Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бәсекенің жіктелуі және түрлері




Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

- жеке – дара – нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;

- жергілікті – шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;

- салалық – нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес;

-салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

- ұлттық – белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;

-халықаралық – әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

Еркін бәсеке нарықта қандай–да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындарға шектеудің болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сұранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Реттелетін бәсеке – нарықтық субьектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономиға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.

Тауар маркасы, сервис және қораптау бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдауды талдаңыз.

Тауар таңбасы дегенiмiз басқа тауарлардан оны айыру үшiн, қабылданған тәртiпке сәйкес т iркелген тауарға берiлген белгi. Ол сурет, рәмiз, бiрiккен әрiптер, цифрлар сипатында болуы мүмкiн.

 

Таңбалық ат дегенiмiз атаулы тауардың таңбасының бөлiмi.

Таңбалы белгi деп суреттеп белгiленген тауар таңбасының бөлiмiн айтады.

 

Тауар белгiсi дегенiмiз заңға сүйенген, қорғаумен қамтамасыз етiлген тауар таңбасының бiр бөлiмi.

 

Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25 %-ға артық бағаланады.

 

Тауар белгiлеглерiнiң тiркелуi бәсекелестермен бәсекеге түсу, жарнама жасау, тұтынушылардың және олардың коммерциялық құрылымымен танысу үшiн ғана қажет емес, ол басты түрде тауар белгiлерiне лицензия сату мүмкiншiлiгi үшiн қолданылады.

 

Таңбалық белгiнiң төрт түрi болады:

5. Фирманың аты. Ол мiндеттi түрде айтылатын әрiп, сөз, немесе әрiптер және сөздер тобы.

 

6. Фирма белгiсi- көрiнетiн символ, сурет, болмаса айырмашылығы бар түстер;

 

7. Саудалық бейнесi- жекелеген сауда таңбасы;

8. Сауда белгiсi- фирма аты, фирма белгiсi, сауда бейнесi.

 

Тауарды орау.

 

Тауарды орау жоғары сападағы тауар деген ұғымды қалыптастырады. Тауардың оралуы- оны салатын ыдысқа, қорапқа немес орайтын затқа байланысты. Тауардың iшкi және сыртқы оралуы болады.

 

· Iшкi оралуы дегенiмiз тауардың салынған тiкелей ыдысы, мысалы, әтiрдiң шишасы;

· Сыртқы оралуы- тауарды қорғау үшiн орайтын және тауарды тiкелей

 

қолдануға дайындау кезiнде алынып тасталатын материал. Тауардың оралуы мынадай қызметтердi атқарады:

 

6. тауардың бұзылуы мен бүлiнуiнен сақтайды;

 

7. тауарларды көлiкпен тасымалдауды, тиеудi және түсiрудi жеңiлдету үшiн ұтымды бөлшектейдi;

 

8. тауарды сату үшiн салмағы мен көлемiн оңтайландыруды қамтамасыз етедi:

 

9. жарнама жасау үшiн қолданылады;

10. қоймаға тауарды жинап қоюды жеңiлдетедi.

Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

 тауардың өзiндiк түп нұсқасын және патентiн қорғау;

 

· оралған ыдыстың өзiн басқа мұқтажға қолдану мүмкiндiгi;

 

· сатып алушыға эстетикалық әсер етуi;

· орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы;

 

· тауардың сапасын сақтау алаптарын орындау.

Ораудың сыртқы бейнесiне әсер ететiн факторлар:

 

а) тауардың қасиеттерi мен ерекшелiктерiне байланысты оны орау түрлерi; б) тасымалдау, қоймалау құралдарын оңтайлы қолдану үшiн тауардың салмағы мен көлемiнiң өзгешелiгi;

 

в) автоматтандыру, тасымалдау, қоймалау құралдарына тауар орлуының бейiмделу қажеттiлiгi;

 

тасымалдау, қоймаға жию және сақтау процесiнiң тауарға тигiзетiн әсерiне қарай тауарды орау.

Тауарды орау жөнiнде келесi ережелер белгiленген:

 

· ораудың текстi мен сурет сипаты тауардың маңызына сәйкес, нақты және бiр мағыналы болуы қажет;

· оралған тауардың салмағы, немесе көлемi және саны туралы мәлiметтер ораудың көрнекi жерiнде жазылуы тиiс;

· оралған тауардың салмағы мен бiрлiктерiнiң саны бүтiн сан болуы тиiс;

· тауар бағасы көрнекi болуы тиiс;

· тауарлардың ескiруi мен жарамдылығының мерзiм шегi арнайы нұсқаулар негiзiнде көрсетiлуi тиiс;

 

· орауға кететiн шығындар көлемi мен тауар сапасына қойылатын мемлекеттiк талаптар.





 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1134 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.