Лекции.Орг


Поиск:




Менің Халимасыз қалғаныма




Бүгін екі жүз жиырма екі күн

Телефондарын: дос, туыс,

Аэропорт, вокзал — бәрінің,

Білуші ең жатқа бағасын

Әптектегі дәрінің.

Таксидің, аурухананың

Нөмерін сенен сұраушы ек.

Содан кейін асығыс

Телефонды бұраушы ек.

Сондықтан сені бәріміз

«Компьютер біздің» деуші едік.

Ақыл, еңбек, ойымызды

Өзіңмен өлшеуші едік.

Өзіңмен жүрген көшені

Кейде шығып, шарлаймын.

Ізіңді іздеп асфальттан,

Күрсініп, жылап, зарлаймын.

Жасымды жұртқа көрсетпей,

Бетімді теріс бұрамын.

Күн сайын ойлап Өзіңді

Таңды таңға ұрамын.

Жылай-жылай өмірден

Мен де бір күн кетермін

Өлсең дағы Өзіңе,

Ғашық болып өтермін.

Алпыс үш жыл саған ғашық ем,

Қатар жүрген тіріде.

Өлсең де Саған ғашықпын,

Санаймын Сені тіріге.

Санаймын Сені, санаймын

Өмірдің ен іріге.

Балаймын, сәулем, Өзіңді

Табынар Тәңір, піріме!

Өлгенге ғашық болу жоқ,

Тірілерге құштар көп.

Мен қалармын тарихта

Өлгенге өткен ғашық боп!

05.03.2002.

Екі жүз отыз үш күн

Ғашықтар өткен өмірден:

Қозы Көрпеш Баяндай.

Қыз Жібек пен Төлеген —

Сүйіскен жандар аянбай.

Еңлік — Кебек және бар

Мамыр менен Қалқаман.

Қосылуды жар болып,

Жан-тәнімен аңсаған.

Бірақ, соның бәрі де

Қыршынынан қиылған.

Ғашық дәурен сүруге

Аз айлар ғана бұйырған.

Біз екеуміз олардан,

Бақытты едік мың есе.

Екеумізді Мәңгілік

Махаббат жайлы жыр десе, –

Болар еді-ау, шіркін-ай

Жақсылап оны кім жазар?

Мен — жұртта қалған бір қаңбақ,

Тарқағанда қан базар!

06.03.2002.

Екі жүз қырық күн

Адасып Сенен қалғалы,

240 күн болды.

Дидарыңды бір көру,

Мәңгілік маған мұң болды.

Айналайын, Халима-ау,

Ақ тәніңді сағындым.

Айырып асыл жарымнан

Тағдыр-ау, саған, неғылдым?

Күлімдеген нұр шашып,

Қос көзіңді сағындым.

«Сен өлмей тірі жүр» деген

Бұйрығыңа бағындым.

Ақсия күліп тұратын,

Тістеріңді сағындым,

Ұмытылмас мәңгілік,

Істеріңді сағындым.

Еркелеткен баладай,

Қылығыңды сағындым.

Бойындағы ар, ұят,

Ақылыңа табындым.

Жұртқа жылу шашатын,

Мейіріңді сағындым.

Жақын, жат деп бөлмейтін,

Пейіліңді сағындым.

Жай сөйлейтін асықпай,

Сабырыңды сағындым.

Мінез, қайрат, күшіңе,

Бір Құдайдай бағындым.

Талай рет өлімнен

Құтқарып ең жанымды.

Ләззат, рахат, пейішке

Айналдырдың маңымды.

Кеңес, пікір, сөзіңмен,

Толтырушы ең ойымды.

Басқалардан осылай,

Биік еттің бойымды.

Айналайын, Халима-ау!

Жан, тәніңді сағындым.

Жылай-жылай күн сайын,

Аруағыңа табындым.

23.03.2002.

Қырық рет келген шығармын

Екі жүз күнде басыңа.

Сая таппай көңілім,

Бүгін де келдім қасыңа.

Жан ұшырып жетіп ем,

Көрем деп Сені асыға.

Қабіріңді құшақтап,

Тақтайға4 тұрдым асыла.

Дыбыс жоқ, үнсіз жатырсың,

Ұйықтап кеткен секілді.

Естіле ме үнің деп,

Топыраққа тостым бетімді.

Топырақ көрпе емес қой,

Қимыл жоқ, үн болмады.

Асығып жеткен көңілім,

Тағы да менің сорлады.

Алматыдан әкелген

Гүлімді қойдым басыңа.

Сол кезде қабір қозғалып,

Дегендей болдың: «Жасыма!»

Мен Өзіңді өлі емес,

Тірідей көріп, тіл қаттым:

«Бала-шағаң аман» деп,

Хабарын айттым жан-жақтың.

Кереку мен Семейден

Қос Хантайдың5 сәлемін.

Жеткіздім және Сәкидің6:

«Иманды болсын!» дегенін.

Екеумізді қадірлеп,

Сыртымыздан сүйетін,

Баяндадым Өзіңе

Дос, ағайын ниетін.

Сайын деген азамат —

Мекен-жайы Маңғыстау.

Жерінді өлшеп әкетті,

Әдейі келіп алыстан.

Отау салмақ Өзіңе

Ақтаудың ақ тасынан.

Ақ бұлт қоршап тұратын

Алатаудың басынан.

Тасты жонып жатыр ол

Еңбек етіп аянбай.

Биік күмбез орнатпақ

«Қозы Көрпеш — Баяндай!»

Сені ойлап, қамығып,

Мен де өмірден өтемін.

Күнім біткен сағатта,

Өз қасыңа жетемін.

«Бақытты бол, тірілер!» —

Біздің берер батамыз.

Қатарласып екеуміз

Мәңгі ұйықтап жатамыз.

Үнсіз жатып, үн қатып:

«Бізді іздесең, жарандар!

Бастарыңды көтеріп,

Алатауға қараңдар.

Тау басына үйірілген

Ақша бұлтты көрсеңдер,

Біз ризамыз иіліп,

Соған сәлем берсеңдер.

Біз ризамыз өздерің,

Тату-тәтті жүрсеңдер.

Бірі-біріңмен бақаспай,

Бақытты өмір сүрсеңдер!

Өмірдің мәні — махаббат

Екенін анық білсеңдер.

Жұп жазбай қатар қуанып,

Қайғырып, бірге күлсеңдер...

Самал соқса тау жақтан:

Ол біздің осы сөзіміз.

Үнімізді ұғыңдар,

Көрмесе де көзіңіз!»

Қабырыңды құшақтап,

Осылай деп ойладым.

240 күн өтсе де,

Сағынуды қоймадым.

Айналайын, Халима-ау,

Сен едің тірлік-тірегім.

Өзің жамап-жасқаған

Соған тұр әзір жүрегім.

Қош боп тұр жаным, қуатым,

Қасыңа тағы келемін.

Бір емес, әлі сан рет

Өлгенше келе беремін.

Өлгеннен соң біржола

Жаныңа келіп жатамын.

Ойлаудан қалып өзіңді,

Тұңғиыққа батамын.

Қабырыңнан айналдым! —

Деп тағы да үн қаттым.

Қасыңа мәңгі келгенше

Жата тұр жалғыз, қымбаттым!

23.03.2002.

Менің сейфімнің ішінде

Өтіңнен алған тас жатыр.

Сипаймын мұңды пішінде,

Сағынып Сені мен пақыр.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 429 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

886 - | 795 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.