Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи бастаулары




Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи тамырларына зер салғанда қандай тарихи фактілер мен оқиғаларды білу қажет. Бұл Қазақ жерінің Ресей империясы құрамында болған кезеңде патша үкіметінің аумақтық, әкімшілік реформалары барысында халықтың этникалық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Қазақстан енді бірұлтты емес, көпұлтты елге айналды. 1897 жылғы санақ есебі бойынша Қазақстанда 4 млн. 147 мың адам өмір сүрген. Сол дәуірдің құжаттарының тілімен сөйлегенде халық «жергілікті» - қазақтар, «орыс қоныс аударушылары» болып бөлінген және «басқалар», яғни оған жоғары аталғандардан басқа этностардың бәрі кірген. Сол кезде Қазақстан Далалық және Түркістан генерал-губернаторлығы болып екіге бөлінді. Далалық өлкеде

қазақтар – 77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Жалпы Қазақстан бойынша халықтың этникалық құрамы төмендегідей көрсеткіштерді құрады: жергілікті халық – 85.7%, ХІХ ғ. соңына қарай қоныс аударушылар – 11.9%, басқа халықтар – 2,4%. XX ғ. басында «столыпин реформасы» кезінде Қазақстанға қоныс аудару қозғалысының белсенді жүргізілуіне байланысты еліміздің этникалық құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. І дүниежүзілік соғыс қарсаңында 1913 ж. қазақтар - 58,5%, ал орыстар 29,6% құрады. Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. Оған алғышарт болған тарихи оқиғаларға мыналар жатты: индустрияландыру кезінде жаппай сипат алған миграциялық үдерістер, күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін науқандары, тұтас халықтарды күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау, тың және тыңайған жерлерді игеру. 1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 3 627 612 адам немесе 58,5%, орыстар – 20,6%, басқа ұлт өкілдері – 20,9% құрады. Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты Қазақстанда 1930 – 1933 жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды. Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне асып кетті. 1939 жылы кезекті халық санағы жүргізілді. Оның нәтижелері этностардың ара салмағы күрт өзгергенін көрсетті. Аштық, миграциялық саясат қазақтар санының күрт азаюына алып келген-ді. Қазақтар - 37,9%, орыстар 40,2%, басқалар – 21,9%. Осы кезеңнен бастап Қазақстанның этникалық құрамының ерекшелігі, қазақ халқы өз атамекенінде аз ұлтқа айналды. ХХ ғасыр қатаң саяси-құқықтық жүйе – тоталитарлық мемлекетті тудырған еді. Бұл жүйе күштеп қоныс аудару - депортациялау тәжірибесін кеңінен қолдана бастады. 1920 жылдары-ақ жүзеге асырыла бастаған болатын. Бұл кезде Сібірге, Орал мен Қазақ жері не оппозиция белсенділері, ауқатты азаматтар, дін өкілдері, бұрынғы патша әкімшілігінің чиновниктері жер аударылған-ды. 1937 – 1940 жылдары кеңестік корейлер, немістер, қы рым татарлары, қалмақтар, балқарлар, шешендер, ингуш тер, қа рашайлар мен месхет түріктері барлық құқықтарынан айы рылған еді. Оларды шетелдік тыңшы, диверсант деген жал ған, ойдан шығарылған айыппен басқа жерлерге қоныс ау дарды. Күштеп қоныс аударудың ауқымы мен қатаңдығы бұл шараның қуғын-сүргінге ұшыраған этникалық топтарды қасақана құртуды көздегенін дәлелдеп тұрса керек. Алдымен әлеуметтік және таптық белгі бойынша «халық жаулары» қуғындалса, одан кейін ұлттық белгі бойынша «сенімсіз халықтар» қоныс аударылды. Қазақ жеріне барлығы 60 астам этностар қоныс аударылды. КСРО аумағында жаппай қуғын-сүргін жылдарында 3 миллионнан астам адам жер аударылды. Оның шамамен жартысы Қазақстанға, қалғаны Сібірге жер аударылды. Қазақ жеріне қоныс аударылғандардың саны 1 миллион 200 мың, соның ішінде, немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістердің 59%-ы, балқарлардың 55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен қо ныс аударылып келген халықтардың сақталып қалуы мен ру ха ни-материалдық тұрғыда қайта түлеуіне мүмкін бол ған кө мегін аяған жоқ-тын. Қиын-қыстау кезеңде қазақ хал қы ның көрсеткен мейірбандығы мен қонақжайлылығы қо ныс ау дарылып келген халықтардың жадында сақталады жә не ол ешқашан ұмытылмақ емес. Міне, осылайша жоғары ұлтаралық қатынас мәдениеті қалыптасты. Адамдар антигуманды саяси жүйе жағдайында болса да өзінің адамгершілік бет-бейнесін сақтап қалды. Ресми билік орындарының қуғын-сүргін саясатына қарамастан, өз еркіндігін, қала берді, өмірін қауіп қатерге тіге отырып, адамгершіліктің биік үлгісін көрсетті. Қиын-қыстау кезеңде қазақ хал қы ның көрсеткен мейірбандығы мен қонақжайлылығы қо ныс ау дарылып келген халықтардың жадында сақталады жә не ол ешқашан ұмытылмақ емес. Бұл қазақстандық ұлтаралық қатынас мәдениетінің негізі уақыт өте келе бейбітшілік мәдениетіне, руханилық пен келісім құндылықтарына ұласты. Халықтың тағдырында өшпес із қалдырған 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы болды. Осынау күрделі кезеңде Қазақстан босқындар мен майдан аумағынан эвакуацияланған адамдардың екінші отанына айналды. Тек 1941 жылы ғана Қазақстанға 386,5 мың адам эвакуациаланды, ал 1942 жылы олардың саны 500 мыңнан астам болды. Олардың барлығы Қазақ жерінде баспана тауып, қазақ халқының қонақжайлығына кез болды. Осылайша қазақстандық бейбітшілік мәдениеті, рухани келісімнің тамыры өзінің беріктігін және нығая түскендігін дәлелдеді. 1989 жылы қаңтарда КСРО-дағы соңғы халық санағы өткізілді. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан хал қының саны 16 млн. адам болды. Қазақстан халқының құ ра мы сандық көрсеткішпен төмендегідей еді: қазақтар – 39,7%; орыс тар – 37,8%; басқалары – 22,5% құрады. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты елдегі этнодемографиялық ахуал да өзгере бастады. Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа құбылыс – ол қазақ халқының үлес салмағы елдегі басқа этностарға қарағанда арта бастады. 1999 жылғы санақ бойынша 53,4%, ал 2009 жылғы санақ бойынша 63% астам. Елдің этнодемографиялық дамуындағы бұл тенденция мемлекет құрушы ұлт – қазақтардың басқа этностарды топтастырудағы рөлін, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі жауапкершілігін айқындап тұрса керек. Ол Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің бейбітшілік, мәдениеті, рухани келісімге ұласу динамикасын көрсетіп тұр. Оның негізі қазақ халқының менталитетіндегі қонақжайлылық пен толеранттылық құндылықтары тұр.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1151 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2414 - | 2334 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.