Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасындағы салық түрлері




1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекеттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған:

Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, Кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.

Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:

- Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі

- Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы
10. Аукциондардан алынатын алым
11. Консулдық алым
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

- Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы

- Мемлекеттік баж

- Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы

Алымдар Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астан және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1104 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.