кездеседі. Цитоплазманың ядросы, алдыңғы бөлігінде вакуолі және қызыл көзшесі болады.

 

67-сурет. Хламидомонада: А - біржасушалы таллом; Б - зооспораның пайда болуы; В - пальмеллидті күйі; Г - изогаметалардың пайда болуы. Д - изогамия; Е - гетерогамия; Ж - оогамия; 3 – зигота.

 

Хламидомонада қолайлы жағдайда жыныссыз көбейсді, оның ядросы мен протопласты митотикалык жолмен бөліне бастайды, нәтжесінде аналық жасуша ішінде 2, 4, 8 зооспоралар дамиды /67 сурет Б/. Зооспоралар құрылысы, кұрамды бөлігі жағынан ересек хламидомонадаға ұқсас келеді, тек көлемі ғана кіші болып келеді. Аналық жасушаның шырыштануынан кейін зооспоралар босанып шығады. Су және ауа жеткіліксіз болса хламидомонада пальмеллидтік күйге көшеді, онда талшыктарын тастайды да көп шырыш бөліп шығарады, бірақ протопласт өзінін бөліну қасиетін жоғалтпайды. Қолайлы жағдай туғанда жасушада талшыктар пайда болып, шырыштан босанын, ересек түріне айналады.

Жынысты көбеюі көпшілік жағдайда изогамды, кейбір түрлері гетерогамды, сирек оогамды жолмен көбейеді. Жасушаларда жынысты көбею кезінде гаметалар пайда болып, олар сулы ортада қосылып, зигота пайда болады. Зигота бірнеше целюлозды қабатпен капталып, іші коректік заттарға толы болады да, түсі кызыл тұске айналып, тыныштык күйіне өтеді. Қолайлы жағдай туғанда зигота редукциялык бөліне бастайды да төрт гаплоидгы зооспора пайда болады /67 сурет Д, Е, Ж, З/

64-сурет. Вольвокс: 1 - тума шарлары бар кауым, 2 - кауымнын бір бөлігі, 3-қауымның жоғарғы жағынан қарағандағы көрінісі, (а), оның кесіндісі (б), с-сперматозоидтар, я- жұмыртка жасушасы.

Вольвокс /64 сурет А/ туысы шар пішінді бір жасушалы балдыр. Вольвокс балдырының жасушасындағы цитоплазмасы сыртына шырыш бөліп шығарады да бірнеше жасушалар аркылы байланысып, кауымды тіршілік ете бастайды, бұлардын да пішіні шар тәрізді болып келеді Мүндағы жасушалардың саны 500 ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты күрайтын жасушалар күрылысы жағынан хламиломонадаға үксас, олардың әркайсысынын хромотофоры, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады. Осы талшықтардың бір бағытка карай козғалуына байланысты бір орнынан екінші орынға козғалып отырады.

Вольвокс жасушалары біркелкі болмай ірілі - ұсакты болып келеді.. Үсак жасушалар балінуге кабілетсіз. Олар көмір кышкыл газынан жарыкта көміртегін ассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез процесі жүреді, ал ірі жасушалары көбеюге кабілетті. Ондай ірі жасушалардың саны оншакты, оларды партеногониялы жасушалар деп атайды. Вегетативтік жолмен көбейгенде партеногониялык жасушалардың оңай бөлінуі аркылы жаңа жасушалар түзіледі, бұлардан дамыған пластинка табак сиякта сыртка қарай дөңгеленіп иіледі. Бұл кезде денесінің алдыңғы жағы иілген пластинканың ішіне карап жатады, кейіннен алдыңғы жағы аркылы сыртка карап айналып түседі де пластинка шеттері аркылы түйісіп, іші қуыс шарға айналады. Кейінгілердің жасушалары аналык шардың жасушаларына ұксас және әрбір жасуша екіден өзіне талшык түзетін болады. Мүңдай жас шарлар бірнешеу болып, аналык шардың орта куысына түсіп козғалады. Олардың үлғаюынан аналык шардың кабырғасы жыртылады да жас шарлар сыртқа шығып, өз беттерімен тіршілік ете бастайды. Аналык кауым осындай оншакты жас кауым беріп, өз тіршілігін жояды. Жынысты көбеюі оогамиялы. Мұнда да зигота редукциялық жолмен бөлініп, жоғарыдағыдай пластинкалы, иілген пластинкалы, жарты шар, онын айналып түсу, дүрыс бағытталған тума шарлар, олардын аналык шардың куысына тусуі және аналык шардан босап шығу стадияларынан өтеді. /64 сурет/.

3. Тапсырма

1. Балдырлары бар судан препарат дайындап, хламидомонада балдырын тауып, козғалысын бакылау.

2. Хламидомонада коллекциясынан хламидомонаданың хромотофорын, пиреноидын, ядросын, талшығын, көзшесін, жиырылғыш вакуолін, цитоплазмасын аныктап, суретін салу. Модель аппликациядан хламидомонаданың жыныссыз, жынысты көбеюлерін кұрастырып, суретін салу.

3. Уақытша препараттан вольвокстің козғалысын байкау, тұрақты препараттан вольвокстің кауымдылығын және жыныс жасушаларын бакылап суретін салу.

4. Қайталау сұрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

4. Студенттердің алдын – ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

1. Жасыл балдылардың алуан түрлілігі

2. Көбею жолдары

3. Классификациясы

5. Тапсырма нәтижесін тапсыру:

Хламидоманада балдырының преператтары. Вольвоксты балдырлардың преператтары. Хломидоманада және вольвоксті балдырлардың сүреттері

6. Бақылау сұрақтары:

1. Жасыл балдырлардың морфологиялық структурасы

2. Хломидоманада балдырының жасуша құрылыстары

3. Вольвоксты балдырлардың морфологиялық ерекшеліктері

4. Вольвоксты балдырлардың жасуша құрылысы

5. Вольвокстардың жыныстық процестері

Тәжірибелік сабақ 9. Х ара балдырлары - Сһаrа. (2сағат)

Сабактың максаты: Хара балдырларының сырткы кұрылыстарымен және көбею түрлерімен танысу.

Кажетті материалдар: Хара балдырынын тұракты препараты, кеппешөптер, микроскоп, лупа.

Жалпы түсінік

Хара балдырынын, жынысты көбеюі оогамды, талломның буындарында оогоний - аналык жасушасы, антеридийде - аталык- талшыкты сперматозоидтар дамып жетіледі. Сперматозоидтар аналық жасушаны үрықтандырып, зигота пайда болады. Зигота тыныштық кезіңін өткеннен кейін, редукциялық белініп, жас хара балдыры дамып жетіледі. Хара балдырының тіршілігі гаплоидты фазада өтеді, диплоидты фазасы тек зигота ғана болады.

Хара балдырынын, жынысты көбеюі оогамды, талломның буындарында оогоний - аналык жасушасы, антеридийде - аталык- талшыкты сперматозоидтар дамып жетіледі. Сперматозоидтар аналық жасушаны үрықтандырып, зигота пайда болады. Зигота тыныштық кезіңін өткеннен кейін, редукциялық белініп, жас хара балдыры дамып жетіледі. Хара балдырының тіршілігі гаплоидты фазада өтеді, диплоидты фазасы тек зигота ғана болады.

Хара - Сһаrа /67 сурет/ - ірі, көп жасушалы балдыр. жасушасы жас кезінде бір ядролы болса, есейгенде көп ядролы болады. Хромотофорлары көптеген дән тәрізді. Талломның ішш және сырткы кұрылыстары күрделі болып келеді. Таллом жасыл өркенінен және субстратка бекінетін түссіз тарамдалған ризоидтан тұрады. Денесі жоғары сатыдағы өсімдіктер сиякты “сабакка” және шоғырланып орналаскан “жапырак” тәрізді бөлімдерге бөлінеген. Олар кырыкбуын сиякты буындардан және буын аралықтарынан тұрады. Буындарындағы жасушалары кысқа, ал буын аралықтарындағы жасушалары ұзын келеді. Төменгі буындарындағы жасушалардың бөлінуінен ризоидтары дамып жетіледі. Хара баддырының жыныссыз көбеюі нәтижесіңде пайда болатын зооспора немесе спорамен көбеюі болмайды. Хара балдырынын, жынысты көбеюі оогамды, талломның буындарында оогоний - аналык жасушасы, антеридийде - аталык- талшыкты сперматозоидтар дамып жетіледі. Сперматозоидтар аналық жасушаны үрықтандырып, зигота пайда болады. Зигота тыныштық кезіңін өткеннен кейін, редукциялық белініп, жас хара балдыры дамып жетіледі. Хара балдырының тіршілігі гаплоидты фазада өтеді, диплоидты фазасы тек зигота ғана болады.

 

 

67-сурет. Хара: 1 - жалпы пішіні ризоиды, түйнекгер, бүйірлік бұтақшалары: 2 - талломның бір бөлігі- орталык жасуша, шеткі жасуша, оогоний, жұмыртқа жасушасы, коронка, антеридий: 4 - калкан, калкан тұғыры, сперматоген жішпелері, 5- сперматозоид.6-өскін

Тапсырма

1. Кеппешөптен хараның құрылысымен танысу

2. Тұракты препаратынан хараның жынысты мүшелері - оогоний мен антеридийімен танысып, суреттерін салу.

3. Қайталау сүрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталау сұрактарына жауап беру.

1. Хараларда ядро фазаларының ауысуы калай жүреді?

2. Хара балдырының анатомиялык күрылысы қандай?

3. Харалардың баска балдырлармен филогенетикалық айырмашылығы неде?

4. Хара балдырларының кандай практикалык маңызы бар.

 

Тәжірибелік сабақ 10. Миксомицеттер -Myxomycota бөлімі (2сағат)

Мақсаты: Myxomycota бөлімінің жекелеген өкілдерінің құрылысы мен биологиялық ерекшеліктерін оқу.

 

Практикалық дағдылары: Myxomycota бөлімінің жекелеген өкілдерін тани білуге үйрену.

 

1- тапсырма. Myxomycota бөлімінің жекелеген өкілдерінің даму цикліне

сипаттама беру жəне анықтап қарау.(90 сурет).

 

 

 

90- сурет. Myxomycota бөлімі өкілдерінің даму циклі

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 749 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.