Механикалық есептеулердің негізгі мақсаты жеке элементтердің размерін анықтау. Үлкен қысымда жұмыс жасайтын барлық аппараттар барлық қауіпсіздік ережелеріне сай жасалуы керек. Келесі қондырғылар осы ережеге бағынады:
1. гидростатикалық қысымды есептемегенде 0,07 МПа –дан жоғары қысымда жұмыс жасайтын сосудалар.
2.50 С температурада бу қысымы 0,07 МПа дан жоғары газдарды тасымалдайтын цистерналар мен бочкалар.
3.0,07 МПа жоғары қысымда сығылған ерітілген газдарды сақтауға, тсымалдауға арналған баллондар.
4.Қысымсыз сұйылтылған газдарды және сұйықтықтарды тасымалдауға, сақтауға арналған цистерналар мен сосудтар.
5. 0,07 МПа –дан жоғары қысымдағы сұйытылған сығылған, ерітілген газдарды тасымалдауға, сақтауға арналған баллондар.
Негізгі есептеу параметрлері.
Конструкциялы материалдарды таңдау және аппарат элементінің беріктігін негізгі есептеу параметрлеріне жұмыс процесінің температурасы мен қысымы жатады.
Температура жұмыс және есептеу температурасы болады:
Жұмыс температурасы (t) дегеніміз технологиялық процесс өтетін аппараттағы температура немесе процесс кезінде пайда болатын температура.
Есептеу температурасы дегеніміз (tR) конструкциялық материалдың физико-механикалық қасиеттерін анықтайтын температура.Есептеу температурасы сынама нәтижесінде анықталады.
Қысым жұмыс, есептік, шарттық, сынамалық қысым болады. Жұмыс қысымы (р) – клапандардың әсерінен қысымның күрт өсіп кетуі мен гидростатикалық қысымды ескермегенде технологиялық процесс өтетін аппараттың максималды ішкі қысымы және аппараттың сыртқы ортадағы қысымы.
Есептелген қысым (рR)- рұқсат берілетін ең максималды жұмыс қысымы. Оған максималды температурада беріктілік пен төзімділікке есеп жүргізіледі.
Гидравликалық және пневматикалық сынау кезіндегі есептелген қысым сынамалық қысым болып табылады.
Шартты қысым аппаратты және оның жеке элементтерін стандарттауда қолданылады. Шартты қысым дегеніміз гидростатикалық қысымды ескермегенде 20 С температурада артық жұмыс қысымы.
Механикалық беріктілікке есептеулер ішкі артық немесе сыртқы қысым және сыртқы жүктеме барлық аппараттың негізгі элементтеріне жасалады. Болаттан жасалған конструкционды материалдар үшін жұмыс шарттарында қолданатын мүмкін болатын кернеулер:
- көміртектік болаттар үшін есептеулі температура ≤380ОС кезінде және төменлегирленген болаттар үшін есептеулі температура ≤420ОС кезінде өлшемдердің кішісіне тең:
- жоғарылегирленген болаттар үшін есептеулі температура ≤525ОС – теңдеулердің кішісіне:
немесе
Есептеулі температураларының үлкен мәндерінде кезкелген болаттар үшін мүмкін болатын кернеулер теңдеулердің ішіндегі ең аз мәніне тең: