КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: «Ұйым қаржылары»
Тақырыбы: « Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі»
Дайындаған: 3қысқартылған ҰҚ тобының
оқушысы: Алпысбаева А.Б
Жетекшісі: Есеп-экономикалық
пәндер циклдық комиссиясының
оқытушысы: Игишов Е.Т
Қорғаған бағасы
2016-2017 оқу жылы
Мазмұны Кіріспе..................................................................................................... 3-4 1. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны 1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...... 5-6 1.2 Салықтардың типтері және қызметтері.......................................... 7-8 1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................... 8-11 2. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру........................................................................................... 11-14 2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу және даму кезеңдері............................................................ 14-17 2.2 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері.............................. 17-20 2.3 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төлейтін салық түрлері...................................................................................................... 20-24 2.4. «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2014-2016 жылдар аралығында төлеген салық көрсеткіштері............................................................................... 24-25 3. Кәсіпорын төлейтін салықты есептеу және төлеу тәртіптері 3.1 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төлейтін салық түрлерін есептеу, талдау және салыстыру................................................................................................ 26-32 Қорытынды.............................................................................................. 33 Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 34 |
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны жалпы ұлттық өнімнің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Осы курстық жұмыс «Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалады. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді.Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы, мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
— Салық жүйесінің мазмұны мен маңызы;
— Салық жүйесінің саясатының мәні;
— Салық жүйесінің ықпалы мен рөлі;
— Салық жүйесінің негізгі бағыттары.
— Қазақстан Республикасының салық жүйесінің жүргізілуі мен бюджетке әсері;
— салық жүйесінің бюджетті толтырудағы рөлі;
— Қазақстан Рнеспубликасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
— Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар жарлығымен қабылданған «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің экономикаға келтіру және бағыттау бағдарламалары салық заңдылығымен айтылып жатқанын айту керек. Жалпы қарап отырсақ, салық кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы – шетелдік инвестицияның біздің елге келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп пайда келтіреді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Нарықтық экономикада салықтың алатын орны