Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Kомплексті қосылыс түзілуінің әсері




Тотығу-тотықсыздану потенциалына тотығу – тотықсыз­дану жұбына кіретін бір, не екі компоненттің бәсекелес комплекстүзу реакциясына қатысуы өте үлкен әсер етеді. Себебі жүйедегі комплекс түзетін компоненттің активтігі азаяды.

Мысалы, аммиакті ортада Ag+/Ag жұбын қарастырайық. Жартылай тотығу – тотықсыздану реакциясы Ag++e→Ag, электродты потенциалдың теңдігі:

 

Е=Е0+0,059 lg aAg+ =Е0 + 0,059 lg fAg+ + 0,059 lg [Ag+]

 

Күміс иондарының аммиакті ортада комплекс түзетінін еске алсақ:

 

Ag++NH3↔Ag(NH3)+ β1=103, 32

 

Ag++2NH3↔[Ag(NH3)2]+ β·β1,2 =107, 24

CAg+= [Ag+] + [Ag(NH3)+]+ [Ag(NH3)2+]=

= [Ag+] + β1 ∙[Ag+]∙[NH3]+ β1,2 ∙[Ag+]∙[NH3]2

 

CAg+ /[Ag+] =1+ β1 ∙ [NH3]+ β·β1,2 ∙[NH3]2= 1/α Ag+

 

[Ag+] = α Ag+ CAg+ ; Е=Е0+0,059 lg f Ag+ + 0,059 lg α Ag+ + 0,059 lg C Ag+

 

Ерітіндінің иондық күші және лигандтың (NH3) концентрациясы тұрақты болғанда реалды (шартты) стандартты потенциал:

 

Е010+0,059 lg f Ag+ + 0,059 lg α Ag+ , осыдан Е=Е01+ 0,059 lg CAg+;

 

потенциалдың мәні жалпы күміс иондарының концентрациясына тәуелді.

Ерітіндінің иондық күші және аммиактың концентрациясы 0,1М сәйкес болғандағы Е 01Ag мәнін табайық:

Е01 =0,80 +0,059 lg 0,76+ 0,059 lg 10-5,24 = 0,80-0,007-0,309=0,484 B

 

Комплекс түзілу реакциясы жүргенде потенциалға ерітіндінің иондық күшінің әсері шамалы, сондықтан оны еске алмаса да болады.

Fe3+/Fe2+ жұбының ЭДТА-ның артық мөлшері жүргендегі реалды (шартты) потенциалын анықтайық:

Fe2++Y4- ↔ [FeY]2- β1=2∙1014

[Fe2+]= C Fe2+∙ α Fe2+;

 

Fe3++Y4- ↔ [FeY]- β2=1,3∙1025

[Fe3+]= C Fe3+∙ α Fe3+;

Жалпы түре Mn+ + ne↔M жүйесінің L лигандымен комплекстүзу реакциясын еске алғанда ML, ML2, ML3 ….MLn

СМ=[Mn+]+ [ML]+ [ML2]+……………….... [MLn];

[Mn+] / СМ= αM, осыдан [Mn+] = СМ∙ αM

 

 

Mn+/ Mm+ (n>m) жүйесіне Mn++ (n-M) ē ↔ MM+

C Mn+ = C ox , C MM+ = C red деп алайық. Сонда:

 

,

.

Тағы бір еске алатын жағдай лигандтың артық мөлшері жүргенде βn мәні β1, β2, β3 …….. βn-1 аралық комплекстердің мәнінен көп болса βn» βn-1……. β3, β2, β1, есептеуге тек βn мәнін алады.

 

Мысалы, Fe3+/Fe2+ жұбы KCN ерітіндісінде:

Fe3+ + 6CN- ↔ [Fe(CN)6]3-

Fe2+ + 6CN- ↔ [Fe(CN)6]4-

Тұнба түзу реакциясының әсері

Тотығу – тотықсыздану жұбының бір компонентімен бәсекелес тұнба түзу реакциясы сол компоненттің активтігін азайтып, тотығу тотықсыздану потенциалын өзгертеді. Бәсекелес реакцияның әсерін алынған тұнбаның ерігіштік көбейтіндісін пайдаланып ескеруге болады. Мысал ретінде Ag+/Ag жұбы потенциалының осы жүйеге хлорид иондарын қосқандағы өзгеруін қарастырайық:

 

Е=Е0 + 0,059 lg а Ag+ (9.9)

 

Хлорид иондарын қосқанда AgCl тұнбасы пайда болады:

 

ЕКAgCl = аAg+ ∙ аCl- =1,78∙10-10

 

Ерігіштік көбейтіндісінің мәнінен аAg+ = ЕКAgCl / аCl- (9.10)

(9.10) теңдіктің мәнін (9.9) теңдікке қойсақ:

 

яғни потенциал мәні хлорид иондарының концентрациясына тәуелді теңдік алынады:

 

0,23 В (AgCl +е → Ag + +Cl-) жартылай реакциясына сәйкес, сондықтан бұл электрод хлор-күмісті электрод деп аталады: Ag, AgCl/Cl- ; а Cl- =1 моль/л болғанда Е0=0,23В. Калий хлоридінің қаныққан ерітіндісінде Е0 Ag, AgCl/Cl- = =0,199 В. Хлор – күмісті электродтың потенциалы хлорид – ионының концентрациясы өзгермесе белгілі температурада тұрақты мән, сондықтан мұндай электрод әртүрлі жүйелердің потенциалын өлшеуде салыстырмалы электрод ретінде пайдаланылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1000 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2507 - | 2325 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.