Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз




Қазақстан Республикасының 1995-2005ж.ж. аралығындағы экономикасының даму жағдайыны талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет. 1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары. Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;нарықтық қатынастарды құру және дамыту; Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. 1.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы. Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді мақсаттар өз нәтижелерін әзірге бере қоймаса да оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жеткізудеміз. Республика экономикасы да тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.Қорыта келгенде, 1995-2005ж.ж. аралығында еліміздің экономикасында едәуір оңды өзгерістер болғанын байқауымызға болады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамызтөмен қарай құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж.ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын айқындап, сол бағытта ел экономикасын көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды. Оған басты себеп мемлекет мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы ұжымдарын (колхоздар мен совхоздар) жеке меншікке айналдырып, шетел инвистицияларын тарту..2030жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.

46Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың соңғы жылдары, экономиканың сатылы дамуы адам басына орташа табысты екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Стратегияның көптеген сандық параметрлері мезгілінен бұрын орындалып болды. Осыған байланысты, сонымен қатар қауіпсіздіктің сапалы жаңа сипатына байланысты, ел басы «Қазақстан - 2050» стратегиясын дамудың жаңа векторы түрінде анықтады.
«Мен Үкіметке үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға екінші бесжылдық жобасын өңдеуге бірнеше тапсырыстарымды бердім», - деді президент.Бағдарлама өзіне тәріздес табысты жүзеге асырылған осыдан бұрын өткен бесжылдықтың логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – әртараптандыру мен өндіру саласындағы мемлекет бәсекелестігін арттыру. Өнеркәсіп саясатының кезең-кезеңімен дамуы мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің №874 Жарлығына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама бекітілді. Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» Стратегиялық даму жоспарының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясына, сондай-ақ шетелдік инвесторлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президентімен өткен XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму шеңберінде жасалған. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың алғашқы табыстары: «30 корпоративтік көшбасшы» Бағдарламасы Қазақстан экономикасын жаңа сипатта алға бастырудағы басты қадамдардың бірі болып табылды. Өйткені, ол — ішкі жалпы өнімнің, негізгі капиталға қосылатын инвестициялар мен экспорттың құрылымын өзгертуге жағдай жасайтын экономиканы жаңғырту мен әртараптандырудың басты құралы. Бағдарлама екі бағыттан тұрады. Оның біріншісі, мемлекеттің қолдау шаралары арқылы — бизнестің ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға деген бастамашылығы, екінші бағытта — мемлекет бизнесті тарта отырып бәсекеге қабілетті, сыртқа шығаруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді анықтайды. Қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ететін өндірістер бойынша жобаларды жүзеге асырады.2008 жылдан бастап бірінші бағытқа қатысты іс-шаралар жоспары белсенді жүзеге асырылуда. Болашағы жоқ дегендерді жобадан алып тастау үшін серпінді жобаларға талдау жасалынып, олардың көкейкестілігі айқындалды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жалпы құны 54 миллиард, АҚШ долларын құрайтын 45 серпінді жобаның базалық тізімі қалыптастырылды. Олардың ішінде 36 миллиард долларды құрайтын 28 өндірістік және 18 миллиард долларды құрайтын 17 инфрақұрылымдық жобалар бар. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты орын алған барлық қиыншылықтарға қарамастан, 2008 жыл Қазақстан индустриясы үшін табысты болды. Жыл ішінде жалпы құны 194 миллиард теңгеден асатын 126 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 10237 қазақстандықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. 2009 жылы барлық 14 облыста және Алматы қаласында жалпы көлемі 114 миллиард теңгені құрайтын 16 индустриялық жоба іске қосылды.

47. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. Экспо 2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.Қазақстан үшін маңыздылығы Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ. Ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр. Бұл бізге берілген сенім квотасы һәм Елбасының дәрежесін сыйлау болса керек. Әрі сыртқы саясаттағы табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан. Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де, журналистер-де болады. Демек, Қазақстанға Ақпараттық шу, туристік қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден тиімді. Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкеледі. Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта бизнес өркендейді. Және бұл көрме елдегі новаторлық рухты жанудың, ғылымға ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі. Төртіншіден, Астана көрмесінің бас тақырыбы — «Болашақ қуаты». Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналады. Мысалы, 1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші Парих көрмесінде танымал болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде-де жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанып кетеді деп білеміз. Бесіншіден, ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасаңыз, үлкен көрмелердің құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда Хрусталь сарайы қалған еді, ол 1936 жылы өртке оранып кетті. Парижде Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана көрмесінде-де сәулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынады деп сенейік. Алтыншыдан, көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеген болатын. Бұл павильондардың негізінде «Зерттеу орталығы» құрылып, оны «Назарбаев университеті» АҚ-ына бекітіп береді [2]. «Елдің дамуының „жасыл“ жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған „ЭКСПО-2017“ қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған „болашақтың энергиясын“ өз көзімен көре алады» деді Елбасымыз

48. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор Білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты – біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін зерттеу және ұлт­тық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.Бакалавриат-магистратура-док­торан­тура (Ph.D) арқылы кәсіптік ма­мандарды дайындаудың үш дең­гейлі жүйесінің жұмыс істеуі – оған жоғары білім сатыларын стандарт­тауға негіз болатын, білім кредиттері жүйесіне негізделген жаңа техно­ло­гияны енгізуді талап етеді.Аталған кредиттік жүйе бойынша көптеген еуропалық және амери­ка­лық жоғары оқу орындары жұмыс іс­тейтіні белгілі. Алдыңғы қатарлы білім ордаларының мамандар дай­ын­даудағы көпжылдық тәжірибесі білім үрдісінің жаңа сапасын жүйелі түрде қалыптастыруға өте қажетті құрал болып табылады. Біздің университет, білім беру үрдісі сапасының қажетті деңгейін іс жүзінде қамтамасыз ететін, оқу үрдісіне кредиттік жүйені енгізуге арналған ғылыми экспериментке белсенді түрде қатысуда.Кредиттік жүйе білім беру үрді­сінің демократиялығымен сипат­талады, ол әрбір білімгердің өсуіне, ерекшелігі мен қабілеттерін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа жүйенің не­гізгі артықшылықтарының бірі таңдау еркіндігі – білімгерлер, білім стан­дарттарының мамандар дайын­даудың сапасына қоятын талап­тарына сәйкес келетін, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалып­тас­тыра алады. Осы жүйенің дамуы жалпы мемлекеттің дамуы мен ай­мақ­тық ерекшелікті ескеру арқылы, ғы­лыми білімнің өзгеруіне байла­ныс­ты жаңа пәндер енгізіліп, білім­герлердің өзі таңдайтын пәндер санының көбеюімен байланысты екені белгілі.Көріп отырғанымыздай, оқыту­дың кредиттік жүйесі білім беру үрдісіне икемділікпен қарауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Оның үстіне енгізіліп отырған жүйе Қазақ­стан­ның дәстүрлі білім беру жүйесіндегі құн­дылықтардың сақталуына мүм­кін­дік жасайтынын атап өткім келеді.Барлық жаңа тірлік сияқты, оқы­тудың кредиттік жүйесі дәстүрлі жүйенің қалыптасқан түсініктерінің өзгеруін талап ететіні белгілі. Оқу үрдісіндегі білімгер мен оқыту­шы­ның өзара қатынасы мүлдем өзге­ре­ді. Білімгердің өзінің жеке дайын­ды­ғына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы, оның жо­ға­ры сапалы және алға қойған мақ­сат­қа жетуге деген тұрақты қызығушы­лығы болуын талап етеді. Осының өзі ағылшын тілінен аударғанда “сенім” дегенді білдіретін “кредит” сөзінен туындап отыр. Сонымен, оқытудың кредиттік жүйесіне өту білімгер мен оқытушының ара­сын­да, жаңа білімді игеру бары­сында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқыту­шы тек ақпарат көзі ғана емес, ол білімгердің ақпаратты іздеп тауып, қайта бағалап, іс жүзінде пай­далануға үйретуі қажет. Сондықтан оқытушылар сабаққа тындырымды дайындалуға көбірек уақыт бөліп, өзінің біліктілігін жоғарылату жолында үздіксіз ізденісте болуы тиіс.Оқытудың кредиттік жүйесінің тағы да бір айта кететін тиімді ерек­шелігі – ол оқыту бағдар­ла­маларын халықаралық талаптарға сай сәйкестендіруге мүмкіндік ту­ғызып, білімгерлердің білімін бақылау мен бағалау үшін нақты көрсеткіштер енгізген. Осыдан барып жас мамандардың халық­аралық еңбек нарығына қатысу мүмкіндігі туындайды.Әлбетте, ұлттық білім жүйесін реформалаудың үрдісі тек қана отандық және шетелдердің білім саласындағы ең үздік жетістіктерін тиімді ұштастыра алғанда ғана нәтижелі болары сөзсіз.

49. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді баяндаңыз Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет. Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды,

 

68. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы. Қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру. Дербес дамудың дара жолын айқындау. Дамудың қазақстандық үлгісі. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы заң. Елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және оның маңызы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту. Әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және күшейту.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, орталықсыздандыру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң. Еліміздің саяси жүйесінің жаңа құрылымының қалыптасуы. Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару.Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселе­лерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым.Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру. Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіп­сіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы. Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы»: негізгі құндылығы және бірегейлігі. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Елбасы идеялары – ұлттық құндылық. Тәуелсіздіктің тұғыры – «Елбасының Қа­зақстан жолы», ал түпкілікті мақсат – Мәң­гілік ел болу. Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі және болашаққа ынталандырушы.

69. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Монғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: 1. Енисей ескерткіштері.2. Талас ескерткіштері. 3. Орхон ескерткіштері.Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі. 1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. 2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. 3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді.Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 12732 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2268 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.