Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Студенттің білімі мен іскерлігіне қойылатын кәсіби талаптар




Практикадан соң студент білуі тиіс:

- кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының даму ерекшеліктерін;

-оқушылардың таным процестерін, психикалық даму деңгейлерін анықтау әдістемелерін;

-жеке тұлға дамуындағы ауытқуларды анықтау әдістемелерін;

-оқушылардың өзара қарым-қатынасын зерттеу әдістемелерін;

-педагогикалық процестің жағдайына тұлға дамуына ықпалы тұрғысынан талдау жасау жолдарын т.б.;

 

Практикадан соң студент бойында төмендегі іскерліктер қалыптасуы тиіс:

-кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының диагностикасына байланысты зерттеу әдістемелерін таңдау, жүргізу;

-тұлға дамуындағы ауытқуларды анықтауға арналған әдістемелерді таңдау, жүргізу;

-оқушының оқу мүмкіндігінің мониторингін анықтау;

-өткізген әдістемелер бойынша нәтижелерді өңдеу,қорытынды жасау,тұлға дамуына ықпал ету жолдарын болжау, қажетті нұсқаулар беру;

-коррекциялық жұмыстар жүргізіп, нәтижесін талдау т.б.

Практика мазмұны

Практика кезеңі Жұмыс мазмұны Жұмыс формасы Есеп беру формасы
1.Дайындық кезең   Практикадан өту кезеңі 1-апта 1.Практика бағдарламасын нақтылау. Мамандық бойынша білім стандарты, типтік бағдарлама,практиканы ұйымдастыру талаптарымен танысу. Жұмыс бағдарламсы
2.Практика өтетін орындарды анықтау, мектеп басшыларымен келісу,практика бағдарламасымен таныстырып, сол негізде студенттерді сыныптарға, мұғалімдерге бөлу. Мектеп басшыларымен кездесу. Студенттердің мектеп, сыныптарға бөліну кестесі
  3.Практикаға байланысты ұйымдастыру конференциясын өткізу.Практиканың мазмұны,мақсаты,міндеттері, ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру.Жауапты адамдармен таныстырып, студенттердің өзін-өзі басқару органдарын, практикадан өтудің жеке жоспарларын бекіту.Практика бойынша есеп құжаттарымен, олардың көркемделу ерекшелігімен, практиканттың міндеттерімен т.б. таныстыру.   Ұйымдастыру конференциясына қатысу, практикадан өтудің жеке жоспарын жасау.   Практика күнделігін көркемдеу.Практикадан өтудің жеке жоспары.
1.Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психикалық дамуының диагностикасы. а)Оқушылардың таным процестерін психологиялық –педагогикалық тұрғыдан зерттеу әдістемелерін таңдау,жүргізу, нәтижелерін өңдеу(қабылдауы,есі,ойлауы,қиялы т.б)   Сабақтарға қатысу, түрлі әдістемелер бойынша зерттеу жүргізу.   Зерттеу әдістемелерін жүргізу хаттамалары. Қатысқан сабақтарына аспектілі талдау.  
ә)Оқушылардың психикалық көңіл-күйі,ерік күшінің дамуын зерттеу әдістемелерін таңдау,жүргізу, өңдеу (темпераменті,сезімі, ерік-жігері т.б.). Сабақтарға қатысу, зерттеу жүргізу.   Хаттамалар, сабақтарға аспектілі талдау.
б)Зерттелген бағыттардағы оқушы дамуындағы ауытқуларды анықтап, оларды тереңірек зерттеу әдістемелерін таңдау,жүргізу,өңдеу. Сабақтарға қатысу мұғалімдермен,ата-анамен әңгімелесу,арнаулы әдістемелер бойынша зерттеу жүргізу.   Хаттамалар, зерттеу нәтижелерін оқушының сабақтағы әрекеті,мұғалім,ата-ана пікірлерімен салыстырудың конспектісі.  
в)Зерттеу нәтижелері бойынша коррекциялық жұмыстар таңдау, жүргізу. Коррекциялық жұмыстар жүргізу.     Конспект.  
г)оқушылардың таным процестерінің, психикалық көңіл-күйі, нерв жүйесінің даму ерекшеліктері туралы қорытынды жасау. Оқушылардың психикалық даму картасын толтыру. Даму картасы, салыстырмалы диаграмма кесте т.б.
2. Оқушылардың бойында адамгершілік-моральдық қасиеттер мен әртүрлі сапалардың қалыптасуының диагностикасы. а)адамгершілік, моральдық бағыттылығын зерттеу әдістемелері.   Зерттеу жүргізу, сабақтарға қатысу, мұғаліммен әңгімелесу.   Хаттамалар, сабақтарға аспектілі талдау.  
ә)оқушылардың тәрбиелілік көрсеткіштерін анықтау әдістемелері.   Зерттеу жүргізу сабақтарға қатысу, арнаулы ситуациялар туғызу.   Хаттамалар, қатысқан сабақтарына аспектілі талдау
б)оқушылардың өзара қарым-қатынасын зерттеу әдістемелері. Балалар ұжымының қалыптасу деңгейін зерттеу.   Зерттеу, сабақтарға қатысу Хаттамалар, талдау.  
в)зерттелген бағыттар бойынша оқушы дамуындағы ауытқуларды анықтап, тереңірек зерттеу әдістемелерін таңдау, жүргізу, өңдеу.   Әдістемелер бойынша зерттеу жүргізу, сабақтарға, тәрбие шараларына қатысу.   Хаттамалар, қатысқан іс-шараларына аспектілі талдау.    
  г)оқушылардың адамгершілік-моральдық қасиеттерінің, жеке сапаларының даму ерекшеліктері туралы қорытынды жасау. Оқушылардың жеке қасиеттерінің даму картасын толтыру.   Даму картасы, салыстырмалы диаграмма, кестелер т.б.  
д)зерттеу нәтижелері бойынша коррекциялық жұмыстар таңдау, жүргізу.   Коррекциялық жұмыстар жүргізу.   Конспект.
3. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мүмкіндігінің мониторингі   а)оқушылардың оқу мотивтері мен қызығушылықтарын, қабілеттерін зерттеу әдістемелері.   Зерттеу жүргізу, сабаққа қатысу.   Хаттамалар, сабаққа аспектілі талдау.  
ә)оқу үлгерімі, оны зерттеу әдістемелері. б)оқу мүмкіндігіне ықпал ететін факторлар: мұғаліммен қарым-қатынас, отбасы тәрбиесі, оқушының өзін-өзі бағалау көрсеткіштерінің қалыптасуы т.б Білім байқауларын өткізу. Зерттеулер жүргізу, сабақтарға қатысу.   Хаттамалар, сабаққа кешенді талдау.  
в)зерттеу бағыттары бойынша оқушы дамуындағы ауытқуларды анықтап, тереңірек зерттеу.   Зерттеулер жүргізу, сабақтарға қатысу.   Хаттамалар, сабаққа кешенді талдау.    
г)зерттеу нәтижелері бойынша коррекциялық жұмыстар таңдау, жүргізу. Коррекциялық жұмыстар жүргізу.   Конспект.  
  д) Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының дамуы туралы жалпы қорытынды жасау.   Даму картасын толтыру.   Даму картасы, салыстырмалы диаграмма, кесте, оқушының өзіне, мұғалімге ұсыныс.
Қорытынды кезең. 1.Практика кезінде атқарылған жұмыстарды қорытындылау.   2.Қорытынды конференция өткізу. Практика құжаттарымен жұмыс.     Тақырып бойынша хабарлама дайындау. Практика қорытындысы бойынша есеп.   Күнделік, практика бағасы.

 

ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСТЕМЕСІ

 

Практиканың негізгі мақсаты:

 

Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасынан теориялық білімдерін бекіту, студенттердің ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты практикалық іскерліктерін қалыптастыру.

Практиканың міндеттері:

 

1. Жалпы орта білім беретін мектеп, оның бастауыш сатысының проблемаларымен танысу негізінде, зерттеу тақырыбын анықтау.

2. Студенттің ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау біліктілігін қалыптастыру.

3. Жоспар негізінде теориялық зерттеу әдістерімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.

4. Зерттеудің эмпирикалық әдістерін таңдау, қолдану біліктіліктерін қалыптастыру.

5. Зерттеудің математикалық – статистикалық әдістерін қолдану біліктіліктерін қалыптастыру.

6. Педагогикалық – психологиялық эксперимент құру және зерттеу нәтижелерін талдау біліктіліктерін қалыптастыру.

7. Тәрбие және оқу тәжірибесіне педагогикалық зерттеулер нәтижелерін енгізу іскерлігін қалыптастыру.

Студенттердің білімі мен біліктілігіне қойылатын кәсіби талаптар:

Практикадан соң студент білуі тиіс:

- ғылыми ізденістің әдіснамасын, ғылыми жұмысты даярлаудың логикалық құрылымын;

- Педагогикалық зерттеудің ғылыми түсінектік аппаратын, оның құрылымдық ерекшеліктерін;

- ғылыми зерттеудің тарихи педагогикалық, эмпирикалық, статистикалық әдістерін т.б;

Практикадан соң студент бойында төмендегі біліктер қалыптасуы тиіс:

- ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау;

- педагогикалық, психологиялық, әдістемелік т.б. әдебиеттерге талдау жасау;

- эмпирикалық зерттеу әдістерін таңдау және қолдану, озат тәжірибелерді зерттеу;

- статистикалық зерттеу әдістері негізінде зерттеу нәтижесін талдау және өңдеу;

- зерттеу нәтижелері бойынша өзіндік қорытынды жасап,болжам ұсына білу;

- педагогикалық эксперимент құру, жүргізу;

- зерттеу жұмысына қойылатын талап, оның логикалық құрылымына сәйкес өз жұмысын жүйелей, көркемдей білу





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2394 - | 2151 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.