1. Бос жүріс коэффициенті
Бос жүріс коэффициенті деп бос вагондар жүрісінің барлық вагон-километрінің қатынасын айтамыз:
. (4.3)
2. Вагон жүрісі.
Бір айналым кезіндегі бос және жүк тиелген вагондардың жүрісін толық рейс деп атаймыз. (вагон жүрісі, бір вагонмен жүргізілген жұмыс), км:
. (4.4)
3.Вагон айналымы.
Вагон айналымының уақыты деп жұмыс паркінде орташа бір тиелген вагонның келесі тиелуге кеткенге дейінгі уақыты. Бұл бір тәулікте жүк вагондарының кешендік қолдану көрсеткіштері, тәу:
, (4.5)
мұндағы – полигонда қарастырылатын телімдік жылдамдық, км/сағ; – вагон жүрісі, техникалық стансалар арасындағы орташа қашықтық бір айналымда вагонға есептелген қашықтық, км;
, (4.6)
– полигонда қарастырылып отырған барлық техникалық стансалардан жөнелтілетін транзиттік вагондар саны (телімде, жол, бағыт бойынша). Әрбір техникалық стансадан жөнелтілетін бос және тиелген вагонағындарының, транзиттік вагонағындарының көлемімен анықталынады, ваг.; – бір техникалық стансадан транзиттік вагондардың өту уақыты, сағ; – жергілікті жұмыс коэффициенті;
; (4.7)
– бір жүк операциясында, тиеп-түсіру стансаларында вагондардың болу уақыты, сағ.
Формула вагон айналымының үш мүшесінен есептелген есептеулермен көрсетілген, тәу,
. (4.8)
Үш мүшелі формула келесі элементтерден тұрады.
1-ші – – тиелген стансадан келесі тиелу стансасына дейін келетін пойыздағы вагондардың жүру уақыты. Пойыздардың жүріс уақытын және технолологиялық операцияларды орындау үшін, пойыздарды қауіпсіз өткізу үшін аралық стансаларда тұру уақыты. (қиылысу, басып озу, алдында жөнелтілген пойызды күту уақыты).
2-ші – –өңделуге келетін вагондардың техникалық стансада бос тұру уақыты, сондай-ақ транзиттік вагондардың өңделмей өтуі.
3-ші – – тиеп-түсіру стансасында және тиеу стансасында вагондардың болу уақыты.
Вагон айналымының жұмыс паркінде бес мүшелі формуласы бойынша вагондарды пайдаланудың сараптамасы жүргізіледі, тәу,
, (4. 9)
мұндағы – техникалық жылдамдық, км/сағ; – телімдік жылдамдық коэффициенті; , – өңделелетін және өңделмейтін транзиттік вагондарға сәйкес вагонның жүрісі; , - өңделетін және өңделмейтін транзиттік вагондардың орташа бос тұру уақыты.
Егер бес мүшеден тұратын вагон айналымының формуласын қарастыратын болсақ, онда:
1-ші – телімдегі жүрісте пойыздағы вагондардың болу уақыты;
2-ші – аралық стансада вагондардың тұру уақыты (пойыздарды);
3-ші – өңделетін вагондардың техникалық стансаларда болу уақыты;
4-ші – өңделетін транзиттік пойыздарының техникалық стансаларда вагондардың болу уақыты (өңделмейтін);
5-ші – тиеп түсіру стансаларында вагондардың болу уақыты.
4. Вагонның орташа жүріс қашықтығы.
Вагон жүрісінің орташа қашықтығы, тәулігіне өтетін вагондармен есептелінеді. Оның мөлшері келесі формуламен анықталынады, км/тәу,
. (4.10)
Вагондардың жұмыс паркімен және вагондардың жалпы жүрісімен анықталынады, км/тәу,
. (4.11)
5. Вагонның жұмыс паркі.
Берілген жұмыс көлемі бойынша вагондар саны. Есептеулер келесі формуламен көрсетіледі, ваг.,
. (4.12)
Берілген формула негізгісі болып табылады.
Вагонның жұмыс паркі жалпы тәуліктегі вагон - сағатымен анықталынады, ваг.:
. (4.13)
6.Вагон өнімділігі.
Тәулігіне жұмыс паркіне келетін орташа бір вагон тонно-километр нетто санымен анықталынады. Әрбір бөлімшелер және жолдар үшін жалпы вагон паркі толық санға айналдырып алынады,
, (4.14)
Мұндағы – тиелген вагондардың динамикалық жүктемесі.