Қазіргі таңда жануар текті өнімдіктерде жаңа биотехнология жетістіктерінен, ветеринарлық дәрі-дәрмектер, гормондар, транквилизаторлар, антибиотиктер аса толқыныстар туғызып отыр.
Азық-түлік құрамындағы антибиотиктердің қалдық мөлшеріне мониторинг жүргізу, әсіресе, антибиотиктермен контаминацияланған мал шаруашылығындағы өнімдерді қадағалау қиындық туғызады. Антибиотиктер жануарларға жаппай емдік дозадан гөрі аздан салынады. Олар инфекция қауіптілігін азайтып, жемнің сіңірілуін жақсартып, мал қоңдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бактерияның азаюынан еттің сақталуын да ұзартуға мүмкіндік болады.
Азық-түліктердегі антибиотиктердің қалдық мөлшері адамдардағы аллергиялық реакцияларды, дисбактериоздың себепшісі болып, патогенді микроорганизмдер штамдарының резистенттілігін түзеді. Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы мал шаруашылығында мал өсіру мен көбейтуде өсуді ынталандыратын антибиотиктерді қолдануға, мал бордақылауда терапевтік мөлшеріне тыйым салып отыр.
Көптеген елдерде жүргізілген зерттеу нәтижелері антибиотиктердің биосубтратта бос күйінде және белокпен кешен түзілген күйінде кездескен. Мал өнімдерінен алынған азық-түліктердің құрамындағы гормондардың мөлшері де осы іспеттес.
Гормондық препараттар мал бордақылауда өсуді ынталандырушы ретінде және көбінесе синтетикалық эстрогендер, тиреостатиктер қолданылады. Тиреостатиктер қалқанша безінің гормонына йод енуін тежейді. Осының нәтижесінде жануар организмінен судың шығарылуы азайып, мал етінің орнына артық су жиналуынан салмағы артады. Бұл препараттардың кейбір мөлшері мал сойғаннан кейін де сақталып, адам бойындағы гормоналдық тепе-теңдікті бұзып, қалқанша бездің өзгерістеріне, аллергияны шақыруы әбден мүмкін.
Кесте – 3 Жануар текті азық-түліктер құрамындағы ветеринарлық препараттың қалдық саны
Тағамның аты | Көрсеткіштері | Рұқсат етілген деңгейлер, мг/кг, артық емес |
Ет, жартылай фабрикаттар булы, салқындатылған, мұздатылған, тоңазытылған (соғымдық, кәсiпшiлiк және жабайы аңдардың барлық түрлерi), сонымен қатар: Соғымдық малдардың субөнiмдерiсалқындатылған, тоңазытылған(бауыр, бүйрек, тiл, ми, жүрек), шошқа терiсі,тағамдық қан және оның өңделген өнімдері Шұжық өнiмдерi, соғымдық мал етінің барлық түрлерiнің ет өнiмі, еттен жасалған аспаздық заттар. Субөнiм және қан қолданып дайындалған ет өнімдері (паштеттер, ливер колбасылары, зельцтер, ұйыма және тағы басқалар). Субөнім, қан, шұжық қолданып пiсiрiлген бұйымдар, (нандар,шұжық, ұйыма, ливерлі шұжық) Субөнімдердің консервілерi, сонымен қатар паштетті консервілер (соғымдық және кәсiпшiлiк малдардың барлық түрлерi) Ауасыз ортада кептірілген және жылулмен кептiрiлген ет Құс еті, салқындатылған, мұздатылған жартылайфабрикаттар(соғымдық құстың барлық түрі, Құстың субөнімдерінен жасалған жартылай фабрикаттар және субөнімдер Құс етінен шұжық өнiмдері, сүрлер, аспаздық бұйымдар Құстың субөнімдерінен жасалған ет өнімдері, (паштеттер, ливерлі шұжықтаржәне т.б.) Құс консервілері(құс етiнен және, ет – өсiмдiкті паштетті және фаршты) Ауасыз ортада кептiрiлген және жылумен кептірілген құс етi өнiмдерi Жұмыртқалар және жұмыртқаның сұйық өнiмдерi (меланж, белок, жұмыртқаның сарыуызы) Жұмыртқаның құрғақ өнiмдерi (жұмыртқа ұнтағы, белок, жұмыртқаның сарыуызы) | левомицетин (хлорамфени-кол) тетрациклин тобы гризин бацитрацин | Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді Рұқсат етілмейді |
Кесте жалғасы
Шикi сүт, майсызданғаншикi сүт, шикi кілегей. Сүзбе, сүзбелі масса, түйіршікті сүзбе, сүзбеше, сүзбе өнімдері, сүтті құрама өнімдер, альбумин және сүтті құрама өнімдер, паста тәрізді сүтті белокты өнімдер,сонымен қатар ашудан кейін термиялық өңделген өнімдер. Сүт, кілегей, піскек, сүт сарысуы,сүт өнімдері, сүт негізінде жасалған өнімдер, қантпен концентрленген және қойытылған, қойытылған және стерильденген сүт,сүт консервілері және сүттің құрама консервілері. Сүт өнiмдері, құрғақ сүтті құрамалар, сублимиттелген (сүт, құйма, ашыған сүт өнiмдері, сусындар, балмұздаққа арналған қосындылар, сарысу, піскек, майсыздандырылған сүт). Сүт белоктарының концентраттары, лактулоза, сүт қанты, казеин, казеинаттар, сүт белоктарының гидролизаттары Iрiмшiктер iрiмшiк өнiмдері(өте қатты, қатты, жартылай қатты, жұмсақ, тұздалған), балқыттылған, сарысу-альбуминді, құрғақ, iрiмшiк пасталар, соустар Сиыр сүтiнің майы, майлы пастасы, сүттің майы. Кілегей-өсімдікті спред, кілегей-өсімдікті ерітілген қоспа. Сүтті, кілегейлі өсімдік майымен балмұздақ, пломбир, торттар, пирожнылар, балмұздақтан десерттер Пробиотикалық және ашытқыш микрофлораны байытуға арналған сүт негізді құрғақ қоректік орталар | левомицетин (хлорамфени-кол) | Рұқсат етілмейді |
Транквилизаторлар. Транквилизаторлар малдарды тасымалдау кезінде олардың көңіл-күйіндегі күйзеліс болмауын ескерту үшін қолданылады. Бұл препараттардың қалдық мөлшері орталық жүйке жүйесіне қолайсыз әсер етеді.
Ветеринариялық препараттарды қолдануды бақылау бойынша ұсынылған халықаралық ережелерге сүйене Codex негізіндегі жақсы тәжірибелер CAC/RCP 38 (1993) құжатында берілген.
Барлық ветеринариялық терапевтік заттар мен жемге қосылатын дәрілік қоспалар ветеринарлық препараттарды тіркеу ережелеріне OIE сай келіп, ұлттық деңгейде тіркеуден өтуі тиіс.
Жануарлар мен құстарды бордақылауда, аурулардың профилактикасы мен емдеу мақсатында, су қоймаларындағы балық өсіруде ветеринариялық препараттардың мөлшерін бақылау (оның ішінде, гормоналдық препараттар, антибиотиктер) азық-түлік пен шикізат өндірушілер Кедендік одаққа мүше мемлекеттер территориясына енгізуге орай беретін ақпарат негізінде реттеліп, ұлттық заңдылықтармен сәйкестендіріледі.
Азық-түліктер мен шикізаттардағы азотқұрамдас қосылыстардың
Мөлшерін нормалау
Азотқұрамдас қосылыстар азық-түліктің құрғақ қалдығының басым бөлігін құрайды. Оларға белоктар, аминоқышқылдар, аминоқышқылдарының амидтері, нуклеин қышқылдары, аммиакты қосылыстар, нитраттар, нитриттер т.б. Аминқышқылдары белок молекуласының құрылымдық компоненті болып, бос күйінде белок ыдыраған кезде кездесуі мүмкін.
Аминқышқылдарының амидтері өсімдік текті азық құрамында табиғи құрамдас бөлігі ретінде, мысалы қырыққабатта, спаржада аспарагин амидтері (0,2—0,3%) кездеседі.
Аммиактық қосылыстар азықтар құрамында аммиак пен оның туындылары түрінде кездесіп, аммиак белоктың ақырғы ыдырау өнімі болып табылады. Аммиак пен аминдердің едәуір мөлшерде болуы азықтағы белоктардың шірікті ыдырауын көрсетеді. Сондықтан ет пен балықтың балғындығын тексергенде аммиак бар-жоғына зерттеу жүргізеді.
Аммиак туындыларына спецификалық иісі бар моноаминдер CH3NH2, диметиламиндер (CH3)2NH және триметиламин (CH3)3N жатады. Метиламин аммиакқа ұқсас. Диметиламин — басқа өнімдермен қатар, балық белоктары ыдырауы салдарынан майшабақ тұздығы сияқты иісі бар, газ тәрізді зат. Триметиламин — майшабақ тұздығында, көп кездесетін газ тәрізді зат. Концентрленген түрінде аммиак иісі бар, ал әлсіз концентрацияда шіріген балық иісі болады.
Нитраттар —азот қышқылының тұздары. Азық-түлік тауарларында асқабақ пен кәдіден басқасында аздаған мөлшерде кездеседі.
Нитриттерді шұжық өндірісінде етке алқызыл түс беруі үшін, етті тұздауда аздаған мөлшерде қосады. Нитриттер жоғары уытты болғандықтан, тағам өндірісінде қолданғанда шектеп (шұжық етіне нитрит ерітіндісіндегі мөлшері 0,005% көп болмайтындай) қосады.