Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Түрік елі» идеясының өмірге келуі.




VI ғасырдың екінші жартысында түрік қағанаты Азия кеңістігінде қалыптасқан қуатты мемлекет ретінде танылып, ұлы державалармен иық тіресе алатындай дәрежеге жетті. Оған негіз болған алдымен, әрине, қағанаттың біршама даму алған экономикалық қуаты болса, бұған қосымша, елді басқару ісінде аймақтық-сатылық жүйенің қалыптасуы және жоғарғы қаған тағын мұрагерлік негізде иемденуде қатаң тәртіптің орнауы еді.Ерте орта ғасырлардағы түрік қағанатының тарих сахнасына шығуын ресейлік және еуропалық зерттеушілер оның басқа алыс-жақын елдерге жасаған басқыншылық әрекетімен байланыстырады. Бұл мүлдем қате түсінік. Кез-келген елдің экономикалық, соған байланысты әскери күш-қуатының өсуі ең алдымен оның халқының күнделікті еңбегінің нәтижесі. Ал сырттан басқа жұрттарды то-

нау немесе қанау арқылы келген байлықтың елдің экономикалық өміріне белгілі бір мезгілге дейін жағымды ықпал жасауы әбден мүмкін, бірақ ол бәрібір бұл қоғамның тұрақты экономикалық өсуіне негіз бола алмайды.Түркілер қоғамының біз қарап отырған кезеңінде өнімді экономикалық даму жолына түсуі мал шаруашылығына қолайлы жағымды табиғи ортаға тікелей байланысты болды. Түркілер қоғамы өзінің бастапқы қалыптасу және өсу сәтінде Орталық Азияның мал шаруасына қолайлы кеңістігін емін - еркін игерді және ұтымды пайдалана білді. Мал шаруашылығы, әсіресе, жылқы шаруашылығы түркілерді басқа елдер олармен санасатын қуатты әскери күшке айналуына жағдай туғызды. Ғасырлар бойы ауыр табиғи ортада өмір сүрген халық, сонымен бірге табиғат құбылыстарымен үйлесімді өмір сүруді үйренді, мал шаруашылығын адамзат қоғамының мүддесіне қажет экономика саласы дәрежесіне көтерді.

Шаңырақ көтерген түркілер мемлекетінің басында Бұмын қаған тұрды. Бұмын қаған Ашына түріктерінің қағаны. Ал Ашына елі бүтін түріктердің тегі емес, бір бұтағы. Бұмын қаған өзін Ел қаған (Елет, Елетміш қаған) атаған. Бұмын қаған ашыналық түріктердің басын қосып, мемлекеттік бірлігін қалыптастырушы. Сондықтан да болса керек Күлтегін жазуында Бұмын билігі жөнінде «жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-бабам Бұмын қаған, Істемі қаған (таққа) отырған. (Таққа) отырып түрік халқына, еліне, төріне (билік) тұтқа болған, қалыптастырған», - деген ой айтылады.

Бұмын қаған тұсында ашыналық түркілерде елдік сана қалыптасты. Қаған еліне Қытай патшалығынан елші келді. Түркі елі бұл оқиғаны өсіп, өркендеу жолына бастайтын тамаша жаңалықтың басы деп қабылдады. Сондай-ақ, Қытай патшалығымен арада сауда қатынасы орнап, қытай тарапынан түркілер негізгі тауар түрі ретінде жібек маталарын алса, оларға мал, әсіресе жылқы малын өткізу дәстүрге айналды. Мәселен, Бұмын қағаннан соң таққа отырған (553 ж) оның ұлы Қара қаған Уей әулетімен (қытай патшалығы) елшілік қатынас орнауына байла-

нысты 50 мың жылқы айдатады.Түрік қағанатының халықаралық дәрежедегі қуатты мемлекетке айналуы Қара қағанның інісі Іркін қағанның (таққа отырған соң қабылдаған аты Мұқан қаған) белсенді қызметіне тұс келді. Мұқан қаған көлемі ұлғая түскен мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін аймақтық-сатылық басқару жүйесін енгізді. Мағынасы: аймақтық-сатылық жүйе бойынша тақ әкеден балаға емес, мемлекетті иелікке бөліп басқарып отырған қағанның ұлдары жасына қарай (яғни тақ ағасынан інісіне, егер кезектегі інісі өлген болса, онда оның ұлына) кезекпен және ретімен тақты иемденетін болды. Мұқан қаған тұсында түркілер мемлекеті кеңейе түсіп, алып империяға айналды, оған қытай қабырғасының солтүстігі мен батысындағы, арасында қытандар (қидандар) мен қырғыздар бар ұлыстар, Арал мен Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы елдер қарады.Елді басқаратын ұлықтары мынадай сатыдан тұрды: ең ірі ұлығы – ябғу, одан кейінгісі шад, одан кейінгісі-тегін, одан кейінгісі-елтебер, одан кейінгісі-тұдынбер аталды. Мемлекет басқару ісіндегі шенділер барлығы 28 дәрежеден тұрды.Түркі жазба мәдениеті қалыптасты. Қытай жылнамасы түркілердің жазуын ғұндардың жазуына ұқсастығын айтады. Қағандықтың туына бөрінің зермен айшықталған бас бейнесі салынды. Сарбаздарын «бөрі» атады. Қытай билеушілері әсіресе түрік қағандарын өзара дүрдараз, алауыз ету, сол арқылы түрік қоғамын мүмкін болғанша әлсірету ісінде зор тәжірибе жинады. Мәселен, түрік қағаны Шату (Ышбара қаған) Жоу әулетінің патшасына елші ат- тандырып, сарайдан қалыңдық алып, әулетпен құдандалық қатынаста болу ниеті бар екендігін білдіреді. Қағанның бұл тілегін қанағаттандыруға тырысқан Жоу әулетінің билеушісі қызын қағанға «Мың – ділда ханша» деген атпен ұзатып, қаған ордасына қалыңдықты жеткізу сапарына басшылықты тіл білетін тәжірибелі елшісіне жүктеп, түріктер қоғамындағы жағдайды терең зерттеп қайтуды қоса тапсырады. Елші сол кездегі түрік жұртын билеп отырған Шату, Темкіт, Аба және Төле қағандардың өзара бірі аға, бірі немере іні-туыс, алды-алдына қыруар жасақ ұстаған қуатты қағандар болғанымен, өз ішінде бірін-бірі аңдып, төртеуі төрт жаққа қараған, сырттай тату көрінгенімен шын мәнінде араларына іріткі салу тіп тен де оңай, өзара іштей бақас жандар екенін ескертіп патшасына хат жолдайды.Елшісінің берген кеңесіне бой ұсынған қытай патшасы Темкіт қағанға елші аттандырып, оған бөрі басты ту тарту етіп, үлкен құрмет және қошемет көрсеткендей сыңай танытады. Өз ретінде Темкіт қағанның елшісі Жоу патшасымен кездесуге келгенде оған орын Шату қағанның елшісінің жоғары жағынан беріледі. Іріткі салу амалы осылай іске асырылып, өз ретінде бұл жағдайға байланысты түрік қағандары жағында алауыздық етек ала бастайды. Тура осындай іріткі Шату қаған мен Аба қағанның да арасына салынады. Соның нәтижесінде қағандар өзара қақтығыс жолына түсіп, олардың арасындағы айтыс-тартысқа төрелік жасау міндетін қытай билеушісінің сарайы өз мойнына алады. Бұл VI ғасырдың соңы VII ғасырдың бас кезінде орын алған тарихи

оқиғалар еді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4278 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.