Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Социологиялық зерттеу қызметіне тән ғылыми элементтерді сипаттаңыз.




Социологиялық зерттеу элементтері: әдебиетке шолу, тұжырымдамалар мен теориялар.

Әдебиетке шолу. Қолда бар әдебиет барлық зерттеулерді жүргізуде маңызды элемент болып табылады. Өзіңізді қызықтыратын тақырып немесе мәселе талқыланған әдебиетті кездестіргенде, одан әрі ізденістерді жалғастыра беруіңіз керек. Не үшін? Бірқатар мәселелердің басын ашып алу үшін нені білу қажет:

· Тақырып бойынша алдын ала не білеміз?

· Қандай қағидалар мен теорияларды тақырыпта қолдану керек?

· Тақырыбымызға байланысты қандай ғылыми зерттеу әдістерін қолдану қажет?

· Тықырыбымызға қатысты қандай даулы мәселелер бар және олардан қалай абыроймен шығуды үйрену.

· Қандай дәлелдемелер соқтығысы бар (егер бар болса)?

· Тақырыпқа қатысты зерттеулер арқылы кімдер елеулі үлес қосты?

Тұжырымдамалар мен теориялар. Тұжырымдамалар дегеніміз – бұл біздің әлеуметтік дүниенің мәнін тану жолымыз. Олар бізге маңызды маңызды болып көрінетін әлеуметтік дүниені сан түрлі қырларын танитын жалпы белгілер. Тұжырымдамалар немесе концепциялар – теориялардың басты кілті. Шын мәнісінде, ең болмағанда, бір ұғым енгізілмеген теорияны көзге елестету мүмкін емес. Тұжырымдамалар әлеуметтік зерттеулер жүргізудің бірнеше мақсатына қызмет етеді.

Әлеуметтік зерттеу құрылымының басты элементтері:

· субъект (зерттеуші, ғылыми коллектив);

· зерттеу объектісі;

· зерттеу пәні;

· мәселенің жалпы жағдайы;

· мақсат, міндет, гипотезасы;

· жалпы және арнайы әдіснамалық посылкалар (принциптер, ережелер, әдістер, талаптар);

· зерттеу қорытындыларына байланысты әлеуметтік ақпараттар;

· ғылыми мәліметтерді алудың әдістері мен тәсілдері;

· зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру;

· алынған нәтижелерді талдау және жинақтау.

Кез-келген әлеуметтік зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.

Индира апайдан жасаған бағдарламалыңды жоспарымен жазып беріңдер!!!!!

Негізгі кезеңдері:

1. Жалпы зерттеу бағдарламасын құрастыру (мақсат- міндетін жазасыңдар);

2. Мәселесін анықтау – эмпирикалық бақылау жүргізу. Басты мақсаты – зерттелетін объект туралы ақпарат жинау;

3. Қорытынды – нәтижелерді өңдеу талдау және жинақтап, ұсыныс жасау және қолданылған әдістердің тиімділігін бағалау.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама әдіснамалық, әдістемелік, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады.

- әдіснамалық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;

- әдістемелік таруында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның осы үш тарауында қамтылған мәселелер анықтайтын болады.

Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграммалар, схемалар, кестелер, т.б. құрастыру жүзеге асырылады. Екінші кезеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни оларды белгілі бір белгілеріне, проблемаларына, сұрақтарына, т.б. қарап жинақтау орындалады. Үшінші кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды топтастыру жүргізіледі. Төртінші кезеңде теориялық типологиялау ісі атқарылады.

Жиналған ақпараттарды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде зерттеуге ғылыми баға беріліп, проблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады, ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қорытындысы бойынша жасалатын есеп берудің құрылымы көбіне-көп негізгі ұғымдардың әрекетіне сәйкес келеді.

 

Методологиялық зерттеудің негізгі мағынасын түсіндіріңіз. Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік әдістемелік тәсілдерді талдаңыз.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс(метод), әдістеме(методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «методос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 820 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2187 - | 2150 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.