Жалпыламалық анықтама парағында жобаның қысқаша мазмұны келтірілуі керек, негіздеме негізінде жобалық шешім қабылданған түрлі нұсқалар салғастырылады, жобаның барлық тарауларынан негізгі техникалық шешімдерге қатысты қысқаша мағлұматтар, жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жобаның қолданыстағы нормалар мен тәртіптерге сәйкестілігі және жасалынған келісімдер туралы мәліметтер келтіріледі.
Техника-экономикалық бөлім негізгі бастапқы мәліметтер мен кәсіпорынның құрылысын жүргізудің орынды болатындығын және тиімділігіне қатысты техника-экономикалық есептеу нәтижелерін қамтиды.
Осы бөлімде келесі мәліметтер келтіріледі:
- өндірісті бастапқы шикізатпен қамтамасыз ету көздері мен тәсілдері және негізгі материалды ресурстармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның шикізаттық, отындық және энергетикалық базасының сипаттамасы;
- өндірістік байланысы мен киілісу мүмкіндіктері көрсетіледі;
- кәсіпорынның жұмысшылардың негізгі категорияларына және инженерлі-техникалық қызметкерлерге деген мұқтаждығы негіздемеленіледі және осы мұқтаждықты қамтамасыз ету көзі туралы мәліметтер;
- кәсіпорынның қаржылай салымдары мен негізгі қорларына сараптама беріледі;
- дәл осындай өнім өндіруші алдыңғы қатардағы кәсіпорындардың дәл сол секілді негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерімен салыстыра отырып өндірістің негізгі ТЭК көрсетіледі.
Бас жоба және транспорт жоспарланған шешімдердің транспорттық ағымдардың және транспорт түрлерін таңдау негіздемелерін; вертикальді жоспарлау және кәсіпорын территориясын абаттандыру сұрақтарын шешуді, жауын-шашын тосындарын, инженерлік және коммуникация тізбектерін жасауды; кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды; азаматтық қорғаныс шараларын және сыртқы транспорттық байланыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
Жобаның технологиялық бөлімі бірнеше тарау астыларынан тұрады:
а) Ө ндіріс технологиясында ө ндірістің жалпы сипаттамасы, оның технико-экономикалық деңгейі және негізгі техникалық шешімдердің негіздемесі келтіріледі; өндірілетін өнімнің, бастапқы шикізаттың, материалдар мен жартылай өнімдердің сипаттамасы; технологиялық процестердің физика-химиялық негізі; өндірістің технологиялық сызбанұсқасын таңдау және оған негіздеме беру; технологиялық процесті сипаттау және сызбанұсқалар; материалдық баланс; өндіріс тастандыларының түзүлуінің жылдық нормасы; технологиялық режимнің нормасы; өндірісті бақылау және технологиялық процесті басқару; құрал-саймандарды, қондырғыларды құрастыру; қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар, өндірістік санитария және еңбекті қорғау; қоршаған ортаны қорғау; өндірісті ұйымдастыру және оның экономикасы келтіріледі.
б) Технологиялық процестерді автоматтандыруда автоматтандыру ісі жобаланып жатқан өндірістік процестердің тізімін; автоматты басқарудың, дистанционды және жергілікті бақылаудың, дабылқаққыштандырудың сызбанұсқасы мен негіздемесін; қондырғылар мен материалдарға қатысты тапсырмалы спецификациялармен тапсырыстық ведомосттердің тізімі келтіріледі.
Желдің ағымын анықтау және оны құрылысты жоспарлауда ескеру ережесі.Санитарлық қорғағыштық зона. Территориядағы құрылыс.
Бас жоспар- бұл өнеркәсіптік кешеннің жобасының маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл өнеркәсіпітк кәсіпорындарды жоспарлау, олардың құрылысын жүргізу ж/е абаттандыру мәселелерінің кешенді шешімі.
Желдің орташа бағытын республикамыздың әртүрлі аумақтарында орналасқан метрологиялық орталықтардың жазғы маусымдық мәндері бойынша анықталады. Бұл мәндер көп жылдық (50-100 жыл) зерттеулер нәтижесінде алынады. Желдің бағытының сызбасын сәйкестенген масштабта жасайды. Зерттелетін аумақты (шеңберді) 8 немесе 16 тең бөликтерге бөледі: О,ОБ,ОШ,С,СШ,СБ,Ш,Б.Алынған нүктелерді сәйкес мәндер бойынша бір –бірімен қосқанда розаның пішіні шығады.
Желдің ағымын құрылысты жоспарлауда ескеру ережесі.
- Атмосфераға зиянды өндірістік тастандыларды бөліп шығаратын өндірістік кәсіпорындарды орналастыру кезінде желдің басым бағытын ескеру қажет. Мұндай кәсіпорындардың алаңдарын қаланың селитибті бөлігіне қатысты желдің бағыты бойынша орналастыру қажет.
- Басым болатын желдің бағыты мен қайталануы, кейде жылдамдығы бойынша да тармақталынудың сызбанұсқасы түрінде болатын желдің ағымы бойынша анықталады.
Желдің ағымы метоқызметтің жыл периодының н/е жылыдң әрбәір маусымында алынған мәліметтер негізінде анықталады.
Санитарлық қорғағыштық зона- өнеркәсіп орындарының атмосфераға зиянды заттар шығаратын аймақ пен тұрғын үйлер, ғимараттар арасындағы зона.
Сантаралы қоғағыштық зоналарда демалыс орындарын, парктер, стадиондар салуға тиым салынады.
Санитарлы қоғағыштық зона қоршаған ортаға шығаратын зияндылығының мөлшеріне байланысты Мемлекеттік стандарттар бойынша тексеріліп отырылады.
Класс | I | II | III | IV | V |
С.қ.з ені, м |
Территориядағы құрылыс
Күрделі құрылымды, яғни П және Ш тәріздес құрылымдарды және ауласы қоршалған өндіріс орындарын сызбалау ұсынылмайды, себебі ол өндіріс аумағына қолайсыздықтар тудырып, өрт болу қауірін арттырады.
- Егер, қоршалған аумақты құрылыс орнын туғызу керек болғанда онда ғимараттың биіктігі 20 м-ден кем болмауы керек.
- Қоршалған аумақта міндетті түрде табиғи желдету айналымы болу қажет. Ол үшін торап ені 4 м, қақпа биіктігі 3,5 және 4,25 м болуы керек.
- Зауыт алды кіреберісі мен шығырберістер қозғалысқа кедергі бермейтіндей айналымға қолайлы орналастыру керек. Шамамен арақашықтық 300м құрайды.
Тұрмыстық ғимараттарды жұмыс орнымен 300 м дейінгі қашықтықта орналастырады және осы қашықтықты уақытқа сай 0.5 және 1 сағат уақытты 300-600 м ескеру керек.
- Зауыт ғимаратын 1 қабатына әдетте медициналық пункттер, өрт депосы орналасады.
- Сауда орындарын, ойын- сауық орындарын, коммуникалды-тұрмыстық қызмет корсету орындарын өндіріс аумағынан тыс орналастырады.
- Қоршау орнатуға тиіс:
- 1) орта А, В категориясына жататын өфндірістер;
- 2) Режиммен жұмыс жасайтын, у лы, радиоактивті, жарылғыш заттар сақтайтын өнідіріс орындары;
- 3) тұрғын үйлерге қауіпі бар өндіріс орындары;
4) инфекция тудырмас үшін өнімдер мен шикізат сияқты заттарды арнайы қоймаға орналасытрып қоршаулар орнату қажет.
Неркәсіптік ғимараттардың типтері: Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың қолданылуы және параметрлері туралы түсінік беріңіз.
Бір қабатты өнеркәсіптік ғимаратта р. Химиялық өнеркәсіпте бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар технологиялық процесі горизонтальді өндірістер үшін құрылымдалынады.
Әр түрлі өндірістердің әкімшілік-шаруашылық меңзелінудегі қызметтерінің ғимараттарын блоктау қажет. Ол әкімшілік-қоғамдық орталықтардың территорияларын азайтуға және жұмысшы қызметкерлерге қызмет көрсету жүйесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химия өндірісінің технологиялық процесі вертикальді болып келетін түрлерін орналастыруғы тек көп қабатты ғимарттар ғана қолданылады. Шатырларының түсіретін салмағына байланысты колонналарының торларының өлшемдері 9 ×6 м (1000 кг/м2), ал 6 ×6 м (2500 кг/м2). Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың биіктіктері ретінде қабаттың еденінің деңгейінен биік жақта орналасақан келесі қабаттың еденінің беткі деңгейіне дейінгі аралық алынады. Химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары: крансыз және көпірлі кранды немесе аспалы кранды болады. Жоғарғы қабаттардағы өткелдері 18 және 24 м. Жалпы химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары үшін олардың ендері (жалпақтықтары) 18 метрден кем болмағаны дұрыс болады. Жарылыс қауіптілігі жоғары өндірістер үшін 30 метрден артық болмауы тиіс екі жағынан біркелкі әйнектелініп терезеленілген жағдайда, ал бір жағынан ғана терелеленіліп әйнектелінсе 18 метр болуы шарт.
Қосалқы көмекші ғимараттар мен химиялық кәсіпорындардың жайлары тіршілік, сауықтыру және мәдени демалу мәселелерімен тікелей байланысты, яғни әлеуметтік немесе мәдени-сауықтыру нысандары
Гардеробныйлар, душтар, жуыну орындары. Кептіргіштер, залалсыздандыру камералары, киімді тозаңсыздандыру камералары және т.с.с. Анилин. Қорғасын, сынап, мырыш, фосфор, радиоактивті және т.б. заттармен жұмыс істелінетін, яғни зияндылығы күрт жоғары өндірістерде гардеробныйлар мен душтар өткізгіштер түрінде орналастырылады.
Қоймалар.
- Жылдам тұтанғаш, жарылғыш, улы заттардың және өртке қауіпті реактитвердің және концентрлі қышқылдарға арналған қоймалар;
- Жағар-жанар май материалдарының қоймалары және мұнай базасы;
- Пиломатериалдар, қағаз, текстиль және полимерлі материалдар қоймалары;
- Ерекше оқшауландыруды қажет ететін қоймалар;
- Өрт қауіптілігі тұрғысынан қауіпсіз материалдарға арналған қоймалар
Ашық алаңды; Навес немесе платформа; Жабық.
Қойманың территориясының алаң:
а) жүктер орналастырылған жағымды аудан;
б) Оперативтік аудан