1. Кенет коронарлық өлім
2. Стенокардия: тұрақты стенокардия 4ФК; алғашқы стенокардия; үдемелі стенокардия; вазоспастикалық стенокардия;
3. Миокард инфаркті – ірі ошақты және трансмуральды; ұсақ ошақты;
4. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз;
5. Ритм бұзылысы;
6. Жүрек жетіспеушілік;
Жұмыс классификациясы:
1. Кенет коронарлық өлім
2. Стенокардия: тұрақты стенокардия 4ФК;вазоспастикалық стенокардия;
3. Тұрақсыз стенокардия: алғашқы стенокардия; үдемелі стенокардия; ерте инфарктан кейінгі стенокардия; операциядан кейінгі стенокардия;
4. Микроваскулярлы стенокардия.
5. Миокард инфаркті – Q тісшесімен, Q тісшесіз.
6. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз;
7. Ритм бұзылысы;
8. Жүрек жетіспеушілік;
Алғаш (бірінші рет) пайда болған стенокардия- Оған пайда болған мерзімнен 1 айдан артық уақыт өтпеген стенокардияны жатқызады. Шағымы: ауырғандық көбіне төс артында,қысып, жаншып, сирек күйдіріп және сыздап ауыру байқалады, ұзақтығы 5-20минут. Ауырғандық сол жақ иыққа, сол қолға, көбіне оның ішкі жағына тарап, қолбасының IV-V саусақтарына жетеді. Нитроглициринге ауырсыну басылады.
Диагностика: ЖҚА, ЖЗА, БҚА(креатинин, АЛТ, липидті спектр,) Тыныштық күйде ЭКГ, ЭхоКГ.
Емі: Медикаментозды емес: қауіп фактор, физикалық белсенділік, тағам рационын шектеу.
Медикаментозды: Нитраттар; АПФ ингибиторы; бетта адреноблокаторлар; Кальций антагонистері; Алғаш (бірінші рет) пайда болған стенокардиякардиология бөлімшесіне госпитализацияланады.
Диспансеризация: Стенокардиямен ауыратындар диспансерлік есепте тұрулары керек, жылына 2рет тексеруден өткізу.
Болжамы: Тұрақсыз стенокардияда, жоғарғы кластағы тұрақты стенокардияда, сол жақ коронарлық артерия бағанасының стенозында, қосымша аурулар (жүрек әлсіздігі, аритмия, артериялық гипертензия, қант диабеті) болғанда болжам көңіл қоюды талап етеді.
Алдын алу: Біріншіретті профилактика атеросклероздыңпрофилактикасыболыптабылады. Екіншіретті профилактика шараларының құрамына атеросклероздық және ЖИА қауіптіфакторларынабелсендіәсерету (шылымшегу мен ішімдіктен бас тарту, артериялық гипертония мен қантдиабетінемдеу, денеқызметінкөбейту), миокардтыңоттегіменқамтамасыздығынжақсартуға, жүрекке түсетін күшті азайтуға және миокардтың гипоксияға толеранттығынарттыруғабағытталғанкомплексті ем кіреді.
HP-мен ассоциацияланған гастрит.Этиопатогенез.Клиникалық көрінісі. HP-мен ассоциацияланған гастриттің диагностикасы және емі. Ауруханаға жатқызу көрсетілімі.Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын-алу.
Созылмалы гастрит (СГ) – асқазанның кілегей қабығының клеткалық инфильтрациямен, физиологиялық регенерацияның бұзылуымен және осы өзгерістердің салдарынан без эпителийі атрофиясы (үдемелі даму болғанда) мен ішек метаплазиясының дамуымен, асқазанның секреторлық, моторлық және инкреторлық функцияларының бұзылуымен сипатталатын асқазанның кілегей қабығының созылмалы қабынуы.
HP-мен ассоциацияланған гастрит 80% жағдайда кездеседі. Инфекция көзі ауру адам және бактерия тасмалдаушы.
НР асқазанға ластанған тағам арқылы, жұтынған кілегеймен және гастроскоп пен асқазан зондылары арқылы енеді. НР уреазасы асқазанда оның қуысына қан арнасынан енген мочевинамен байланысады. Мұның нәтижесінде бактерияның тіршілік етуіне жағымды сілтілі орта жасайтын аммиак түзіледі.
Хеликобактер бөлетін басқа фермент – муциназаның әсерінен асқазанның кілегейінің белогі муцин ыдырайды. Бұл өзгерістерге байланысты, бактерияның спираль тәрізді түрі мен қимылдылығына байланысты НР қорғаныс кілегейінің ішіне оңай еніп, асқазанның антральды бөлігінің кілегей қабығына жабысады (адгезия). Кейін хеликобактер қарқынды көбейіп, асқазанның антральды бөлігінің кілегей қабығын толық қамтып, оның қабынуы мен зақымдануын тудырады. Кілегей қабықтың қабынуына қатысатын механизмдер: НР өндіретін ферменттердің асқазанның кілегей қабығын талқандау әсері, асқазан сөлінің қышқылдығының көбеюі (аммиак гастрин секрециясын күшейтіп, соматостатинді тежейді), қабыну медиаторларының (НР интерлейкиндер мен цитотоксин өндірілуін күшейтеді), хеликобактерге қарсы антиденелер JgG мен JgA өндірілуінің күшеюі, олардың өз кезегінде комплементті активтендіруі және нейтрофильдік реакцияны тудыруы.
Клиникасы:
Хеликобактерлік гастрит кеш пайда болатын (тамақ қабылдағаннан 1,5-3 сағат кейін), ашқарынға, түнде пайда болатын ауырғандықпен сипатталады. Ауырғандық тамақ қабылдағаннан кейін, спазмолитиктер мен тұз қышқылын бейтараптайтын сілтілі ертінді қолданғаннан кейін тиылады. Ауырғандықтың көрсетілген ерекшеліктері асқазанның антральды бөлігі зақымдануына байланысты оның қышқыл өндіру қызметінің күшейетінімен түсіндіріледі.
Диагностикасы: асқазан сөлін зерттеу, ФГДС, рН-метрия.
Диспансеризация: «Д» есепке алынады. Жылына 2рет науқас тексеруден өтеді.
Еңбекке жарамсыздық: өршу процесінде 10-16күн.
Болжамы: Қауіп факторын азайтқанда, эррадикация терапиясын толық қабылдаса болжамы жағымды. Егер ережелер сақталмаса асқынулар болу мүмкін.
Профилактикасы. Созылмалы гастритпен ауыратын науқас адам диспенсерлік бақылауда болуы керек, ол жылына 2 рет қаралып, рецидивке қарсы ем алады.
Бронхиальная астма(БА). Этиопатогенез. Основные положения международных программ. (GOLD, GINA). Клиника. Диагностика, дифференциальная диагностика и лечения БА согласно клиническому протоколу. Динамическое наблюдение. Вопросы врачебно- трудовая экспертиза. Профилактика. Прогноз.
БА - рецидивирующее генерализованное воспаление бронхов, возникающее при их повреждении патогенными медиаторами тучных клеток, эозинофилов и Т-лимфоцитов, гипертреактивных к факторам, нейтральным для здоровых лиц, и клинически проявляющееся приступами удушья, кашлем и одышкой.
Этиопатогенез: Различают следующие ФР: - Предрасполагающие: атопия и наследственность; - Причинные: аллергены: сезонные, лекарственные, пищевые, постельные и.т.д.; - усугубляющие факторы: низкий вес при рождений, курение, аэрополлютанты; - тригерры: холодный воздух, физическая нагрузка.
В патогенезе БА основное значение имеет генерализованное воспаление, развивающееся в стенках бронхов результате как иммунных, так и неиммунных реакций. Из аллергических реакций имеет значение первый тип: реагиновая или IqЕ-опосредственная реакция. При пищевой и лекарственной аллергии может включаться третий тип аллергических реакций (иммунокомплексный).