Қарастырылатын сұрақтар:
1. Диатомды балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Жасуша құрылысы
3. Диатомды балдырлардың көбеюі
4. Диатомды балдырлардың систематикасы
5. Диатомдыбалдырлардың филогенезі
Жалпы сипаттамасы. Атына байланысты бұл бөлімге көбінесе таяқша пішінді, бір клеткалы жэне қауымды, кішкентай, микроскопиялыќ, күрделі құрылымды коккоид организмдер жатады. Диатомды балдырлардың клеткалары дөңгелек, үш бұрышы сопақ, трапеция, күпшек, цилиндр және т.б. пішінді болады. Басқа балдырлардан клетка құрылыстарының ерекшеліктері арқылы айырылады. Клетканы тікелей жұқа, құрылымсыз пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған мөлдір жақтаулы берік сауыт қаптап жатады. Олар бір-біріне тығыз еніп жатқан қақпақты сауыт сияқты. Сауыттың құрылысы мен формасы және білік пен симметрия жазықтығының бір-біріне байланысы диатомды балдырларды жіктелудің негізі болып есептеледі. Кремнеземді жақтаулары клетканың тіршілік әрекетінің нәтижесінде құралады. Клетка сауыттары бір-біріне еніп жататын екі жақтаудан тұрады. Жақтаудың уақ тесіктері арқылы протопласт өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады. Оның үлкен жақтауын эпитека, кішісін гипотека деп атайды. Эпитека дөңес не тегіс жақтаудан — эпивальвадан және белдеу шеңбері - эпицингивальвадан тұрады, гипотека да құрылысы жағынан эпитека сияқты гиповальва мен гипоцингивальвалы. Кейде жақтауға параллелъ септа деп аталатын клетканы жартылай бөлетін кремнийлі перде пайда болады.
Сауыттың симметриялы құрылымды болуына байланысты бойлай, көлденең және орталық білікті сызыќтар жүргізуге болады. Сол сызықтардың ұзындықтары арқылы (оның биіктігін, ұзындығын, енін.анықтайды. Егер сауыт ортасынан бір жазықтықта тең бөлінетіндей етіп үштен артық сызық жүргізуге болса, оны симметриялы сауыт дейді. Ал екі сызық жүргізуге болса, ондай сауытты бисимметриялы бір ғана сызық жүргізілсе, моносимметриялы деп атайды. Жақтау негізінен, актиноморфты және зигоморфты болып екіге бөлінеді. Актиноморфты жақтау арқылы үштен артық сызықтар жүргізуге болады және ондай жақтаулар дөңгелек,үш бұрышты, көп бұрышты келеді. Оған центрикалык диатомдылар жатады. Зигоморфты жақтаулар арқылы екіден артық бір жазықтықта сызықтар жүргізіп, тең бөлікке бөлуге болмайды. Оған бисимметриялы, моносимметриялы сауыттары бар пенатталар класының өкілдері жатады. Зигоморфты жақтаудың ішінде ұштары біркелкілері - изопольдылары, ұштары әр түрлі гетеропольдыларға қарағанда көп болады. Жақтаудың ұштары сына пішінді, тұмсық тәрізді, үшкір, тоқал, созыңқы болып келеді.
Көпшілік пеннаталардың сауытында екінші жағынан шығатын саңылаулы тігістері болады. Тігістердің құрылысы, формасы, ұзындығы әр түрлі. Ол екі жақтауда да не бір жақтауда орналасуы мүмкін. Клетканың формасы оның орналасу жағдайына байланысты. Клетка жақтау жағынан бір көрініс көрсетсе, белдеу жағынан екінші бір көрініс көрсетеді. Жақтауларында таксономикалық белгілерін анықтайтын әр түрлі арнаулы элементтері болады. Бұл арнаулы белгілер тек микроскоп арқылы байқалынады.
Клетка құрылысы. Клетка мөлшері 4-2000 мкм-дай. Клетка протопластасы цитоплазмадан, ядродан, хлоропласттан, қор затынан, клетка шырыны бар вакуольдан, уақ органеллалардан тұрады. Диатомдылардың басқа микроскопиялық балдырлардан басты бір ерекшелігі - целлюлозды клетка қабықшасы мен крахмалдың болмауында. Цитоплазма көпшілік уақытта клетканың қабырғалық қабатына қарай не клетканың ортасына жинақталған. Цитоплазманың сыртын мембрана қабаты қаптап жатады. Клетканың қалған бөлімін клетка шырынына толы көптеген вакуолялар алып жатады, кейде олар бір-бірімен қосылып ірі бір вакуоля құрайды. Клетканың шар пішінді бір ядросы көпшілік уақытта клетканың орталық бөліміндегі көпіршеде, кейде цитоплазманың шет жақтарына орналасады. Оның сыртын ұсақ тесікті екі мембрана қаптап жатады. Ядроның 1-8-ге дейін ядрошығы болады. Хлоропласттың пішіні, көлемі және саны әр түрлі. Олар көбінесе уақ көптеген дән тэрізді не дөңгелек, сирек ірі бір не бірнеше пластинка пішінді, шеттері тегіс не тілімделіп қалақтанып келеді. Оның сыртын екі қабат мембрана қаптап жатады. Хлоропласт стромасында екі мембраналы қабысқан цистерналар - тилакоидтар орналасқан.
Диатомдылардың тилакоидтарының жоғары сатыдағы өсімдіктер мен кейбір балдырлардан ерекше қырлар құрамай, үш не одан көп цистерналардан құралған будақтар (пачки) құрауында. Будақтағы тила- коидтардың саны тұрақты емес, ол организмнің тіршілік ортасына және систематикалық орнына байланысты. Бір не бірнеше тилакоидтар хлоропласттың шет жағына орналасқан. Мұндай белдеулей орналасқан тилакоидтар қызыл, қоңыр және жылтырауық сары балдырларда кездеседі. Хлоропласттары көбінесе клетканың қабырғалық қабатын алып жатады. Хлопласттарында линза, ойық пластинка пішінді бір не бірнеше пиреноидты болады. Хлоропласт хлорофилдің а,с пигменттерімен қоса А В каротин ксантофилдердің(фуко-,диа-то-,нео-,фуко-,) басым болуына байланысті ашық сары,қоңырлау түсті болып келеді. Хлоропластарының көбінесе хризомонадалылардікі сияқты жылтырауық сары түсті болуы ультрамикроскопиялық ұқсастықтарының болуында. Екеуінің де хлоропластында пигменттер жинақталатын үш дөңгелек және бір белдеулеп орай жататын тилакоидтары болады.
Балдыр тіршілігін жойған уақытта қоңыр және сары пигменттер суда еріп, балдырдың түсі жасыл болып қалады. Балдырдың түсі көбінесе тіршілік ортасына және жағдайына байланысты. Планктонды тіршілік ететін түрлерінде хлоропласттың түсі жылтырауық сары, төсемікке бекініп тіршілік ететін түрлері көбінесе қоңыр, қара-қоңыр түсті болып келеді. Фотосинтез процесінің нәтижесінде май тамшылары, кейбіреулерінде волютин және хризоламинарин жиналады.
Клетканың уақ органеллаларына электронды микроскоппен көрінетін митохондрия (хондриосома), Гольджи аппараты жатады. Митохондрия таяқша, жіптесінді жэне дін сияқты, клетканың бойына таралып жатады. Митохондрияда клеткаішілік зат алмасуын реттейтін ферменттер жинақталған. Соның арқасында жиналған заттарды ыдыратып, энергия бөліп шығарады. Көпшілік диатомдыларда ядроның екі жағында Гольджи аппараты орналасады. Ол бір-біріне тығыз жататын таяқша, тор не қабыршақ тәрізді ұсақ көпіршіктен тұрады. Оған клетканың тіршілік әрекетінен түзілетін заттар жиналады. Ол заттарды шығару қызметіне қатысады. Диатомды балдырларда вегетативтік уақытында қозғалысқа келтіретін талшыќтары болмайды. Бұлардың қозғалысы күрделі процесс, оны кейбіреулерінде тігістері атқарады. Филогенетиталық жағынаи тігіс жас прогрессивті белгі болып есептеледі.
Көбеюі. Диатомды балдырлар клетканың жай екіге бөлінуі арқылы вегетативті кебейеді. Бұл процесс кремнеземді сауыттарының болуына байланысты басқа балдырларға қарағанда өз ерекшеліктері бар. Клеткаішілік заты ұлғайып, онда май тамшылары жинала бастайды, соның нәтижесінде жақтаулары бір-бірінен алшақтайды, тек белдеу жақтарының шеттері арқылы ғана байланысып тұрады. Оның алдында ядро тек екіге бөлінеді де, протопласты да хлоропластпен бірге екіге бө ліне бастайды. Егер хлоропласт біреу болса, ол тек екіге бөлінеді, ал егер екеу не бірнешеу болса, онда жаңа пайда болған тума клеткалар да оның саны аналықтағы хлоропласт санына жеткенше бөлінеді. Сөйтіп, клетка ажырайды да, әрбір жас клетка аналық клеткадан бір ядро, хлоропласт жэне бір жақтау алып, жетіспеген жақтауларын өздері жасап алады. Үлкен жақтау алғаны кішісін жасайды, ал кіші жақтау алғаны үлкен жақтау жасауға шамасы келмей, тек кіші жақтау жасайды. Аналық клетканың үлкен жақтауын - эпитекасын алғаны аналық клетканың үлкендігіндей, ал кіші жақтауын гипотекасын алғаны одан гөрі кіші болады. Гипотека эпитекаға айналып, гипотеканы жасадан құрайды. Кейінгі зерттеулерге қарағанда тума клеткаларда гипотеканың құралуы аналық клетканың ішінде ажырасып кетпей тұрғанда басталады. Аналық клетканың ішінде жатып тума клеткалар жаза құрала бастаған гипотекаға 8іо 23 ионы кіреді. Сөйтіп, тума клеткалар ажырасып кетпей тұрғанда олардың гипотекасы болады. Бұл бөлініс бірнеше рет қайталанғаннан кейін кіші жақтау алып отырған жас клетка мөлшері бірнеше есе кішірейіп, әрі қарай бөліну арқылы көбеюге қабілеті келмей қалады. Сондықтан олардың қалыпты жағдайға жетуі жыныс процесімен байланысты. Бірақ жыныс процесі әр уақытта тек уақ вегетативтік көбеюге қабілеті жоқ клеткаларда ғана бола бермейді. Сондықтан жыныс процесі басқа да жағдайларға байланысты. Жынысты көбеюі көпшілігінде жасыл балдырлардың конъюгациясы сияқты изогамия, анизогамия, ал кейбіреуле- рінде оогамия арқылы болады. Жынысты көбею процесі әр класта әр түрлі. Пеннаттылардың жыныс процесі десмидиялылардың конъюгациясына ұқсас, екі дарақ бір-біріне жақындап кілегейлер бөліп шығарып, ортақ қалың кілегейлі қаппен қапталады. Әрбір клеткадағы ядро редукциялы жолмен 4 ядро түзіледі, оның үшеу, екінші біреулері жойылады.Соның нәтижесінде бірінші жағдайда барлық клеткаішілік заты бір гамета,екінші жағдайда екі гамета түзіледі. Олар амеба тәрізді жылжып жақтаудан шығады да,бір-біріне құйылады,сөйтіп бір не екі зигота құрайды.Олар көлемдері жағынан ұлғая бастайды,сондықтан оларды өсу споралары немесе ауксоспоралар деп атайды.Барлық жағдайда ауксоспорада алдымен эпитека содан кейін гипотека түзіледі. Ауксоспорадан пайда болған алғашқы клетка аналық клеткадан анағұрлым үлкен болады.. Бірінші жағдайда мейогенездік және митоздық жолмен бірінен кейін бірі жүйелі бөлінуінің нәтижесінде әр аналық клеткадан бір қозғалғыш және бір қозғалмайтын гамета түзіледі. Қозғалғыш гамета қозғалмайтын гаметаға қарай жылжып, онымен қосылады. Екінші жағдайда бір клеткадан түзілетін екі гаметаның екеуі де қозғалғыш келеді, ал екінші клеткадан түзілетін екі гаметаның екеуі де қозғалмайды.
Центрикалық диатомдыларда оогармиялық жыныс процесі бар. Бір клет- калардан бір не екі талшығы бар редукциялық бөлінудің нәтижесінде 4 сперматозоид құралады. Екінші бір клеткалардан пайда болған 4 ядроның біреуі ғана сперматозоидты қабылдауға қабілетті. Оны шартты түрде бір жұмыртқалы оогоний клеткасы деп қарайды. Сперматозоид оогонийге еніп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Зигота пектин қабығына оранып, ауксоспораға айналады. Мұндай жынысты көбею пеннатталылар (рабодонема) класында кездеседі.
Планктонды түрде тіршілік ететін диатомдылар да ұсақ 8-ден 16-ға дейін және одан да көп түзілетін микроспоралар арқылы көбейетіндігі анықталды. Микроспоралар талшықсыз не талшықты түсті не түссіз. Бұл споралардың түзілу табиғаты толық зерттелмеген. Қолайсыз жағдайларда диатомды бал- дырлар тыныштық күйге көшеді. Клетка шырынынан айырылған протопласт клетканың бір жағына қарай ысылып ығысады. Қолайлы жағдай туғанда қалыпты тіршілік жағдайына көшеді. Көпшілік диатомдылар тышталған спора құралады. Оның алдында аналық клеткаішілік заты екіге бөлінеді де, оның әрқайсысы спора құралатын аналық клеткаға айналады. Спораның жақтаулары әр түрлі тұрақты және вегетативтік клетканың жақтауынан өзгеше. Аналық клеткадан бір экзогендік не індогендік спора түзіледі. Жетілген экзогендік спора аналық клеткадан тысқары орналасады, ал эндогендік спора аналықтың ішінде жатады.
Диатомды балдырлар қалыпты вегетативтік жағдайда дамуы диплоидты кезегінде өтеді. Диатомды балдырлар кез келген жерлерде өсе береді. Олардың барлық биотоптарда таралуының басты ерекшелігі әр түрлі экологиялық жағдайларға және сол тіршілік ортасының өзгергіштігіне беріктігінде. Бұлардың көпшілігінің таралуына судың белгілі физико- химиялық жағдайы үлкен әсер етеді. Олардың негізгі тіршілік ететін ор- тасы - су. Алғашқы диатомдылар осы суда пайда болып, ұзақ уақыт эволюция жолынан өткен. Олар барлық бөгеттерде кездесіп, әр түрлі фитоценоздардың құралуына қатысады да, сан және сапа жағынан басқа микроскопиялық организмдерден басым болады.
Диатомдылар теңіздерде, мұхиттарда тұзды, тұщы, жай және тез ағатын суларда көп тұщы, жай және тез ағатын суларда көп мөлшерде кездесе береді. Тіпті 50 'С-тан жоғары қайнар бұлақтарда да, топырақта да, батпақтарда да, жартастарда да кездеседі. Қарда жэне мұзды жерлерде қаулап өсіп, оларды қоңыр түске бояйды. Олар суда бентос және планктон түрінде тараған. Көбінесе бентос түрінде көп тараған, олар су түбіндегі төсемікке бекініп жатады не болмаса су түбінде қозғалып жүреді. Бірталай бір клеткалы және қауымды диатомдылар су балдырларына және жоғары сатыдағы суда өсетін өсімдіктерде жабысып қаптап жатады. Кейбір диа- томдылар киттердің терілерінде, циклоптарда жэне басқа жануарлардың денесінде жабысып тіршілік етеді.Суда бентос түрінде кездесетін түрлері жарықтың түсуіне және жерге байланысты. Жарық көп түсетін қолайлы жерде көп тараса, ал жарық нашар түсетін және тасты жерлерде аз тарайды. Судың химиялық құрамы диатомдылардың таралуына көп әсер етеді. Мысалы, пиннулярия мен цумбеллалар үшін суда аздаған NACI тұзының болуы олар үшін өте қолайсыз. Диатомдылардың таралуына үлкен әсер ететін жағдайдың бірі - судың температурасы. Олар үшін ең қолайлысы +10-нан +20°С-ға дейін. Кейбір диатомды балдырлар сусыз ортада анабиоз түрінде көп уақыт қолайсыз жағдайды басынан өткізе алады. Диатомдыларға 12000-25000 бай түрлер жатады, оларды клетка құрылысына, хлоропласттың санына, оның орналасуына, сауыттарының құрылысына қарай центрикалылар және пеннатталар болып екі класқа бөлінеді.
Солениалықтар -Soleniales қатарына бір клеткалы не жіптесінді қауымды организмдер жатады. Сауыты ұзын цилиндрлі, бір-біріне еніп жатқан көптеген әр түрлі шеңбер сияқты. Шеңберлері шығыршықты, жартылай шығыршықты, тіпті кейде шеттері бір-бірімен түйіспейді. Жақтаудың көрінісі дөңгелек не сопақ, жиі дөңес пішінді. Жай микро- скоппен көрінбейтін уақ ареолды болуына байланысты нәзік құрылымды келеді. Ризосоления-Rhizosolenia туысының клеткалары созылған цилиндрлі, дара не бір- бірімен қосылып тізбектеліп келеді. Жақтауы дөңгелек не сопақ, жалпақ не симметрилі конус пішінді, шеттерінде ұзын өсінділері біреуінде болса, екінші біреулерінде болмайды. Көптеген хлоропласттары пластинка не дән пішінді. Бұл тұщы және ащы суда кездеседі.
Биддульфиялықтар-Вiddulphiales» қатарының басты ерекшелігі әр түрлі түтік, мүйіз, қылтанақ, тікенек, жіпше сияқты өсінділерінің болуы. Осы өсінділер арқылы бір-бірімен матасып қауым құрайды. Сауыты цилиндр, призма, сирек эллипс пішінді. Жақтауларының бейнесі дөңгелек, үш брышты не көп бұрышты. Жақтаудың қарама-қарсы ұштарында екі-екіден мүйіз сияқты өсінділері немесе ұзын қылтанақтары болады. Биддульфия-Вiddulphia туысы - бір клеткалы, жиі тізбекті қауым құрайтын организм. Сауытты цилиндрлі. Жақтаулары дөңгелек не эллипс пішінді. Жақтауларының ұштарында әр түрлі ұзындықта болатын бір не бірнеше мүйіз пішіндес, ортаңғы бөлімінде ұзын қылтанақтары және уақ тікенекті өсінділері болады. Тізбекті қауым құрайтын организм, көбінесе теңіз суында планктонды түрде кездеседі. Хетоцерос-Сһаеіосеros туысы қысқа, цилиндр тәрізді клеткаларының қылтанақтары арқылы байланысып тізбек құрайды. Жақтауы дөңгелек не эллипс пішіндес жалпақ, дөңес не ойыс келеді. Жақтауларының ұштарында екі- екіден ұзын қылтанақтары бар. Қылтанақтары бір-бірімен айқасып, клетканы тізбектеп жатады. Кейде қылтанақтары бірігіп өсіп, қауымға беріктік қасиет береді. Көбінесе соңғы клетканың қылтанақтары ұзын, жуандау келеді. Хлоропласттары көп уақ емес, ірі пластинкалы. Бұл қатарға жататын балдырлардың басым көпшілігі планктонды түрде теңіз суларында кездеседі. Тек хетоцерос сияқты бірен-саран түрлері ғана тұщы, таза суларда таралған.
Пеннатталар – Pennatophyceace класы
Бұл класқа бір клеткалы не әр түрлі типті қауымдар құрайтын организмдер жатады. Басты ерекшелігі - жақтаулары екі жақты симметриялы, изопольды сирек гетеропольды, кейде дорзовентральды, сирек ассимметриялы болып келуімен сипатталады. Клетка пішіндері әр түрлі белдеу жағынан тік төртбұрышты түзу, жалпақ, сына тәрізді, кейде S әрпі тәрізді иілген, жақтау жағынап эллипс, ланцет тәрізді, линейка пішінді, бірақ шеттері дөңгелектенген, сирек түйреуіш пішіндес келеді. Жақтаулардың уақ не ірі көлденең, жақтаудың полюсіне қарай катар бір-біріне жақындайтын не бол- маса радиалды түрде шетіне қарай алшақтайтын жолақтары болады. Кейде көлденең қабырғашықтары, кілегейлі саңылаулары не көптеген уақ тікенекті өсінділері болады. Пеннатталар класының басты бір ерекшелігі - жақтау білігі арқылы бойлай енсіз жіңішке не кең ұзын құрылымсыз білікті жазықтықтың болуында. Кейбір диатомдыларда білікті жазық жақтаудың ортасына қарай кеңейіп, төрт бұрышты ромб тәрізді дөңгелек пішінді, ортаңғы жазықты құрайды. Пеннаттылардың екінші бір ерекшелігі - қысқа не ұзын бір не екі клетканың ортаңғы, кейде бір жағына қарай орналасқан саңылаулы тігістері болады. Саңылауларының құрылысы әр түрлі. Біреулерінде жай, қарапайым саңылаулы тігістер, екінші біреулерінде күрделі, каналды болып келеді. Қарапайым саңылаулы тігістер біреулерінде бір- бірінен оқшау екі бөліктен тұрады. Кейбір пеннатталарда тігіс бір жақтауда ғана болса, басқаларында екі жақтауда да болады. Саңылаулы тігістер шеткі түйіндермен аяқталады. Ортаңғы түйін жақтаудың іш жағынан қалыңдап келуінен пайда болады. Каналды тігістер жақтау кабырғаларының қатпарларында орналасады. Сыртқы ортамен саңылаулар арқылы байланысады. Каналды тігістердің құрылысы әр түрлі болады. Тігістердің биологиялық маңызы бар. Протопласттың сыртқы ортамен қарым-қатынасынан басқа саңылаулы тігістері арқылы төсемікте тез қозғалады. Пеннатталардың клеnкасыпда бір не бірнеше ірі, сирек, көптеген уақ пластинка пішіндес хлоропласттары болады. Пеннатталар класы тігістерінің дамуына, құрылысына қарай тігістілер (Raphales) және тігіссіздер (Araphales) болып екі қатарға бөлінеді.
Тігістілер- Raphales қатары жақ- тауларында канал не саңылау сияқты тігістерінің болуымен сипатталады. Тігістерінің құрылысына және санына қарай бір тігістілер, екі тігістілер, өзекті тігістілер болып бөлінеді.
Кокконеис- Cocconies» туысы - тұщы және ашщы сулар- да кеңінен тараған бір клеткалы, бір тігісті, жақтаулары эллипс пішіндес дөңгелектеу келетін организм. Жоғарғы жақтауы сәл дөңес, төменгісі сәл ойыс болып келеді. Сауыты зигоморфты изопольды, жалғыз пластинкалы хлоропласты таға тэрізді иіліп, жоғарғы жақтау жағында орналасады. Кладофора қабығына бекініп тіршілік етеді.
Пиннулярия-Pinnularia туысы - аса көп тараған бір клеткалы, екі тігісті организм. Са- уыты белдеу жағынан тік бұрышты, жақтау жағынан эллипс пішіндес созылған, екі жақ шеті дөңгелектеніп келеді. Диатомдылардың ішінде құрылымдары айқын байқалатын, клетка құрылысымен танысуға ыңғайлы зерзаты. Сауыты симметриялы, зигоморфты, изопольды.
Пиннулярияны жақтау жағынан қарағанда орталық сызықтың бойынан үш төмпешікті көреміз, оның біреуі ортасында, қалған екеуі жақтаудың ұштарына тақау орнала-сады. Бұл - қабықтың ішкі жағының қалыңдауынан пайда болған төмпешіктер. Оны түйін деп атайды.
Түйіннің бір ұшынан екінші ұшына қарай, жақтауды ортасын жара.S әрпі тәрізді тігіс өтеді. Тігістің оң және сол жағында симметриялы көптеген көлденең жолақтар орналасқан. Бұлар қабықтың іш жағынан қалыңдап және жұқарған жерлерінің кезектесіп келуі. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса, онда оның екі жақтауы айқын көрінеді. Ішкі кіші жақтауды гипотека, оны жауып тұратын сыртқы үлкен жақтауды эпитека деп атайды. Осындай жақтаудың ішінде жатқан клетканың пектинді заттан түзілген қабығы бо- лады. Клетканың орта бөлігіндегі көлденең протоплазмалық көпіршеде ядросы және бүйір жағына қарай екі пластинкалы хлоропласты орналасады. Протоплазма клетка қабығына қарай ығысқан, оның қуысын клетка шырынына толы вакуоля алып жатады. Протоплазма мен вакуоляда асси- миляция процесінің нәтижесінен май тамшылары жиналады. Пиннулярия клеткасы қатты төсемікке үйкелгенде қозғалғыш келеді, өйткені тігістен кілегейлі заттардың сыртқа қарай шығуынан. Осының нәтижесінде төсемік пен клетканың арасында үйкелу күші пайда болып, ол клетканы протоплазманың қозғалысына қарама-қарсы бағытқа итеріп отырады.
Пиннулярия клетканың бойлай екіге бөлінуі арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Бұл кезде жақтаулар аздап ашылып, хлоропласттары бүйір жағынан жақтауға қарай ауысады. Кариокинез жолымен ядро бөлінгеннен кейін протоплазма да бөлінеді. Сөйтіп, әрбір жас клетка аналық клеткадан бір ядро, бір хлоропласт жэне бір жақтау алып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Ал жетіспеген екінші жақтауларын өздері жасап алады. Осы уақытта хлоропласт екіге бөлініп, өзінің қалыпты күйіне көшеді. Пиннулярияның қатайған қабығы созылмайтындықтан, пайда болған жас клеткалар әркелкі болады. Аналық клетканың эпитекасын алғаны аналық клетканың үлкендігіндей, ал гипотекасын алғаны одан гөрі кіші болады. Гипотека эпитекаға айналып, гипотекасы жаңадан құралады. Бұл бөлініс бірнеше рет бірінен соң бірі қайталанғаннан кейін кіші жақтау алған клетканың көлемі 2-3 есе кішірейіп, әрі қарай бөліну арқылы көбеюге қабілеті келмей қалады. Мұндай жағдайда екі кішірейген клеткалар жақындап, кілегейге оранып, сыртқы жақтаулы қабықтарын тастайды да, клетка ішіндегі заттар бір-біріне құйылып, пектинді қабыққа оралған зигота түзіледі. Мұның алдында әрбір клетка редукциялық жолмен бөлініп, 4 гаплоидты ядроның үшеуі өліп, біреуі қалады. Осындай гаплоидты хромосома жиынтығы бар клеткалардың қосылуынан пайда болған зигота клетканың алғашқы мөлшеріне дейін өседі. Одан соң клетка алдымен үлкен жақтау, соңынан кіші жақтаулар жасап, әрі қарай вегетативті жаңа дарақ түріне айналады. Навикула- Nаvісиlа - жүздеген түрі бар ірі туыс. Олар тұщы, ащы суларда мол таралған бір клеткалы қозғалғыш организм. Жақтаулары түзу линейка, ланцет, эллипс пішіндес. Жақтауларының ұшы құстың тұмсығы сияқты иілген не болмаса түйреуіштің басы сияқты дөңгелектеніп келеді. Тігістері жай, кейде күрделі. Сауыты симметриялы, изонольды. Плевросигма- РІeurosigma туысы - бір клеткалы, 5 әрпі пішіндес, екі жақ ұшы сүйірленіп екі жаққа қарай бағытталған изопольды организм. Бентос түрінде тұщы жэне ащы су- ларда тіршілік етеді. Гомфонема- Сотрһопета туысы бір клеткалы, сирек қауымды ассимметриялы гетеропольды, төсемікке бекініп тіршілік ететін организм. Жақтау жағынан клетканың бас жағы түйреуіштің басы сияқты кертпек, ал бүйір жағынан сына тәрізді. Екі хлоропласты бар. Тігісі клетканың ортаңғы бөлімінен өтеді. Тұщы суларда тараған. Ницшия- Nitschia туысы бір клеткалы таяқша, ұзынша не эллипс пішіндес, кейде 5 әрпі тәрізді иілген, жақтауларының екі жақ ұшы аздап жіңішкерген изопольды, каналды тігісі жақтаудың шетіндегі қырында болады. Пластинкалы хлоропласы қиғаш орналасқан. Бентос түрінде ащы және тұщы суларда мол таралған.