Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тәжірибені жүргізу реті және алынған нәтижелерді өңдеу




Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен тек 20°С-да анықтайды. Тығыздықты анықтау үшін сыйымдылығы әртүрлі таңбасы және капиллярлы түтігі бар шыны пикнометрлерді (1 сурет) қолданады.

Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен анықтау үшін алдын-ала оның «су санын», яғни судың 20°С-да пикнометр көлеміндегі массасын анықтайды. Су санын анықтаудың алдында пикнометрді хром қоспасымен, дистилденген сумен және этил спиртімен кезектестіріп шайып, кептіреді. Таза және кептірілгент пикнометрді 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен таразыға тартады. Пипетканың көмегімен пикнометрді дистилденген сумен толтырады (таңбасы бар пикнометрді – таңбадан жоғары, капиллярлы пикнометрді – бетіне дейін).

    1 сурет - Пикнометр  

Содан соң, пикнометрді 20°С-да 30 мин бойы термостатта ұстайды. Таңбасы бар пикнометрдің мойыншасындағы деңгейінің өзгеруі тоқтаған соң, судың артық мөлшерін пипеткамен немесе сүзгі қағазбен сорып алып, пикнометрдің мойыншасын ішінен сүртеді. Пикнометрдегі су деңгейін менисктің жоғарғы шеті бойынша белгілейді. Капиллярлы пикнометрлерде су капиллярдан шығып тұрады, оның артық мөлшерін сүзгі қағазбен сорады. Су деңгейі 20°С-да орныққан пикнометрді сыртынан мұқият сүртіп, 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.

Пикнометрдің су санын мынадай формула бойынша есептеп шығарады:

 

мұндағы - ішінде суы бар және бос пикнометрдің массасы, г.

Тұтқырлығы аз (50°С-да 75 мм2/с көп емес) мұнай өнімдерінің тығыздығын былай анықтайды. Құрғақ және таза пикнометрді 18-20°С-да пипетка көмегімен сыналатын мұнай өнімімен толтырады (таңбасы бар пикнометрді – таңбадан жоғары, капиллярлы пикнометрді – бетіне дейін). Содан соң, тығынмен жауып мұнай өнімінің деңгейі өзгергенше 20°С-да термостатта ұстайды. Мұнай өнімінің артық мөлшерін пипеткамен немесе сүұзгі қағазбен сорып алады. Мұнай өнімінің деңгейін менисктің жоғарғы шеті бойынша белгілейді. Деңгейі орныққан пикнометрді термостаттан алып, мұқият сүртеді де, 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.

Сыналатын мұнай өнімінің «көрінетін» тығыздығын мынадай формула бойынша есептеп шығарады:

 

мұндағы - ішінде мұнай өнімі бар пикнометрдің массасы, г;

- бос пикнометрдің массасы, г;

- пикнометрдің су саны.

«Көрінетін» тығыздықты тығыздыққа мынадай формула бойынша қайта есептейді:

 

мұндағы 0,99823 – су тығыздығының 20°С-ғы мәні;

0,0012 – ауа тығыздығының 20°С-ғы және 0,1 МПа

(760 мм сын.бағ) кезіндегі мәні.

Параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,0004-тен аспауы тиіс.

Өте тұтқыр (50°С-да 75 мм2/с астам) және қатты мұнай өнімдерінің тығыздығын бөлме температурасында таңбасы бар пикнометрде анықтайды. Құрғақ және таза пикнометрді қабырғаларына жағылып кетпейтіндей етіп шамамен жартысына дейін толтырады. Пикнометрде өте тұтқыр мұнай өнімімен толтырған кезде соңғысын 50-60°С-ға дейін қыздырады. Пикнометрді жартысына дейін толтырған соң 20-30 мин бойы 80-100°С-ға дейін термостатта қыздырады, бұдан кейін 20°С-ға дейін суытады.

Егер мұнай өнімі бөлме температурасында қатты күйде болса, пикнометрді шамамен жартысына дейін мұнай өнімінің ұсақ кесектерімен толтырады да, содан соң оның балқу температурасынан 10°-ға жоғары, бірақ 100°С-дан төмен емес температурада термостатта ұстайды. Содан соң пикнометрді 20°С-ға дейін суытады да, 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.

Бұдан кейін мұнай өнімі бар пикнометрді дистилденген сумен толтырады да, су деңгейі өзгермейтіндей болғанша 20°-да термостатта ұстайды. Судың артық мөлшерін пипетка немесе сүзгі қағазбен сорып алады да, пикнометрдің мойыншасын ішінен сүртеді. Пикнометрдегі су деңгейі менисктің жоғары шеті бойынша белгілейді. Пикнометрді термостаттан алады да, сыртын мұқият сүртіп, 0,0002-ға дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.

Сыналатын мұнай өнімінің «көрінетін» тығыздығын мынадай формула бойынша есептеп шығарады.

 

мұндағы - ішінде мұнай өнімі және суы бар пикнометрдің массасы, г;

- ішінде мұнай өнімі бар пикнометрдің массасы, г;

- бос пикнометрдің массасы, г;

- пикнометрдің су саны.

«Көрінетін» тығыздықтың алынған мәнін тығыздыққа қайта есептейді. Параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,0008-ден аспауы тиіс.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 789 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2282 - | 2080 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.