Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сұхбат əдісіне жалпы сипаттама беріңіз.




Сұхбат бағдарламасы (немесе жоба бағдарламасы). Бағдарлама зерттеу жұмысының сәтті орындалуын қамтамасыз ететін негізгі құжат болып табылады. Ол жобаның нормативтік, методикалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық қызметін қатар атқарады. Айтылған тарих жанры жобасының уақыт және қаржылай шығыны зор. Сондықтан бағдарлама даярлауда зерттеушінің эрудиция мен кәсіби біліктілігі жоғары болуы қажет. Ол үшін тақырып аясында алдын­ала тыңғылықты ғылыми­теориялық (әдебиетпен танысу, деректтік және интернет материалдарымен жұмыс т.с.с.) даярлықтың жасалғаны дұрыс.

Сонымен бағдарламаны қалай даярлаймыз? Ең алдымен біз «нені?», «не үшін?», «қалай?» зерттейтінімізді білгеніміз жөн. Сондықтан бағдарламада бүкіл жоба жұмысын анықтайтын мынадай құрылымдағы элементтер орын алады: ­ зерттеу тақырыбын анықтау; ­ зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою; ­ зерттеудің негізгі ұғымдарын анықтау; ­ зерттеу болжамдарын ұсыну; ­ зерттеудің жоспарын құру; ­ зерттеуге ғылыми­теориялық анализ жасау; ­ зерттеу әдістері мен құралдарын анықтау; ­ зерттеу сұхбатын жүргізу; ­ алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау; ғылыми зерттеу жұмысының есебін және қорытындысын даярлау. Міне, осындай компоненттерден тұратын бағдарлама даяр болған соң, екінші қадамға көшеміз. Ол сұрақтар тізімін жасау. Сұрақтар тізімін жасау. «Айтылған тарих» арқылы жаңа ақпараттарға қол жеткізудің негізгі кілті – сұрақ қоя білу өнерінде және мәдениетінде. Сол себепті тарихшы сұрақтарды кәсіби тұрғыдан қоя білуі қажет. Сұрақ даярлау – үлкен өнер. Тарихта сұрақ қоюды жоғары дәрежеде меңгерген екі ұлы тұлға болған екен. Оның бірі 2,5 мың жыл бұрын ақиқатты іздеген әйгілі Сократ болса, екіншісі ХХ ғасырда қоғамдық сананы зерттеу институтының және жоғары методикалық мәдениет нормаларының негізін қалаған Джордж Гэллап болыпты.

Сұрақтарды белгілі бір классификациялық, типтік, жүйелілік шеңберіне сиғызу мүмкін емес. Өйткені қарама­қайшы сұрақтар, терең мағыналы сұрақтар, жауабы жоқ сұрақтар, кейбіреуі таңданыс тудыратын сұрақтар т.б. көптеген түрде кездеседі. Сондай­ақ, сұрақтар сипатына қарай философиялық, журналистикалық, тарихи, бағдарламалық болып та бөлінеді. Сондықтан ең маңыздысы зерттеу тақырыбы аясында қандай сұрақтардың қойылуы қажет екенін анықтап алған жөн. Жалпы, «қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап аласың» деген сөз бар. Түсінікті, анық қойылған сұраққа толық жауап аласыз, ал түсініксіз, мағынасыз сұраққа ақпараты әлсіз жауап беріледі. Аталған тарауша сұхбат жүргізудің маңызды компоненті – сұрақтар тізімін құру және оны жеткізудің кейбір түрлері жөнінде болмақ. Сұрақтар тізімі жоба бағдарламасындағы жоспар аясынан туындайды. Жоспарға сәйкес құрастырылған сұрақтар типі, әсіресе сұхбат жүргізуді енді үйренушілер үшін аса тиімді. Ең тәжірибелі ғалымның өзі ғылыми баяндаманы тақырып­шаларға бөлу арқылы даярлайды. Өйткені ойды толық жеткізу үшін жоспар құрудың пайдасы зор. Сондықтан сұхбатқа бағдарламадағы жоспармен және соның негізінде құрастырылған сұрақтар тізімімен барған дұрыс. Кейбір әдістемелік құралдарда сұрақтар тізімінің орнына тақырыптар тізімін даярлау әдісі ұсынылады. Тақырыптар тізімін басшылыққа алу зерттеушінің сұхбат барысында жоспарлы жұмыс істеуін қаматамасыз етеді. Осы жерде айта кеткен жөн, тақырыптар тізімін респондентке алдын­ала беру, алдағы сұхбаттың сәтті шығуына да оң ықпал етеді. Бұл респондентке жадтағы әбден ескірген естеліктерін қайта жаңғыртып, жүйелі түрде баяндауы үшін пайдалы болмақ. Сондықтан зерттеу тақырыбының жан­жақты қырынан ашылуы үшін осындай алдын­ала даярлық жұмысының жасалынғаны дұрыс. Сұхбат процесі кіріспе, негізгі кезең, аяқталу кезеңі делінетін үш фазадан тұрады. Сондықтан әр кезеңге сәйкес сұрақтар тізімі құрылады. Әдетте бірінші фазада қойылатын сұрақтар респондентпен байланыс орнатуға арналады. Сұрақтар қысқа, негізді, сенімді болып шыққаны дұрыс.

 

Сұхбат алушы алдымен өзін, зерттеуді ұйымдастырып отырған мекемені, содан соң, бірден зерттеу жұмысының мақсатын және бұл жұмыста таңдау нақ осы респондентке не үшін түскенін айтып түсіндіргені жөн. Респонденттің ашыла әңгіме айтуы үшін достық атмосфераны орнату қажет­ақ. «Ресми» байланыс орнағаннан кейін, әңгіме айтушыға бұл сұхбаттың қоғамдық маңызы бар екенін, соған сәйкес респондентті атсалысуға шақыратынын да айту артық болмайды. Мысалы: «Сәлеметсіз бе, апа! Мен Алматы қаласындағы Абай атындағы университетіненмін. Сонда «Айтылған тарих» деген ғылыми­зерттеу орталығында жұмыс істеймін. Біз өзіңіз сияқты үлкен кісілерден өмірбаяндық естелік жинап жүрміз. Сіздердің өмір жолдарыңыз жас ұрпаққа тарих ретінде жетуі қажет, өйткені совет заманы тарихи оқиғаға толы кезең болды. Кәмпеске, ұжымдастыру, ашаршылық, соғыс т.б. Сол кезеңдегі өмір туралы, куәгер ретінде өз аузыңыздан естігіміз келеді…, сұхбат беру арқылы болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлес қоссаңыз екен!». Осылай басталған сұхбаттардың бірінде 100 жасаған апалардың бірі «Е­е­е бәрін басынан бастап айт деп отырсың ғой шырағым. Жарайды тыңда, онда …», – деп мұрағаттан ешқашан кездестіре алмайтын жаңа әңгімелерден сыр шерткен болатын. Сонымен, алғашқы қатынас орнатуға бағытталған сұрақтар респонденттің проблемаға қызығушылығын, сұхбат беруге ынтасын оятудан басталмақ. Түрлі әлеуметтік категориядағы респонденттермен сұхбат жүргізгенде соған сәйкес интеллектуалдық, эстетикалық, мәдени дағдыларға да ие болуы (қарапайым, интеллигенция, бизнес саласындағы ж.б. адамдармен) маңызды рөл атқарады. Арадағы достық қатынас, жылы атмосфераны орната білу респонденттің өзіңізге деген сенімін арттырмақ, ал мұндай жағдайда сұхбат нәтижелі шығады. Әсіресе ең бастысы респондент әңгімесін барлық ықыласпен, зейінмен тыңдай білген дұрыс. Әдетте сұхбат жүргізу сырттан қарағанда екі адамның жәй әңгімелесіп отырғанына ұқсайды. Алайда тарих ғылымы саласынан жүргізілетін ғылыми­зерттеу сұхбаты үлкен кәсіби даярлықты қажет етеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 798 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2312 - | 2095 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.