Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі




 

Ресейдің темір жолдарында поездар қозғалысын ұйымдастырудың бар жүйесі толық құрамды немесе толық салмақты өтпелі және телімдік поездардың құрылуын және жөнелтілуін қарастырады.

Құрамның белгіленген нормасынан кемінде бір вагонның ауытқуы рұқсат етіледі. Осы кезде кесте бойынша жөнелтілетін құрама, шығарылатын және өтетін поездар айнымалы болатын құрамның қажет шамасына дейін жинақталмайды.

Жинақталуда вагондардың орташа тұрып қалуын екі әдіспен табуға болады.

1. Стансаның құрастырылған басқа тәуліктік жұмыс керегенінің жоспарының көмегімен. Осы керегеннің көмегімен вагондар санының көбейтіндісін олардың әрбір уақыт мезетінде олардың осы жолға келу кезіндегі осы мезеттің ұзақтығына қосу жолымен жинақталуда тұрған вагон-сағаттар анықталады. Одан соң бұл вагон сагаттар жинақталған құрамдардағы вагондардың жалпы санына бөлінеді, яғни

 

,

Бұл әдіс жеткілікті еңбекті көп қажет ететін және еңбексыйымдылықты болып келетін станса жұмысының тәуліктік кереген жоспарын құруды қажет етеді.

2. Вагонның жинақталуда орташа тұруының басқа әдісін қарастырайық.

Тәулік бойы яғни 24сағат ішінде қандай да бір тағайындалудағы құрамдардың жинақталу үрдісін елестетейік. Тәулігіне 3 құрам жинақталсын, ал жинақталу үрдісі үздіксіз болып табылады.

Мұнда көлденеңінен t1, t2, t3 және т.б. уақыт мезеттері алынған. Құрамға алғашқы вагондардың келу сәтінен соңғы вагонның келу сәтіне дейінгі мезетті (Т1, Т2, Т3) жинақталу уақыты деп атаймыз. Тігінен осы тағайындалу (m1, m2,... m) орнында тұрған вагондар санын алып отырамыз. Осы тағайындалуда жинақталуда тұрған вагон сағаттар мынаған тең

Керегенде көбейтіндісі тікбұрыш ауданын білдіреді, ал барлық аудандар қосындысы сатылы фигуралар ауданының қосындысына тең. Осы фигаралардың аудандарын қалай тез табуға болады? Ол үшін әрбір құрамның жинақталу басы мен аяғын тік сызықпен жалғаймыз. Әрбір сатылы фигураның ауданы жуықтап тең болатын катеттері бар тікбұрышты үшбұрыш ауданы ретінде алуға болады.

Онда

 

 

Жинақталу периодтарының қосындысы тәулікке дең, яғни 24сағат.

Соған байланысты

 

Үздіксіз жинақталу үрдісі қарастырылды.

Алайда, вагондардың тұйықтаушы тобы поезд құрамына қалдықсыз қосылу жағдайлары сирек болмайды, және сол кезде жинақталу үрдісінде үзілістер туындайды. Осы жағдайда жинақталу периодтарының қосындысы 24сағаттан кем болады, ал жинақталудың вагон-сағаттары 12 m -ге қарағанда азырақ, яғни , мұндағы с – жинақталу көрсеткіші деп аталады. Жинақталу көрсеткіші зерттелген, сұрыптау стансалары үшін ол мынаған тең:

, ч.

 


 

Айлалық жұмыстар технологиясы

Айлалық жұмыста жалпы локомотив паркінің 20% қатысады. Айлаларға пайдалану шығындарының 20-25% кетежі. Стансалардағы айлалардың негізгі көлемі поездарды құрастыру және тарату, құрамдарды парктен паркке және жолдан жолға қайта қою, тиеу және түсіру бекеттерінің орналасуына қарай сәйкесінше вагондарды таңдау, осы бекеттерге беру және жинақтау, қоймалардың маңына вагондарды орналастыру және жүк оталарынан кейін жинақтау секілді жұмыстармен байланысты.

Тартым жолдарындағы сұрыптау айлалары бірнеше әдіспен жүзеге асырылады.

1. Отырғызу. Осы кезде айлалық құрам тартымнан парк жолдарының біреуіне ауысады, және вагон топтары оның толық тоқтауы кезінде ғана ажыратылады. Айлалардың бұл әдісі жұмыс сенімділігін және қауіпсіздігін, вагон топтарын қажетте жол орнында қатаң орналасуын қамтамасыз етеді. Алайда отырғызумен болатын айлалар итеру арқылы сұрыптаумен салыстырғанда үлкен емес өнімділікті береді.

2. Оқшауланған итерулер. Бұл жағдайда вагон топтары қалған құрамнан алдын-ала ағытылады, құрам вагондарымен алға қозғалады да, тежеледі. Ағытылған вагон топтары темір жолға қарай жүреді. Егер осы жолда басқа да вагондар болса, онда ағытпа оларға белгіленген соғылуға шамалы жылдамдықпен келеді (5км/сағ-тан көп емес), сондықтан қажет болған жағдайларда құрастырушы немесе оның көмекшісі, егер жолда баяулатқыштар болмасы, қозғалып бара жатқан құрамды тежеу башмактарымен тоқтауға көмектеседі.

Оқшауланған итерумен орындалатын айлалар отырғызумен орындалатын айлалармен салыстырғанда айлалық оталардың орындалу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

3. Сериялық итерулер. Әдістің мақсаты келесіде негізделген. Локомотив айлалық құрамды бөлуші бағыттамадан 150-200м қашықтықта тартым жолына тартып шығарады, осыдан кейін бірінші ағытпа ағытылады. Құрам қозғалысқа келтіріледі, кейін тежеледі, бірақ толық толқтамайды жуықтап алғанда 4-5 км/сағ дейін.

Осы кезде бірінші ағытпа тағайындалу жолына кетеді, ал құрамнан екінші ағытпа ағытылады. Құрам қайтадан орнынан қозғалады да 4-5км/сағ жылдамдыққа дейін тежеледі, осыдан кейін тағайындалу жолына екінші ағытпа кетеді, және үшінші ағытпа ағытылады. Осылай тартымсыз артқа бірнеше ағытпа сұрыпталады. Егер озуға тартымда орын қалмаса, құрам қайтадан артқа қарай тартылады да, сұрыптау үрдісі қайта жалғасады.

Сериялық итерумен сұрыптау оқшауланған итерулерге қарағанда үдейді.

Итеру арқылы айлаларды ылғи да пайдаланыла бермейді. Қауіпті жүктері бар вагондарды және локомотивсіз дөңестен түсуруге тыйым салынатын арнайы тізім бойынша вагондарды итеру арқылы сұрыптауға болмайды. Итеру айлалары жолдардың ұңғымасы тартым жолына қарай еңісі болған жағдайларда қолданылмауы тиіс, себебібұл жағдайда ағытпаның ұңғымада тұрып қалуы және айлалық құрамға қарай қайта қозғалуы мүмкін.

 

Айлалық жұмысты нормалау негіздері

 

Айлалық жұмысты нормалау, яғни, оның ұзақтығын анықтау жиі мтаематикалық статистика әдістерімен хронометражды қарауды өңдеу нәтижесінде алынған эмпирикалық формулалар көмегімен жүзеге асырылады.

Айлалардың жалпы ұзақтығы жеке жартылай рейстердің ұзақтығының қосындысы болып табылады. Жартылай рейс деп айлалық құрамның тоқтаудан оның келесі тоқтауға дейінгі қозғалысын атайды (сериялық итерулер кезінде – күш алудың басталғанынан жылдамдықтың 4-5 км/сағатқа төмендегеніне дейін). Айлалық жартылай рейстің ұзақтығы әр түрлі факторларға байланысты болады, бірақ аса үлкен дәрежеде қозғалыс қашықтығынан, жылдамдықтан және айлалық құрамдағы вагондар санынан тәуелді болады және мына формула бойынша анықталады:

 

, мин

мұндағы - локомотивтік 1км/сағатқа дейін қозғалыс жылдамдығын өзгертуге қажетті уақытты есептейтін коэффициент, күш алу және тежелу кезінде, =2,44 сек/км/ч;

- әр вагонның 1км/сағатқа дейін қозғалыс жылдамдығын өзгертуге қажетті қосымша уақытын есептейтін коэффициент, күш алу және тежелу кезінде, =0,1 сек/км/ч;

- құрамдағы вагондар саны;

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1214 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2047 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.