| жіті бронхит
| ауруханадан тыс пневмония
| ларинготрахеит
| бронх демікпесі
| туберкулез.
~ Әйел дәрігерге басы айналуға, қорқыныш сезімге, үрейленуге шағымданып қаралды. Объективті: беті бозарған, салқын. ЖСЖ – минутына 100 рет. АҚҚ күрт жоғарылаған - 230/140 мм сын.бағ. Терапевт феохромацитома кезіндегі гипертониялық кризді анықтады. Кризді тоқтататын препарат:
| фентоламин
| капотен
| коринфар
| пентамин
| дибазол
~ 10 жылдан астам созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын 42 жастағы науқас ер адамда соңғы жылы 170/100 мм сын.бағ. дейін АГ байқалады. Артериялық гипертензия мен бронхообструктивті синдром бірге байқалатын науқасты бақылау тактикасында... қолданған қате болып есептеледі.
| бета – адреноблокаторды
| альфа-адреноблокаторларын
| ААФ ингибиторларын
| диуретиктерді
| кальций антагонистерін
~ 25 жастағы науқас ер адам К. дәрігерге жүрегі соғу, басы айналу және құлағы шулауға шағымданып қаралды. ЭКГ-да: жүрекше фирилляциясы. Науқастың алдыңғы ЭКГ-да WPW синдромы тіркелген. Қарыншалық фибрилляция тудыру қаупі болғандықтан бұл жағдайда... қолдануға болмайды.
| изоптин
| амиодарон
| аймалин
| ритмилен
| пропафенон.
~ Өкпе ісінуінде... қажеті жоқ.
|инфузионды терапияның
|оксигенацияның
|морфин енгізудің
|фуросемид енгізудің
|добутамин енгізудің
~ Инфаркт миокардімен қосарласқан гипертониялық кризде АҚҚ төмендету үшін... тағайындалады.
|нитроглицерин
|бэтта-адреноблокаторлар
|кальций каналының блокаторы
|АПФ ингибиторы
|симпатолитиктер
~ ЖРВИ-мен ауырған 2 жасар балада түнде үрген тәріздес жөтел, дауыстың қырылдауы, тыныс алудың ұзаруымен жүретін ентікпе пайда болған.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
| стенозданған ларинготрахеит
| обструктивті бронхит
| бронх демікпесі
| жедел пневмония
| жедел тонзиллит
~ 6 айлық балаға үйге шақыру түсті. Бала жедел ауырған. Анасының айтуынша дене қызуы 39,5С көтеріліп, жөтелген, мұрнынан су аққан. Бір рет құсу болған. Қарағанда терісі бозғылт, бала қозғыш, тырысуға дайын, анық емес менингеальды симптомдар байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| ОРВИ, нейротоксикоз
| серозды менингит
| токсикалық пневмония
| ішек токсикозы
| H1N1 тұмауы
~ Қабылдауда 11 жасар қыз бала. Кенеттен пайда болып, кенеттен бітетін жүрек соғу ұстамасына шағымданады. Ұстама кезінде пульсі 200, кіші, жиі.
АҚ 80/50 мм.сын.бағ. Аускультативті – маятниктәрізді ритм, тоны анық, шулар жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| пароксизмальды тахикардия
| синусты тахикардия
| жыбыр аритмиясы
| пароксизмальды емес тахикардия
| экстрасистолия
~ 12 жасар қыз баланы қарауға дәрігерді үйге шақырды. Қызбаға, қалтырауға, жүрек аймағының ауруына шағымданады. Перкуторлы: жүрек шекарасы барлық жағына ұлғайған. Аускультативті: тондары әлсіз, жүрек ұшында 3-4 қ/а қар сықыры тәріздес, иррадиация бермейтін, жүрек фазасымен байланысты емес шу естіледі.Сіздің қорытындыңыз:
| экссудативті перикардит
| фибринозды перикардит
| фибринозды плеврит
| ревматикалық кардит
| жүректің туа болған ақауы.
~ 4 жасар баланың дене қызуы 37,4 С. Желшешекпен ауруының 3 күнінде везикул түрінде бөртпе сақталды. Аузында және коньютиваның шырышты қабаттарында көп мөлшерде бөртпе болды. Балаға 3-ші күні..... қойылды.
|желшешектегі круп синдромы
|көк жөтелдің қосылуы
|ЖРВИ қосылуы және круп
|жіті пневмониялық қосылу
|афтозды стоматиттің қосылуы
~ Ертеңгі ас кезінде пайда болған, құрғақ, азапты жөтел, инспираторлы түрдегі ентігу, түбірайналасының өкпе дыбысының қысқаруы, сол жерде әлсіреген тыныс клиникасы.... тән.
|бронх бөгде денесіне
| жіті пневмонияға
| обструктивті бронхитке
| бронх демікпесіне
|муковисцидозға
~ Обструктивті бронхитте..... тыныс жетіспеушілігі болады.
| экспираторлы
| инспираторлы
| аралас
| болмайды
| шика ентікпесі
~ Электроимпульстік терапия асқынуы мүмкін:
| кеуденің алдыңғы бетінің тері күйігімен
| ДВС- синдромымен
| Дресслер синдромымен
| жүрек тампонадасымен
| жіті перикардитпен
~ Анафилактикалық шоктың көрінісі:
| кенет әлсіздік, бас айналу, АҚ төмендеуі, тері жамылғысының бозғылттануы
| тері жамылғысының бозғылттануы, АҚ төмендеуі, геморрагиялық бөртпе
| кенет әлсіздік, бас айналу, АҚҚ төмендеуі, кішкене нүктелі геморрагиялық бөртпе
| кенет әлсіздік, бас айналу, брадикардия, кішкене нүктелі геморрагиялық бөртпе
| кенет әлсіздік, бас айналу, брадикардия, АҚ төмендеуі
~ Фредерик синдромы:
| жүрекшенің дірілі және толық атрио-вентрикулярлы блокада
| Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы және толық атрио - вентрикулярлы блокадалар
| жүрекше ішілік және атрио-вентрикулярлық үткізгіштіктерінің азаюының
| жүрекшенің дірілдеуі және Гисс будасының сол аяғының толық блокадасының
| жүрекше тахикардиясы және Гисс будасының сол аяғының толық блокадасының
~ Суға батудағы жедел жәрдем:
| асқазаннан суды шығару, өкпеге жасанды тыныс беру, жүрекке тікелей емес массаж
| тыныс аналептиктері, өкпеге жасанды тыныс беру, жүрекке тікелей емес массаж
| тыныс аналептиктері, асқазаннан суды шығару, өкпеге жасанды тыныс беру
| тыныс аналептиктері, наркотикалық анальгетиктер, жүрекке тікелей емес массаж
| асқазаннан суды шығару, наркотикалық анальгетиктер, өкпеге жасанды тыныс беру
~ Қарыншалық тахикардияның ЭКГ-дегі белгілері:
| ырғағы сақталған, жүрек соғуының жиілігі минутына 140-220 рет
| қарыншалық экстрасистолияның алдында Р тісшесінің болмауы
| өзгермеген QRS комплекстерінен кейін теріс мәнді Р тісшесінің болуы немесе олармен қосылып кетуі
| ырғағы сақталғанда жүрек соғуының минутына 100-120 дейін сиреуі
| SТ сегментің жоғарылауы
~ Егер электр тоғының сымы жерде жатқанда, электрмен жарақаттанған науқасқа қорғаныс құралдарынсыз... жақындауға болады.
| табанды жерден алмай жылжып
| тез жүріп
| жүгіріп
| үлкен адыммен
| қадамдап жүріп
~ Кетодиабеттік комада науқастың ауызынан шығатын иіс:
| ацетон
| миндаль
| аммиак
| шіріген жұмыртқа
| пісіп кеткен қауын
~ Жүректің тура емес массажы әсерінің белгілері:
|ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
|қарашықтың кенеюі
|қарашықтың тарылуы
|тоникалық дірілдің пайда болуы
| бет әлпеттің боз - сұр түске айналуы
~ Өкпеден қан кетуге тән:
| анамнезінде өкпе ауруы бар, жөтелгенде алқызыл, көпіршікті қан
| жөтелмен қою-қоныр түсті қанның болуы
| жөтелде қою-қызыл түсті қан (анамнезінде өкпе аурулар- туберкулез, рак)
| қақырық ішінде алқызыл қан фонтанмен ағады
| қою-қызыл түсті фонтан тәрізді қан кету (анамнезінде өкпе аурулар- туберкулез, рак)
~ ЭКГ-мониторлы бақылаумен жүрген 49 жастағы науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кенеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформациалы. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 600 рет. Науқастағы мүмкін болатын себеп:
| қарынша фибрилляциясы
| қарыншаның жыбырлауы
| қарыншалық аритмиялар
| қарыншалық тахикардия
| жыбыр аритмиясы
~ 57 жастағы науқас 10-12 сағатқа созылған түс артының ауырсынуына шағымданып жедел жәрдемді шақырды,. Жағдайы ауыр, қара тер, бозғылт, жүрегі сол жаққа ұлғайған, тондары әлсіреген. Пульсі 110 рет минутына. Өкпесінде везикула тынысы, сырылдар жоқ, Жағдайы нашарлай берді, АҚҚ – 80/50 мм с.б.төмендеді, диурезі азайды. ЭКГ: SТ ІІІ-ІІ тіркемелерде изосызықтан жоғары орналасқан. Л-15 х 109/л, қалдық азот 150 мг %, трансминаза - 140 бір. фибриноген 0,7% жүргізілген жүрек - тамыр терапиясына қарамастан, ауру қайтыс болды. Өлімінің себебі:
| жіті жүрек-тамыр жетіспеушілігі
| миокардтың жарылуы
| қолқаның аневризмасының ыдырауы
| кардиогенді шок
| миокард инфаркты
~ 57 жастағы ер науқасқа жедел жәрдем шақырылды, кеуде қуысының ауырлық сезімі мен ауаның жетпеуіне, аз ғана уақытқа есінен тануға шағым айтады. Объективті: терісі бозғылт, мұрын-ерін бұрышының цианозы бар, жүрек тондары тұйықталған. АҚ 90/60 мм с.б., пульсі 180 рет минутына. Мониторда: қарыншалардың фибрилляциясына айналған қарыншалық пароксизмальды тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыныз:
| жіті миокард инфарктісі
| тұрақты стенокардия
| тұрақсыз стенокардия
| күштемесіз стенокардиясы
| варианттық стенокардия
~ 50 жастағы ер адам күш түскеннен кейін, сол жақ кеуде сарайындағы қатты ауырсынудың пайда болатынын айтты. Сол қолын қозғағанда және терең демалғанда ауырсыну күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жағында тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Дамыған патология:
| спонтанды пневмоторакс+
| ЖИА.Стенокардия
| остеохондроз
| қабырға аралық невралгия
| экссудативті плеврит
~ Науқас амбулаторияға жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.ЭКГ-де синустық ритммен бірге кезектен тыс жиі қайталанатын қалыпты QRS комплексінің алдында деформацияланған Р тісшесінің болуы, РQ аралығының қысқарып, толық емес компенсаторлық пауза байқалады. Науқастағы жүрек ырғағының бұзылысы:
| жүрекшелік экстрасистолия
| синустық аритмия
| 2 дәрежелі атриовентрикулярлы блокада
|қарыншалық экстрасистолия
| жыбыр аритмиясы
~ 22 жастағы науқас С., АҚ жоғарылауына байланыста жедел жәрдемді шақырды. Объективті: аорта үстінде дөрекі систолық шуыл, иық бұлшықеттері кеуде бұдшықеттері мен жамбас бұлшықеттерінен жақсы дамыған. АҚ 220/110 с.б. аяғында 170/90мм. с.б. Қан қысымының көтерілу себебі:
| аорта коартактациясы
| феохромацитома
| нейроциркуляторлы дистония
| біріншілік гиперальдостеронизм
| аорта стенозы
~ Аймақтық педиатр 2 жасар балаға шақырылған. Бала жедел ауырған: дене қызуы 39 градусқа көтерілген, катаралды белгілер, мазасыздық пайда болған. Оқыс қысқа мерзімді құрысулар. Алғашқы диагноз:
| фебрильді құрысулар
| эпилепсия
| спазмофилия
| менингит
| вирусты энцефалит
~ Аяқтарының терең көктамырларының тромбофлебиті бар науқаста кенеттен ентігу, қан араласқан жөтел, жүрек қағу, айқын әлсіздік пайда болды. Дамыған жағдайдың себебі:
| өкпе артериясының бұтақтарының тромбоэмболиясы
| спонтанды пневмоторакс
| бронх демікпесі ұстамасы
| тыныс жолдарындағы бөгде дене
| өкпе артериясындағы ауа эмболиясы
~ Қабылдауда 2 жастағы бала. Дене температурасы 37С. Денесінде ұсақ нүктелі бөртпе, кейбір жерлерде қосылған, тері түсі өзгермеген. Шүйдеде ұлғайған лимфа түйіндері пальпацияланады. Болжам диагноз:
| қызамық
| аллергиялық бөртпе
| қызылша
| скарлатина
| желшешек
~ 18 жастағы науқас А., үйінде ауыр коматозды жағдайда табылды. Қарау кезінде: көгеру, гипотермия. Тыныс алуы беткей, аритмиялық (Чейн – Стокс тынысы). Иньекциялардан кейін көптеген іздер қалған. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс ЖСЖ минутына 48 рет. АҚ – 70/50 мм.сын.бағ.Науқаста дамыған симптомдардың себебі:
| наркотикалық кома
| алкогольды кома
| алиментарлы - дистрофиялық кома
| термиялық кома
| гипоксемиялық кома
~ 43 жастағы науқас С., кенеттен іш аймағының ауырсынуына және белдемше тәрізді ұстамалы ауырсынуға шағымданады. Жүрегі айнып, құсқан, жағдайы майлы астан кейін нашарлаған. Тері қабаты боп – боз. Объективті: Мейо – Робсон, Керте симптомдары оң мәнді. Нәжісі тұрақсыз. Болжам диагнозыңыз:
| Крон ауруы
| жіті панкреатит
| жіті холецистит
| Асқазанның жара ауруы
| жіті аппендицит
~ 26 жастағы науқас М., 7 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Таңертең жұмыста эпигастрит аймағында кенеттен қатты ауырсыну, бас айналу, әлсіздік, көзінің қарауытуы, жүрек айну пайда болды. Терісі кенеттен бозғылттанды, салқын жабысқақ термен қапталған. ТЖС – 24 рет мин. Пульсі 110 рет минутына. АҚ 90/50 мм сын.бағ. Іші тарытылған, сезімтал, ауырмайды. Сіздің диагнозыңыз:
| асқазан жарасының тесілуі
| жіті миокардтың инфаркті
| асқазанның жара ауруының өршуі
| жіті панкреатит
| жіті холецистит
~ 42 жастағы науқас А., жедел жәрдем бригадасымен белгісіз сұйықтықпен улануына байланысты токсикалық бөлімге жеткізілді. Судың орнына кездейсоқ 30-40 мл сұйықтық ішкен, бірден аузында, өңеш жолында, асқазанында ауырсыну сезінген және қан аралас құсық болған. Қарағанда: ауыз қуысында колликвациялық некроз белгілері анықталады. АҚҚ 80/60 мм.сын.бағ.Уланудың мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:
| сілтімен улану
| сірке қышқылымен улану
| метил спиртімен улану
| этил спиртімен улану
| күкірт қышқылымен улану
~ 12 жастағы балаға жедел жәрдем бригадасымен белгісіз сұйықтықпен улануына байланысты токсикалық бөлімге жеткізілді. Судың орнына кездейсоқ 20 мл сұйықтық ішкен, бірден аузында, өңеш жолында, асқазанында ауырсыну сезінген және қан аралас құсық болған. Қарағанда: ауыз қуысында колликвациялық некроз белгілері анықталады. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ.Уланудың мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:
| сілтімен улану
| сірке қышқылымен улану
| метил спиртімен улану
| этил спиртімен улану
| күкірт қышқылымен улану
~ 28 жастағы науқас әйел бау-бақшада құлпынай жегеннен 2 сағат кейін ауыр тыныс алу, мойын аймағында қысу сезімі, жұтыну кезінде ынғайсыздық пайда болған. Тұншығудың күшейгеніне байланысты стационардың қабылдау бөліміне жеткізілген. Қарау кезінде: көмей үстінің тілдік бетінде ісіктер, әйнек тәрізді ісік көмей үстіндік бүрмелерде алмұрт тәрізді қалтаға таралған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| көмейдің аллергиялық ісігі
| катаралды баспа
| жұтқыншақтың аллергиялық ісігі
| жіті ларингит
| жұтқыншақ артындағы абсцесс
~ 58 жастағы ер адамға жедел жәрдем шақырған. Баспалдақтан құлағаны белгілі болды. Қараған кезде комада, брадикардия, брадипноэ, айқын анизокория, табандық патологиялық белгілері анықталды. Мұрыннан қан кетуде. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| ауыр дәрежелі бас миының соғылуы
| жеңіл дәрежелі бас миының соғылуы
| орташа дәрежелі бас миының соғылуы
| бас сүйегі негізінің сынығы
| субдуральды гематома
~ 39 жастағы әйел абайсыздықта ыдыстағы қайнаған суды үстіне төгіп алды. Қарағанда: кеуденің, санның алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| термиялық күйік, III дәрежелі, күйіктік шок
| термиялық күйік, II дәрежелі, күйіктік шок
| термиялық күйік, III дәрежелі
| термиялық күйік, IV дәрежелі
| термиялық күйік, IV дәрежелі, күйіктік шок
~ 20 сағат өткен соң құлаған өндірістік мекемені тазалау кезінде 38 жастағы ер адам табылды, ол адамның оң жақ жамбасының ортаңғы бөлігі ауыр плитамен басылып қалған. Ол адамда асқыну дамуы мүмкін:
| ұзақ уақыт басылу синдромы
| терең көктамырлардың тромбофлебиті
| Рейно синдромы
| эндоартерит
| беткей көктамырлардың тромбофлебиті
~ Жас ер адам далада ессіз ауыр халде жатыр. Терісінің сыртында жарақат іздері жоқ, терісі көгерген, қолдарында инъекция іздері бар. Тыныс алуы сирек, үстіртін. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, ЖСС 70 рет мин. АҚ 90/60 мм с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| наркотикалық кома
| гипогликемиялық кома
| алкогольды кома
| жіті жүрек шамасыздығы
| апоплексиялық кома
~ Науқас М., 46 жаста. Аяқтағы ірі көк тамырлардың тромбофлебитті, кенеттен науқаста ентігу, кеуде тұсындағы ауырсыну, ысқырықты сырылдар өкпенің ортаңғы бөлігінде естіледі. ЭКГ –да терең S тісшесі 1- ші тіркеуде және терең Q тісшесі 3-ші стандартты тіркеуде. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы
| спонтанды пневмоторакс
| бронх демікпесінің ұстамасы
| жіті миокард инфаркті
| ошақты пневмония
~ 50 жастағы науқасты 2 сағатқа созылатын және кеуде тұсындағы үдемелі қысып ауырсыну мазалайды. Ауырсыну алғаш рет жіті дамыды. Бұрын медициналық көмекке жүгінбеген.Объективтіқарағанда: акроцианоз, «мраморлы» тері, суық жабысқақ тер, пульсі жіп тәріздес. АҚҚ 80/60 мм. сын.бағ. Клинико-функционалды бұзылыстар себебі:
| сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 20 пайыздан аз
| лақтыру фракциясы бұзылмаған
| сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 60 пайыздан аз
| сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 40 пайыздан көп
| сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы 30 пайыздан көп
~ Ер адам 65 жаста, тұншығу ұстамасы және көкіректің қысылу сезімі пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақырылды. Анамнезінде: соңғы жылдары стенокардия және созылмалы обструктивті бронхитпен сырқаттанған. Қарағанда: галоп ырғағы, шашыранды құрғақ сырылдар, өкпенің төменгі сегментінде ылғалды сырылдар байқалады. АҚҚ 85/50 мм. с.б.б. Қабылдаған нитроглицериннен жағдайы жақсармаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
| кардиогенді шокпен асқынған миокард инфаркті
| асқынбаған миокард инфаркті
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы
| бронх демікпесі
| қос өкпенің қабынуы
~ Науқас ер адам 48 жастағы,жедел жәдрдем шақырған. Кеуде сарайындағы ауырлық сезімі мен ауаның жетпеуіне, аз ғана уақытқа есінен айырылуына шағым айтады. Объективті: терісі бозғылт, мұрын-ерін бұрышының цианозы бар, жүрек тондары тұйықталған. АҚ 90/60 мм с.б., пульсі 180 рет минутына. Мониторда: қарыншалардың фибрилляциясына айналған қарыншалық пароксизмальды тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыныз:
| жіті миокард инфарктісі
| күш түсу стенокардиясы
| тұрақсыз стенокардия
| тыныш күйдегі стенокардия
| варианттық стенокардия
~ Үлкен жастағы Ж., 63 жаста науқаста АҚҚ 220/120 мм сын.бағ дейін жоғарлауы, бірден бас ауруы мен жүректегі сұғып ауырсынумен байқалады. Гипертониялық аурумен ауырғанына 7 жыл болған. Бұрын мұндай АҚҚ көтерілуі болмаған, эналаприлді 5мг мүлшерінде тәулігіне 2 рет қабылдаған. АҚҚ... деңгейге дейін түсіру керек.
| 25 пайызға
| 10 пайызға
| 35 пайызға
| 30 пайызға
| 50 пайызға
~ Гараждың шатырынан құлаған науқаста оң балтырының сынығы анықталды. Алғашқы көмек:
| ауырсынуды басу, тасымал иммобилизациясы
| ауырсынуды басу, сынықты салу
| ауырсынуды басу, жараны біріншілік өңдеу
| асептикалық таңғыш салу
| шокқа қарсы терапия, асептикалық таңғыш салу
~ Жиі фебрилді дірілдері бар 2 жастағы балада гипертермияныңсалдарынан есін жоғалтумен жайылмалы дірілдер дамыды. Оксигенация мен желденуді сүйемелдейтін шаралар жүргізілді. Жас мөлшеріне байланысты б/е анальгин димедролмен бірге енгізілді, к/к екі рет 5 минут аралығында диазепам енгізілді, алайда дірілдер фенобарбитал енгізгеннен соң ғана басылды. Мұндай қарқынды емнің салдарынан балада... дамиды.
| тыныс алу орталығының тежелуі
| тамыр қозғалтқыш орталықтың тежелуі
| гипотермия
| ШҚҰ- синдромы
| жіті бүйрек жетіспеушілігі
~ 50 жастағы науқасқа келген жедел жәрдем дәрігері науқаста WPW синдромын және жыбыр аритмия ұстамасын анықтайды.(ЖСЖ-250 рет)
АҚ-100/70мм.с.б. Тиімді әдіс көктамырға... енгізу.
| кордарон
| аймалин
| верапамил
| дигоксин
| новокаинамид
~ Жедел жәрдем бридасымен ауруханаға басы ауырып, басы айналып, жүрегі айнып, құсып, ентігіп науқас түсті. Науқас от жағатын жүйенің ақаулары салдарынан кейін дамығанын айтады. Сіздің диагнозыңыз:
| көмір қышқыл газымен улану
| алкоголь сурагатымен улану
| гипертония
| гипотония
| тамақпен улану
~ Ер адам 35 жаста, кенеттен көкірек аймағының ауруына, есінен тануына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Жедел жәрдем келгенге дейін науқастың туысқандары жүрек өкпе реанимациясын өткізіп жатыр. Дәрігер өз іс-әрекетін... бастайды.
| реанимация нәтижелілігін бағалап, оны жалғастырудан
| анамнез жинаудан
| ЭКГ түсіруден
| дефибрилляция жасаудан
| жүрек ішілік адреналин егуден
~ Ер адам 40 жаста, алғаш рет бірден пайда болған, физикалық жүктемеден кейін (баспалдақпен көтерілгенде үдере түсетін, тыныштық кезінде бәсеңдейтін төс артының ауруы, аурудың сол жауырынға берілуіне байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Объективті қарағанда: АҚҚ 140/80 мм. с.б.б. Пульсі 90 соқ. мин. ырғақты. Басқа обьективті мәліметтері ЭКГ-ны қосқанда қалыпты. Жедел жәрдем дәрігері... қажет.
| жедел түрде ауруханаға жатқызу
| ауырсынуды басатын дәрілер егу
| емхана дәрігеріне актив беру
| нитраттарды қабылдауды ұсыну
| үйде емделуді ұсыну
~ Науқас 44 жаста жедел инфарктан кейін, ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола байқалады. Осы жағдайда аритмияға қарсы қолданылатын дәрілік зат:
| лидокаин
| этоцизин
| АТФ
| новокаинамид
| строфантин
~ 57 жастағы ер науқасқа жедел жәрдем шақырылды, кеуде қуысының ауырлық сезімі мен ауаның жетпеуіне, аз ғана уақытқа есінен тануға шағым айтады. Объективті: терісі бозғылт, мұрын-ерін бұрышының цианозы бар, жүрек тондары тұйықталған. АҚ 90/60 мм с.б., пульсі 180 рет минутына. Мониторда: қарыншалардың фибрилляциясына айналған қарыншалық пароксизмальды тахикардия байқалады. Сіздің көмегіңіз: