Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тәжірибені жүргізу реті және алынған нәтижелерді өңдеу




 

Мұнай өнімінің шартты тұтқырлығын ВУ (7 сурет) тәріздес вискозиметр көмегімен анықтайды.

ВУ вискозиметрі екі латунді цилиндрден тұрады: сыналатын өніммен толтырылатын ішкі 1 және өнімді қыздыратын немесе суытатын сыртқы 2. Ішкі цилиндрдің дөңбек түбінде ағаш штепселмен 4 тығындалатын ағын саңылау 3 жасалған. Ағын саңылауына ішкі жағы жалтыратылған ағын түтігі жасалған латунды түтікше 5 жапсырылған.

Резервуар түбінен 1 бірдей биіктікте тік бұрышқа иілген үшкір үш штифтик 6 орнатылған, олар бір мезгілде өнімнің белгілі бір мөлшерін өлшейді және аппараттың дұрыс орналасқандығы туралы мәлімет береді. Түбінен штифтикке дейінгі цилиндрдің көлемі 240 см3.

 

  7 сурет - ВУ вискозиметрі  

Резервуар 1 екі саңылауы бар қалың латунды қақпақпен жабылады, оның біреуі арқылы штепсель 4, ал екінші арқылы сыналатын өнімнің температурасын өлшейтін термометр 7 өтеді. Сыртқы цилиндрдің қабырғасына бұлғауыш 8 және су моншасындағы сұйықтықтың температурасын өлшеуге арналған термометр бекітілген. Аппарат тұтасымен аяқтарында реттеуші бұрандалары 10 бар үш аяқты темірге 9 орнатылған; үш аяқты темірге сақиналы жанарғы 11 бекітілген.

Вискозиметрдің ең жауапты бөлігі ағын түтік 5 («капилляр») болып табылады.

Шартты тұтқырлық деп сынау температурасында 200 см3 сыналатын мұнай өнімінің ВУ тәріздес вискозиметрден ағу уақытының 200 см3 дистилденген судың 200С температурадағы ағу уақытына қатынасын айтады. Бұл қатынастың шамасы шартты градуспен көрсетіледі.

Анықтаудың берілген температурасын тағы 5 мин бойы ұстап тұрып, тез штокты суырып, сонымен бір уақытта секундомер түймесін басу қажет. Өлшеуіш колбадағы мұнай өнімі 200см3 сәйкес келетін белгіге жеткенде (көбік есепке алынбайды) секундомерді тоқтатып, уақытты 0,2 сек дәлдікпен өлшейді.

Берілген температурадағы шартты тұтқырлықты мына формула бойынша есептейді:

ШТt =

мұндағы ШТt – тәжірибе температурасында сыналатын өнімнің шартты

тұтқырлығы;

tt – t температурасында 200см3 мұнай өнімінің ағу уақыты;

– 20°С-да 200см3 судың ағу уақыты - прибордың су саны, сек.

 

Жұмыс есебін ресімдеу бойынша нұсқаулар

Лабораториялық жұмыс мазмұны МЕСТ 2.105, МЕСТ 8.147 талаптарын сақтай отырып ресімделеді. Тапсырмаға сәйкес берілген мұнай және сұйық өнімдерінің тұтқырлығын вискозиметрде анықтаймыз.

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Тұтқырлық дегеніміз не?

2. Тұтқырлықтың қандай түрлерін білесің?

3. Шартты тұтқырлықты қалай анықтайды?

4. Тұтқырлыққа әсер ететін факторлар?

 

Тапсырма: шартты тұтқырлықты анықтауда – тұтқырлығы қою мұнай, мұнай өнімдері – 100-200 мл қолданыңыз.

 

Зертханалық жұмыс №10-11

Мұнайдың майлы фракцияларының құрылымдық-топтық

Рамын анықтау

 

Жұмыстың мақсаты мен міндеті – мұнайдың майлы фракцияларының құрылымдық-топтық құрамын анықтау.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 533 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2495 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.