Ксантотрихалылар - Xanthotrichophyceae класы
Бұл класқа көп клеткалы тарамдалмаған және тарамдалған жіптесінді балдырлар жатады. Клеткалары көбінесе бір қатар болып ораналасқан, кейде
пластинкалы қабат құрауы да мүмкін, бұл жағдайда қабат бір пе бірнеше қабаттан тұруы ықтимал. Қабаттың өсуі клетканың бір, үш бағытта бөлінуіне байланысты. Бұл класқа ең күрделі құрылысты түрлер жатады. Сыртқы пішіндері жағынан улотриксті балдырларға ұқсас.
Трибонемалықтар-қатарының басты өкілі трибонема- тарамдалмаған көп клеткалы жіптесінді балдыр Трибонема улотрикеке ұқсас бір ядролы, бірнеше хлоропласты бар, күпшек пішінді бірқатар клеткалардан құралған балдыр. Клетка қабықшасы пектинді, шеттсрі арқылы бір-бірімен жабысып келетін екі жартыдан тұрады. Трибонема хром қышқылымен эсер еткенде клетка қабықшасы жабысқан жерлерінен ажырасады да, «Н» әріпі тәрізді бейнеге айналады. Жіптесінді қабаттың өсуі клеткалардың көлденең бөлінуі арқылы болады. Жіпшелерінің үзілуі акинеттер арқылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюі зоопоралар мен амебоидты клеткалар, аплоноспоралар арқылы болады. Трибонема басқа балдырлармен бірге салынды құрайды және тұщы, акпайтын не ақырын ағатын суларда, жас уақытында су түбіне бекініп тіршілік етеді.
Гетеропедия- туысы - пластинка пішінді организм. Тармақталған жалған жіпшеесі бөлінгеннен кейін ажырасып кеппей, бір-бірімен тығыз байланысқан паренхиматозды қабат құрайды. Кабаттың ортаңғы клеткалары көп жақты, уақ келсе, шеткі клеткалары бірге дөңгелектеніп келеді. Әрбір клеткада бірнеше дөңгелек хлоропластары болады. Көпшілік жағдайда ортаңғы клеткаларынан тең емес екі талшықты зооспоралар құрылып, жыныссыз көбеюмен бірге автоспоралар арқылы да көбейеді. Ылғалды топырақта кездеседі.
Ксантосифондылар- Хаnтһоsірһоnорһусеае класы
Қабаттарының сифонды кұрылымды немесе клеткалық құрылымының болмауымен сипатталады. Бұл класс ботридиялықтар мен вошериялықтар болып екі қатарға бөлінеді. Бұлардың көпшілігі - макроскопиялық ірі балдырлар.
Ботридиялықтар-қатары қабаты көпіршік, қап не жіптесінді клеткаланбаған болып келеді. Клетка қабықшасы целлюлозды және пектинді, көптеген хло- ропласттары мен ядролары бар.Басты өкілі ботридиум- дымқыл жерлерде, бөгеттердің жиектерінде, кеуіп бара жатқан лас сулардың маңында, кейде орман арасындағы дымқыл сүрлеу жолдардың екі жағында қаптап өсіп тұрады. Оның денесі жер бетінде орналасқан, көлемі 1-2 мм-дей, алмұрт пішінді жасыл шардан және тарамдалған түссіз топыраққа еніп жататын ақшыл түсті ризоидтан тұрады. Денесі перделерге бөлінбеген. Шардың қабырғалық қабатына қарай орналасқан көптеген дөңгелек пішінді сары түсті хлоропласттары, уақ ядролары болады. Клетканың орталық бөлімін клетка шырынына толы вакуоля алып жатады. Ризоидтары цитоплазма мен клетка шырынына толы, жас кезінде ядролары болады. Клетка қабықшасына целлюлоза мен пектин араласқан. Жаңбырлы күндері шардың ішінде көптеген зооспоралар түзіледі де, жогарғы жағында тар тесіктер пайда болып, одан атылған жанар тауы сияқты зооспоралар шығып жатады. Зооспораның екі талшығы қауырсынды, ұзыны алға қарай, қысқасы артқа қарай бағытталған. Қолайсыз жағдайларда клеткаішілік заты ризоидқа өтіп, цисталарға не гипноспораларға ыдырайды, қолайлы жағдайларда циста бірден жаңа дарақ береді не зооспоралар түзеді. Вошерня қатарының қабаты сифонды құрылымды болып келуіне байланысты көп уақыт бойы бұларды тең талшықтылар класының сифондылар қатарына жатқызып келді. Вошериялардың оогамиялық жыныс процесінің сифондылардан өзгеше болуы, азық қоры ретінде крахмал жиналмай, май жиналуы және түстерінің сарғылт жасыл болуы бұларды жеке қатар есебінде қарай, әр түрлі талшықты балдырларға жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, гетероксантин пигментінің болуы, хлорофилл в пигментінің болмаулары да себеп болады. Оның үстіне сифонды балдырлар теңіздерде тіршілік етсе, вошериялылар тұщы суларда, топырақты мекендейді жэне сифондыларда зооспоралар арқылы көбеюлері болмайды. Вошерия қатарының негізгі өкілі - вошерия таяз түщы суларда және ылғалды жерде кездеседі. Оның қабаты, жасыл-қоңыр жуан бұтақтанғап жіптен тұрады. Бұл жіптер көбінесс өзара матасып жатады да, барқыт тәрізді болады. Вошерия жоғарғы ұшынан өседі, ал төменгі жағында төсемікке бекінетін ризоидтары болады. Вошерияның қабаты жеке клеткаларға бөлінбей, іші қуыс түтікшелі, алып бір клеткадан тұрады, ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Цитоплазмасы қабыққа жақын орналасады. Хлоропласттары жасыл түйіршікті, ядролары көп, олар қабаттың ішінде бытырап жатады пиреноидтары болмайды. Дененің ортаңғы бөлімін клетка, шырыны вакуоля алып жатады. Қоректік заты ретінде май тамшылары жиі қолданады.. Зақымдалған жерлерінде перделер пайда болады.Зооспоралар арқылы жыныссыз жолмен көбейеді, олар бұтақтарды ұштарында дамиды. Мұның алдында түтікшенің ұшы ісініп көтеріледі колденең пердемен бөлініп, зооспорангия түзіледі. Ол қою жасыл түсті Зооспорангиядан ядросы, хлорспласты және клетка шырынына толы вакуолясы бар көп талшықты бір зооспора жетіледі. Зооспора піскен кезде зооспорангияның қабығы жыртылып, сыртқа шығып, біраз уақыт суда қозғалыстан кейін тоқтап, талшықтарын тастап, қабықпен қапталады. Вошерия зооспорасы көп ядролы, әрбір ядроның түсынан екі- екіден талшық шығады, сондықтан оны үсақ зооспоралар қауымы деп қарауға болады. Кейде зооспораның орнына көп ядролы, қозғалмайтын апланоспора дамиды.
Жынысты көбеюі - оогамиялы. Оогоний мен антеридий бір жіпшеде қатар жетіледі. Соған байланысты ол бір үйлі өсімдік, кейде екі үйлі болуы да мүмкін. Оогоний сопақ пішінді, буылтықтанып жіпшеден өседі. Алғашқыда буылтыққа цитоплазма және хлоропласттар мен бірге көп ядролар өтеді, перде түзелердің алдында бір ғана ядро қалып, қалғандары оогонийден кейін қарай түтіктің ішіне өтеді. Буылтықта қалған бір ядро көлемі жағынан ұл- ғайып, жүмыртқа клеткасына айналады. Антеридий пішіні қошқардың мүйізі сияқты иілген жерінің ортасы арқылы бөлінеді. Антеридий өзінің жоғарғы ұшымен аналық жынысты оогониге қарай өседі, одан көптеген екі талшықты сперматозоидтар жетіледі. Оогоний піскен кезде беткі жағындағы қабығы жыртылып, прото- плазманың бір бөлігі сыртқа шыга- ды. Антеридий қабығының жыр- тылған жерінен шыққан спермато- зоидтар оогонийге енеді де, ұрық- тандырады. Ұрыктанған оогониден қалың қабықпен қапталған, қор за- тымен жабдықталған қоңыр түсті ооспора дамиды, одан тыныштық кезеңінен кейін вошерия өсіп же- тіледі. Сонымен, кейбір сарғылт жа- сыл балдырларда гермафродитизм құбылысының барлығы байқалады
Эустигматалылар – Eustigmatophyceae класы
Бұл класқа жататын балдырлар небәрі 12 түр, басқа сарғылт жасыл балдырлардан айырмашылығы - монада клеткасының ерекше құрылым- ды болуында. Зооспорасының бір талшығы, ерекше кұрылымды көзшесі болады, Зооспораның екінші талшығы базальды денешікте клетканың ішінде жатады, тек екі түрінде ғана артқа қарай бағытталған талшығы к-рініп жатады. Көзшесі ірі қызыл, сары, жалаңаш мембрана қабаты жоқ, хлоропласттан тысқары дененің алдыңғы жағында орналасады. Оны зооспораның қауырсынды, алға қарай бағытталған талшығының жуандап келген парафлагеллярлық денесі басып өтеді. Үш тилакоидты ламелласы топталып, қыр құраған құсап жатады. Шеткі белдей орналасатын ламел- ласы болмайды. Тиреноидтары тек вегетативгік клеткаларында ғана бо- лады. Фотосинтездік пигменттерінде хлорофилл альфа, бетта-каротин, ал ксан- тофилдердің ішінде виолоксантин басым. Бұл класқа бір клеткалы кауымды, коккоид құрылымды организмдер жатады, Монада құрылымды болып жыныссыз көбеюге қызмет ететін зооспора ееептеледі. Класс бір эустигмалықтар Eustigmattales қатарынан 4 тұқымдастан тұрады. Бұлардың өкілдері топырақта, тұщы жэне теңіз суында мол тараған.
Сарғылт жасыл балдырлар көбінесе ащы суларда, дымқыл топырақта, батпақтана бастаған орманды жер лерде, су қоймаларында, арықтарда, бөгеттерде, шалшықтарда, сирек ағын суларда кездеседі. Жыл мезгілінің жылы айларында жақсы өседі, суық айларда таралу ареалы азаяды. Бұл балдырлардың біраз түрлері топырақта кездеседі, кейде қаулап өсіп, топырақ бетінің «гүлденуін туғызады. Аэрофитті формалары ағаш қабықтарын, дымқыл үй қабырғаларын, дымқыл тастарды мекендеп, оны көгертеді. Эпифитті түрлері басқа балдырларды, жоғарғы сатыдағы су өсімдіктерін, ақ мүкерге тұрақтайды. Эндофитті сияқты түрлері сфагнум мүгінің су жиналатын клеткаларын мекендейді.
Сарғылт жасыл балдырлар алғашқы органикалық заттарды құрушы, ластанған суларды тазартуды суды оттегімен байытушы және жер топырағының құнарлылығына әсер етуші ретінде табиғатта маңызды орын алады. Сарғылт жасыл балдырлар басқа микроорганизмдермен Бірге организмдердің экологиялық мониторингі жүйесін анықтауға корсеткіш ретінде қолданылады. Бұлар басқа организмдермен бірігіп, алғашқы су түбіне шөгіп органикалық заттар тізбегін құрап, басқа организмдердің азық қ0ры болып ссептеледі.
Сарғылт жасыл балдырлардың филогенезі. Бұл бөлімнің балдырларын бұрын көптеген ұқсастық белгілеріне қарап жасыл балдыр-лармен біріктіріп, бір топ ретінде караған. Мұнда тек талшықты жасыл балдырларда кездесетін негізгі эволюциялық бағытты байқауға болады. Олардан әр түрлі талшықта- рының және сары пигментінің болуы арқылы айырылады. Сондықтан әр түрлі талшықты балдырлардың дамуы тең талшықтыларға байланыссыз, олармен параллель дамыған. Әр түрлі талшықты балдырлар алғашқы амебоид құрылымды организмдерден шығып, өз бетімен дамыған жеке систематикалық топ. Алайда, А. Пашер сарғылт-жасыл, жылтырауық сары, диатомды балдырлардың биохимиялық, цитологиялық ұқсастықтарына және эндогендік цисталарының, қабықшаларына кремнезем сіңуіне, пигмент- терінің біртектестігіне қарай алғаш рет бұл балдырлардың бір-біріне туыстық қатынасының барлығын анықтап, Сһrysophyta деген атпен біріктіріп, бір бөлім ретінде қарауды ұсынды. Сарғылт жасыл балдырлардың биохимиялық ерекшелігін электрондық зерттеулер құрылыстарының біртекті еместігін көрсетті. Соған байланысты эустиг-маталыларды жеке класс ретінде бөліп қарауға тура келді. Қорыта келгенде, бұлардың тегіне, бояулары мен қор затының құрамына, вегетативтік клетка қабықшасының құрылысы мен зооспораларының ұқсастығына байланысты хризомонадалармен жақындастырып, оларды біртектен шыққан деп қараған жөн.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000
3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.
Дәріс 5. ҚОҢЫР - РНАЕОРНҮТА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қоңыр балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Жасуша құрылысы
3. Қоңыр балдырлардың көбеюі
4. Қоңыр балдырлардың систематикасы
5. Қоңыр балдырлардың филогенезі
Жалпы сипаттамасы. Бұлар теңіздің жиегінде ризоидтары арқылы бекініп тіршілік ететін күрделі қүрылысты өсімдіктер. Олардың 240 туыстасқа жататын 1500-дей түрі белгілі. Суық түщы сулардан 5 түрі ғана табылған. Олардың көлемдері кішкентай жэне сирек кездеседі, сондықтан биологиялық жэне экологиялық жағынан нашар зерттелген балдырға жатады. Қоңыр балдырлар өзінің атына байланысты хлорофилдің а және с пигменттерінен басқа, қоңыр түс беріп тұратын фукоксантин және қосымша ксантофильдің сары (фуко-, диато-, не- офуко-, диадино-, зеаксантиндер), каротиннің қызыл-сары пигменттері болады. Осы пигменттердің орайласып келуіне байланысты бұлардың түсі қоңыр-жасылдан қара-қоңыр, кейде қара түске дейін өзгереді.
Балдырлардың бұл бөліміне жіп тәрізді, қабықты, қап пішінді, дихотомиялық бұтақтанатын лента тәрізді пластинка пішінді болып келетін қарапайым түрлерімен бірге, қабаттарының қүрылысы балдырлардың басқа бөлімдеріне қарағанда өте күрделі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты «сабақ», «жапырақ», «тамыр» тәрізді бөліктерге бөлінген.
Жіптесінді формаларының қабаты бір білікті және көп білікті құрылысты бо- лып келеді. Бір білікті құрылыстары бір түптен бір жіптесінді болып шығады да, кейіннен жан-жаққа бір білектен бұтақтанып кетеді. Көп білікті қүрылыстыларда бірден-бір түптен бірқатар болып топталған жіптесінді бұталар өседі. Бір білікті қабаттың жоғарғы жағынан көп клеткалы жіптесінді түктер дами- ды. Көп білікті құрылысты қабатты түрлерінде клеткалардың атқаратын қызметтеріне қарай паренхима- тозды тіннің қүралуы байқалады. Қарапайым кұрылымдыларында күшті бояған қабықтық қабатпен ерекше вакуоля-физоидтары жэне түссіз ірі, көбінесе біркелкі клеткалардан құралған өзектік қабаты болады. Саргассум сияқты күрделі қүрылымды түрлерінің қабаты бұтақтанып, сабақ жэне жапырақ тәрізді пластинкадан тұрады. Күрделі кұрылымды қоңыр балдырлардың қабаттары қарапайым кұрылымды ассимиляциялаушы, қор жинаушы, механикалық және өткізгіш тіндерге бөлінген.
Күрделі құрылымды ламираниялықтар мен фукустар сияқты қоңыр балдырлардың қабықтық қабаты қалың бірнеше қабаттан тұрады және олар әр түрлі формасы, мөлшері бар уақ боялған клеткалардан құралған. Уақ клеткалардың үздіксіз бөлінуінің нәтижесінде түктер жэне көбею органы түзіледі. Бұл қабатты меристодерма деп атайды.
Меристодерма қабатынан кейін ірі боялған клеткалардан құралған ішкі қабықтық қабат орналасады. Ішкі түссіз орталық өзектік қабат ірі, ұзын клеткалардан құралған, бос не тығыз жатқан жіпшелерден тұрады. Ішкі қабықтық қабат пен өзектік қабаттың аралығында ірі түссіз клеткалардан күралғап аралық қабат орналасады. Ламинариялықтардың өзектік қабатынан қор заттарын таситын срекше кілегейлі секреторлық клеткалар - сүзгілі түтіктер мен түтікті жіпшелер дамиды.
Орталық өзекті қабат қоңыр балдырларда тек фотосинтез өнімдерін таситын ғана орган болып есептелмейді, сонымен бірге механикалық қызмет атқарады. Кейбір түрлерінде қабаттарының тік тұруының бір себебітінде- рінде ауа көпіршіктері толып тұратын қуыстарының болуында. Қабаттарының мөлшері бірнеше сантиметрден ондаған (макроцис- тис - 20-60 м) метрге жетеді. Қоңыр балдырлардың ішінде бір клеткалы қауымды және тарамдалған жіптесінді формасы белгісіз. Бұлар - біржылдық не көпжылдық өсімдіктер.
Жасуша құрылысы. Қоңыр балдырлардың клеткасы целлюлозды қабықпен қапталған, оның сыртында пектинді заттар болады да, клетка қабығы кілегейленіп тұрады. Бұл өсімдікті толқынның соғуынан және су қайту кезінде кеуіп қалудан сақтайды. Қоңыр балдырлардың цел- люлозасы өзінің қасиеті жағынан жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің целлюлозасынан айырылады, клетка қабықтарында альгин қышқылының болуына байланысты оны кейде альгулеза деп атайды. Клеткалары шар, эллипсоид, күбі тэрізді, көпшілік түрлерінде қысқа не созылған цилиндр пішінді, дөңгелек кейде көп бұрышты не белгілі формасы жоқ болып келеді. Мөлшері де әр түрлі. Бір клетка екінші клеткамен плазмодесма арқылы байланысып жатады. Қалың клетка қабығы бар түрлерінде клетка саңылауы айқын байқалады. Протоплазмасында бір ядросы, хлоропласттары және өте уақ тек электронды микроскоппен ғана көрінетін пиреноидтары болады. Қарапайым түрлерінде хлоропласттары пластинкалы, лента пішінді бір не бірнешеу, ал күрделі құрылымдыларында дән сияқты көптеп келеді. Хлоропласттар жалпы қабықшасынан басқа ядро қабықшасымен байланысып жататын күрделі мембрана жүйесімеп қоршалған. Хлоропласт параллель жатқан үш тилакоидты ламелладан тұрады. Оны бір не бірнешс сыртқы ламеллалар қоршап жатады. Сақина пішінді генофорлары шеткі ламеллалардың астында орналасады. Қалың қабықты қабатты формала- рында клеткааралық саңылаулары болады. Кепшілік қоңыр балдырлардың қабаттарының жоғарғы қабатынан ерекше көп клеткалы бірқатар клетка- пардан тұратын түктер өседі. Төменгі зоналарының клеткаларының жиі бөлінуіне байланысты олардың мөлшерлері кішкентай келеді.Клетка құрамында басқа балдырларда болмайтын физоид деп аталатын жас клеткаларда түссіз, ал ересек клеткаларда сары-қоңыр көпіршік болады. Оның құрамында танин деп аталатын илік заттар жиналады. Қор заты ретінде крахмалдың орнына жай кант, көпшілік уақытта суда еритін полисахарид-ламинарин, кейде май не маннит жиналады. Олар хлоро- пласттардан тысқары цитоплазмада орналасады.
Монадалы клеткаларының (зооспоралар мен гаметалар) қызыл көзшесі мен талшығы болады. Көзшесі талшық аппаратымен байланысып жатады. Талшықтары көпшілік уақытта екіден (диктиоталықтарда біреу), гетероконгты және гетероморфты. Алдыңғы ұзын талшығы күрделі құрылысты қауырсынды тармақталған мастигонема деп аталатын түктерден және акронема деп аталатын спиральды иректелген талшық қосалқысынан тұрады. Артқы қысқа талшығы тегіс, акронемамен аяқталады
Көбеюі. Қоңыр балдырлар вегетативті жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Вегетативтік көбею қабат бұтақтарының кездейсоқ үзіліп түсуі және сфацелярия сияқты түрлерінде арнаулы бүршіктерден пайда болуы арқылы болады.
Жыныссыз көбеюі көпшілігінде зооспоралар, диктиоталарда қозғал- майтын тетраспоралар, ал тилоптеридияларда моноспоралар арқылы болады. Жынысты көбею процесі изогамиялық, оогамиялық, сирек гетерогамиялық жолмен жүреді. Зооспоралар мен қозғалғыш гаметаларда бірден хлоропласттары болады. Зооспора алмұрт пішінді, оның қызыл-қоңыр көзшесі, тең емес екі талшығы және ядросы болады. Талшығының ұзыны алға, қысқасы артқа қарай бағытталған. Зооспоралар мен гаметалар бір не көп ұялы қуыстарда түзіледі.
Басқа көп клеткалы балдырлардан қоңыр балдырлардың басты бір айырмашылығы - бір ұялы спорангияларының болуымен бірге, көп ұялы спорангияларымен бірге гаметангиялары да болады. Бұрынғы уақыттарда көп клеткалы деп есептеп келсе, енді көп ұялы дейді. Зооспоралар не гаметалар құралмас бұрын, көп ұялы қуыс жұқа перделер мен камераларға бөлінеді. Әрбір камерада бір ядро мен цитполазманың бөлігі болады. Сөйтіп, әрбір камерадан бір- бірден, сиректеу екіден зооспоралар не гаметалар түзіледі.
Қоңыр балдырларда изоморфты жэне гетероморфты ұрпақ алмасуы болады. Гетероморфты ұрпақ алма- суда гаметофит қүрылысы көбіне микроскопты болып келеді. Кейбір қоңыр балдырларда ірі тік өсетін макроскопты спорофит қабаты протонема деп аталатын төселіп жататын жіпшеден не дискадан дамиды. Қарапайым пунктария, хордария сияқты түрлерінде толық ұрпақ алмасу болмайды. Спорофиттен дамитын спорадан гаметофит өспей, гаметоспорофит не спорофиттің қабаты өсуі мүмкін. Кейде гаметофиттерден түзілетін гаметалар зооспоралар сияқты өсіп, қайтадан гаметофит қабаттарын беру қарапайым қоңыр балдырларда жиі кездеседі. Осыған байланысты гаметалардың екі жақты қасиет көрсетуіне қарай гаметоепорофит деп атайды. Ал көпшілік күрделі кұрылысты қоңыр балдырларда спорофиттен дамыган зооспоралар өсе келе дара не қос жынысты гаплоидты өсімдіктер (гаметофитті өскіндер) береді. Олардан дамыған гаметалардың арасында болған ұрықтанудан кейін зигота тыныштық фазасына өтпей~ақ, бірден жыныссыз диплоидты спорофит дамиды.
Қоңыр балдырларды ұрпақ алмасуына қарай изогенераттылар гетерогенерат- тылар, циклоспоралар деп 3 класқа бөледі. Мұндай жүйе қоңыр балдырлардың негізгі ұрпақ алмасуындағы барлық ерекшеліктерін байқатпайды. Әсіресе, алғашқы екі кластың өкілдерінің ішінде бір-біріне қайшы істелетін ұрпақ алмасулары болатындығы байқалады. Оған дәлел изогенераттыларға жататын култерияда айқын байқалатын гетероморфты ұрпақ алмасуы болатындығы белгілі, оның ламинариялықтардан айырмашылығы — екі ұрпақтың екеуі де макроскопиялық болуында және морфологиялық ерекшеліктерінде. Бұдан шығатын қорытынды: мұндай жүйе тек шартты түрде ғана алынған. Сондықтан қоңыр балдырлар жан-жақты терең зерттеуді талап етеді, соған орай оның жіктеуін қайта қарауды қажет етеді.
Изогенераттылар - Іsоgеnеrаtорһусеае класы
Изогенераттылар изоморфты ұрпақ алмасуымен сипатталады. Бұл класқа жататын көпшілік балдырлардың спорофиті мен гаметофиттерінің үлкендігі және пішіні жағынан бірдей, тек кейбіреулерінің пішіні, мөлшері жағынан ғана айырмашылығы болады. Қоңыр салқын тұщы суда кездесетін барлық 5 қоңыр балдыр осы класқа жатады. Олар - кішкентай, ұсақ балдырлар. Бұл класс 5 қатарға бөлінеді
Эктокарпалықтар- қатарына денесі бірқатар клеткалардан құралған, тарамдалған жіптесін, ұзындығы 30, сиректеу 60 см-ге дейін жететін балдырлар жатады. Өсуі интеркалярлық, вегетативтік жіптерінің клеткаларында пиреноидтары бар боялған хлоропласталары болады. Көбею органының қызметін бір ұялы не көп ұялы орында дамитын спорангий не гаметангий атқарады. Жыныс процесі изогамия сирек гетерогамия. Вегетативтік көбею қабаттардың кездейсоқ үзілуінен пайда болатын жіпшелері арқылы болады. Эктокарпус- туысының қабаты кладофораға ұқсас тарамдалған жіптесінді, бір қатар клеткалардан құралған, ұзындығы 0,1-30 см-ге жететін бұта тэрізді қарапайым құрылымды балдыр. Клеткасында лента пішінді пластинкалы хлоропласты мен бір ядросы болады. Көптеген түрлері теңіз суларында, кейде су астындағы ірі балдырларға бекініп тіршілік етеді. Эктокарпус қабаты төсемікке төселіп өсетін жіпшелерден және олардан тік келетін бірқатар клеткалардың кұралған бірнеше қатар бұтақталған бұталы жіпшелерден тұрады. Тарамдалған жіпшелердің ұштары ұзарып, түссіз көп клеткалы түкке айналады. Бұтақтың түп жағындағы бөлінетін қысқа клеткалары арқылы интерколярлық түрде ұзарып өседі. Ал төселіп өсетін