Парадигма ұғымының мазмұнын әр түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырып көрелік.Парадигма ұғымының ғылымға оңшыл бағыт ұстанушы Бергман енгізген,ал оны ары қарай терең зерттеген американдық физик,филосо Т.Кун болды.Т.Кунның зерттеуіне сүйенсек,"парадигма-қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін)анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың)жиынтығы" деп атап көрсетті.Парадигма - ұғымының негізгі өлшем бірлігі.Парадигма деп барлық қалың жұртшылық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғы жетістіктерін айтуға боладыТ.Кунның парадигмалы ғылыми тұжырымын талдай отырып,қазақстандық ғалым У.Ж.Алиев оның тұжырымдамасын негізгі қағидаларын сипаттай отырып,ғылым өз дамуындағы әр түрлі кезеңдерді басынан өткізетіндігін атап көрсетті:аномельді,кризисті,қалыпты.Т.Кун бойынша ғылыми білімнің өсу заңдылығы мынандай;қалыпты ғылым(ҚҒ)ғылымдағы аномалия (ҒА)жаңа парадигма (ЖП,яғни балама теориялардың бәсекелестігі және ескі парадигманың жаңа парадигмаменалмасуы)ғылыми революция (ҒР)қайтадан қалыптағы ғылым (ҚҒ) және арі қарай дамудың келесі сатысы.Т.Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып,философ Г.И.Рузавин парадигманы ғылыми қоғамда қабылданған қандай да бір ғылым саласының белгілі кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін негізгі қаланған теория ретінде қарастырадыЛогикада парадигмағылым амуының белгілі кезеңінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми қоғамда қабылданған үлгі,нобай,стандарт эталоны және ғылыми таным үрдісінде ғылым негіздерін жүйелеуде,бағалауда қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы ретінде көссетіледі.Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи кезкеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесіҒалымдардың берген енықтамасы бойынша,ғылыми парадигма - бұл тек ғана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер тәсілі,зерттеу міндеттерін шешудің үлгісі,нобайы.Парадигма ғылымда екі жақты рөл атөарады;бір жағынан ғылыми проблемаларды шеушді жеңілдетеді,ал екінші жағынан жаңа идеяларды қабылдауға тосқауыл болад,себебі белгісіз,дістүрлі емес бағыттағы ғылыми ізденіске шектеу жасалынады,яғни жаңаның өмірге келуіне кедергі жасайды.Педагогика ғылымында парадигма ұғымы өзгеше сипатталады.Мәселен қазіргі кезеңде "білімді адам"парадигмасынан "өмірлік іс-әрекетке дайындалған адам"парадигмасына көшу орын алып отыр,жаңа парадигманың артықшылығы - адам еркін ойлана алады,өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады,өз бетінше дами алады,интеллектуалды,физикалық және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра аладыКөптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша,пеагогикалық парадигма-бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт,қалыптасқан көзқарас.Дәстүрлі пелагогикада парадигма ретінде кіретіндер;оқушы-педагогикалық қарым-қатынас обьектісі,ал оқытушы басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы;педагогикалық қарым-қатынас барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады және т.с.с Ғалым А.П.Валицкая білім беру парадигмасынадами және мәдени құндылықтарға арқа сүйейтін мектептің жаңа нобайының білімнің интеллектуалды эталонының орталығы болатын демократиялық инновациялық мектептің және жеке тұлғаның өркениет бағытындағы білім берудің мемлекеттік жіне халықаралық стандарттарына сай дамуының әдіснамалық негіздерінің эталоны деп қарастырадыҒалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар:адамзаттың белгілі тарихи кеңге қажетті анықталатын білім мен біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас;өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну;ақпаратты кодтау және тарату принцптері;адамзаттың мәдени дамуын ұғыну;адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау;білім беру үрдісінде білім мен мәдениеттің тасмалданушысы ретінде педагогтің орны мен рөлін түсіну;тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы баланың орны мен рөлін анықтау және т.б.Білім беру парадигмасына тоқталып көрелік.Ш.А.Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады.Ал ғалым Е.А.Ямбург парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму)және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму)парадигмалары ретінде ажыратадыБұл 2 парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға бағытталады да,педагогикалық феноменді тарихи кезең мен мәдениетпен бірлікте қарастырыла аладыҒалым Г.Б.Корнетов"Педагоикалық парадигма - теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы"деген мағыналы анықтаманы бере отырып,педагогикалық парадигманың төмендегі түрлерін анықтайды;авторитарлық,манипулятивтік,қолдау педагогикасыГ.Б.Корнетовтың авторлық технологиясы соңғы нәтижені алуға бағытталған базалық модельдер технологиясына жүгінедіҚазіргі кезеңде ғалымдар философиядағы негізгі ағымдардың көзқарасын салыстыра келе,білім беру парадигмасының құраушы негізгі элементтерді анықтауға тырысады.Мәселен,психологтар Ю.Н.Кулюткин.Г.С.Сухобская оқытудың мағынасын дәстүрлі және ізгілік тұрғысынан анықтаудың салыстырмалы сипаттамасын ұсынады.Дәстүрлі парадигма оқушының түгел және бірден берілетін "дұрыс" ақпаратты қабылдауын қамтамасыз етеді.
Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, "антропология" мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:
1. Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);
2. Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі);
3. Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.
Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар "жалпылама" деп есептеп, оның эмпирикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар "әлеуметтік антропология" әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал "мәдени антропология" деп аталатын антропологияның басты саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды. Антропология педагогикалық – тәрбиелеудің философиялық базасы, ол арқылы тәрбиенің құрылымын тек адамның тұтас табиғатының құрылымымен арақатынасын түсінуге мүмкіндік береді; тұлғаның қоғамның және танымның дамуының табиғаты және мәні туралы педагогикалық түсіндірілген білімі; «адамды оның табиғатын барлық кӛрінісінде тәрбиелеу ӛнеріне арнайы салып зерттеу» (К.Д.Ушинский). А.п. бойынша тәрбие адам болмысының атрибуты ретінде түсініледі.