Катехоламиндердің хиноидты тотыгуы жэне түзілу өнімдерінің биологиялық мэнін зерт-теу арқылы А.М.Утевский алмасу процесін реттеушілердің алмасуының функционалды мэні туралы концепцияны түжырымдады. Адреналинның тотығуы кезінде индол жэне оксииндол қүрылымдардың өнімдері адренохром, оксоадренохром (Утевский, 1954,1959,1977) түзіледі және 3 редокс - жүйелер пайда болады:
Адреналин--------- дегидроадреналин
Адренохром-------- лейкоадренохром
Оксоадренохром--- лейкооксоадренохром.
Норадреналинның тотығуы кезінде деметильденген хинондар түзіледі. В.О. Осинская зерттеулері көрсеткендей хиноидты тотығу өнімдері КОМТ жэне МАО-ның томен белсенділігі орын алған тканьдерде, мысалы қаңқа бүлшық еттерінде, жақсы көрінеді. Катехоламиндердің хиноидты тотығуы көптеген ферменттермен (цитохром с-оксидазамен, катехолоксидазамен, церулоплазминмен) катализденеді. Адреналинның адренохромға тотыгуын супероксид анион- радикал (02 адренохром) жеделдетеді, ол пероксидрадикалдың (02 Н) диссоциациясы кезінде түзілуі мүмкін, ал ол кезегінде ФМН Н2 -нің оттегімен тотықсыздануы кезінде не-месе ксантиноксидазды реакция кезінде түзіледі:
Супероксидты анионның түзілуінің алдын алатын супероксиддисмутаза катехоламиндердің хиноидты тотыгуын баяулатады (Міга Н. Р/ etal., 1972). ЭДТА-ның қатысуымен тотықсызданган глутатион, цистеин, аскорбин қышқылы адреналинның хиноидты тотыгуын ингибиторлайды, бірақ супероксиддисмутазаның эсеріне қарағанда элсіз (О.С. Брусов жэне т.б., 1976).
Оттегісіз жағдайда норадреналинның тотығуына редуктон-комплекс: аденин-Си++ эсер етеді (Murakami Н. Etal., 1975). Электрондардың донаторы ретінде аминозин пероксидазаның қатысуымен катехоламиндердің сэйкес аминохромдарға дейін тотығуын жеделдетеді жэне ацетилхолин - адренохром комплексіне қарағанда түрақты болатын адре-нохроммен комплекс түзеді.
Ең алғаш рет J. Axelrod (1964) адреналинды адренохромға тотықтыратын өзгешелік ферменттің бар екенін дэлелдеді. Ол мысықтардың сілекей бездерінің сөлінде адреналинның ферментті циклденуін ашты жэне температуралық эсерге тұрақсыз ферментті бөліп алды. Цианид, диэтилдитиокарбамат, аскорбин қышқылы, глютатион пирокатехинаминоциклазаның белсенділігін тежейді. Осыған үқсас фермент шизофрениямен ауыратын науқастардың қан сары суында табылған (Altshule М., NovakU., 1979), ол ацетилхолинның, цианидтың, сутегінің асқын тотығының қатысуымен норадреналинді норадренохромға тотықтырады. Сау адамдар-мен салыстырғанда шизофрениямен ауыратын науқастарда пирокатехинаминоциклазаның белсенділігі 2 есе жоғары. Қанда бүл ферменттің белсенділігінің артуы маниакальды-депрессивті психозбен ауыратын науқастарда орын алады. Седуксен (диазепам), фенотиа-зинды қатардың препараттары осы ферменттің белсенділігін төмендетеді. Шизофрениямен ауыратын науқастардың қанында адренохромның жоғары деңгейі жэне пирокатехинаминоци-клаза белсенділігінің жоғарылауы шизофренияның шығу тегінің адренохромды гипотезасын дэлелдейді (HofferA., 1958, 1964), ол адренохромдар мен адренолютиндердің негативизмды, ступорды, каатанияны тудыратын қабілетін көрсетеді.
Суыққа төзімді жануарларды суыққа шығарғанда қаңқа бұлшық еттерінде жэне бауыр ми-тохондриясында хиноидты өнімдердің мөлшері артады. Адренохром мен адренохромның мо-носемикарбозоны (адренодоксил) антигеморрагиялық жэне гемостатикалық эсер көрсетеді. Адренохром жэне адренолютин қан қысымын төмендетеді, жүрек жиырылуының ритмін бая-латып, амплитудасын азайтады.
Адреноксил дозада артериалды қысымды біраз ғана жоғарылатады жэне жүрек жиырылуының санын сэл арттырады, RR, P-Q аралығының түрақсыз өзгеруін тудырады, бірақ олар тез арада қалпына келеді (Тапбергенов С.О. 1985). Тромбоциттерді агрегациялай-тын факторлар болып табылатын адреналин мен норадреналиннен ерекше, адренохром жэне адреноксил агрегацияның басталу уақытын тежейді жэне кей жағдайларда тромбоциттердің дезагрегациясын тудырады.