Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сапалық зерттеудегі құжаттың талдау əдісіне сипаттаңыз.




Құжаттар талдау әдісі дегеніміз – қоғамдық әлеуметтік құбылыстарды зерттеу мақсатта немесе зерттеу міндеттерін шешу барысында арнайы ақпараттық құжат көздерінен қажетті мәліметтерді алудың методикалық әдіс-тәсілдер жиынтығын айтамыз. Құжат дегеніміз – уақыт пен кеңістік аралығында ақпараттарды сақтау, тасымалдау, тіркеуге алынатын материалдық объектілерді айтамыз. Жеке адам үшін құжат оның туу туралы куәлігі, оқу бітіргенің растайтын диплом, паспортты айтамыз. Құжаттар келесі түрлерге жіктелінеді: 1) Мәлімет тіркелуіне қарай: жазба, баспада, видео-таспалар, үнтаспалар, кино, фото; 2) Мақсатына қарай: арнайы зерттеуге қажет мәліметтер ретінде (картотека, анкета), басқа қандай да бір мәселеге қатысты құжаттар; 3) Персонификация: жеке бас құжаттары, адам күнделікті дневник, паспорт; 4) Жалпылама құжаттар (бұқаралық, статистикалық мәліметтер, протоколдар).

Құжаттарды талдау – алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерді құжаттар арқылы зерттеуге болады. Құжаттардан жеке адамдардың, ұжымдардың, халықтардың үлкен топтарының және қоғамда жүзеге асырылып жатқан іс-әрекеттердің нәтижелері туралы мәліметтерді табуға болады. Қолданбалы әлеуметтануда құжаттарға, бірінше кезекте сақтау, ақпарат беру мақсатында басылған немесе қолдан жазылған материалдар кіреді. Өте кең түрде алғанда, құжаттардың қатарына мемлекет және үкімет актілері, статистикалық жинақтар, санақ материалдары, көркем шығармалар, ғылыми мақалалар, газет, журнал, радио және теледидар хабарламалары, өмірбаяндар, фото-материалдар, дыбыс баспалары т.б жатқызуға болады.

Құжаттарды талдау

       
   
 


 

Сырттай Іштей

Құжаттардың пайда болу жағдай- Бұл құжаттың тікелей мағынасын

ларын зерттейді. Тарихи, әлеуметтік зерттеу, құжатта айтылған құбы-

шығу жақтарын қарастырумен байла- лыстар мен процестерге назар аудару.

нысты.

 

Құжаттарды талдаудың екінші түрі

 
 

 


Сандық (Контентті талдау) Сапалық (Дәстүрлі талдау)

 

Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді:

Дәстүрлі әдіс талдау ретінде құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі.

Классикалық әдіс – сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.

Биографиялық әдіс

Егер клиникалық дәрігер пациенттан қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі болса, әлеуметтік дәрігердің ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі, егер әлеуметтік дәрігер пациентпен контактқа түспей жатып, өмірбаянын сұрай бастаса, онда пациент беймаза жағдайға түседі.

Биографиялық әдіс адам өмірінің кейбір параметрлеріне биологиялық параметрлердің қалай әсер ететінін зерттейді және керісінше.

Биографиялық әдіс әлеуметтік медицинада және психогенетикада оны толықтыратын екі қосымша әдіспен көршілес: популяциялық және генеалогиялық. Әлеуметтік дәрігер үшін бұл әдістер әлеуметтік зерттеудің дербес әдісі болып табылмайды.

 

Құжат түрлері:

1) Ресми және бейресми құжат;

2) Алғашқы құжаттар және өңделген құжаттар;

3) Иконографиялық құжаттар (бейнелеу өнерінің туындылары);

4) Фонетикалық құжаттар (қандай да бір оқиғаларды есту арқылы алынатын құжат).

Құжаттардың сенімділігі жоғары болу үшін келесі талаптар орындалуы керек:

1. Ресми құжаттар ресми емеске қарағанда сенімдірек болуы қажет;

2. Жеке басты құжаттар жалпылама құжаттарға қарағанда сенімдірек болады;

3. Автобиографиялық құжаттар, адам объективті және субъективті жағдайларға тәуелді болады. Сол адамның субъективтілігі болады.

Жағымсыз жақтары:

1) Автобиография жазған кезде (жағымды және жағымсыз) адамдардың көңіл-күйі сыртқы факторларға немесе ішкі факторға тәуелді болып, бұрмалануы мүмкін;

2) Жеке автобиографияға қол жету қиын болады;

3) Автобиографиялық құжаттарда кейбір ойлар ойдан шығарылып, кейде ұмытылып рационализациялау мүмкін;

4) Автобиография жазушысы кейбір факторлерге көңіл аударып, кейбірін жасыруы мүмкін.

Жағымды жақтары:

1) Жеке адам өмірбаянды зерттей отырып, қоғамдағы әлеуметтік процестер толық және жанама деректер алуға мүмкіндік болады;

2) Жеке автобиографиялық құжатты талдай отырып, салыстыруға, зерттеуге қажетті нәрселер таңдап алуға, сақтауға мүмкіндіктер береді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2104 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2261 - | 2183 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.