Жалпы Алаш интеллигенциясы арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан-ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіпті Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын. Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жағдайында мұндай шараға бару мүмкін емес-тін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасындағы түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының, жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығы осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.
Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде «отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болса жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу ауадай қажет еді. Жіктелу керісінше, оны әлсіретіп, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді» деп пайымдайды М.Қ.Қойгелдиев.
32. Алаш қозғалысы және «Қазақ елі» идеясы
Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
33. Кеңестік билік және «Қазақ елі» идеясы
Кеңестік билік – бұрынғы Ресей империясында Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 1907 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған. 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған. Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. Съезде 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 – 27 қазанда (7 – 9 қараша) жұмыс істеді. Ұлтымыздың алдыңғы қатарлы зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев және т.б. патша үкіметінің жүргізіп отырған отарлау, қоныстандыру, орыстандыру саясатына қарсы шығып, мерзімді баспасөзге мақалалар жариялап, патша атына үндеухат ұйымдастырғаны үшін түрлі жазаларға тартылды.
Діл» ұғымының мәні
Діл немесе Менталитет (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады. Діл ұғымыҒылыми-публицистикалық және саяси әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Сондықтан бұл ұғымды түсінуде кейде бірмағыналылық жетіспей жатуы мүмкін. Соған қарамастан, бір мәселенің басы ашық деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік прогреске жету үдерісінде бұқараның саяси ділінің шешуші рөлін атқарады.Ділдің табиғатын түсіну үшін, оны, алдымен, мына үш қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, діл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді, санамен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса ділдің санамен шектелмей, одан тысқары жаткандарды да қамтитынын ұмытпау керек.