Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Біртұтас экономикалық кеңес құру идеясы




Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі. Қағанат бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі ұлы жас болғандықтан, билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді елемейтін, қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады. Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан бөлініп, табғаштардың қол астына кіріп жатады.Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: «Түркі елінің аты, заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі есіркеп таққа отырғызды. Таққа отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты мүшкіл елдің қағаны болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік. Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық, жиғанымызша жиып, елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық»[1,27].Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен өзүм қаған олуртым. Іл йеме іл болты, йеме болты.Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші (болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған (болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.[2,73](Ескерткіштен үзінді)«Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар».1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды. «Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что неоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом других букв, другие же нет. Это привело Томсене к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего ряда. А все это вело мысль к строю тюркских языков. И, наконец, 25 ноября 1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого неизвестных надписей с берегов Енисея и Орхона». В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды.Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдарКөне түркі руникалық мәдениетінің біздің заманымызға дейін сақталып жеткен тас үстіндегі жазулармен бірге пайда болған ғана емес, сонымен бірге біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында қалыптасқан айрықша да бірегей дүниетанымдық құбылыс ретінде қарастыруға болады.Көне ескерткіштің қазақ халқы үшін тағы бір маңызы – ата түркінің бір жармағы ретінде өзіміздің жазба мәдениетіміз сонау VI-VIII ғасырлардан бастау алғандығы біз үшін зор мақтаныш. өзім осы тақырыпты зерттеу кезінде байқағаным – ескерткіш тіліндегі сөздердің байланысу түрлері қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарына ұқсастығы. Атап айтсақ, қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлерінің бес түрі де ескерткіш түрінде кездеседі.Демек, түркі ата-бабаларымыз ұстанған жазуды төл жазуымыз деп санап, әр түрлі тектес халық, әр қазақ терең түсінетіндей дәрежеде санаса, мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алып, көне мәдени жәдігерлерін ұлығылау жұмыстары үзіліп қалмай, одан әрі жалғасын тапса деген ұсынысымды білдіруге толық құқылымын деп есептеймін.

65. Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі Тарихтың қай кезеңінде болмасын, мемлекеттік дәстүрін сақтаған елде биліктің ең жоғары өкілінің басты міндеттеріне елдің ішкі-сыртқы саясатын жүргізу, ел мен жерді қорғау, сондай-ақ, ұлттық сана мен ұлттық тәрбиені дамыту бағыттары жатады. Ұлттық сананы дамыту ұлттық тарихты ұлттың мүддесіне сай зерттеумен тікелей байланысты екені белгілі. Ал кез келген тақырыпты, оның ішінде тарихи тақырыптарды зерттеу үшін ең алдымен теориялық және методологиялық негіздер қажет. Онсыз ғылыми-зерттеулер мен ізденістер дұрыс нәтижеге қол жеткізбейді. Міне, осы тұрғыдан алғанда Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдары Отан тарихына қатысты айтқан ойлары мен тұжырымдары зерттеушілер үшін негіз бола алады. Осындай жағдайды ескере келе, біз төменде Елбасының ел тарихына қатысты айтқан ойлары мен білдірген тұжырымдарына назар аударып, оларды кеңірек талқылауды жөн көріп отырмыз.

Тәуелсіздік алған кезеңнен бері Мемлекет басшысы әртүрлі жиындар мен басқосуларда, елдік маңызы бар мерекелерде Отан тарихының түрлі мәселелеріне байланысты ойларын айтқаны белгілі. Ал сол айтылған ойлар мен тұжырымдардың жүйелі түрдегі жиынтығы, сондай-ақ, жалпы Отан тарихының ең өзекті мәселелеріне қатысты көзқарастары оның 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында баяндалады. Сегіз тараудан тұратын бұл кітапта барлық гуманитарлық ғылымдарға қатысты, оның ішінде Отан тарихына қатысты теориялық-методологиялық ой-тұжырымдар жетіп-артылады. Үстіміздегі жыл – Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі болғандықтан, осы кітаптағы хандықтың құрылуына, оның тарихына қатысты айтылған ойлар мен тұжырымдарға тереңірек талдау жасап көрелік.Кітаптың «Ұлттық бірегейлік туралы» деп аталатын тарауы ұлттық бірегейлену мәселесі мен оған тікелей ықпал ететін дін, ұлттық сана-сезім, саяси факторлар қарастырылып, одан әрі қазақ этногенезі, хандықтың құрылуы, этнонимдер мәселелеріне тоқталып өтеді.Мұнда айтылған әрбір ой-тұжырымды талдау кем дегенде бір ғылыми мақаланың жүгі болары анық. Сол себепті, біз ойымызды әртүрлі тақырыптарға шашыратпай, тек хандықтың тарихына қатысты айтылған мәселелерге ғана тоқталайық.Елбасы «Тарих толқынында» Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы жөнінде бірнеше тұжырымдар білдіреді. Солардың біріне – «Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихы үшін белесті кезең болды», деген тұжырым жатады.Белесті кезең деп Елбасы бұл жерде Отан тарихында бір тарихи кезеңнің аяқталып, жаңа бір тарихи кезеңнің басталғаны жөнінде айтып отыр. Шынында да, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірдің аяқталып, жаңа бір тарихи дәуірдің басталғанын көрсетеді. Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл аса маңызды оқиғаны ортағасырлық Қазақстан тарихындағы Түрік қағанатының, Қыпшақ хандығының, Алтын Орданың құрылуымен салыстыруға болады. VІ ғасыр ортасында Түрік қағанатының құрылуы – Қазақстан тарихындағы түрік дәуірін, Қыпшақ хандығының құрылуы – қыпшақ дәуірін, Алтын Орданың құрылуы Алтын орда дәуірін туғызады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен ХV ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан тарихында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – Қазақ хандығы дәуірі. Қазақ елінің XV-XVIII ғасырлардағы тарихы осы хандық дәуірге жатады. ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың өзіндік, өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір сүрді. Ерлік пен елдікті паш еткізген небір айтулы тарихи оқиғалар осы дәуірдің еншісінде жатыр.Елбасының «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақ хандығының тарихына қатысты айтылған ой-тұжырымдарды терең талдай келе, төмендегідей қорытындылар жасауға болады. Біріншіден, кітаптағы Елбасының ел тарихының хандық дәуіріне, оның ішінде саяси тарих пен этникалық тарих мәселелеріне қатысты жазған ой-тұжырымдары қазіргі кезеңдегі және болашақтағы зерттеушілерге теориялық-әдістемелік негіз бола алады.Елбасы еңбегіндегі ой-тұжырымдар отандық тарих ғылымының жемісі, жеткен биігі, олай болса, қарастырылған мәселелер бойынша қазіргі күндері ел ішінде желдей есіп жүрген көптеген жалаң пікірлерге кітаптағы салмақты тұжырымдар тосқауыл болады деп санаймыз.

Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз67.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3037 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2462 - | 2329 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.