Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтік педагогиканың теориялары, ғылыми мәселелері, зерттеу бағыттарына талдау жасаңыз.




«Әлеуметтік» (лат.socialis) сөзі – адамдардың қоғамдағы өмірі және қарым-қатынастарымен байланысты қоғамдық деген мағынаны білдіреді. Осы мағынасында адамның тек әлеуметтік дамуы мен тәрбиесі туралы ғана емес оның әлеуметтік құндылықтарға бағыт алуын, өзі өмір сүретін және тұлға ретінде өзін танытатын қоғамның нормалары мен ережелері туралы сөз етіледі. Ата-анасы, олардың орнын басатын тұлғалар, тәрбиешілер балаға жеке тұлға ретінде қалыптасуға әлеуметтік тәжірибені мәдениетті игеруге өзін өмірде таныта білуге қабілеттілікке және осыған даяр тұруға көмектесе отырып, оны өмірге жетелейді. Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың мәнін анықтауда бірнеше тәсілдемелер жұмыс істейді:

- жалпы педагогиканың әлеуметтік функциясын ашатын және барлық жас топтарындағы тәрбие үдерістерін зерттейтін әлеуметтік пән немістің әлеуметтік педагогы Ханс Мискес (1915-2006, Mieskes);

- әлеуметтік жүйеге жылдам бейімделуге нормадан жағымсыз түрде ауытқаушылыққа қарсы тұруға жастардың жәрдемі (немістің әлеуметтік педагогы Е.Клаус Молленхауер (1928-1998 Mollenһаuer));

- әлеуметтік ортаның тәрбиелік әсері туралы ғылым (Ресейдің әлеуметтік педагогы Владимир Давыдович Семенов):

- әлеуметтендіру мәнмәтініндегі әлеуметтік тәрбиені зерттеуші ғылым саласы (Ресейдің әлеуметтік педагогы Анатолий Викторович Мудрик);

- «норма» немесе «нормадан ауытқыған» жағдайларда өткендігіне тәуелсіз түрде адамның әлеуметтік дамуына, әлеуметтік қалыптасуына мақсатқа сай ұйымдастырылған педагогикалық әлеуметтік тәрбиенің, әлеуметтік оқудың, әлеуметтік-педагогикалық көмектің және т.б. ықпал құбылыстарын және заңдылығын зерттейтін педагогикалық білім саласы (орыс әлеуметтік педагогы Минненур Ахметхановна Галагузова). Әлеуметтік педагогика болмысын түсінуге түрлі көзқарастарды және оның болмысын талдау мен практикалық қолданылуын жүйелей келгенде, мынадай анықтама құруға болады. Әлеуметтік педагогика адамның әлеуметтік мәдени ортадағы әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы құбылысын және индивидуалдық мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі танытуға деген қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, мақсатқа сай ұйымдастырылған, әлеуметтік педагогикалық қызметті зерттейтін педагогикалық білім саласы болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде әлеуметтік педагог, тәрбиеші, ата-ана, олардың орнын басатын тұлға, әлеуметтік-педагогикалық функцияны атқаратын ұйымдастырушы бола алады. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамды туғанынан бастап оның жеке тұлға ретінде (әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемел, көмек) оның әлеуметтік қалыптасу сатыларында және нақтылы қоғамның (қауымның) азаматы ретінде дамуына жағдай жасайды. Бұл үдеріс қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырылады:

Әлеуметтік педагогика мынадай екі бағытта дамиды:

- жеке тұлғалық;

- әлеуметтік.

Жеке тұлғалық бағытты («индивидуалдық» педагогика) жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік педагогика ретінде сипаттауға болады. Ол өзінің бастауын Д.Локка, Ж.Руссоның «индивидуалдық» педагогикасынан алады. Онда шартты-гуманистік және керітартпалық тәсілдемелер дамиды. ХІХ ғ. екінші жартысында педагогикалық осы бағыттың аясында неміс философы Ф.Ницшенің радикалдық «асқан адамды» қалыптастыру т ұжырымдамасы қалыптасты. Оның пайда болуы педагогтардың алдына адамды - оның өзі үшін немесе оны белгілі бір ортаның (мемлекеттің, қоғамның) өміріне даярлау жолында тәрбиелеу проблемасын қойды. Аталмыш факт «индивидуалдық» педагогиканың баламасы ретінде әлеуметтік бағыттың қалыптасуына ықпал етті. Әлеуметтік бағыт. Кең мағынасында ол мемлекеттің қоғамның тұтастай алғанда өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне (әлеуметтік педагогика) ықпалымен анықталады; тар мағынасында – адамның жеке басының қалыптасу үрдісіне оның өмір сүру ортасының ықпалымен анықталады (орта педагогикасы). Әлеуметтік педагогика мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын тәрбиелеуде қалыптасқан заңнамаларының негізінен, тәрбие институттарын құруынан, оқыту және кәсіби даярлау, олардың қолданылуын қамтамасыз етуінен көрінетін қызметін зерттейді. Ол ресми әлеуметтік педагогикалық сипатта болады. Бұдан өзге, қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеумен байланысты қабылданған нормалар мен ережелермен қоса, әдет-ғұрыптар түрінде «жазылмаған заңдар» жиынтығы қалыптасады. Олар өзінің мәні мен маңызына қарай, әлеуметтік-педагогикалық, бірақ ресми емес сипатта болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2480 - | 2276 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.