|жүрек глюкозидтері көмегімен жыбыр аритмияның нормосистолалық түрін сақтау, ал жеткіліксіз әсерде - β-адреноблокаторларды үйлестіру
|стационарда жыбыр аритмияны синусты ырғаққа ауыстыру (хинидин немесе ЭИТ көмегімен)
|синусты ырғақты қалпына келтіру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен (немесе балама дәрі-дәрмектермен) алдын ала емдеу
|тұрақты электрокардиостимуляцияға өту мақсаттырақ
Е) мұндай науқасқа тұрақты терапия талап етілмейді
~64 жасар емделуші басының айналуына, әлсіздікке, қолдарының діріліне, көз алдында «шібін-шіркей ұшуына» байланысты жалпы тәжірибелі дәрігерді үйіне шақырды. Ол ІІ типті қантты диабетпен ауырады, осыған орай глибенкламидті (манинил) қабылдайды. Емделушінің үйінде сіз шұғыл әдіспен қандағы 3,1 ммоль/л қант деңгейін анықтадыңыз және шағымдану себептерінің пайда болуынан 2 күн бұрын тізе буындарының ауыруына байланысты "американ аспиринін" қабылдағанын білдіңіз. Осы жағдайда жедел жәрдем шараларынан басқа сіздің ұсыныстарыңызға енуі тиіс:
|емдәміне тәулігіне бір рет картоп немесе макарон өнімдерін қосу
|глибенкламид мөлшерін төмендету (артритті емдеу мерзімінде)
|аспирин мөлшерін ұлғайту
|емдәмді бұдан да қатаң сақтау
|ревматолог кеңесі
~І дәрежелі жүрек жетіспеушілігін емдеудің дәрі-дәрмектердің оңтайлы кешенін таңдаңыз:
|диуретиктер мен ААФ ингибиторлары
|β-блокаторлар мен добутамин
|диуретиктер, жүрек гликозидтері мен милринон
|β-блокаторлар, жүрек гликозидтері мен лидокаин
|кордарон, кальций антагонистері мен жүрек гликозидтері
~Науқас A., 34 жаста, ауыр вирустық инфекциядан (тұмау) кейін 2 аптадан соң әлсіздік, ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖСС 80 рет/мин тыныштық жағдайда, I тон әлсіреген. ЭКГ: Т тісшесі V1-V4 шықпаларында теріс Т сермесі. Жоғарыда берілген мәліметтерге қарап науқасқа миокардит диагнозы қойылған. Неғұрлым дұрыс болып табылатын ем:
|глюкокортикостероидтарды тағайындау
|ААФ ингибиторларын, рибоксинді тағайындау
|тыныштық, төсектік тәртібі, симптомдық ем
|антибиотиктерді тағайындау
|СЕҚҚП тағайындау
~ААФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Бұл жағдай бүйрек артерияларының тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған деп анықталған. Бұндай жағдайда тағайындауға қажет ем:
|ААФ ингибиторларын АТ ІІ рецепторларының блокаторларына ауыстыру
|кальций антагонисттерін тағайындау
|нитраттардың үлкен дозаларын тағайындау
|гидралазинді изосорбид динитратымен біріктіріп тағайындау
|гемодиализ жүргізу
~WPW синдромы бар науқас бөлімшеге жүрекшелер жыбыры мен жиіленген қарыншалық ырғағымен түскен. Тұрақты гемодинамика кезінде жедел түрде енгізу қажет препарат:
|прокаинамид
|дигоксин
|кальций антагонисті
|АТФ
|β-блокатор
~52 жасар науқас әйел трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді қызба, ентігу, буындарының ауыруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Инфаркттан кейінгі асқыну Дресслер синдромы анықталған. Ең тиімді ем:
|жоғары дозадағы аспирин немесе преднизолон
|антибиотиктер
|ААФ ингибиторлары
|диуретиктер
|диуретиктермен қосарласқан жүрек гликазидтері
~Климактериялық кезеңдегі әйелде остеопороз белгілері бар АГ-ны емдегенде тағайындау керек:
|ААФ ингибиторларын
|орталық әсерлі дәрілерді
|тиазидті диуретиктерді
|β-блокаторларын
|α-адреноблокаторларын
~Шағымдары, анамнезі, қарап тексеру мәліметтерінің нәтижесінде Сіз «Созылмалы панкреатит, рецидивті ағымды, өршу кезеңі, ауыру түрі» диагнозын қойдыңыз. Науқасты емдеудің басты мәселелерін анықтаңыз:
|қабынуға қарсы антибактериалді терапия
|массивті инфузиялық терапия
|орынбасушы полиферменттік ем
|ұйқы безінің сыртқы секреция қызметін реттеу
|ауыру синдромын басуға бағытталған терапия
~Науқасты зерттеу және бақылау нәтижесінде «Өттас ауруы, өт шаншуы» диагнозы қойылып, зерттеу әдістері тағайындалды. Төмендегі зерттеу жоспарының қателігін табыңыз:
|АЛТ және АСТ зерттеулеріне қан тапсыру
|өт қапшығының УДЗ
|жалпы қан және зәр анализі
|жалпы билирубин мен оның фракцияларын зерттеу
|дуоденальді сүңгілеу
~Науқас 65 жаста. Бойы 160 см, дене салмағы 105 кг. Шағымы жоқ. Аш қарындағы қандағы глюкоза деңгейі - 6,2 ммоль/л. Осы емделушіні жүргізу тактикасын таңдаңыз:
|емделушіні жүргізу тактикасын шешу үшін пероральды глюкозаға толеранттылық тестілеуін жүргізу қажет
|науқаста - қантты диабет, емдәм сақтап, қарқынды күйдегі қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет
|емделушінің дені сау, бұдан әрі зерттеу мен емдеуді қажет етпейді
|емделушіде - гипогликемия, анамнезін мұқият жинау керек
|несептегі глюкозаның деңгейін анықтау қажет
~Науқас, 35 жаста, құрғақ жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. 10 жылдан бері темекі шегеді. Анамнезінде: суық тигеннен кейін жедел ауырып қалды. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген және екі жақтан да инфильтратты ошақтар, көбінесе орталық бөліктеріне шоғырланған. ЖҚА: ЭТЖ 36 мм/сағ. Аускультацияда: екі өкпесінен де майда көпіршікті ылғал және құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі, перкуссияда дыбыс сол жерден тұйықталған. Науқасқа диагноз қойып, ем тағайындаңыз:
|«Пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы»; ципролет 500 мг әр 12 сағат сайын, бромгексин 2 таб. х 3 рет, эуфиллин 0,15 мг 1 таб. х 2 рет тағайындау
|«Созылмалы бронхиттің өршуі»; ампициллин 0,5 г х 4 рет б/е, қақырық түсіргіш дәрілерді тағайындау
|«Пневмония, созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі»; теотард 200 1 капс. х 2 рет, эритромицин 0,5 әр 6 сағат сайын, бромгексин 2 таб. х 3 рет тағайындау
|«Пневмония, қосымша: ӨСОА»; амоксиклав 0.625 г әр 8 сағат сайын, ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау
|«Пневмония»; цефазолин 1 г әр 12 сағат сайын б/е, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау
~Тітіркенген ішек синдромының жетекші себебі - бұл:
|нейроваскулярлық күйзелістер
|иммунологиялық бұзылыстар
|инфекция
|тағамның белгілі түрлеріне сезімталдықтың ұлғаюы
|қатерлі қайта пайда болулар
~Енгізілген атропин мөлшерінің әсерлілігі келесі бойынша бағаланады:
|жүрек соғу жиілігі, қарашықтың көлемі, бронхоспазмның болмауы
|қарашықтың көлемі, жүрек соғу жиілігі
|мидриаздың болуы, сілекей бөлінуінің болмауы
|сілекей бөлінуінің, бронхореяның, тершеңдіктің, брадикардияның болмауы
|сілекей бөлінуінің, миоздың, тершеңдіктің болмауы
~Егде жастағы науқастың дәрігерге қаралғандағы шағымдары: қою және жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, 3 апта ішінде жүдеу. Анамнезінде: 10 жылдан бері эпилепсия ұстамаларымен ауырады. Рентгенограммада - жоғарғы сегментте ішінде сұйықтығы бар қуыс анықталды. Диагноз қою үшін көз жеткізу керек:
|соңғы тырысу ұстамасы қашан болғанына
|қақырықта қанның болуына
|плевралық ауыру сезімдері болуына
|бұрын пневмония болғанына
|жанұясында туберкулез болғанына
~Науқас, 74 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: қою және жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, 2 апта ішінде жүдеуі.. Анамнезінде: 10 жылдан бері эпилепсия ұстамаларымен ауырады. Соңғы ұстама шамамен 2 апта бұрын болған. Рентгенограммада - жоғарғы сегментте ішінде сұйықтығы бар қуыс анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
|аспирациядан кейінгі өкпе абсцессі
|өкпе туберкулезі
|пневмония
|өкпе фиброзы
|бронхоэктаз ауруы
~Жасөспірім, 18 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, шуылдап тыныс алу, құрғақ тамақтарды жұтудың қиындығы. Рентгенограммада - кеуде ішілік бөлігіндегі трахея шеміршегінің жұмсаруы. Осы жағдайдың себебі:
|кеуде ішілік бөлігіндегі трахеяның туа пайда болған тарылуы
|дауыс байламдарының екі жақты салдануы
|трахеяның қан тамырлық сақинасының патологиясы
|жүрек патологиясы
|бронх демікпесі
~Дәрігерге 35 жастағы науқас көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтел, кейде жағымсыз шірік иісті қақырықты «аузын толтыра» тастау, әлсіздік, ашуланшықтық, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданым келді. Анамнезінде: бала кезінен бронхитпен жиі ауырады. Қарап тексергенде: саусақтары "дабыл таяқшалары", ал тырнақтары "сағат әйнегі" тәрізді өзгерген. Рентгенограммада: күшейген өкпе суреті үстінде сол өкпенің төменгі бөлігінің торлануы байқалады. Орталық ағзалар солға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз:
|өкпе туберкулезі
|пневмония
|өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
|өкпе абсцессі
|бронхоэктаз ауруы
~Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен науқастанатын ер кісі Сізге қаралды. Заманауи жіктелу бойынша Сіз аурудың ауырлық дәрежесін анықтайтын негіз:
|сыртқы тыныс қызметінің көрсеткіштері (ТШТК1 және пикфлоуметрия)
|бронхография
|ентігу ауырлығы
|гипоксия дәрежесі
|кеуде ағзаларының рентгенографиясы
~Көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтелуге шағымданып келген 25 жастағы науқаста бронхоэктаз ауруын жоққа шығару үшін нақты мәлімет беретін зерттеу әдісі:
|бронхография
|микрофлораны анықтау үшін қақырық себіндісі
|томография
|өкпенің шолу рентгенографиясы
|өкпе сцинтиграфиясы
~Дәрігерге 68 жастағы науқас жөтел, дене қызуының көтерілуі, терең тыныс алғанда кеудесінің оң бөлігінің ауыруына шағымданып келді. Анамнезінде: көп жылдан бері маскүнем. Рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде пневмония анықталды. Пневмонияның болуы мүмкін қоздырғышы:
|протей
|клебсиелла
|ішек таяқшасы
|гемофилді таяқша
|пневмококк
~Темекі шегетін жас жігіт дәрігерге қан түкіру мен ентігуге шағымданып келді. Лабораториялық зерттеуде жеңіл дәрежелі анемия мен микрогематурия анықталды. Қоюға болатын диагноз:
|қатерлі ісік
|артериовенозды аномалия
|өкпе абсцессі
|туберкулез
|Гудпасчер синдром
~Бұрын ешқашан ауырмаған 27 жастағы ер кісі шұғыл жәрдем бөліміне қатты қалтырап тоңу, тыныс алғанда кеудесінің сол бөлігінің ауыруы, қызба, 4 күннен бері жөтелуге шағымданып келді. Тез шаршағыштық пен қимылдағанда ентігу пайда болатынын айтады. Қақырығы тұтқыр, мол, темір таты түсті. Кеуде ағзаларының рентгенораммасында: сол өкпенің төменгі бөлігінде көлеңке бар (гомогенді қараю). Осы жағдайда пневмонияның болуы мүмкін қоздырғышы:
|ішек таяқшасы
|алтын сары стафиллококк
|гемофильді таяқша
|клебсиелла
|пневмококк
~Қабылдау бөліміне 22 жастағы жігіт төбелес кезінде кеудесінің сол бүйірінен аяқпен соққы алғаннан кейін қатты ентігу пайда болуына шағымданып қаралды. АҚ 88/54 мм сын. бағ., пульсі 120 рет/мин, тыныс жиілігі 40 рет/мин. Дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: трахеяның солға қарай ығысуы мен оң жақта әлсіреген тыныс анықталған. Пульсометрия бойынша қанның оттегімен қанығуы - 95%. Осы жағдайда емді бастау керек:
|хирургтың жедел кеңесінен
|шұғыл торакотомиядан
|эндотрахеальді интубациядан
|кеуде қуысының пункциясынан
|торакоцентезден
~Науқас 50 жаста, пескоструйщица қызметін атқарған, ІІ топ мүгедегі. 5 жыл барысында туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрады. Шағымдары: ентігу, субфебрильді қызба, қақырықты жөтел, қан қақыру. Өкпе-жүрек шамасыздығының ауырлауымен ауруы бір өршіп, бір басылады. Анамнез негізінде күдіктенугі болатын үрдіс:
|туберкулезден кейінгі пневмосклероз
|өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі
|өкпенің фиброзды-каверналы туберкулезі
|өкпенің циррозды туберкулезі
|силикотуберкулез
~Дәрігер қабылдауына 28 жастағы науқас жөтел, сол кеуде қуысының ауыруы, дене қызуының 38С көтерілуіне шағымданады. Аускультацияда сол жауырын астында ылғал майда көпіршікті сырылдар естіледі, перкуторлық дыбыс сол жерде тұйықталған. 5 күн бұрын суық тигеннен кейін жедел ауырып қалған. Емханада науқасқа «Пневмония» диагнозы қойылып, амоксициллин күніне 500 мг х 4 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет тағайындалған. Сіздің қолданатын шараңыз:
|амоксициллинді азитромицинге ауыстыру
|амоксициллинмен емді сол мөлшерде жалғастыру
|амоксициллин дозасын көбейту
|амоксициллинді тетрациклинге алмастыру
|емге гентамицинді қосу
~Жанұялық дәрігерге 52 жастағы науқас келесі шағымдармен қаралды: қиын бөлінетін қақырықпен жөтел, тыныш күйде ентігу және физикалық күштемеде оның күшеюі. Анамнезінде: 30 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді. Соңғы 20 жылда күнде таңертең жөтеліп, қақырық тастайды. Қарап тексергенде: кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуссияда өкпелік дыбыс қорапты. Аускультацияда тынысы әлсіз, тыныс шығаруы ұзарған, екі өкпесінен де құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Рентгенологияда өкпе суреті мен мөлдірлігі күшейген. ТШТК1 45%. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:
|«ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну; оксигенотерапия
|«ӨСОА, І сатысы»; қақырық түсіргіштер, амоксиклав 625 г х 3 рет, теотард 200 мг х 2 рет күніне тағайындау
|«Созылмалы обструктивті бронхит»; эуфиллин 2,4% - 10 мл физиологиялық ерітіндіде к/т тамш., бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау
|«ӨСОА, ІІ сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет күніне тағайындау
|«ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет, ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ емдеу, оксигенотерапия тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну
~72 жастағы науқас ӨСОА-мен ауырады, ентігу, жүрек тұсында соғудың бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданып, дәрігерге қаралды. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. Осы жағдайда қолдануға тиімсіз препарат:
|новокаинамид
|нифедипин
|конкор
|пропранолол
|дигоксин
~Жедел жәрдем көлігімен бронх демікпесімен ауыратын 22 жастағы науқас ауруханаға жеткізілді. Науқас қозулы, дене қызуы 36,7С, ЖСЖ 120 рет/мин, ТЖ 32 рет/мин. Өкпе аускультациясында тыныс күрт бәсеңдеген, бірең-сараң құрғақ сырылдар бар, рН - 7,3, раО2 - 50 мм сын. бағ. 1 тәулік ішінде беротектің 15 ингаляциясын қабылдаған. Осы жағдайдағы науқасқа қолдануға болмайды:
|симпатомиметиктер мөлшерін көбейту (сальбутамол, беротек)
|кортикостероидтар
|эуфиллин парентеральді
|көктамырға регидратация
|оттегі ингаляциясы
~Салқын тигеннен кейін амбулаториялық жағдайда дамыған, пенициллин әсерсіз пневмониясы бар 30 жастағы науқасқа тағайындалатын антибиотик:
|азитромицин
|карбенициллин
|стрептомицин
|тетрациклин
|гентамицин
~Науқас Р., 25 жаста, бала кезінен тізе, шынтақ буындарының артрозымен науқастанады, мұрнынан жиі қан кетеді, анамнезінде - бұлшықеттер аралығында гематомалар анықталады. Нағашысы да осылай ауырған, миына қан кету салдарынан өліп кеткен. ЖҚА - өзгеріссіз, тромбоцит - 220,0х109/л; БЖТУ ұзарған, Ваалер-Розе реакциясы теріс. Ем шарасын таңдаңыз:
|гепарин
|криопреципитат
|преднизолон
|эритроциттік масса
|плазмаферез
~Науқас А., 53 жаста., мамандығы ветеринар, айқын спленомегалиямен ауруханаға түсті. ЖҚА: Эр. - 3,2х1012/л; Нв - 98 г/л, ТК - 0,9, лейкоцит - 120х109/л, промиелоцит - 12%, миелоцит – 10%, п/я - 12%, с/я - 32%, лимф. - 19%, баз. - 7%, эоз. - 8%, ЭТЖ - 42 мм/сағ. Райт және Хеддельсон реакциялары - теріс. Қолданылатын ем шаралары:
|преднизолон
|цитозар
|гидреа
|винкристин
|циклофосфан
~Науқас Б., 16 жаста, лимфоаденопатия, айқын әлсіздікке шағымданады. ЖҚА.: Эр. - 2,5х 1012/л; Нв - 79 г/л, ТК - 0,8; лейк. - 6,1х109/л, лейкограммада: бласттар - 85%, лимфоцит - 10%, с/я - 5%, тромбоцит - 100х109/л. Миелопероксидаза мен липидтерге цитохимия - теріс, Шик-реакция - түйіршіктер түрінде оң. Емдеу кестесін тағайындаңыз:
|винкристин + преднизолон + рубомицин + L-аспарагиназа
|гидреа
|цитозар + рубомицин ("7 + 3")
|аз дозада цитозар
|в-интерферон
~30 жастағы науқас эпигастрий аймағының ауыруы мен ауыр циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – созылмалы геморрой. Тері жабындысы бозғылт. Қан анализінде: Нв - 90 г/л, Э - 3,5х 1012/л, ТК - 0,7, тромбоциттер - 180,0х109/л, ретикулоциттер - 0,5%. Билирубин - 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Дәрі таңдаңыз:
|пероральді темір дәрілері
|B12 витамині
|парентеральді темір дәрілері
|эритроциттік массаны құю
|преднизолон
~Вирусты С гепатитін емдеуде ПегИнтронның (Пегинтерферон б-2В) дене салмағының кг шаққандағы тиімді мөлшері:
|0,5 мкг/кг
|1,0 мкг/кг
|1,5 мкг/кг
|2,0 мкг/кг
|2,5 мкг/кг
~Бауыр циррозы бар науқастардағы энцефалопатия кезінде аммиакты ішекте залалсыздандыратын дәрі:
|орницетил
|флумазенил
|лактулоза
|глютамин қышқылы
|калий оротаты
~А. атты науқас, 22 жасар, айқын арықтау, ауыздың құрғауы, шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, жүрек айну, нашар тәбетке шағымданды. Объетивті: тері қабаттары құрғақ, алақандары мен табандары сары түсті, фурункулез. Несеп талдауында: қанттың болуы анықталды - 3, 5% және ацетонурия (++). Алдын ала қойылған диагноз:
|I типті қантты диабет, декомпенсация, кетоацидоз
|қантты емес диабет
|II типті қантты диабет, декомпенсация
|вирусты гепатит
|пиелонефрит
~ Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ағымын бағалау және диагностикасын анықтаудың «алтын стандарты» болып табылады:
| спирометрия
| бронхоскопия
| компьютерлік томография
| пикфлоуметрия
| пульсоксиметрия
~ 26 жастағы науқас асқазандағы қыжылға, аш қарында және түнде болатын эпигастрий аймағындағы сүт ішкеннен кейін басылатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Екі жылдан бері ауырады, дәрігер тексеруінде болмаған, ем қабылдамаған. Болжам диагноз:
| 12-елі ішек ойық жарасы
| «А типті» созылмалы гастрит
| «В типті» созылмалы гастрит
| Гастроэзофагеалді рефлюксті ауру
| Асқазанның ойық жарасы
~ Профилактикалық тексеру кезінде 55 жастағы ер адамның ЭКГ-да V5,V6, І, aVL тіркемелерінде ұзақтығы 0,16 секундқа кеңейген QRS комплексі, ұштары деформацияланған тісшеленген R тісшелері, RS-T сегментінің QRS комплексіне қатысты дискордантты ығысуы, V1,V2, ІІІ, aVF тіркемелерінде ұштары кеңейген тісшеленген QS комплексі анықталды. ЭКГ деректерін интерпретациялаңыз:
| Гис шоғырының сол аяғының толық блокадасы
| Гис шоғырының сол аяғының толық емес блокадасы
| Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы
| Гис шоғырының сол артқы бұтағының блокадасы
| Гис шоғырының сол алдыңғы бұтағының
~35 жастағы науқас эмоционалді куштемеден кейін ішінің толғақ тәрізді ауруымен бірге жүретін сұйық, көп мөлшерде шырыш аралас нәжіске, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру сезімі үлкен дәреттен кейін және жел шығарудан кейін азаяды.Зерттеу барысында: пальпация кезінде тоқ ішектің түйілуі. Колоноскопияда патология анықталмайды. Дұрыс диагнозды анықтаңыз:
| тітіркенген ішек синдромы
| диспепсиялық ашу синдромы
| дисталді колитті синдром
| ішкі секреторлық жетіспеушілікпен созылмалы панкреатит
| энтеропатия
~Жүрек жетіспеушілігінде спиронолактонды қолдануға қарсы көрсеткішке жатады:
| калий деңгейі 5 ммоль/л-ден жоғары болуы
| калий деңгейі 5 ммоль/л-ден төмен болуы
| креатинин деңгейі 200 ммоль/л-ден төмен болуы
| натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден төмен болуы
| натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден жоғары болуы
~65 жастағы тұрақты күштемелі стенокардиямен ауыратын науқаста жіті ентігу, әлсіздік, кеуде торында ауырсыну пайда болды. Тексергенде: ортопноэ күйінде, акроцианоз, аяқ веналары варикозды кеңейген. Тыныс жиілігі – минутына 30. Өкпесінде тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. ЖСЖ – минутына 100. Рентгенограммада –диафрагма жоғары орналасуы, оң жақта өкпелік тамырлық сурет төмендеуі. ЭКГ – ЖЭО оңға айқын ығысқан, І тіркемеде терең S тісшесі, ІІІ тіркемеде Q тісшесі. Тропонина Т екі рет анықтағанда теріс нәтиже берген. D-димер оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы
| миокард инфаркті
| аортаның кеуде бөлігінің қатпарлы аневризмасы
| күштемелі пневмоторакс
| өкпенің альвеолярлы ісінуі
~ Вирусты гепатитке тән:
| сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі
| сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы
| сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция
| сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы
| сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз
~Науқас іріошақты миокард инфарктінен кейін 21-ші күні стационардан шықты. Жарты жылдан кейін үйреншікті ырғақта орындалатын күнделікті аздаған дене жүктемесі кезінде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 метрге жуық жүргенде) 5-10 минутқа созылатын төс артында ауырсыну қайта пайда болған. Тиімді дәрілік емді таңдаңыз: