Еуропалық білім кеңістігіне ену- қазіргі кезеңнің басты шындығы, уақыт талабы.Жоғары білім беруде біз Болон процесіне ендік. Жалпы еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр. Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі «бакалавр-магистр-доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор)» білім беру жүйесіне көштік.Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды. Қоғамдық даму динамикасы екпiндi дамып келеді. Адамдардан меңгеру және жинақталған тәжірибені өз тiршiлiк әрекетiнің шартына қолдану қабілеттілігі ғана талап етілмейді, сонымен қатар қалыпсыз жағдайларда әрекет ету, қатерге дайын болу талап етіледі. «Бүгінгі күні сәби болу және есею қиындап келеді, себебі социализация және өмір сүру шарттары импульстi, тұрақсыз және шексiз болып келеді .». Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады: «Білім=үйрену»парадигмасының «білім = қалыптасу»парадигмасына ауысуы. Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы. үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы. үйренудi бiртiндеп жекелендіру. Үйрену диверсификациясы (Диверсификация жаңа білім мекемелерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты.Білім алушыларды қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады. Ғаламданудың бүкiләлемдiк процесстерiмен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап концепттер және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде студенттермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады. Қазiргi мектептегі бiлiм беруде, қашықтан оқытуды дамытуда жаңа технологияларды, интернет-технологияны қолдану процессiн белсендендіру. "Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т.Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар: Дәстүрлі-консервативтік (білімдік парадигма). Феноменологиялық (гуманистік парадигма). Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық). Технократиялық. Эзотериялық парадигма. Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т.с.с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мәдениет адамзат өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі. 2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады. 3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі. Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады. Білімдік дәстүрлі парадигма. Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру болып табылады. Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп - бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп қарастырылады.Гуманистік парадигманың (феноменологиялық) негізгі мақсаты білім алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі дамытуды қажет ететін еркін және рухани тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады.Технократиялық парадигманың негізгі мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері арқылы айқындалады деп түсіндіріледі. Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс құзырлардың бес негізгі топтарын анықтады (Құзырлық талаптарды iске асырудағы Болон процессiнiң талаптары бойынша) Саяси және әлеуметтік: (бiрлесіп шешiм қабылдауға қатысу,өзіне жауапкершілік алу көп мәдени қоғамдағы өмірге қатысты құзырлар (айырмашылықтарды түсiну, өзара сыйласу, мәдениеті, тiлі, дiні басқа адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі) Ауызша және жазбаша қарым-қатынасты меңгеруге қатысты құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры Ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құзырлар, (электрондық құзырлар). Өмір бойы оқи білу қабілеттілігі -кәсiби дамуда, сонымен бірге жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалу.