Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан республикасының мемлекеттіk жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме (6.08.059-2010).




Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика институты

Леуметтік педагогика және бастауыш оқыту кафедрасы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАЛАРДЫҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

 

 

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі проректоры

Айпеисова С.А.

Ж.

 

Ақтөбе

 

 

Педагогикалық практикалардың оқу -әдістемелік кешені 5В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты ҚРМЖМБС 6.08.059-2010,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетініңстуденттердің кәсіби практикаларын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережесі (1.11.2014) негізінде дайындалды.

Бағадарлама құрастырушылар:

 

Ербулатова А.Қ.-аға оқытушы

Әбіл А.С.-оқытушы

 

Әлеуметтік педагогика және бастауыш оқыту кафедрасы отырысында қарастырылды.

«» 2015 жыл. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі З.У.Адильшинова

 

Эксперт (тер):

Сейтенова С.С- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Есенгулова М.Н -педагогика ғылымдарының кандидаты

 

 

Бағдарлама педагогика институтының оқу- әдістемелік бірлестігінің отырысында мақұлданды.

 

ОӘК төрағасы_____ ___________ Е.В. Шестакова

 

Оқытуды ұйымдастыру басқармасының бастығы Мухтаров А.Т.

 

Практика жетекшісі _________________Карагулова А.М.

 

Оқу-әдістемелік кешенде 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша: «Педагогикалық қызметке кіріспе»,»(оқу-педагогикалық практика) «Жаратылыстану негіздері» (оқу-таныстыру практикасы), «Кіші мектеп жасындагы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау», «Тәрбие жұмысы әдістемесі», «Сабақ беріп көру», «Баланың мектептегі алғашқы күндері», «Өндірістік педагогикалық», «Диплом алды практиасы», ұйымдастырудың бағдарламалары, практиканың өту барысын қадағалау кестесі, бағалау саясаты жинақталған.

Оқу-әдістемелік кешен 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының жоғары оқу орнында білім алатын күндізгі және сырттай бөлім студенттері мен практика әдіскерлеріне арналған.

Кешен білім берудің жалпыға міндетті стандарты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетініңстуденттерінің кәсіби практикасы туралы Ережесі талаптарына сай дайындалған.

 

 

Алғы сөз

 

Педагогикалық практика – студенттерге таңдаған мамандығына сәйкес іс-әрекет түрлерін атқаруды үйретуге бағытталған кешенді процесс.Сондықтан мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім беру стандартында студенттердің кәсіби дайындығының негізгі формаларының бірі ретінде аталған.

5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сыныптар мұғалімі және бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесінің бакалавры дайындалады. Бастауыш сынып мұғалімі жұмысының және оларды кәсіби дайындау жүйесінің басты ерекшелігі – көп пәнділігі. Студент ЖОО-нда оқу барысында бастауыш сыныпта оқылатын жеті пәннің теориялық негіздерін, оларды оқыту педагогикасы мен технологиясын қатар меңгеруі қажет. Сонымен қатар жеке тұлға дамуының негізгі кезеңі болып табылатын бастауыш сатыдағы баланың тәрбиесі мен қалыптасуын басқаруды технологиялық – педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру теориясы меңгертіледі. Бұл жағдай өз кезегінде кәсіптік дайындық жүйесінің басты буыны болып табылатын педагогикалық практикалардың да көп салалығын туындатып, оны ұйымдастырудың өзара сабақтас, үздіксіз жүйесін құруды талап етеді.

5В010200 –«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында педагогикалық практикалардың төмендегі жүйесі ұсынылған:

1. Педагогикалық қызметке кіріспе практикасы 2сем. 1апта

2. Тәрбие жұмысы әдістемесі практикасы 4 сем. 2апта

3. Кіші мектеп жасындагы оқушы тұлғасын психологиялық-педагогикалық диагностикалау

4 сем. 2апта

4. Жаратылыстану негіздерінен оқу практикасы 2сем. 1 апта

5. Сабақ беріп көру практикасы 5сем. 3апта

6. Баланың мектептегі алғашқы күндері практикасы 7 сем. 1 апта

7. Мемлекеттік педагогикалық практика 7 сем. 4 апта

8. Диплом алды практика 8 сем.

Практикалар жүйесінің әрбір бөлшегі болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті нақты іскерік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, келесі практикалар барысында толықтырылып, жетілдіріліп отырады.

ҚР жоғары кәсіптік білімнің 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бакалавр дайындаудың жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартының қабылдануы жоғарыда аталған практикаларға оқу бағдарламасын дайындаудың қажеттігін туғызды. Ұсынылып отырған бағдарламалар мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген барлық практиканың түрін қамтиды. Бағдарламаны жасауда ҚР жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты, ҚР педагогикалық білім берудің стандарты, педагогикалық – психологиялық пәндер мен жеке пәндерді оқыту әдістемелерінің типтік бағдарламалары талаптары есепке алынды.

Педагогикалық практикалар мазмұнын белгілеуде болашақ маман дайындығына байланысты төмендегі қағидалар басшылыққа алынды:

- теория мен практиканың бірлігі. Практика мазмұнының сол кезеңде өтіліп жатқан немесе өтіліп кеткен теориялық материалдарды қамтуы, бекітуге бағытталуы;

- кәсіптік дайындықтың сабақтастығы мен үздіксіздігі (әрбір практика студентті келесі практикадағы күрделі іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге дайындайды. Сонымен қатар педагогикалық практикалардың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін стандартта көрсетілген бір семестрдегі екі практиканың біреуін алдыңғы семестрге жоспарлау ұсынылады.;

- педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың кіріктірмелі (интегративті) сипаты. Педагогикалық іскерліктер мен дағдылар мектептегі біртұтас педагогикалық процеске біртіндеп араласу барысында студент тұлғасының кәсіптік дамуына сәйкес толығып жетілдіріледі. Сонымен қатар педагогикалық жаңа технологиялармен кірігуі де қамтамасыз етіледі.

Педагогикалық практикалар кәсіптік дайындық жүйесінде төмендегідей қызметтер атқарады:

- бейімдеушілік қызмет. Студенттерді оқу – тәрбие мекемелерінің жұмысына, педагогикалық процеске бейімдеп, балалармен, педагогикалық ұжыммен, ата – аналармен т.б. қарым – қатынасқа үйретеді;

- оқыту қызметі. Теориялық білімді практикада бекітіп, маманға қажетті іскерлік, дағдыларды қалыптастырады;

- тәрбиелік қызмет. Студент бойындағы кәсіптік мәні бар қасиеттерді дамыту, кемшіліктерден арылуға бағытталған жұмыстарды қамтиды;

- дамытушылық қызмет. Практикадан практикаға өту барысында студент тұлғалық және кәсіби тұрғыдан дамиды. Маманға тән ұйымдастыру, басқару қабілеттері дамытылады;

- диагностикалық қызмет. Студентке өзін - өзі тануға және оқушылармен,

ата-аналармен, педагогикалық қызметке қатысы бар адамдармен жұмысын диагностикалық негізде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаларда осы міндеттерді шешу мазмұны мамандықтың ерекшелігі негізінде қарастырылды.

 

 

азақстан республикасының мемлекеттіk жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме (6.08.059-2010).





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 750 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2107 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.