Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.Алайда, Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталуда. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы.Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
43.Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз Қайта құру бағыты.1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.2. Демократияландыру мен жариялылық.3. Төрешілдікке қарсы қүрес.4. Халықтық реформа жүргізу.5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.Кеңес саяси жүйесіне реформа.1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайытоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партиябасшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауреспубликалары,Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берд
Ауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты 55.Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз
57. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатын талдаңыз «Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан –ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Ұлытау–ұлтымыздың ежелгі астанасы, ұлы тарихымыз, сарқылмас қазынамыз жатқан қасиетті ата мекеніміз. Елбасымыз Ұлытауға келіп, Әулиебұлақ басында, Ұлытаудың төрінде берген сұхбатында бұл жердің орны бөлек, киелі де қасиетті жер екенін, бұл жерде ұлтымыздың ұлы тарихының жатқанын айта келіп, «тарихын білме- ген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды»–деді. Бұл кемеңгер Елбасымыздың көрегендігін, ата-бабамыздың қасиетті мекеніне, ұлтымыздың тарихына көрсеткен зор құрмет деп білеміз. Елбасымыздың Ұлы дала төсіндегі Ұлытау төріндегі сұхбат ұлытаулықтардың ғана емес, тамырында қазақтың қаны ойнаған әр адамның санасына сер- піліс тудырды. Елбасы сұхбатынан кейін Ұлытауға деген шұғыл бетбұрыс бола бастады. Қазір көне астанамызды одан әрі көркейту бағытында жүйелі де нысаналы жұмыстар жүруде. Бұл бағытта биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан орталығының көшелері асфальтталып, Орталық алаңды көргенде көзтартарлық сахна орнатылды. Жан-жақтан келетін жолдардың түйісетін жеріне ұшар басында жеріміздің қасиетті тауда өсетін түлігіміз қошқардың бейнесі бар ескерткіш орнатылды. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Көше бойындағы суағарлар қалыпқа келтіріліп, бордюрлар салынды. Көшеге көк желекті қарағай шыршалар отырғызылып, село көкжелек жамылып көркейе түсуде. Мұның бәрі Ұлытауда туризмді дамытудың алғы шарттары. Ал, Ұлытау өңірі тұнып тұрған ұлтымыздың тарихы. Жерінің үстінде ғана емес, астында да сарқылмайтын қазына, еліміздің өткен ғасырлардағы тарихынан нақтылы деректер беретін құрылыстар, жәдігерлер жатыр. Бұл туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін білдіреді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытау жерінде журналиске берген сұхбатының ғибраты, танымдық, тәрбиелік мәні зор болды. Бұл ел күткен сөз еді. Өйткені, заман оңалып, елдің әлеуметтік тұрмысы жақсарған сайын адамдар мемлекетіміздің, елдің болашағы туралы ойлауы тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, экономика дамымай ештеңе болмайды. Өткен уақыттармен салыстырғанда бүгінгі тұрмыс жағдайымыз жақсы деп, ауыз толтырып айта аламыз. Еш нәрседен тарығып отырғанымыз жоқ.Бірақ әр қазақстандық қарын мен қара бастың ғана қамын ойлап кетсе не болады? Байлықтың соңына түсіп, мейманасы толып кететіндер де жоқ емес. Әр кісінің материалдық байлығы мен көкірегіне жиған рухани дүниесі тең болғанда ғана, оны дәулетті жан деп тануға болатын шығар. Халқымыздың бай дәстүрі мен тілінің өрістеуі, дініміздің аяқ асты болмауы – бар дәулеттің басы екенін білетіндер ғана бай адам.Иә, Нұрсұлтан Әбішұлының қасиетті Ұлытау жерінде отырып айтқан әңгімесін мұқият тыңдадым. Туған жердің қасиеті – тарихымызда, атамекенді жайлаған, ұрпақтарына осынша жерді қалдырған батыр, дана аталарымызда жатыр. Роза Рымбаева шырқайтын «Атамекен» әнін жүрегім шымырлап отырып тыңдаймын. Расында, «Мына далада кімдердің ізі қалды, соны тү-сініп жүрміз бе?» деген ой шырмайды. Мысалы, Торғай даласының тарихын түгендеу үшін тұтас ғұмыр керек. Батырлар, ақындар, шешендер, әншілер мен күйшілер ұлан-байтақ даланы шарла-ды.Бұрын Торғайда құймақұлақ, кеудесі алтын сандық әкелеріміз айналасын сілтідей тындырып әңгіме айтатын. Шежіре шертетін қарттарымыз болушы еді. Халқымыздың тарихында солар арқылы жеткен құнды деректер де аз емес. Торғайдан шыққан батырларды, ақындарды, балуандарды, өнерпаздарды дәріптейтін дәстүр біздің өңірде әлі күнге дейін үзілмей келе жатқанына шүкіршілік етемін. Кішкентай ғана Торғай кентінде бес-алты музейдің жұмыс істеп тұруы осы сөзімнің дәлелі болса керек. Елбасы Ұлытаудағы сұхбатында туған жер тарихын насихаттауға көңіл бөлді. Даламыздың қойнауы тұнған тарих. Оны ұмытсақ тамырымыздың солғаны деп білген жөн болар. Елбасы осыған абай болуға шақырды.Нұрсұлтан Әбішұлының дін мен тіл жөніндегі әңгімесі – ел күткен сөз еді. Бүгін дүниенің барлығы алақанда болып тұрған заманда тілді сақтау үшін де, жаһанданудың иіріміне түсіп кетпеу үшін де, жұрттан қалмау үшін де тіл білу керек. Ғылымы, білімі дамыған ел тілдерін білгеннен балаларымыз кем болмайды. Ана тілге құрметі бар отбасында бала қазақ тілін білмей қалмайды. Қазір Қостанайда қазақ тілінде білім беретін мектептер жетеді. Мемлекеттік тілдегі оқу бағдарламаларымен оқулықтарды жетілдіре түссе екен деген тілек бар. Ана тілінде тілі шыққан баланың кейін тегеуріні де мықты болады. Өйткені, ол ана тілін білген соң, халқының дәстүрін де, мінезін де, ділін де бойына сіңіріп өседі.Дін – нәзік мәселе. Дін десе, қашан да адамгершілік, имандылық ұғымы бірге айтылады. Тәрбиесі мүлт кеткен жастар өзге ағымның жетегіне ерді. Сондықтан, отбасындағы бала тәрбиесі әсте босаңсымауы тиіс. Бұған мектеп, қоғамдық ұйымдар қосылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытаудағы айтқан қадау-қадау мәселелері көкейімізден шықты. Бұл ел күткен сөз еді. Өйткені, онда айтылған мәселелердің барлығы да бүгінгі қоғамда өткір қойылып отыр. Оны қаперден шығарсақ, ел тәуелсіздігіне сызат түседі. Соны әркез естен шығармайық.Даласы дарқан, қойнауы қазына, тарихы телегей-теңіз ашық аспан астындағы айшықты да асқақ ескерткіштей Ұлытау ауданының құрылғанына жақында 75 жыл толады. Ұлтымыздың киелі ұясы тұрғысындағы қасиетті өңірдің шиыр-шиыр шежіресі ұлы құбылыстардың куәсі. Көне замандардан үзілмей келе жатқан қайнаған өмір бүгінде аймақ тынысын одан сайын кеңейтіп соқтырып келеді. Оған, әсіресе, Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржолдарының іске қосылуы үлкен леп естірді. Терісаққан, Байқоңыр, Құмкөл сияқты қиырдағы елді мекендер үстімен өтуі ел ішіне зор өзгерістерге, алға ұмтылысқа зор бастау болып отыр. Бұдан былай қарай экономиканың әр саласы, соның ішінде туризмнің өрістейтіндігі аймақтың жаңа тарихын алысқа жаңғырта түспектігімен бәрімізді аса қуантуда. Бұл күнде көне өлкеміздің қайта жасарғандай, қайта жасанғандай күйге енуі келешегіне сенімімізді арттырды. Мұның өзі, ең алдымен, Елбасының қамқорлығы арқасында екенін білеміз. Жезқазған өңіріне жұмыс сапарларында әрдайым Ұлытауымызға арнайы соқпай кетпеуіне ризалығымыз шексіз. Бұл ретте Әулиетау мен Едігетау етегіндегі тарихи жерде сұхбат беруін мақтан тұтамыз.Бір жағы – дала, бір жағы – тау, ортасында – көл, осы бір ғажайып орын табиғатымен ғана емес, тарихымен де киелі саналады. Еліміздің кіндігі – Ұлытау төрінен өрілген әңгіме шындығымен де, рухымызды көтеруімен де мәнді. Соның арқасында әр дәуірдегі ұлы оқиғаларды көрген, солардың көзіндей қастерлі топырағымыздың, қасиетті мекеніміздің дүр сілкініп қалғаны, бабалар дауысы саңқылдап естілгендей кеудемізді мақтаныш кернегені рас. «Қанаттанып, серпіліп, ертеңге дегенсеніміміз үлкейіп, марқайып қалдық» деседі бүгінде ауданымыздың бар-ша жұрты. Бізбен бірге бүкіл қазақстандықтардың осындай сезімге бөленгенін естіп жатырмыз.Елбасымыздың терең мәнді сұхбаты баршамыздың болашаққа деген сенімімізді бұрынғыдан бетер бекітіп, нығайта түсті.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытаудағы аталы сөзі жастарға да үлкен ой салды.Ұлытау хандар мен билердің, әулиелердің, батырлардың ордасы екені бәрімізге мәлім. Қазақтың үш жүзінің басын қосқан киелі мекен. Осынау шежірелі өлкеде, табиғат аясында өткен жүздесуде Елбасы елімізге қатысты біршама атқарылар жұмыстарды алға тартты. Оның ішінде ауданымызға қатысты айтылған біршама жоспарлар, пікірлер аудан халқын, оның ішінде аудан жастарына ерекше серпін берді.Болашақта осынау киелі, тарихи сырға, табиғаты жырға толы жеріміздің туризм орталығы болатынын Елбасы тағы бір мәрте айқындап бергендей. Маған ерекше әсер еткен Нұрсұлтан Әбішұлының тілге, дінге қатысты айтқан сөзі болды. Біле білгенге бұл – кемел келешектің бағыт-бағдары десек болар. Басқа тілді араластырмай, тек қазақ тілінде киелі Ұлытаудың төрінде сұхбат беруі – осы жердің иесі қазақ сенсің дегенді меңзегендей естілді. Дәл бүгінгідей уақытта тура осындай сұхбат керек болып тұр еді. «Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің -майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек», деуі қазақ халқының мәртебесін асқақтатумен бірге, біз секілді жастарға ой салды, қанаттандырды.Біз аудан жастары еліміздің, оның ішінде Ұлытауымыздың қарқынды дамып, келешегінің кемел боларына сенеміз және оған өз үлесімізді қосуымызды міндет деп білеміз. Ол азаматтық борыш деп ұғамыз.Сөзімізді түйіндей айтқанда, Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатын мемлекеттік тіліміздің көптеген өзекті мәселелеріне байланысты айқындалған міндеттердің бір белесі деп айтуымызға болады. Ендігі мақсат, содан туындайтын өзекті мәселелерді ел болып, қоғам болып талқылап, мемлекеттік тіл арқылы ұлтымызды ұйыстырып, бірлік пен берекемізді арттырып, алдағы жарқын күндерімізге бағыт алу. Сұхбатта қозғалған салиқалы мәселелер еліміздің өсіп-өркендеуіне, межелеген міндеттеріне байланысты айтылды. Солардың ішінде мемлекеттік тілдің өзекті жайттарына тоқталған Президент: «Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор», деп баға берді. Осы сөз көпшіліктің көкейінен орын алып, ертеңгі күнімізге, болашақ өмірімізге деген сенімімізді нығайтып, бекемдей түсті. Мемлекеттік тілдің болашағы зор болған Қазақ елінің «Мәңгілік Ел» болу жолындағы арманы орындалады деген сенімдеміз.