Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәрігерлік еңбек сараптамасы




Жедел, қан кетулерсіз немесе тесілусіз он екі елі ішек жарасында уақытша еңбекке жарамсыздық 16-25 күн. Созылмалы, қан кетулерсіз немесе тесілусіз он екі елі ішек жарасында уақытша еңбекке жарамсыздық 20-28 күн. Созылмалы, қан кетулерсіз және тесілусіз асқазан жарасында уақытша еңбекке жарамсыздық 21-25 күн.

Болжамы

Қолайлы

Алдын алуы

Мақсатты профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы ойықжара ауруы бар науқсатарды дер кезінде (ерте) анықтау.

 

 

Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Жыбыр аритмиясының анықтамасы. Классификациясы. Клиникасы. Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.

Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.

Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.

Негізгі себептері

1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.

2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.

3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.

Жыбыр аритмиясының анықтамасы

Жыбыр аритмиясы (ЖА) – жүрекшелерден шыққан жиі және жүйесіз импульстер әсерінен пайда болатын қарыншалардың ретсіз ырғағы

 

Классификациясы

Пайда болған мерзімге қарай:

1) Тұрақты (созылмалы) ЖА – 7 тәуліктен жоғары

2) Персистенциялы ЖА – 7 тәуліктен аз, 2 тәуліктен көп

3) Пароксизмальды ЖА – 2 тәулікке дейін

Қарыншалық жиырылудың жиілігіне қарай:

1) Тахисистолиялық түрі – ЖЖС 90/мин. жоғары

2) Нормосистолалық түрі – ЖЖС 60-90/мин.

3) Брадисистолалық түрі – ЖЖС 60/мин. төмен

ЭКГ - өлшемдеріне қарай:

1) Ірі толқынды ЖА – ff толқындарының амплитудасы 0,5 мВ жоғары;

2) Ұсақ толқынды ЖА – ff толқындарының амплитудасы 0,5 мВ төмен, анықтау қиын.

Клиникасы

Жыбыр аритмиясының созылмалы түрінде клиникалық белгілер болмауы мүмкін. ЖА ұстамасы жүректің қатты соғуы, шалыс соғуы түрінде сезіледі. Көбіне кеудеде ауырғандық немесе салмақ сезіну, әлсіздік, бас айналу болады

Диагностика және емі

ЭКГ:

1. Барлық тіркемеде Р тісшесінің болмауы;

2. Барлық жүрек циклының бойында түрі мен амплитудасы әр түрлі ырғақсыз ұсақ f толқындарының анықталуы

3. Қарыншалық QRS комплексінің ырғағы сақталмаған (RR аралығы әр түрлі болады).

4. QRS комплексі көп жағдайда өзгермеген, қалыпты күйде сақталады.

Емі:

1) синус ырғағын қалпына келтіру (ЭИТ және дәрі қолдану)

2) жыбыр аритмиясы ұстамасының қайталауының алдын алу (пароксизмальды тоқтатқан-нан кейін);

3) ЖЖС бақылап отыру (ЖА тұрақты түрінде – дигоксин, в-адреноблокатор, верапамил және дилтиазем)

4) тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу(антиагрегантты және антикоагулянтты препараттарды таңдау, инвазиялық және хирургиялық емге көрсеткіштерді анықтау).

Жыбыр аритмиясының ұстамасын медикаментозды басу үшін антиаритмиялық препараттардың келесі класстары қолданылады Іа,Іс,ІІІ (новокаинамид, дизопирамид, пропафенон, амиодарон, соталол, этацизин, алапинин)

Диспансеризация

Жылына 2 рет участкелік терапевт, жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралады. Жүрек-қан тамыр асқынуларының жоғарғы қаупінде және/немесе қайталанулардың жиілеуінде кардиолог-дәрігерге, арнайы диагностикалық орталыққа жылына 4-6 рет қаралады.

Дәрігерлік еңбек сараптамасы

Негізгі ауруға байланысты

Болжамы.

Жыбыр аритмиясының негізінде тұрған жүрек патологиясының ауырлығымен анықталады. Жыбыр аритмиясы инсульт даму қаупін 5 есе және өлім қаупін 2 есеге арттырады.

Алдын алуы

1. ЖЖ қайталануы бар науқастарда АПФ,БРА ингибиторларымен емдеуге болады
2. Пароксизмалды, персистирлеуші ЖЖ науқастарға АПФ,БРА ингибиторларымен емдеуге болады
3. Антитромболитикалық терапия
4. ЖЖЖ бақылау.

 

 

Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз).

Аритмия түрлері

Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.

Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.

Негізгі себептері

1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.

2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.

3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.

Анықтамасы

Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1055 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2173 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.