Кәсіпорынды жобалауға болашағы бар жоспар және техника – экономикалық негіздеменің қатынасы туралы мәселеге түсініктеме беріңіз?
Өнеркәсіп қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші әсер ететін халық шаруашылығының маңызды саласы. Өнеркәсіп материалдық игіліктерді, еңбек құралын өнеркәсіптің өзі үшінде және халық шаруашылығының басқа да салалары үшін де, оның ішінде шикізаттарды, материалдарды, жағар-майларды, энергияны өндіру және өндіріспен ауылшаруашылығында өндірілген өнімдерді ары қарай өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жиынтығы (зауыд, фабрика, кен, шахта, электростанция және т.б.).
Өнеркәсіп салалардың ірі-ірі екі топтарынан тұрады - өндіру және өңдеу. Өндіру өнеркәсібінің құрамына таулы-химиялық шикізатты, қара және түсті металдардың кендерін, кенді емес шикізаттарды, мұнай, газ, көмір, кенді емес құрылыс материалдарының тұздарын, жеңіл табиға толтырғыштар мен әк және гидроэлектростанциялар кіреді. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының қатарына қара және түсті металдарды, химиялық және мұнай химиясының өнімдерін, машиналар мен қондырғыларды, цемент, жеңіл және тағам өндірісінің өндімдерін шығару, қайта-жөндеу мен құрылыстық кәсіпорындар жатады.
Өндіріс ары қарай өндіру құралдарын өндіру және қолдану заттарын өндіру өндірісі болып тармақталады. «А» тобына станоктарды, қара және түсті металдардың кендерін, фософор және фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру, цемент және т.б., ал «В» тобына қолдануға даяр өнімдер мен материалдарды өндіретін өндірістер кіреді. Бірақ өндірістік және өндірістік емес мақсаттарда қолданылатын өнімдердің бірнеше қатары. «А» және «В» топтарының арасында іс жүзінде қолданылуына байланысты бөлінеді.
Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығының өнімінің белгілі бір түріне деген сұранысын оның іс жүзінде өндірілуімен салғастыра отырып өнеркәсіптік өндірісті шикізаттың көзіне, жағар отын және даяр өнімді қолдануға мүдделі аудандардың жақын орналасуын ескере отырып мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Болашағы бар жоспарлардың мәліметтері жаңа өндірістік кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады.
Үкіметтің шешімінің негізінде экономикалық аудандардың және өнеркәсіптің жеке салаларының болашақта даму жоспарын ескере отырып жобалық ұйымдар кәсіпорын құрылысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде құрастырады. ТЭН немесе ТЭЕ өндірістің жаңа кәсіпорнын салудың немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін экономикалық тұрғыдан дұрыс болатындығын негіздейтін алғашқы жоспарлық немесе жобаалдылық құжат болып табылады.
Алаңды таңдау және оны келісімдеу жобаны жасақтау кезінде жүзеге асырылады. Құрылыстың ТЭН ауданның экономикалық сипаттамасы, оған қатысты географиялық мәліметтер, климаттық шарттар, халқының саны, аудан территориясының аумағындығы жерлердің қолдануға қатысты меңзелінуі және аудандағы байланысу жолдадары туралы мәліметтер келтіріледі. Осы техника-экономикалық негіздемеде кәсіпорынның жұмысшыларымен және қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің, кәсіпорынның өзгеде кәсіпорындармен өндірістік және экономикалық байланыстары мен капиталдық салымдардың тиімділігі жайлы мәліметтер негіздемеленіледі.
Жобалауға тапсырманы кім жасақтайды және ол не үшін қажет?
Жобаланудаға өндірістің кез-келгені саланың даму жоспары мен экономикалық ауданның мұқтаждығына сәйкес түзіледі. Өндіріс жобалауға тапсырманы түзуден басталады. Жобалау процесі инженер-жасақтаушылардың интеллектуалдық іс-әрекеттерінің товрчестволық түрлерінің бірі болып табылады. Химиялық идеяның мәселенің инженерлік-техникалық шешімдермен түйісуі жобалаудың шынайы мәні мен соңғы мақсаты болып табылады.
Өндірістік кәсіпорынның жобалауға тапсырмасы дегеніміз келесі мәліметтер келтірілген негізгі бастапқы құжат болып табылады:
- кәсіпорынның аты;
- жаболау үшін негіздеме, аудан, пункт және құрылыс алаңы;
- өнімнің номенклатурасы және оның негізгі түрлері бойынша толықтай дамуы мен бірінші кезеңдегі өндірістің қуаты
- кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы;
- кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері;
- тастанды суларды тазарту және оларды тастау шарттары;
- негізгі технологиялық үдерістер мен қондырғылар;
- кәсіпорынның болжам бойынша дамуы
- құрылыстың меңзелінген уақыты;
- қаржылық салымдардың меңзелінген мөлшері және кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері;
- тұрмыстық және мәдени-сауықтыру нысандарының құрылысын жобалауға мәліметтер және жобалаудың сатылары;
- бас жобалаушы ұйымның аты;
- бас мердігердің құрылыс мекемесінің аты.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы дегеніміз бұл принципиалды негіздемелері, есептеулері, сызбалары, жасауға, даярлауға немесе қайта жасақталынуға тисіті құрылымдардың, қондырғылар, машиналар, аппараттар және т.б. арналған макеттердің техникалық құжаттарының кешені. Архитектуралық жоба адамның ғылыми-негіздемелі құрылымдық идеясын кеңістікте ұтымды ұйымдастыруын жүзеге асыруы үшін болашақ ғимараттың, құрылымның немесе кешеннің негізі кез-келген көркемдік әдіс арқылы (макет, сурет, сызба, фото) материалдық (құрылыстық-техникалық) және идеялы-көркемдік (эстетикалық) жүзеге асырылған құжат болып табылады.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы негізгі үш бөлімнен құралады:
1. Халық шаруашылығының белгілі бір немесе аралас салаларында ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктеріне негізделінген өнімді даярлауға арналған қондырғылардың жүйесі секілді өндіріс технологиясы; 2. Тиімді технологиялық үдерісті оның үздіксіз дамуын, экономды инженерлік құрылыстық шешімдердің қарапайымдылығы мен әмбебаптығын, жұмысшы қызметкерлерге еңбектік және тұрмыстық ыңғайлылықпен жайлылықты, құрылымның кескінің көркемдік-идеялық сәнділігін және оның бөлек бөлшектерінің әдемілілігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық шешемдер; 3. Технологиялық үдерісті ұйымдастыруды ең жақсы шарттармен және оның уақыт өте дамуын қамтамасыз етуді және құрылыстық өндірістің механизацияланған шарттарына сай келетін және құрылымдар мен кешендердің көлемдік-жоспарлық құрылыстарының үйлесімді негізі болатын тиімді құрылыстық құрылымдармен инженерлік қондырғылар.