Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу




Диплом жұмысы түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен диплом жұмысының көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 60-100 бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент диплом жұмысының титул бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді.

Мұқабаның ішкі жағында жапсырылған конвертке:

- ғылыми жетекшінің пікірі;

- диплом жұмысына жазылған рецензия (сын пікір) салынады.

Диплом жұмысының соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі, оның төменгі жағында тегі мен диплом жұмысын аяқтаған күні (күні, айы және жылы) көрсетіле отырып, диплом жазған студенттің қолы қойылады.

Диплом жұмысының жетекшісі ол туралы пікір (Қосымша 10) дайындайды, онда объективті (оң немесе теріс) баға береді, атап айтқанда:

· -зерттеу тақырыбының өзектілігін растайды;

· -диплом жұмысында тұжырымдаған қорытындылар мен ұсыныстардың теориялық және тәжірибелік маңызын сипаттайды;

· -теориялық сипаттағы ақпараттар көздерімен және тәжірибе материалдарымен жұмыс істей білу дағдысын ескере, студенттің зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергенін мәлімдейді;

· -нақты міндеттерді шешу үшін (әдіснамалық сипаттағы және тәжірибелік қызметтегі) ЖОО-да алған білімін қолдана білу қабілетін студенттің қаншалықты көрсете алғандығын хабарлайды;

· -студенттің көрсеткен бастамашылығын және диплом жұмысын өз бетімен орындау дәрежесін атап көрсетеді;

· -студенттің еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен, шығармашылық даралығымен қаншалықты өзгешеленетіндігін атап өтеді;

· -диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы қорытынды жасайды. Пікірге ғылыми жетекші қолын қояды, оны дайындаған күні белгіленеді.

Егер ғылыми жетекші кафедра оқытушысы болып саналмаса, онда оның қолын, ол жұмыс жасайтын ұйымның кадрлар бөлімінің бастығы растауы және мөр басуы тиіс.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ та жазбаша пікір жазып, онда диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздейді. Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі, бұл туралы диплом жұмысының бірінші бетіне тиісті жазба жасап, аталған диплом жұмысы (жобасы) бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.

Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе аталған студент пен міндетті түрде оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге ұсынылады.

Рецензия

Кафедра қорғауға табыс еткен дипломдық жұмыс (жоба) рецензияға (Қосымша 11) жіберіледі. Кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады. Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс. Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының орын алуы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.Ғылыми жетекші қорғауға рұқсатын берген, бірақ рецензентпен «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпы жағдайларда қорғалады. Рецензия машинамен басылған нұсқада ресімделіп, оны даярлау уақытын көрсетуімен рецензенттің қолы қойылуға тиісті. Рецензия берушінің қолы (рецензент жұмыс істейтін) ұйымның кадрлар бөлімінің бастығымен расталып, мөр қойылуға тиісті. Ғылыми жетекшісінің пікірі мен рецензенттің рецензиясы бар дипломдық жұмыс белгіленген қорғау мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірілмей шығарушы кафедрасының меңгерушісіне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі ғылыми жетекшісі пікірінің және берілген рецензияның мазмұнымен танысады және титул бетіне қолын қоя отырып, диплом жұмысын қорғауға жіберуді бекітеді. Ғылыми жетекшінің пікірі және рецензияның мазмұнымен студент мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) отырысына дейін танысуы тиіс. Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі жетістіктерді және қазіргі техникалық құралдар базасында мультимедиялық презентациялар түрінде электронды қорларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 972 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2610 - | 2184 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.