Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Циклоспоралылар -Сусlosрогорһусеае класы




Циклоспоралылардың қабаты күрделі құрылымды, макроскопиялық, меристодерма, қабықтық қабат, аралық қабат және өзектік қабат болып тіндерге жіктелген. Даму кезеңі тек диплоидты стадияда өтеді. Жынысты көбеюі - оогамиялы. Бұл класс бір қатардан, 7 тұқымдастан, 36 туыстастан тұрады.

Фукус-Fucales қатарының қабаты күрделі қүрылымды тіндерге жіктелген, қабаттарының ұштарында болатын төбе клеткалары арқылы ұзарып өседі. Жыныссыз көбеюі болмайды, оогамиялық жынысты жолмен ғана көбейеді, сондықтан ұрпақ ауысу болмайды, тек ядро фазаларының алмасуы ғана болады. Өсімдік диплоидты, тек жыныс элементтері гана гаплоидты. Жыныс органдары скафидия деп аталатын қуыстарда түзіледі.

Фукус-Fucus туысы Балтық және басқа солтүстік теңіздерде көп тараған өсімдік. Қабаты жалпақ, дихотомиялы бұтақтанған, ұзындығы 0,5 метрге жететін плас- тинкадан тұрады, қабатының төменгі жағының пішіні сабақ тәрізді жұмырланып келген. Сабақ төменгі ұшындағы жалпақ түбірлерімен су астындағы тастарға жабысып өседі. Жапырық тәрізді қабатының ортасынан жуандау келген орталық жүйке өтеді. Қабатының жапырақ тәрізді жалпақ бөлігі өзара матасып жатқан көп клеткалы жіптерден құралады. Бүл қабаттың ішінде борпылдақ, сыртында хлорпластқа бай тығыз тін орналасады. Қабаты тарамдалған бұтақтың ұшындағы ойықтарда болатын төбе клеткалары арқылы өседі. Фукустардың кейбір түрлерінде орталық жүйкенің бүйір жақтарында ауа көпіршігі деп аталатын ауаға толы қуыстары болады.

Көбеюі - оогамиялы. Ересек қабатының ұшынан ашық қызғылт сары түсті буылтықтар пайда болады, бұлардан сыртқа қарай бір ғана тесік арқылы ашылатын шар пішінді қуыс - скафидия өседі.

Бұл қуыстарда өте жіңішке көп клеткалы парафиздердің арасында аналық, жынысты оогоний мен аталық жынысты антеридилер өсіп жетіледі, бұлар кейде бір қуыста, ал көбінесе әр түрлі қуыстарда немесе жеке дарақтарда дамиды. Оогоний шар пішінді болып қысқа сағағы арқылы скафидияның түбіне бекініп жатады. Әрбір оогониден редукциялық бөлінуден кейін 8-ге дейін жұмыртқа клетка дамиды. Кей жағдайларда редукциялық бөлінудің нәтижесінде түзілген 8 ядроның төртеуі қалып, қалғаны жойылып кетеді. Жұмыртқа клеткалары сперматозоидтан әлдеқайда (30.000 есе) үлкен болады. Антеридилер қысқа бұтақтарда көп мөлшерде дамиды. Пішіні сопақтау, әр антеридиден екі талшықты 64 сперматозоид жетіледі. Антеридий оогоний сияқты скафидия қуысына үзіліп түседі де, кілегейдің ұлғаюына байланысты антеридиді оогоний сияқты скафидия қуысынан сыртқа шығарып тастайды. Кілегейдің көмегімен скафидияның сыртына жабысып, жыныс элеметтерін босатады, барлық қабықтарынан босанған жұмыртка клетканы сперматозоидтар қоршап алады да, оның біреуі жумыртқаны ұрықтандырады. Ұрықтанудан пайда болған зигота қабыққа оранып, тыныштық кезеңін өтпей-ақ өсіп, жаңа фукусқа айналады. Жыныссыз жолмен көбеймегендіктен, ұрпақ ауысу болмайды.

Сонымен, гетерогенератталарда гаплоидтық кезеңнен диплоидтық кезеңнің басым болганын көрсек, мұнда тек диплоидты кезеңнің болатындығын көреміз. Гаплоидтық кезең тек жыныс элементтері түрінде ғана болады.

Қара теңіздегі көп тараған ірі өкілінің бірі - цистозира -Сystoseira. Бұл - тармақтанған бұта сияқты, биіктігі 1 метрге жететін балдыр. Оогониде бір жұмыртқа клеткасы болады, өйткені қалған жеті ядро жойылып кетеді. Жылы теңіздер мен мұхиттарда тараған өкілі саргассум- Sargassum балдырының да оогониінде бір ғана жүмыртқа клетка дамиды. Оның сыртқы пішіні жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге ұқсайды. Моноподиальды бұтақтанғаи сабағында жапырақ тәрізді пластинкалары болады, олардың қойнында жеміске ұқсаған шар пішінді ауа көпіршіктері өседі. Бұл Саргасс теңізінде қалқып жүреді де, 4,4 млн.км2 жерді алып жатады, жалпы массасының салмағы 20 млн. тоннадай. Ғалымдар олардың алғашқы отаны Орталық және Солтүстік Америка мен Африка аралығы болуы мүмкін деп жориды. Ертеде Саргасс теңізіне судың ағынымен келіп, жаңа тіршілік жағдайына бейімделудің нәтижесінде вегетативтік жолмен көбеюге көшкен дейді.

Көпшілік қоңыр балдырлар суық теңіздерде таралған. Олар теңіздер мен мұхиттардағы басқа балдырлармен араласа өсіп, судағы өсімдіктер дүниесін қүрайды. Сөйтіп, суда тіршілік ететін жануарлардың негізгі азығы, сондай-ақ балықтардың уылдырығы мен шабақтарын жасыратын пана болып есептеледі. Ірі балдырлардың көпшілігі мал азығы және калий тұзына бай болғандықтан, тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. Кейбір ламинариялар тамаққа пайдаланылады. Бұлар ішкі қарын ауруына және атеросклерозға ем ретінде өте пайдалы. Ламинари балдырларынан альгин алады, оны желімдегіштік қасиеті болғандықтан қағаз, картон өндірісіне қолданылады. Бұрын ламинариядан йод алатын.

Қоңыр балдырлардың филогенезі. Қоңыр балдырлар - өте ертеде пайда болған балдырларды бірі. Ламинария мен фукусты қазба қалдықтары силур және девон дәуірінен табылған. Бұның өзі қоңыр балдырлардың эволюциялық даму жолының ұзақ екендігін байқатады. Оған тағы бір дәлел - хлоропласттарында хлорофилдің в пигментінің болмауы. Қоңыр балдырлар табиғи топ, морфологиялық құрылысы жағынан басқа балдырлардан айырлып тұрады. Алайда, хлоропласттарында хлорофилдің а және с пигменттерінің болуы, в пигментінің болмауы бұларды хризомонадалар, әр түрлі талшықтылар, диатомалылар және криптофитті балдырлар мен ұқсастығын байқатса, сонымен бірге хлоропласт тилакоидтарды орналасуы, қор заттары ретінде ламинаринның, хризоламинариннің жиналуы монада құрылысты кұрылысты клеткаларында гетерокоидты және гетероморфты талшықтарының болуы бұлардың шығу тегінің біртекті екендігін ғана дәлелдеп қоймай, кейбір альгологтарға бұл белгілер жоғарыдағы аттары аталған балдырларды бір топқа біріктіруге дәлел болып отыр. Қоңыр балдырлардың даму кезеңінде монадалы клеткаларының болуы оларды алғашқы талшықты организмнен шыққан деп қарауға негіз жасайды. Алайда, қоңыр балдырлардың алғашқы талшықтылармен байланысы хризомонадалар мен әр түрлі талшықтыларға және диатомдылар мен криптофиттерге қарағанда анағүрлым алшақ. Қоңыр балдырларда басқа кейбір балдырлар сияқты талшықты формадан жіптесінді, одан пластинкалы формаларға қарай біртіндеп даму байқалмайды. Қоңыр балдырлардың көп уақыт эволюциядық даму дәуірінен өтуіне байланысты монада, коккоид және тарамдалған жіптесінді формалы толық жойылған.

Кейбір оқымыстылар қоңыр балдырларды фукоксантин пигменттерінің және зооспораларының болуына байланысты феотамнион - Рһаеоtһатпіоп сияқты тарамдалған жіптесінді хризомонадалылармен байланыстырады, сондықтан бұлардың арасында алшақтық болса да, туыстық қатысы бар дейді.

Биохимиялық қасиеті жағынан қоңыр балдырлар қоңыр түсті бояулары бар балдырлардың ішінде диатомдыларға жақын тұрады. Бұл екі бөлімде де а және с пигменттермен бірге фукоксантин (жылтырауық сары), а және р неофукоксантин болады. Сонымен, қоңыр балдырлардың диатомды, жылтырауық сары балдырлармен бірқатар ұқсастық белгілеріне қарап бір-біріне жақын монада қүрылымды организмдерден шыққан деп жорамалдауға болады.

Қоңыр балдырларда эволюциялық даму интеркалярлық өсуден төбе клеткалары арқылы ұшынан өсуге қарай және қабаттары көлемдерінің ұлғаюына, сонымен бірге изогамиялық жынысты кебеюден гетерогамиялық, одан оогамиялық жынысты көбеюге қарай жүрген.

Эктокарпустар эволюциялық дамуында қабатының негізінен қыстырмалы өсетін ламинарияның тегін берген. Мұнда жыныс процесі изогамиялық (эктокарпус) түрден оогамиялық (ламинария) түрге дейін дамыған. Ламинарияда спорофиттің жақсы дамып, гаметофиттің жойылып бара жатқаны байқалады. Ұшынан өсетін диктиота мен фукус сфацеляриядан шығуы мүмкін, ал көбею органының құрылысына қарағанда, сфацелярия эктокарпустың бір бұтағынан дамуы ықтимал. Қоңыр балдырлардың бұл екі тобының екеуінде де эволюциялық даму бір бағытта жүреді, бұларда спорофиттің күшті дамып, гаметофиттің кішірейе келе, тіпті фукустарда жойылғанын көруге болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 954 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.