50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды
34.1955-1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз 1955 ж. Қытайдан келген «кеңес азаматтарын» қабылдау арнайы тәртіппен жүргізілді. Олар Хоргос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор станциялары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды. Әрбір қабылдау-бөлу пунктін ауыл шаруашылығы, кеңшар және құрылыс пен көлік министрліктерінің одақтық және республикалық көлемдегі өкілдері басқарды. Оларға көмекші ретінде әрбір облыс орталықтары мен аудандардан есепшілер мен техникалық қызметкерлер бөлінді. Қабылдау арнайы жоспар мен график бойынша жүргізілді. Барлық пункттерде сауда орындары ашылып, дәрігерлік және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылды. Көшіп келген «кеңес азаматтарына» көмек ретінде: отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.Сонымен, 1955 ж. тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ, Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның iшіндегi еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшiп келдi. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған «кеңес азаматтарының» саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сi еңбекке жарамды, 1261-і еңбекке жарамсыздар мен қарт кiсiлер, 8 жасқа дейiнгi балалар – 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар – 2515 адам) болды [11, 18-б]. Қытайдан келген «кеңес азаматтары» негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi. Сол сияқты, құрылыс пен көлік салалары бойынша да орналасты.
35. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз Республикадағы мал шаруашылығының даму жағдайымен таныстыру. Шұбартаулық жастардың бастамасы. 70 - 80 жылдары қазақ жастары мен жастар ұйымдарын шопандар бригадасын құруға мәжбүрледі. Малшы еңбегі оңай жұмыс емес. Тәулік бойы демалмайтын кездері болады. Өз білімін көтеруге, мәдени орындарға баруға уақыты да болмайды. 1960 жылдары өкімет басына келген КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л. И Брежнев қой шаруашылығының дамуына қанағаттанбайтынын білдірді. Сөйтіп тың игеруді қалай қолға алдық, бұл істі де солай қолға алу керек деп қоғам алдына үлкен міндет қойды. Егер өз кезінде тың және тыңайған жерлерді игеруге Одақтың барлық түкпірінен жастар тартылған болса, қой шаруашылығын өркендету тек қазақ ұлтының жастарына тапсырылды. Партия мен үкімет мектеп бітіруші жастарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына комсомол - жастар бригадасын құру арқылы тартпақ болды. «Қой шаруа - шылығы – жастар ісі» деген ұран тасталды. Ол жастар арасында лезде таралып, қой өсіруші комсомол – жастар бригадаларын құру науқаны басталды. Мәскеудің шешімін Қазақстан Жастар Одағының Орталық Комитеті қолдады. Алғашқы болып республикада қой шаруашылығына көмекке келуге Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданының мектеп бітірушілері бастама көтерді. Шұбартаулықтардың бастамасы барлық жастар ұйымдарына жеткізіліп «Қой шаруашылығы – комсомолдың екпінді еңбегі» деп жарияланып, ауыл жастарының ұранына айналды. Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп бітіруші түлектері сыныбымен бірден мал фермаларына аттанды. Мал шаруашылығындағы жастардың жарқын өмірі баспасөзде үсті – үстіне жазылып жатты. Патриоттық бастама ретінде көтерілген бұл бағыт жылдан – жылға шопандардың комсомол – жастар бригадаларының санын көбейтті. Сондай комсомол – жастар бригадалары Атырау облысында да құрылды.
.
15. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ. 1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. 1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады. Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды. Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып, Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді-мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті. 1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Қазақтардың офицерлер мен кулактадан тұратын әулетті тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің обылыстық съезі болып, онда Орал обылысында өкімет билігінің обылыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казатардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын. Жетісуда таптық күштердің тең еместігінен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде жұмысшылар, майдангерлер және солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қарі қоймасын басп алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.2.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті. 1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
14. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп,съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады.Осылайша,1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып,ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.Тарихта «Алаш» партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді.Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан:Ақмола,Семей,Торғай,Орал,Жетісу,Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды:мемлекеттік басқару жүйесі;қазақ облыстарының автономиялығы туралы,жер мәселесі,халық милициясын ұйымдастыру;земство туралы,халық ағарту ісі,сот ісі,дін мәселесі,әйелдер мәселесі,қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау;бүкілресейлік мұсылман съезі туралы,қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б.Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия,жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте,өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды.Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып,шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды.Сайып келгенде,Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі «Алащ» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды.Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. 10 баптан тұратын «Алаш» партиясының бағдарламасы құжат ретінде қабылданып, 1917 жылы партияның басылым органы болып съезде бекітілген «Қазақ» газетінің 251 санында жарияланды.Қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді.Бірақ «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды.Сондықтан,қазіргі де,болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.
18. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз (Толық емес) ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚазАКСР) – 1920 – 36 жылдарғы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин “Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы” декретке қол қойды. Ревком құрамына С.С. Пестковский, Б.Қаратаев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, Ә.Әйтиев, т.б. енді. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК құрамында “Автономиялық қазақ (қырғыз) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. және Каспий обл. мен Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қ. болып белгіленді. 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-дің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 ж. соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экон. саясат енгізілді. 1921 – 22 ж. жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың га-дан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 ж. 5 – 10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімш. енгізген “киргиз” деген атау 1925 ж. сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губ. РКСФР-ге өтті. Жаңа әкімш. бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей обл. уез дәрежесінде кірді) облыстарынан және респ. үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысы кірді. 1928 ж. Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар (колхоз), 5 кеңшар (совхоз) құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 ж. 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солт. Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 ж. мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928 – 37 ж. республикада 1–2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту з-тары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб т. ж. іске қосылды. 1932 ж. бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан) құрылды. 1936 ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазАКСР одақтас республикаға айналды
29. Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз Кеңестік идеологияның негізгі функциясы - бір таптың мүддесіне қызмет етіп оны қорғау, оның әлеуметтік базасын кеңейту, өздерінің жолын ұстаушыларға билік жүргізетін құрылымдарға жол ашу және солар арқылы билік жүргізуге өкілеттілік жасау болып табылады. Сол құрылымдардың бірі - саяси цензура органдары. Сол кездегі цензуралық қызметтің нақты заңды негіздерінің болмауы, төрешілдік ортада билік жүргізген партияның үстемдік етуі кез келген шығарманың идеологиялық жағынан зиянды деп есептеуге мүмкіндік берді. Баспа немесе басқа да шығармашылық өнімдерді қадағалау және бақылаудың әдістері, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың тәсілдері көп түрлілігіне байланысты бір-бірінен ерекшеленіп отырылды. Сондықтан тарихи жағынан кеңестік нұсқада қалыптасқан «саяси цензура» термині, мағынасы жағынан өте жақын және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік мәдени - саясатты жүзеге асыратын, қоғамдағы саяси жүйенің бір бөлігі болып табылатын идеологиялық билік жүйесі екенін көрсетті. Сондай-ақ ол әдебиеттің, мәдениеттің қоғам дамуының шынайылылғын көрсететін басым бағыттарын бақылауға алатын, олардың қызметі мен шығармашылығын ресми үстем ұстаным қалпында ұстап отыратын, шығармашылық ұжымдарға дегенін істететін қарсы келген жекелеген мәдениет өкілдерінің шығармашылығына шектеу қойып, тыйым салатын құдіретке ие болды. Идеологияның осындай үстемдігі халықтың барлық ісіне, оның ішінде ғылым мен мәдениетке, әдебиеттің әрқайсысына қатаң бақылау жасап отырды. Адамдардың ақыл- ойы, рухани жан дүниесі заттар ретінде бағаланды. Еркін ой, еркін еңбек, сөз бостандығы деген жоғалды. Шындықты іздеушілікке тыйым салынды. Ғылым мен өнер идеологияландырылды. Цензура адамдардың әлеуметтік, рухани, саяси, қоғамдық өмірінің барлық саласына сұғына ене отырып, халықтың бір қалыпта даму мүмкіндігінен айыратын жағдай туғызды. Брежневтік билік тұсында бүкіл әдебиет, өнер, шығармашылық туындылары, саясаттандырыла бастады, оларды бір қалыпқа түсіріп, бір бағытпен жүргізді. Жоғарыдан бұйрық неғұрлым көп болған сайын, төменнен соғұрлым белсенділік азайды. Барлық салаға тыйым салынғандықтан, халықтың рухани дамуы, бостандығы шектелді. Шығармашылық өнімдерін цензурадан өткізу қиямет болған кезеңде, сол рухани азық арқылы халық санасына адамгершілік құндылықтарды сіңіру мүмкіндігі де шектелді.Е. Бекмахановтың «ХІХ ғ. 20 - 40 жж. Қазақстан», «Исторические корни дружбы казахского народа с великим русским народом» кітаптары, А.К. Богачевтың «Алаш- орда» Краткий очерк о национально - буржуазном движении в Казахстане периода 1917- 1919 гг. атты кітабы, «Едіге» (батырлар эпосы) араб шрифтімен жазылған жинағы, С. Мұқановтың құрастыруымен шыққан «Батырлар жырының» І томы, Б. Кенжебаевтың «Абылай» кітабы, К.И. Мартыненконың «Алаш-Орда» кітабы, М. Манкеевтің «Қарасай- Қазы» кітабы, Б. Сүлейменовтің «Амангелді Иманов - азамат соғысының батыры» кітабы, М. Тынышпаевтың «Ақтабан шұбырынды», «Исторические справки и племенной состав коренного населения Ташкентского уезда, «Киргиз-казахи в 17-18 веках», «Коксуйские развалины города Баласагун», «Материалы к истории киргиз-казахского народа» кітабы, Т.Ж. Шойынбаевтың «Восстание Сыр - Дарьинских казахов под руководством батыра Жанхожи Нурмухамедова (1856-1857 гг.)», А.Ф. Рязановтың «Восстание Исатая Тайманова (1836-1838 гг.)», «Шоқан Уәлиханов» атты кітаптары еді. Осы аталған авторлардың ішінде ерекше зардап шеккені ХХ ғасырдың аса көрнекті тарихшысы ғалым Ермахан Бекмаханов болды. 1951 жылдың 10 тамызындағы ҚК(б)П ОК тапсырмасы бойынша, Е. Бекмахановтың барлық кітаптары мен мақалалары шыққан газет-журналдар кітапханалар мен кітап қорларынан алынып тасталды. «ХІХ ғ. 20 - 40 жж. Қазақстан» атты оқулық кітабының 2,5 мың данасы отқа өртеліп, ал оның он мақаласы жарияланған «Известия» газетінің 12 номері, «Вестник АН Каз ССР», «Ученые записки» журналының 499 данасы ұсақтап туратылу жолымен жойылған. И.О. Омаров пен А.М. Панкратованың «История Каз ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс бөлімін Е. Бекмаханов жазғаны үшін ғана баспаға жіберілмеген. 1955 жылғы 30 маусымдағы №116 бұйрық бойынша: «1955 жылы айналымға жіберуге тыйым салынған басылымдардың жалпы тізімінен келесі адамдардың барлық кітаптары шығарылып, макулатураға жіберілсін: Е. Бекмаханов, Ә. Жиреншин, Б. Сүлейменов» делінді. Жалпы 50- жылдары Қазақ тарихына байланысты 97750 кітап жойылған.Заман өзгеріп, жылжыған уақыт талай нәрсені өз орнына қойып жатса да, көкірегін қызғаныш оты жайлағандар дарынды, біртума замандастарының соңына шырақ алып түскендер де азаймады. Сондай пиғылдағылар Олжастың сол кездегі жазған кітаптары мен мақалаларын у-шуға айналдырып түртпектеуін қоймаған. Сырттандай сақ цензура ақын шығармаларына үнемі жол «көрсетіп» отырған. Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді», «Арғымақтар», «Шапағатты шақ», «Қыш кітап», «Жағалауды айқындау» жинақтарының бірде-біреуі, қырқылмай, «жұлмаланбай» шыққан емес. Атақты «Аз и Я» кітабының дауы үлкен жанжалға айналғаны белгілі [79]. Орталық комитетің хатшысы С. Имашевке ақпараттық хабарламар ғана емес кейбір жазушылардың мінез-құлқы, жазғандары да ұнамады. Әсіресе, тым еркін, тік мінез, бастықтар алдында кішірейе салуды білмейтін тәкаппар О. Сүлейменовтің Ермакты батыр қылып көрсетудің орнына, отаршыл, қанышер қарақшы ретінде көрсеткен «ерлігін» Имашев кешірмеді. Имашевтың қара тізіміне ілігіп, қаһарына шалдыққанына қарамастан Олжас «ұлтшылдық рухында жазылған, орыстарға қарсы», «ұлттар достығына нұқсан келтіретін» «Глинянная книга» («Қыш кітабын») жазады. Кітап тез тарап, кітапханаларда жинақты оқуға жұрт кезекке тұрып жатқандығына қарамастан Орталық комитет жазушыны шетелге шығатын жастар делегациясының құрамынан бірнеше рет сызып тастаған [80]. Осы жылдары Жазушылар Одағы басқармасының мәжіліс залында Орталық комитеттің нұсқауымен І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы талқыға түсті. Талқылауға қатысушылар романға жоғары баға бергенмен, Орталық комитеттің мәдениет бөлімі әдебиетке жанашыр басшы болудың орнына, онсыз да өшіп бара жатқан тарихымызды жандандыруға сеп болатын романға кесірін тигізіп, бөгет жасап бақты.
26.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенінде аяқтады. Әділеттілік тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өмірден қайтқаннан кейін ғана қалпына келтірілді. «Даңқ орденінің толық иегері» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп, жандарын пида еткен казақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерацясының Батыры атағы берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р. Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А. Бақтыгереев, пулеметші A.Е.Вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов. Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. 1942 жылы майданға аттанады. Көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209-ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
27.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары. Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Басты соғыс қылмыскерлері Халықаралық сотта жазаларын алды. Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы мен зардаптары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ауыр әскери қақтығысы болды, 6 жылға созылған бұл соғысқа 1,7 миллиардтан астам халқы бар 60 — тан аса мемлекет қатысты. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғысқа қатысушы елдердің қарулы күштерінің қатарына 110 миллион әскер болды, 60 миллионан астам адам қаза тапты.Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақ халқының батыр ұлдары соңына дейін қатысты. Соғыс басталған кезде Брест қаласында 30 ұлттың өкілінен құралған 7-8 мыңдай әскер болған. Ал олардың ішіндегі қазақстандық жауынгерлердің нақты санын анықтауда тарихшылар әлі күнге дейін бір пікірге тоқтай алмай отыр. Олар ұсынған Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың ұзын саны 400 бен 4000 адам аралығында. Совет өкіметі кезінде бар-жоғы 29 жауынгер ғана Брест қамалын қорғаушы ретінде мойындалыпты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Лейла Ахметова қаланы жаудан қорғауға бұдан бөлек тағы 432 қазақстандықтың қатысқанын айтады. Ресми мәліметтер бойынша Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандық екен. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі, яғни тең жартысы майдан даласында қаза болған. Фашистер бұрын — сонды болмаған қатал қырып жою саясатын жүргізді. Фашистік идеология еврей халқына қатысты ерекше қастандық саясат ұстап, 6 миллион еврейді қырып тастады. Соғыстың басты қорытындысы — әлемдік өркениетті құрып кетуден аман алып қалуы, адамзатқа қас нәсілшілдік фашистік идеологияны жою болды. Соғыс миллиондаған адамдардың санасы мен ой- өрісіне ықпал жасады, енді олар соғысты болдырмау, әлемдік өркениетті сақтау, адам құқығын қорғау мэселесіне неүрлым белсенді түрде араласатын болды.Алайда, Еуропаның және әлемнің болашақтағы даму жолдары туралы мәселе түпкілікті шешілген жоқ. Ірі мемлекеттер фашизмге қарсы бірлесе күресіп, ортақ жеңіске жетсе де, болашақтағы ынтымақтастық мәселесінде бірауызды бола алмады.
40.Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз 1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшт1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.