Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бақылау сұрақтары. Мұнай өнімдері сапасына күкіртті қосылыстар қалай әсер етеді?




 

  1. Мұнай өнімдері сапасына күкіртті қосылыстар қалай әсер етеді?
  2. Мұнай өнімдері құрамындағы күкіртті қосылыстар қандай тәсілдермен анықталады?
  3. Лампалық тәсілдің ерекшеліктерін атаңыз.
  4. Мұнай өніміндегі күкірт мөлшерін есептеу формуласын жазыңыз.
  5. Натрий көмір қышқылының сулы ерітіндісінің күкіртті газбен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

 

Сынылатын әдебиет.

8. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа. Ч. 1. М.: Химия, 1972 – 360с.

9. Омаралиев. Т.О. Мұнай және газды өңдеу технологиясы. І бөлім. Алматы: Ғылым, 2000ж.

10. Туманян П.В. Физические методы переработки нефтяного сырья. Методические указания. Московский институт нефтехимической и газовой промышленности им. И. М. Губкина. М-1984.

11. Практикум по технологии переработки нефти. Под ред. Е.В.Смидович и И.П.Лукашевич. М.:Химия,1972.

12. Лабораторные работы по топливу и смазочным маслам. Итинская М. И. – М: Сельхозиздат.

13. ГОСТ. Нефть и нефтепродукты. Часть 1- Газы горючие, топлива и растворители.

14. Сарданаливили Е.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. М.: Химия – 1980.

 

Лабораториялық жұмыс № 7 Мұнай құрамындағы судың мөлшерін

Дина- Старк әдісі бойынша анықтау

 

Сабақ мақсаты: Бұл мұнай және мұнай өніміндегі судың сандық мөлшерін жеткілікті түрде дәл анықтайтын, кеңінен таралған әдіспен таныстыру. Ол мұнай және мұнай өнімінің үлгісін еріткішпен бірге азеотропты айдауға негізделген.

Приборлар мен реактивтер: Колба қыздырғыш және электр плиткасы; қабылдағыш-аулағыш; кері салқындатқыш; сыйымдылығы 500 мл дөңгелек түбті колба; көлемі 1 литрге өлшегіш цилиндр; БР-1 маркалы бензин (80-1200С фракция); қайнатқыштар (форфор, шыны түйіршіктері).

Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:

1. Жұмыс мақсаты

  1. Теориялық бөлім
  2. Жұмысты жүргізу тәртібі
  3. Жұмыс нәтижесі
  4. Ұсынылатын әдебиет

 

Жұмысқа дайындық:

Бұл әдіс бойынша, еріткіш ретінде 80-1200С температурада қайнайтын және құрамындағы ароматты көмірсутектер 3% -тен аспайтын БР-1 маркалы бензин қолданылады.

Мұнай үлгісін 5-мин. бойына ыдыста сілкілей отырып, жақсылап араластырады. Тұтқырлығы жоғары мұнай мен мұнай өнімдерін алдын ала 40-500С-на дейін қыздырады. Одан кейін 100г үлгіні, алдын ала өлшенген 1 шыны колбаға салады. Содан соң 1 колбаға тағыда 100мл еріткішті құйып араластырылады.

Тұтқырлығы аз мұнай өнімдерін колбаға көлемі бойынша алуға болады. Бұл жағдайда өлшегіш цилиндрмен 100мл зерттелген мұнай өнімін өлшеп алып 1 колбаға құяды. Содан соң осы цилиндрмен 100мл еріткішті құйып алып, тағы да сол колбаға құяды. Колба біркелкі қайнауы үшін бірнеше фарфор немесе шыны түйіршіктерін тастайды. Колба 2 шлифтің көмегімен қабылдағыш-аулағыштың алып кету түтігіне жалғанады, ал қабылдағыш-аулағыштың жоғарғы бөлігіндегі шлифке 3 салқындатқышты орнатады. Қабылдағыш-аулағыш және салқындатқыш әрі таза, әрі құрғақ болуы қажет. Ауадағы су буының конденсациялануын болдырмау үшін салқындатқыштың жоғарғы ұшын мақтамен жауып қояды.

Жұмыстың жүргізілуі:

Колбадағыны колбақыздырғыш немесе электр плиткасы көмегімен қыздырады. Айдауды қабылдағыш-аулағышқа салқындатқыш түтігінен секундына 2-4 тамшы таматындай етіп жүргізеді. Қыздыруды қабылдағыш-аулағыштағы судың көлемі ұлғаюы тоқтағаннан кейін және еріткіштің жоғарғы қабаты мөлдір болғаннан кейін тоқтатады. Айдау ұзақтығы 30-минуттан аз, 60-минуттан көп болмауы қажет. Егер салқындатқыш түтігінің қабырғаларында су тамшылары қалатын болса, оны қабылдағыш-аулағышқа итеріп түсіреді. Зерттелетін өнім бөлме температурасына дейін салқындағаннан кейін приборды жинап тастауға болады. Егер қабылдағыш-аулағыштағы су мөлшері 0,3мл-ден аспаса және еріткіш лайлы болса, онда қабылдағышты мөлдірлету үшін 20-30 минуттай ыстық суға салып қояды, содан соң бөлме температурасына дейін тағы да салқындатады. Салқындатқаннан кейін қабылдағыш-аулағыштағы судың көлемін 1 жоғарғы бөліміне дейінгі дәлдікпен анықтайды.

Х судың массалық үлесін, % есебімен мына формула бойынша есептейді:

Х = 100 V / G;

Мұндағы: V – қабылдағыш-аулағышқа жиналған мл есебімен берілген су

мөлшері

G – грамм есебімен берілген зерттеуге арналған мұнай өнімінің

өлшендісі

Қабылдағыш-аулағыштағы су мөлшері 0,03 мл және одан аз болғанда өте аз деп есептеледі.

Екі параллель анықтаулар арасындағы су мөлшерінің ауытқуы қабылдағыш-аулағыштың жоғарғы жағындағы су алып тұратын 1 бөлінімнен аспауы қажет.

 

Лабораториялық жұмыс № 7 орындалуы туралы есеп формасы:

1. Жұмыс мақсаты

  1. Теория элементтері
  2. Практикалық бөлім
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиет

 

Жұмысты орындаған: Жұмысты қабылдаған:

...................................................................................................

топ, студент қолы оқытушы қолы

орындаған күні қабылдаған күні

 

Глоссарий

Дина-Старк приборы

Еріткіш бензиндер(ЕБ)

Мұнай майларындағы су және оны анықтау әдістері

 

Сынылатын әдебиет.

 

8. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа. Ч. 1. М.: Химия, 1972 – 360с.

9. Практикум по технологии переработки нефти. Под ред. Е.В.Смидович и И.П.Лукашевич. М.:Химия,1972.

10. Лабораторные работы по топливу и смазочным маслам. Итинская М. И. – М: Сельхозиздат.

11. ГОСТ. Нефть и нефтепродукты. Часть 1- Газы горючие, топлива и растворители.


КЕЛІСУ ПАРАҒЫ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 671 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2280 - | 2210 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.