Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Диагностикалық критериі




1. Семіздікті анықтау үшін мына көрсеткіш пайдаланылады – дене салмағының индексі (ДСИ).ДСИ = дене салмағы (кг), бойының ұзындығына бөлінеді (метр), квадрат.

ДСИ = дене салмағы (кг) / бойы (м).

Анықтамасы: ДСИ 18 ден 65 жасқа дейінгі тұлғаларда қолданады. Балалар мен жасөспірімдерде, жас бойынша бойы мен салмағының сəйкестігін анықтау үшін арнайы перцентильді кестелерді қолданады. ДСИ жүкті əйелдерде, бала емізетін əйелдерде, бұлшықеті дамыған тұлғаларда есептемейді (мысалы атлеттерде).

Дене салмағын медициналық таразы көмегімен таңғы асқа дейін ерте өлшеген дұрыс.

Бойды арнайы бойөлшегішпен өлшейді, емделуші аяқ киімсіз болу қажет, саусақ ұштары қабырғаға сүйеніп тұру қажет.

ДСИ 25 ден 29 дейін – денесесалмағыныңартықтығы

ДСИ 30 көп – семіздік.

2. Мықын мен сан сəйкестігін өлшеу маңызды. Оны өлшеу үшін мықын көлемі (МК) сан көлеміне бөлінеді (СК). МК жəне СК сантиметрлік лентамен өлшейді. Қалыпта МК/СК индексі: əйелдерде 0,85 аз болмауы керек, ерлерде - 0,95. Егер МК/СК индексі аталған нормадан жоғары болса – висцеральді (оны тағы: андроидты деп атайды, орталықтық, абдоминальді, «алма» типі бойынша).

3. Семіздікті анықтағаннан соң науқасты семіздік этиологиясын білу мақсатында, липидтік алмасу көрсеткіштерін, семіздікпен қосарланған ауруларды анықтау үшін дəрігерге жолданады (терапевтке, көрсетімдер бойынша – невропатологқа жəне эндокринологқа).

Дәрігерлік еңбек сараптамасы

Семірудің өзі еңбекке қабілетсіздікті тудырмайды, алайда оны асқындыратын немесе оған қосалқы болатын ауруларға байланысты еңбекке қабілет бұзылады. Болжамды мерзімі 12-25 күнді құрайды

Болжамы

Ұсыныстарды ұсынған кезде болжамы айтарлықтай жағымды болады. Емдеу болмаған кезде күрделі асқынулар орына алады, олар өмір сүруді бұзады және өлім қаупін жоғарылатады.

Алдын алуы Емдеу кезенінде – тамақтану және физикалық белсенділік күнделігін үнемі бақылауда ұстау. Қарапайым күнделікті жаттығуларды орындау. Пациентпен сұхбат жүргізу арқылы дұрыс тамақтану тәртібін түсіндіру

 

60.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (ЭКГ суретін сызыңыз)

Аритмия түрлері

Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.

Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.

Негізгі себептері

1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.

2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.

3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.

Анықтамасы

Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.

Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі

АВ-блокадасының І дәрежесі – жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде өткізгіштіктің баяулауы.

Классификация

Тұрақтылығына қарай:

а) өткінші

б) ұстамалы

в) созылмалы (тұрақты)

Орнының деңгейіне қарай:

а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)

б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)

Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).

Клиника

Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік

Диагностика және емі. (ЭКГ суретін сызыңыз)

ЭКГ – белгілері:

1. PQ (R) аралығының ұзаруы, негізінен PQ (R) сегментінің ұзаруының салдарынан;

2. Р тісшесі мен QRS комплексінің ұзақтығының қалыпты күйде болуы.

Блокаданың проксимальды түрінің ЭКГ-белгілері:

1. P-Q (R) аралығының ұзаруы Р тісшесінің ұзаруына байланысты болады (P > 0,11 с).

2. Р тісшесі жиі жарықшақтанған.

3. P-Q (R) сегментінің ұзақтығы 0,10 с жоғары емес.

4. QRS комплексінің түрі мен ұзақтығы өзгермеген.

Блокаданың дистальды түрінің ЭКГ-белгілері:

1. P-Q (R) аралығы ұзарған.

2. Р тісшесінің ұзақтығы 0,11 с аспайды.

3. QRSкомплекстерікеңіген (0,12 с жоғары) жәнедеформацияланған.

Емі.АВ– блокадасының І дәрежесініңфункциональдық түрінденегізгі аурудыемдеу керек және кез бенервтің тітіркенуімен байланысты патологиялық рефлекстерді азайту керек. АВ – блокадасының І дәрежесінің органикалықтүрінде клиникалық белгілер жоқ болса, арнайыемнің қажет іжоқ. Гемодинамикалық ауытқулар болса, онда қоскамералы ЭКС қою керек.

 

Жедел ревматикалық қызба. Эпидемиологиясы.Қауіп факторы. Диагностикасы.Егде және қарт адамдардағы, жасөспірімдер мен балаларды жүргізу ерекшеліктері.

Жедел ревматикалық қызба – А тобының гемолитикалық стрептококкты жіті мұрын-жұтқыншақты жұқпадан кейін қалыптасатын жүрек-қан тамыр жүйесінде басым шоғырланған процесімен, дəнекер тіннің жүйелі түрдегі қабынулық ауруы.

Эпидемиологиясы

ЖРҚ сырқаттанушылық 100 000 тұрғынға 2,1 адам құрайды, жүрек ақауының жиілігі 1000 адамға 0,6-0,7 деңгейінде. Ең жиі 8-15 жастағылар ауырады.

Ауіп факторы

Жедел және созылмалы қайталамалы А тобының b-гемолитикалық стрептокк болуы- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы (тонзиллит және фарингит)

Диагностикасы

Үлкенкритерийлер Ұсақкритерийлер Алдындаболған А-стрептококк инфекциясындәлелдейтінмәліметтер
Кардит Полиартрит Хорея Сақинатәрізді эритема Теріастылық ревматизм түйіндері   Клиникалық: артралгия, қызба Лабораториялық: жітіфазалықреактанттардыңкөбеюі: ЭТЖ, С-реактивті белок Инструментальдық: ЭКГ – PQаралығыныңұзаруы; Допплер – эхокардиографияда: митральдықнемесеқолқалықрегургитациябелгілері Оңмәнді А-стрептококк себіндісі (араннаналынған) немесе А-стрептококктікантигенді тез анықтаутестісі Стрептококқақарсыантиденелертитрыныңөсуі (АСЛ-О, анти-ДНК-аза В)    

Екіүлкенкритерийдіңболуынемесебірүлкенкритерийіжәнеекіұсақкритерийменқосабұрын А-тобыныңстрептококктікинфекциясыболғанынқұжаттыдәлелдейтінмәліметтер-діңболуы ЖРҚ болу ықтималдығынжоғарыдәрежелікөрсетеді.

 

Диагностика: жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі (креатинин, жалпы белок, К+, Na+, АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, глюкоза, СРБ, РФ, АСЛО) 3. Жалпы зәр анализі, микрореакция,жүрек бұлшықетіне антидене анықтауға иммунологиялық зерттеу (CMAIFA), кеуде қуысының рентгенографиясы, ЭКГ, ЭХО-КГ, араңнан алынған жұғындыны бактериологиялық зерттеу





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 657 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2241 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.