Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Топырақтың физикалық, химиялық ластағыштары және ластану жолдарына сипаттама беріңіз.




Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануы - топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластаушылардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластаушылар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы), топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын хим. заттектердің жиналуы. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, а.ш. қолданылатын шөп жойғыштармен минералды тыңайтқыштар қалдықтар жатады. Топырақтың (химиялық, мұнай өнімдерімен, радиоактивті және өндірістік- коммуникалдық ақаба сулармен) ластануы егістіктерде, мұнай-газ кәсіпорындары алаңдарында, әскери полигондарда елді мекендерде байқалған. Егістіктерде минералдық тыңайтқыштар, гербицидтерді өлшемсіз қолдану нәтижесінде топырақта өте улы: мышьяк, кадмий, сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор; улылығы орташа:кобальт, бор, никель, мыс, молибден, хром; Қауіптілігі шамалы: стронций, барий, марганец, вольфрам жинақталады. Химиялық элементтердің ыдырауы, усыздануы топырақтың қышқылдылығына, механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына, механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына және микробиологиялық процестерге байланысты болады. Мұнай, газ өндіруші және тасымалдаушы аудандарда топырақ олардың қалдықтарымен және қолданылатын химиялық заттармен ластанады. Ксенобиотиктер табиғаттың барлық түрін – ауаны, су қоймаларын, топырақты, өсімдік әлемін ластайды. Өндіріс қалдықтары мен басқа табиғатты ластауыштар ауада және суда, сонымен қатар табиғат айналымында тез тарауға қабілетті. Бұл токсикалық қосылыстар су қоймалары мен топырақта, кейде жел, жаңбыр, қар, өзендер, көлдер арқылы басқа жерлерге де таралады. Топырақтан өсімдік пен жануарлар организміне түседі. Ксенобиотиктер айналымында орталық орынға топырақ ие. Ол гидросфера, атмосфера, өсімдік әлемі сияқты басқа экологиялық жүйелермен қарым-қатынаста болады. Сондықтан улы, басқа да компоненттердің адам организміне түсуінің басты көзі б.т. Ол алдымен тамақ арқылы түседі. Барлық тірі жандар энергия көзі, қоректік заттар, құрылыс материалдары ретінде қоректенеді. Қоршаған ортаға төзімді, онда көбеюге қабілетті ксенобиотиктер өте қауіпті.

Топырақтың гигиеналық және биологиялық маңызын түсіндіріңіз.Топырақтың түзілуі процесстерін және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.

Бұрыннан топырақ сау және сау емес болып бөлінеді. Сау дегеніміз – құрғақ топырақты, желдетілетін жерлерді атаймыз. Сау емес топыраққа суға бататын, суық, шикі, бұлт жиі кездесетін территориялар жатады. Сондықтан топырақ халық денсаулығы және жергілікті жерлердің жақсы жағдайы үшін үлкен гигиеналық мағынаға ие: 1) табиғи және жасанды биогеохимиялық провинцилардың түзілуінде маңызды фактор болып табылады, олар халық арасындағы эндемикалық аурулардың пайда болуы мен алдын алуда алдыңғы орынға ие. 2) қоршаған орта жүйесінде айналымды қамтамасыз ететін – химиялық және радиоактивті қосындылардың адамы, ол халық шаруашылығында, экзогенді химиялық заттарда, авиа – және автотранспорттарда қолданылады. 3) атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, өсімдіктердің химиялық және биологиялық ластану көзінің бір түрі болып табылады. 4) инфекциялық аурулар мен инвазиялар таралуының факторы; 5) сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандырудың табиғи және ең тиміді ортасы. Топырақ ауасы малөсіру ауасымен тығыз байланыста, сондықтан ауаның газды құрамы мен ылғалдылығына әсер етеді; Органикалық заттарға бай топырақта сапрофитті және патогенді микроорганизмдер көп болады (бакетриялар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар) және гельминттер (геогельминттер мен биогельминттер) мен насекомдардың (жануарлардың ішкі және сыртқы паразиттері) жұмыртқалары дамиды.

Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің шынайы ортасы және бастапқы резервуары болып табылады (азот, көміртек, күкірт, темір және т.б.). Олар топырақтың түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып, табиғаттағы зат алмасу ға қатысады. Топырақ таулы ортадан желдің, судың тірі организмдердің және олардың органикалық қосындылардың, яғни өсімдіктермен жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі. Әртүрлі топырақ микроорганизмдері сулы және коллоидты қабықтарда тіршілік етеді, және олар топырақ бөліктерін бұзады және саңырауқұлақтардың гифтерімен қозғалғыш бактерияларының жылжуы және көшіп жүріп жатады және олардың арасында микроскопиялық жіңішке сулы қабаттар көрінеді.

Топырақ микрофлорасының сапалық құрамы өте әртүрлі: әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, спирохет, архебактериялар, микоплазм, саңырауқұлақтар, вирустар. Әртүрлі топтағы микроорганизмдердің құрамы мен ара қатынасы топырақ түріне, оны өңдеу әдісіне, құрамындағы органикалық заттарға, ылғалдылыққа, климаттық шарттарға және тағы басқа себептерге байланысты болып келеді. Құмды топырақтарда аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді, ал сазды, ылғалды (оттегінің кіруі қиын) ол жерде негізінен анаэроты микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақ микроорганизмдер 25-450С көбейе алады, ал термофильдіктер – одан жоғары тампературада.

Микроорганизмдер күрделі биоценозда болады, олар өздерінің араларында өсімдіктермен бірге антагонисттикалық және сембиотикалық ара қатынаста сипатталынады. Өсімдіктердің тамыр аймағында бактерия өте көп: олар резосфера деп аталатын интинсивті көбею зонасын және жоғарғы активтілікті түзеді. Топырақтың ризосфералық зонасының микрофлорасы бай, әртүрлі және әртүрдегі өсімдік үшін өзіндік ерекшелігі болады. Микроорганизмдер өсімдіктердің тамырлық бөліну ара қатынасында дұрыс хемотаксисті болады және олар органикалық қосылыстардың минерализация процесіне қатысады, сонымен қатар өсімдіктерді тез қабылдайтын минералды заттармен, яғни дәрумендермен, ауксиндермен қамтамасыз етеді. Олар өсімдіктердің метаболизміне активациясы қатысады. Топырақтың өзіндік тіршілігі үшін, ауа үшін және тамақ үшін үлкен күрес болып жатады. Көбіне бір топтағы бактериялардың тіршілігі басқа топтағы бактериялардың антибиотикалық бактериоциондық әсерінен басып қалады.

Бір жылда топырақтағы микроорганизмдердің мөлшері бірнеше миллиардқа дейін жетеді. Олардың ең көбі тазартылған топырақта - 4,8-5,2 млрд. Азы орман топырағында, құмда 1,2-0,9 млрд. Микроорганизмдердің тірі үлесі 1 гектар топырақта орташа 1000 кг. құрайды. Микроорганизмдердің мезгіл тербелісіне байланысты: көктемде саны өседі, жазда максимумға жетеді, жаздың ортасында азаяды, (күн сәулесінің активті әсеріне байланысты) күзде тағы да көбейеді және қыста азаяды.

Микроорганизмдердің топырақта таралуы әртүрлі жоғарғы 1-2 мм қабатында микробтар аз (топырақтың құнарлануына қарамастан). Бұл күн сәулесінің ультракүлгін сәулелеріне және құрғату процестеріне байланысты. Жақсы микрофлора 10-20 см тереңдікте дамыған. Бұл қабатта негізінен биохимиялық процестер жүріп жатады, яғни органикалық заттарға ауысу, бір-бірлерін ауыстыратын микроорганизмдердің тіршілік етуінің әртүрлілігі. Одан тереңдеген сайын флорасы азайып, 4-5 м тереңдіктер микроорганизмдерді өте сирек кездестіруге болады. Артезиандық саңылаудан алынатын су стерилді болып келгендіктен құрамында бактериялар қоретенетін аммиорганикалық қосылыстар болмайды.

 

 

1. Топырақты зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зеттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз.
2. Топырақ гигиенасы. Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз. Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
3. Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз.
4. Топырақтың сапасын санитарлы-эпидемиологиялық бағалау сапасын түсіндіріп беріңіз.
5. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
6. Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз. Топырақтың биологиялық контаминациясы және өзіндік тазарудағы микробтардың рөлін түсіндіріңіз.
7. Санитарлы көрсеткішті микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын көрсетіңіз.
8. Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі топтары және эпидемиологиялық маңызын көрсетіп беріңіз.
9. Топырақтың негізгі ластағыштары және топырақты биологиялық бақылаудың әдістеріне шолу жасаңыз.
10. Топырақты санитарлы-эпидемиологялық бақылаудың құрылымы мен функциясын түсіндіріп беріңіз.
11. Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттаңыз.
12. Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдердің – оральді ластану индикаторларын сипаттаңыз.
13. Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдердің – өзін - өзі тазарту процестерінің индикаторларын сипаттаңыз. 14. Топырақтың физикалық, химиялық ластағыштары және ластану жолдарына сипаттама беріңіз. 15. Топырақтың гигиеналық және биологиялық маңызын түсіндіріңіз.Топырақтың түзілу процестерін және оларға әсер ететін факторларға сипаттама беріңіз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 928 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2260 - | 1999 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.