Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Салттылық және сабақтылық категориясы. Етіс түрлері




Дәріс мазмұны:

  1. Етістіктің салттылық-сабақтылық мәні.
  2. Етіс қосымшаларының салт және сабақты етістікпен байланысы.
  3. Етіс – етістіктің ерекше категориясы.
  4. Етіс түрлері.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957.
  2. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы, 1966.
  3. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. Алматы, 1980.
  4. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971.
  5. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. Алматы, 1959.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Танабаев Ғ.Ө. Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2005.

Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағына нені білдірсе де (іс-әрекетті, қимылды, қозғалысты, көңіл-күйін, сапалық белгінің өзгеру процесін, туу, өсу сияқты қимылды, амал-әрекетті, қалыпты тағы басқа мағыналарды) және қандай тұлғада (негізгі және туынды түбір, қосарланған, біріккен, тіркескен күрделі түбір, лексика-грамматикалық етіс және болымсыз етістік, таза грамматикалық – рай, шақ тұлғалары жіктеліп келгенде) тұрса да, я сабақты, я салт мәнін білдіріп тұрады. Яғни, етістіктің салттылық-сабақтылық мәні оның, біріншіден, семантикалық сипаты, екіншіден, «тумысына тән» ерекшелігі екенін баса көрсеткен жөн. Мысалы негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру, туынды түбір деп танылып жүрген ойлау (ой-ла), шегелеу(шеге-ле), ескеру(ес-керу), арқалау(арқа-ла), үтіктеу(үтік-те), күрделі (тіркесті) түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру, әңгіме қылу т.б. етістіктер сабақты және әртүрлі тұлға түрлері де, оқы-ған, оқы-дым, оқып-сың, жазып-ты, жаз-ады, көр-гісі келді, ойла-ма-ған, үтікте-йді, жек көр-месе, келемеж ет-кісі келді, әңгіме қыл-ған-сыз т.б. сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы да тура объектіні тікелей талап етеді: бұған кімді? нені? деген сұрақ қойылады да онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады: кітапты (нені?) оқу, оқып отыру,отыр-ған-мын, баласын (кімді?) немесе артық сөзді (нені?) жек көру, жек көр-етін-сіз, жек көр-гісі келді т.б. Сол сияқты түбір тұлғасы келу, жүру, тұру, күлу, туынды түбір ойнау(ойын-а), бозару(боз-ар), кему(кем-і), көбею(көп-ей), күрделі түбір таң қалу, тарс ету, бармақ еді, келе жату, отырып қалу т.б. етістіктер салт болып, бұлардың басқа да әр түрлері, мысалы, кел-генмін, кел-се, кел-іп отыру, кел-гісі келу т.б. сабақты емес, салт етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы да тура объектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. Сондықтан да кімді? немесе нені? келді, ойнады, бозарған, таң қалды т.б. деп айтуға болмайды. Әрине, бұдан салт етістікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалық тұлға, бүтіндей топ жоқ екен деуге болмайды.Мысалы етіс жұрнақтары мен кейбір сөзжасам қосымшалары салт етістік немесе сабақты етістік жасау қызметін де атқарады, бірақ бұл парадигмалық жүйе сипаты дәрежесіне жете алған жоқ, сондықтан бұлар сабақтылық-салттылық категориясының грамматикалық тұлғалану жүйесі бола алмайды.

Бұл жағынан келгенде етістіктің сабақтылық-салттылық семантикалық түрлі ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат, сын есімнің сапалық қатыстық немесе сапалық сын есімнің түр-түсті және сапалық сын- көлемдік сын т.б. түрлеріне ұқсас келеді. Өйткені бұлардың басты ерекшелігі, өзгешелік белгісі жалпы осы топтағы сөздердің жалпы грамматикалық мағынасының (семантикасының) әрі біртектес, ыңғайлас және әрі бір-біріне қайшы келе алатын, оппозициялық сипатта бола алатын қасиетінде: жалпы біртектес, бірыңғай заттардың жалпы атауы (жалпы есім) және соның жеке дара затқа берілген атуы (жалқы есім) және оның нақтылы шегі болуы: кісінің аты, жер аты, мекеме, ұйым атауы т.б. немесе адамға байланысты (адам, туыс, кәсіп-мамандық, қызмет, лауазым баптарына т.б.) атаулармен ғана қарама-қайшы мәндегі қалған бар зат, құбылыс, жан-жануарлар т.б., атаулары және олардың алғашқысы (адамға байланысты) кім? деген сұраққа жауап беруі, екіншісі, қарама-қайшысы не? деген сұраққа жауап беруі сапалық сын зат құбылыстың сапалық белгісін, түс-түрін т.б. білдіруі де, қатыстық сын әртүрлі зат, құбылыс, қимыл, іс-әрекеттің т.б. қатыстық сипатын білдіруі және сапалық сын есімнің шырай тұлғаларымен түрлене алуы, ал қатыстық сындарға шырай тұлғаларының жалғанбауы сияқты болып келеді. Бірақ бұл көрсетілген тілдік құбылыстардың осындай семантикалық (мағыналық) сипаты (бір тектес әрі қарама-қайшы) болғанмен, грамматикалық көрсеткіші, ол мағыналардың сипатын көрсетіп тұратын граматикалық тұлғалары жоқ. Сондықтын бұлар грамматикалық немесе (зат есімнің я сын есімнің) лексика-грамматикалық категориясы бола алмайды. Ал сабақты етістік пен салт етістіктің бұл сипатта жайы өзгеше. Дегенмен, семантикалық түрге бөліну ерекшеліктеріне сай грамматикалық сипаты да бар: ол сабақты етістіктің әр уақытта тура объектіні талап етіп тұруы да, ол қасиет табыс септікті сөзбен тікелей байланыс жасап, соны меңгеріп тұруы, ал салт етістікте тура объектіні қажет етпей, табыс септікті сөзбен байланыспай қолданылуы, сөйтіп, семантикалық ерекшелік грамматикалық (синтаксистік-морфологиялық) тұлға арқылы жүйелі түрде іске асып, грамматикалық сипатының көрсеткіші бола алуында. Етістіктің салт және сабақты болып бөлінуі олардың қалайда болмасын тұлғалық ерекшеліктеріне емес, негізінде, лексикалық (дұрысында, жалпы грамматикалық) мағыналарына байланысты болып келеді. Сондықтан да бұл категория етістіктердің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктері қатарында танылады. Сондықтан да салттылық-сабақтылық категориясын етңстңктің лексика-грамматикалық (таза грамматикалық категорияларын қарама-қайшы) деп танып бөліп көрсетеміз.

Cалт-сабақты етістіктердің семантикалық сипатының басым болуы қасиетіне қарап, кейбір зерттеушілер, біріншіден, салт етістікті сабақты етістікке және сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қосымшаларды сөзжасам қосымшалары деп, екіншіден, салттылық-сабақтылық белгіні етістіктің полисемиялық немесе омонимиялық сипатын ажырататын критерий деп те ұсынады, яғни бірдей айтылатын етістіктер әруақытта тек сабақты немесе тек салт мәнінде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним яғни бөлек-бөлек сөз (етістік) деп бөледі.

Олай болғанда жүру салт етістігінің ауыс мағынада сабақты етістік мәніндегі жүру (шахмат ойынында, мысалы, атты, офицерді т.б. дойбы ойынында, тасты я биді, карта ойынында алтылықты, тұзды т.б. жүру), ойнау салт етістігінің ауыс мағынада сабақты етістік мәніндегі ойнау (мысалы, шахмат ойнау, футбол ойнау, хоккей ойнау т.б.) бөлек-бөлек сөздер болып шығар еді. Бұл мәселеде мынаған жүгінбеске болмайды: «Етістіктердің бәрі бірдей я салт, я сабақты (яғни я салт, я тек сабақты (И. С.) бола бермейді. Олардың ішінде әрі салт, әрі сабақты болатындары да бар. Әдетте мұндай қасиеттер не омоним етістіктерде (тек омоним болу міндетті емес (И. С.), не полимесемиялы (көп мағыналы) етістіктерде болады. Мысалы, арт, жүр, тара... етістіктерін қолдана қалсақ, олардың әрқайсынан жүкті арттық және ақылы артты, сен жетілік қарғаны жүр және сен үйге жүр, шаштарыңды тараңдар және үйді-үйлеріңе тараңдар деген сөйлемдер құрауға болады. Ал мұндағы етістіктің әрқайсысы әрі салт, әрі сабақты болып қызмет атқарып тұр» (Ы. А.). Бұлай болудың, яғни кейбір етістіктер ауыс я қосымша мағынада көп мағынаның бірінде келгенде әрі салт, әрі сабақты болуы, біріншіден, тілдің дамып отыруының жемісі, тілмен бірге соның бір элементі ретінде етістік, оның семантикалық қырлары да дамып, жетіліп, өзгеріске түсіп отырады. Екіншіден, етістіктегі салттылық-сабақтылық мән оның (етістіктің) жалпы грамматикалық мағынасының (лексикалық мағынасының жалпылануы, абстракциялануы нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағынасының) негізгі діңгегі, тірегі, басты мәнді көрсеткіші емес екенін көрсетеді, ондай жалпы грамматикалық мағынаның басты мәнді көрсеткіші – жалпы қимылды, іс-әрекетті, процесті білдіру, ал салттылық-сабақтылық соның негізінде ғана пайда болатын екінші семантикалық сипаты. Етістік түбірлерге кейбір (әсіресе, етіс) қосымшалар жалғану нәтижесінде етістіктің негізгі қимылдық, іс-әрекеттік семантикасы өзгермей, сабақты етістік салт етістікке, салт етістік сабақты етістікке айналуының өзі осыны дәлелдейді. Мысалы, әңгімені айту, кітапты оқу, пальтоны кию, үйді тазалау, т.б. сабақты етістік те, оған ырықсыз, кейде өздік етіс қосымшасы жалғанса, олар салт етістік болып шығады: әңгіме айтылды, кітап оқылды, бала киінді, үй тазаланды. Ал керісінше шам сөнді, бала отырды, аттар жарысты, оқушылар жүгірді дегендер салт етістік те, оған өзгелік етіс жұрнақтары жалғанса, бұлар сабақты етістікке айналады: шамды сөндірді, баланы отырғызды, аттарды жарыстырды, оқушыларды жүгіртті.

Аталған етіс тұлғаларының осындай қызметін, яғни өздік және ырықсыз етіс қосымшасы сабақты етістікті салт етістікке, өзгелік етіс қосымшасы салт етістікті сабақты етістікке айналдыратынын жоққа шығармай, бұл тілдік құбылыстың жүйелі, толық парадигмалық сипат ала алмағанын айтпасқа болмайды. Мысалы, өздік етіс қосымшасы әр уақытта сабақты етістікке айналдыра бермейді. Тілімізде, көбіне ауыз әдебиеті нұсқаларында белін бу-ын-ды, киім ки-ін-ді, беті-қолын жу-ын-ды тәрізді өздік етіс қосымшасы жалғанған етістік тура объектімен (табыс септікті сөзбен) тіркесіп, сабақты етістік ретінде қолданылады. Өзгелік етіс қосымшасы салт етістікке ғана жалғанып, оны сабақты етістікке айналдырып қоймайды, сабақты етістікке де жалғанып жұмсалады, ол етістіктің сабақтылық сипаты сақталып отырады: кітапты мен оқыдым – кітапты маған оқытты, ол өлең айтты – ол бізге өлең айттырды я айтқызды. Ал ортақ етіс тұлғасы етістіктің салттылық-сабақтылық сипатына бүтіндей бейтарап, яғни түбірі салт етістік болса, ортақ етіс тұлғасы жалғанғаннан кейін де сабақты болып қала береді. Сондықтан да етіс тұлғалары белгілі дәрежеде салт я сабақты етістік тудыру қызметін атқарса да, олардың грамматикалық тұлғалар жүйесі, категориялық көрсеткіші бола алмайды.

Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте, етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.

Етіс жұрнақтары семантикалық сипаты жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын. Кейбір түрлері жаңа сөз жасап, етіс қосымшалы етістік негізгі сөздік құрамнан жеке лексикалық единица ретінде орын алған. Мысалы, таң асыру, қыз айттыру, үйді жылытты, оқуға берілді, ауруынан жазылды, олар бәрібір табысады, т.б. қолданыстағы етістіктер етіс қосымшалары арқылы жасалған туынды түбір негізгі түбірден туған жаңа мағыналы сөздер болып табылады.

Етіс тұлғаларының тіліміздегі етістік атаулының бәріне я белгілі бір тобына (ырықсыз және өздік етіс қосымшалары тек сабақты етістіктерге жалғануы) жалғана алуы, яғни әмбебап қасиеті, сөйтіп барып грамматикалық абстракция жасай алуы, өнімділік-өнімсіздік, құнарлық-құнарсыздық сипатының болмауы, соның арқасында қосымшалары жалғанған жердің бәрінде жаңа сөз тудыру қатарын құрай алмауы етіс қосымшаларын сөзжасам қосымшаларының қатарына қосуға болмайтындығын көрсетеді. Ал кейбір етістіктің құрамында келіп, жаңа туынды түбір, демек, негізгі түбірден өзгеше жаңа лексикалық мағына білдіретін жоғарыда көрсетілген тәрізді сөздердің [қыз] айттыру, [таң] асыру, [үйге кіріп] жылынды, [оқуға] берілді, асудан асыру, білуден білісу, танудан танысу, табудан табысу тәрізді жеке лексема болып, сөздік құрамнан бөлек-бөлек орын алуы тек қана етіс қосымшаларының жалғану нәтижесі емес, одан да гөрі семантикалық процестің басым болуы, ондай процестер тілімізде аз емес.

Етіс тұлғаларының тағы бір ерекшелігі бар. Ол: етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанып, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді, яғни етіс тұлғалы етістіктер түбір (негізгі, туынды) етістіктерше: 1) сырттай бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді; 2) тікелей жіктелмейді, тек рай, шақ (көсемше, есімше) тұлғаларын үстеп барып жіктеледі және сол тұлғалар (рай, шақ) жалғануға негіз бола алады; 3) сондықтан да сөйлемде сол тек етіс тұлғасында қолданылмайды. Осы қасиеттерінің негізінде И.Маманов жалпы етістік атаулыны негізгі етістіктер және функциялық етістіктер деп екі топқа бөліп, негізгі етістіктер оның грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады дей келіп, оның өзін екі түрге бөліп, бірін түбір етістіктер, екіншісін модификациялы етістіктер деп, модификациялы етістіктердің қатарына етіс, болымсыз етістік, күшейтпелі етістік және күрделі етістікті ерекше бөліп жатқызады.

Сөйтіп, етіс тұлғалары сөзжасам қосымшалары емес, жоғарыда көрсетілген сипаттары негізінде етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістіктерді де: негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс және өзгелік етіс деп беске бөліп жүр.

 

Негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымынан, мейлі, негізгі түбір, мейлі туынды түбір, мейлі күрделі түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі, басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, грамматикалық я лексика-грамматикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс аталған, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ.

 

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістіккке –ын, -ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки – ки-ін-ді, шеш – шеш-ін-ді, сұра – сұра-н-ды. Осы мысалдан көрінетіндей, біріншіден, қимыл, іс-әрекет іс иесі субъектіге қарай бағытталады, сөйтіп, субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзіне-өзі субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады. Ол өзін-өзі киіндіреді, өзін-өзі шешіндіреді, өзін біреуден бір жаққа баруға ма сұрайды. Бұл жерде түбірдегі сабақты етістіктердің объектісі субъектінің дене мүшесін, өзіне т.б. қарасты сөздер, ал өздік етісте ол объекті түгел субъектінің өзіне көшеді. Екіншіден, өздік етіс жұрнағы негізінен сабақты етістікке жалғанады, бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді, яғни барлық сабақты етістік түбірге өздік етіс қосымшасы жалғана бермейді, тек қимыл, іс-әрекет субъектінің өзіне қарай бағытталатын сабақты етістіктерден ғана өздік етіс жасалады және онда өздік етіс қосымшасы сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін атқарады. Мысалы, айт, оқы, бер, ат т.б. сияқты сабақты етістіктерден өздік етіс жасалмайды, өйткені бұл сияқты сабақты етістіктердің тура объектілері (өлеңді айту, кітапты оқу, қарызды беру, біреуді ату) іс иесі субъектіге тура қаратыла алмайды. Сонымен бірге өздік етіс көрсеткішіне құранды қосымша –лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен де жатқызылады: ой-лан, намыс-тан, т.б. Бұл құранды қосымша сөзжасам –ла, -ле, -да, -де, -та, -те қосымшасы мен өздік етіс –н қосымшаларынан құралғанын көру қиын емес.

 

Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура объектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден –ыл, -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Мысалы, кітап оқы-л-ды, үй тазала-н-ды, астық жина-л-ды, сөз сөйле-н-ді т.б. оқу қимылының, іс-әрекетінің тура объектісі – кітап, тазалаудың тура объектісі - үй, жинаудың тура объектісі – астық, сөйлеудің тура объектісі – сөз, ал ырықсыз етіс қосымшасы (-л, -ыл, -н) жалғану арқылы, біріншіден, оқу, тазалау, жинау, сөйлеу іс-әрекеттері өздігінен болғандай, көрсетілген тура объектілері бұл сөйлемшелерде грамматикалық бастауыш қызметін атқарып тұр, соның арқасында, екіншіден, ырықсыз етіс тұлғалы етістіктер салт етістік болып тұр, яғни ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырып тұр. Өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзеше де жерлері бар. Ұқсастығы: 1) қосымшаларының кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп, бір-бірімен омоформа да жасайды: ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субъект-грамматикалық субъект (бастауыш) болады, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық объект болады.

 

Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті (ол екінші субъекті қимылды, іс-әрекетті тікелей орындап, іске асырушы субъекті агенс деп аталады) арқылы істелетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субъекті бір емес, екеу болады: бірі – іс-әрекетті, қимылды орындатушыиесі, сөйлемде ол грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл логикалық субъекті әрі грамматикалық субъекті болады, екіншісі, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субъекті (агенс). Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе, барыс септік тұлғасында тұрып, ол сөз сөйлемде жанама толықтауыш қызметін атқарады. Бұл – бір. Екіншіден, өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасалады, сабақты етістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септіктегі еекінші субъект (агенс) ғана пайда болады, баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс-әрекетті орындатушы субъект пен объект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде бар болатын. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Алтынсарин) деген сөйлемде сал деген сабақты етістіктен –ғыз қосымшасы арқылы өзгелік етіс жасалған. Салт етістікке өзгелік етіс жұрнағы жалғанғанда 1) қимыл, іс-әрекет иесі, орындаушы субъект жаңадан пайда болады да, қимыл, іс-әрекетті тікелей өзі атқарады, орындайды; 2) салт етістік сабақты етістікке айналады; 3) салт етістіктегі грамматикалық бастауыш сабақты етістіктің тура объектісіне айналады; 4) бірақ екінші субъект – агенс, қимыл, іс-әрекетті тікелей орындаушы субъекті болмайды. Мысалы, бала шамды сөндірді дегенде сөндіру қимылының субъектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы, атқарушы да біреу-ақ, ол бала.

Өзгелік етіс қосымшалары: 1) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 2) –дыр, -дір, -тыр, -тір (кей жағдайда қосымшаның алдыңғы д, т дыбыстары түсіп қалып, -ыр, -ір, -р тұлғаларында да кездеседі: түс-тір-у – түс-ір-у, өс-тір-у - өс-ір-у. 3) өзгелік етіс қосымшасы бір түбірге бірінің үстіне бірі жалғана да береді: айту – айтқызу-айтқыздыру-айтқыздырту. Бұл тек өзгелік етіс қосымшаларының ерекшелігі болып табылады.

 

Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с қосымшасы арқылы жасалады. біріншіден ортақ етісті қимыл, іс-әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес те болуы мүмкін, екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады, ол бізге үй сал-ыс-ты.

Ортақ етіс мағынасы мен қосымшасы етістің басқа түрлерінен сабақтылық-салттылық сипатқа бейтарап болуы негізінде де ерекшеленеді. Ортақ етістің тағы бір ерекшелігі – қимыл атауын білдіруге бейім тұрады да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс.

 

Етіс қосымшалары бірінің үстіне екіншісі де жалғана береді. Оның тәртібі: 1) өздік етіс + өзгелік етіс: жу-ын-дыр, ки-ін-дір. 2) өздік етіс + ортақ етіс: желпі-н-іс, көр-ін-іс. 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: сөйле-с-тір, жина-с-тыр. 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: айт-қыз-дыр, жаса-т-қыз.

Апта





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1591 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2489 - | 2332 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.