Осы жағдайдағы ең тиімді препарат?
*димедрол 1% б/е
*супрастин 2% б/е
*+адреналин 0,18% т/а
*преднизолон 90 мг т/і
*физ.раствор 400 мл венаға тамшылатып
# 791
*!Науқас 26 жаста. Инспираторлы ентігуге, тұншығуға, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде эндометрит себепті көктамырға абактал препаратын енгізгеннен соң бірден өзін нашар сезінген. Ентігеді, тұншығумен қоса ұстамалы құрғақ жөтел мазалайды. Жағдайы ауыр. Науқаста қозуы басым, үрей, қорқыныш сезімі көрінеді. Тері жамылғысы бозарған, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары естілмейді, ЖСЖ 54/мин, пульсі толық емес, АҚ 80/60 мм.сын.бағ.
Осы жағдайдағы ең тиімді препарат?
*+адреналин 0,1% т/а
*эуфиллин 2,4% т/і
*преднизолон 60 мг т/і
*полиглюкин 400 мл т/і
*натрия хлорид 0,9% 400мл т/і
# 792
*! 39 жастағы науқас екінші рет бұлшықетке пеницилин иньекциясын қабылдаған, 10 мин терінің барлық бөлігінде көпіршікті бөртпелер, кеуде артындағы ауру сезімі, бас айналу, ентігу пайда болды. Қарап тексергенде есі тежелген, тері қабаты бозғылт, ЖСЖ минутына 120 рет.АҚ 60/0 мм,сын.бағ.
Осы жағдайдағы ең тиімді препарат?
*+адреналин
*супрастин
*сальбутамол
*преднизолон
*кальций хлориді
# 793
*!Науқас әйел 40 жаста, стоматологтың қабылдауында болды. Лидокаин салғаннан кейін тез арадағы әлсіздік, көзіндегі бұлыңғырлану, ауа жетіспеушілік болды. АҚ 70/50 мм.сын.бағ. Пульсы әлсіз.
Қай препаратты міндетті түрде қолданған дұрыс?
*т/і супрастин
*+т/а адреналин
*т/і преднизолон
*жедел жәрдем шақыру
*стационарға тасымалдау
# 794
*!Аллергиялық риносинуситпен ауыратын 43 жастағы науқас аспирин қабылдағаннан кейін ауа жетіспеушілігіне,құрғақ жөтелге,әлсіздікке, тұншығуға шағымданды. Жағдайы орташа ауырлықта. Тежелген, адекватты. Тері қабаты бозарған, ұстап қарағанда ылғалды. Өкпесінде қатқыл тыныс, құрғақ, ысқырықты сырыл. Дем шығаруы ұзарған. ТЖ минутына 20 рет, жүрек тоны анық, ритмді. ЖСЖ минутына 82 рет. АҚ 110/70 мм.сын.бағ Төменде көрсетілгендердің қайсысы алғашқы көмекте қолданылады?
*к/т лазекс
*б/і димедрол
*+т/а эпинефрин
*к/т пипольфен
*к/т кальций хлориді
#795
*!35 жастағы науқаста екінші бұлшықет ішіне салынған пенициллиннен иньекциясынан 10 минуттан кейін терінің барлық бөлігінде көпіршікті бөртпелер, төс артындағы ауру сезімі, басының айналуы, ентікпе пайда болды. Қарау кезінде: есінің бұзылуы, тері қабатының бозаруы, ЖСЖ минутына 120 рет, АҚ 60/0 мм.сын.бағ.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы ауруда тиімді болып табылады?
*лазекс т/і
*супрастин 2% т/і
*кальция хлорид т/і
*+адрeналин 0,1% т/а
*преднизолон 30 мг т/і
# 796
*!43 жастағы науқас терісінің қышуына, әлсіздікке, басының айналуына, жүрек соғуына шағымданды. Анамнезінде: көпвалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жарты сағат бұрын үстіңгі ернін ара шаққан. Объективті: жағдайы өте ауыр, есі анық емес, терісі қызарған, жабысқақ термен жабылған. Аускультацияда өкпесінде визикулярлы тыныс. ТЖ минутына 19. Жүрек тоны төмен, дұрыс ырғақты.ЖСЖ минутына 140, АҚ 40/0 мм сын.бағ.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы ауруда тиімді болып табылады?
*+адреналин
*супрастин
*сальбутамол
*преднизолон
*кальций хлориді
# 797
!22 жастағы әйел терісінің қышуына, басының ауруына,ауа жетпеу сезіміне шағымданды. Жағдайы тималинмен инъекция жасаған соң кенеттен нашарлады.Жағдайы ауыр,мазасыз. Тері жабындысы ылғалды, бозғылт, бүкіл денесінде эритемалы-папулезді бөртпе. Тынысы шулы минутына 34 рет, Жүрек тоны тұйық, ритм ырғақты, 120\мин. АҚ 60/0 мм рт. ст
Төмендегі препараттардың қайсысы осы науқас үшін ең тиімдісі болып табылады?
*+адреналин тері астына
*супрастин
*преднизолон
*сальбутамол
* кальций хлориді
# 798
*! 45 жастағы науқас әйел инсператорлы ентігуге, демікпеге, абакталды ішке қабылдағаннан кейінгі құрғақ жөтелге шағымданды. Жағдайы ауыр. Бетіндеүрейлену, қорқу сезімі, қозған. Тері бозғылт және ылғалды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульсті 54 \ мин, пульс әлсіз толған, қан қысымы 80/60 мм рт.ст.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы науқас үшін ең тиімді болып табылады?
*адреналин
*супрастин
*преднизолон
*эуфиллин
*+препарстты енгізуді тоқтату
# 799
*!Науқас әйел 34 жаста. Шағымдары: терісінің қышуы, әлсіздік, басының айналуы, жүрек қағуы. Жарты сағат бұрын жоғарғы ернін ара шаққан. Объективті: Жағдайы ауыр, есі шатасқан. Тері жабындысы гиперемирленген, жабысқақ термен қапталған. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Тыныс жиілігі минутына 19 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет. АҚ 40/0 мм рт.ст.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы науқас үшін ең тиімдісі болып табылады?
*+эпинефрин тері астына
*супрастин
*сальбутамол
*преднизолон
*хлорид кальция
# 800
*! 38 жастағы əйел адам стоматологиялық бөлмеде отырған лидокаин енгізгеннен кейін еріннің ісінуі, ентігу, әлсіздік, терісінің бозаруы пайда болды. АҚ 80/60 мм рт.ст.
Сіздің бірінші іс-әрекетіңіз?
* Басты көтеру
* Аяқты тарту
* + Науқасты жатқызу
* Система қою
* 103-ке қоңырау шалу
# 801
*!Науқас ер кісі 39 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, бас айналу,жүрек қағуы, терісінің қышуы. Ол көптеген жылдар бойы аллергиялық дерматиттен зардап шегеді. Жарты сағат бұрын оң иығынан ара шаққан болатын. Объективті: жағдайы өте ауыр,есеңгіреген. Айқын қозғалыс бұзылысы. Тері жабындысы гиперемирленген, жабысқақ термен қапталған. Шаққан жерде ісіну, қызару, ауру сезімі бар. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Тыныс жиілігі минутына 23 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 136 рет. АҚ 40/0 мм сын.бағ.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы науқас үшін ең тиімдісі болып табылады?
*+адреналин 0,18%
*супрастин 2%
*сальбутамол т/а
*преднизолон 90мг
* кальций хлориді 500
# 802
*!61 жастағы науқастың шағымдары: әлсіздік, бас айналу, жүрек қағу, терісінің қышуы. Жоғарыда белгілері көк тамырға метронидазолды тамшылатқаннан кейін пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр, есі есеңгіреген. Айқын қозғалыс бұзылысы. Тері жабындысы жабысқақ термен қапталған, бозғылт. Қабағы пен ерні ісінген. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс. Тыныс жиілігі минутына 25 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 120 рет. АҚ 70/50 мм рт.ст.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы науқас үшін ең тиімдісі болып табылады?
*+препаратты енгізуді тоқтату
*басын көтеру
*аяғын көтеру
*тамырдан шығу
* 103 шақыру
# 803
*! 42 жастағы науқас тыныс алу жетіспеушілігіне, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы аллергиялық риниттен зардап шегуде. Аскорбин қышқылы таблеткасын қабылдағаннан кейін денсаулығын күрт нашарлаған. Объективті: жағдайы ауыр. Науқас қозған. Тері жабындысы бозғылт. Шулы тыныс. Өкпе үстінде қатаң тыныс алдымен, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 37 рет. Жүрек үні тұйықталған, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 127 рет. АҚ 130/80 мм сын.бағ.
Төмендегі қайсы препаратты қолдану неғұрлым орынды болып табылады?
* адреналин
*супрастин
*+сальбутамол
*преднизолон
* кальций хлориді
# 804
*!16 жасар Жас жігітті ара шаққан кейін беті мен ернінің ісінуі пайда болды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпесінде везикулярлы тыныс, тыныс жиілігі минутына 15 рет. Жүрек үні айқын, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 90 рет. АҚ 120/80 мм сын.бағ.
Қайсы препаратты қолдану неғұрлым орынды болып табылады?
*адреналин
*супрастин
*сальбутамол
*+преднизолон
* кальций хлориді
# 805
*!4жасар балада тағаммен апельсин қабылдағаннан кейін терісінде бөртпе, қышыну пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Беттің, қолдың терісінде дақты-папулезді, сұйық сипаттағы қышынумен журетін бөртпе бар.
Азық-түлік аллергиясы есекжемде аталған препараттың қайсысын тағайындау ең орынды?
*холинолитиктер
*антиферменттер
*адреномиметиктер
*+антигистаминдер
*глюкокортикостероидтар
# 806
*!16 жастағы науқас қыз. Бөртпелерге, терісінің қышуына, мұрынының бітелуіне шағымданды. Жоғарыда аталған белгілер құлпынай қабылдауына байланысты, таңертең жедел басталды. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет терісінде, мойнында, денесінде дақты-папулезді-везикулезді сипаттағы бөртпелер, сызат іздері. Өкпесінде везикулярлы тыныс, тыныс жиілігі минутына 17 рет. Жүрек үні айқын, ырғағы тұрақты. Жүрек соғу жиілігі минутына 80 рет. АҚ 110/80 мм рт.ст.
Азық-түлік аллергиясы есекжемде аталған препараттың қайсысын тағайындау ең орынды?
*холинолитиктер
*антиферменттер
*адреномиметиктер
*+антигистаминдер
*глюкокортикостероидтар
#807
*!26 жастағы науқас бетінде, мойнында, денесіндегі бөртпеге, терісінің қышуына шағымданды. Жедел ауырды, мұны тағаммен грейтфруктты қабылдағанымен байланыстырады. Бірінші майда нүктелі бөртпелер беті мен мойнында, сосын іші мен арқасына таралды, бул терінің қышуымен, беттің қызаруымен, мұрынның бітелуімен қатар жүрді. Жағдайы орташа ауырлықта. Бетінде, мойнында, денесінде майда нүктелі бөртпелер. Өкпесінде везикулярлы тыныс, тыныс жиілігі минутына 19 рет. Жүрек үні айқын, ырғағы ритмді. Жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. АҚ 100/70 мм рт.ст.
Азық-түлік аллергиясы есекжемде аталған препараттың қайсысын тағайындау ең орынды?
*диклофенак
*но-шпа
*кетонал
*+супрастин
*фезам
# 808
*! 9 жастағы науқас баланың шағымдары: температурасының 39 С градусқа дейін көтерілуі, іріңді қосылысты көптеген буллалардың пайда болуы. Анамнезінде вакцина қабылдаған.
Қандай симптом Лайелл синдромын қою үшін диагностикалық критерийі болып табылады?
*+ Никольский белгісі оң
* Курвуазье белгісі оң
* Мендель белгісі оң
* Керниг белгісі оң
* Ласег белгісі оң
# 809
*!7 жасар балада сульфаниламидті қабылдағаннан кейін температурасы 39 С градусқа дейін көтерілді. Терісінде папулезді-везикулезді бөртпені қамтыған генерализацияланған мультиформалы эритема.
Стивенс-Джонсон синдромы кезінде қай препарат ең тиімді?
*холинолитиктер
*антиферменттер
*адреномиметиктер
*антигистаминдер
*+глюкокортикостероидтар
#810
*Ер адам 53 жаста есімді науқас жедел медициналық көмек алу үшін жүгінді. Білезік буынының сыртқы жағында, аяғында, ауыз қуысының шырышты қабатында, ернінде қызыл түсті бөртпелерге сілекей ағуына, ауызын ашқанда қатты ауру сезіміне шағымданды. байқалады. Анамнезінде: жедел ауырды, температурасы 37,5 градусқа дейін көтерілді, басын қатты ауыру сезімі мазалады. Селқостық, тамағында, бұлшықеттерінде, буындарындағы ауру сезімі мазалады. Өз еркімен бисептол және ампицилин қабылдады. Екі күннен соң қолының артында, сирағында, табанында, жолақтар мен көпіршіктер пайда болып, белінің терісінее және ауыз қуысына таралды. Үш күннен соң ауыз қуысындағы және еріннің қызыл шекарасындағы көпіршіктер жарылып, оның орнында қатты ауыратын эрозия пайда болды. Осы науқасты емінде қайсы препарат ең тиімды.
*кетонал
*аспирин
*супрастин
*парацетамол
*+преднизалон
#811
*!38 жастағы ер адамда жедел медициналық көмекке температурасының 39-40 ˚С градусқа көтерілуіне, басының ауруына, буындарындағы, тамағындағы, терісіндегі сонымен қатар шырышты қабаттағы ауру сезіміне, спецификалық бөртпеге шағымданды. Бөртпе ашық көк-сұр түсті, жанасқанда ауру сезімді. Дененің зақымданған бөлігіне әсер еткенде, тері ірі қабыршақты болып түседы. Оның орнында үлкен қанды сұйықтықпен толған күлдіреуіктер пайда болады. Осы науқасты емінде қайсы препарат ең тиімді?
*димедрол
*адреналин
*цефозалин
*парацетамол
*+преднизалон
#812
*!Əйел ала 49 жаста жедел медициналық көмекке көпіршіктің пайда болуымен сипатталатын эпидермистың ажырауына, папирус қағазына ұқсас теріге, шамалап күш түсіргенде эпидермистің ажырауына алып келеді. Эпидермистен ажыраған бөліктер қызыл және жылтыр, бірақ іріңді жағынды жоқ. Ажыраған эпидермис үлкен қабыршақты. Никольский симптомы оң. Осы науқасты емінде қайсы препарат ең тиімді?
*глюкоза
*димедрол
*эпинефрин
*жақпа жағу
*+преднизалон
#813
*!35 жастағы əйел адамда аз уақытта бисептолды қабылдағаннан соң температурасының 39 С градусқа дейін көтерілуіне, қызбаға дененің жоғарғы жартысындағы күйдірілген тәрізді сезімге шағымданды. Бірнеше сағаттан соң арқада және іште бірден гиперемия пайда болып, біртіндеп бір-бірімен қосылатын төменгі дәрежелі көпіршіктер пайда болды. Никольский симтомы оң. Науқасты кай бөлімге тасымалдау керек:
*аллергологиялық
*хирургиялық
*терапиялық
*госпитализациялау керек емес
*+реанимациялық
#814
*!4 айлық бала екінші АКДС вакцинасын еккеннен соң, 15 минут өткенде Квинке ісінуінің белгілері анықталды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші қолданасыз?
*+преднизолон 20 мг б/е
*натрий теосульфаты к/т
*эпинефрин 0,18% т/а
*супрастин 2% б/е
*полиглюкин к/т
# 815
*!1,5 жастағы бала АКДС вакцинасынан кейін бірінші тәулік соңында температурасы 38 С қа дейін көтерілді. Инъекция жасалған жерде аңғарылмайтын ісіну байқалады. Вакцинаға қалыпты реакция кезінде қайсы препаратты қолданған тиімді?
*адреналин
*супрастин
*преднизолон
*+парацетамол
* аспирин
# 816
*!1 жас 2 айлық бала қызылша, қызамық, паротитке қарсы вакцинаны салғаннан соң 15 минут өткенде сөйлеудің қиындауы, тілдің айқын ісінуі, дауыстың қарлығуы және үрген тәрізді жөтелге шағымданды. Гемодинамикасы қалыпты. Квинке ісінуінде қай препарат ең тиімді.
*холинолитиктер
*антиферменттер
*адреномиметиктер
*антигистаминдер
*+глюкокортикостероидтар
#817
*!4 айлық балаға балалар емханасының егу бөлмесінде АКДС вакцинасының 2-ші екпесін жасады. Кенеттен бала мазасызданды, бірден бозарды, ентігу пайда болды, терісінде есекжем типті бөртпе пайда болып, есін жоғалтты. Анафилактикалық шок кезінде төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші қолданасыз.
*+адреналин 0,1%03 т/а
*димедрол 1% 02мл б/е
*преднизолон 20мг
*реополиглюкин к/т
*нашатыр спирті
#818
*!25 жастағы ер адам, селқостыққа, температурасының 40 С градусқа дейін көтерілуіне, басының ауруына, теріде көпіршіктер пайда болды, ауызын ашу кезінде кенеттен ауырды, көздегі ауру және іріңді бөлініске шағымданды. Анамнезінде өз еркімен сумамедті қабылдаған, жедел респираторлы аурумен байланысты. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Білегінде, сирағында, табанында, білезігінде, бетінде, жыныс мүшелерінің терісінде дақты және 2 сантиметр диаметрде қызғылт түсті папула. Көпіршік серозды қосылысты. Тынысы қатаң, аздап құрғақ сырылдар байқалады. Тыныс жиілігі минутына 18 рет. Жүрек соғу жиілігі минутына 96 рет. АҚ 100/60мм сын.бағ.
Бұл жағдайда қай препарат тиімді қолданылады?
*атропин т/а
*супрастин б/е
*кетотифен таб
*эпинефрин
*+дексаметазон к/т
# 819
*!21 жастағы науқас әйелде кенеттен болған терісінің ауруына шағымданды. Анамнезінен: Азитромицин қабылдағаннан кейін 4 күннен соң науқаста әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы, құсу, бұлшықеттің ауруы, температурасының 38,5-40˚С дейін көтерілді. Содан кейін теріде қышынумен сипатталатын есекжем тәрізді бөртпе пайда болды. Күлдіреуіктермен қатар мен қатар қызыл дақтар және көпіршіктер пайда болды. Объективті жағдайы ауыр. Терілік процесс жайылған. Серозды қосылысты жағымсыз көпіршіктер саны көп. Никольский симптомы оң. Тері «қайнаған сумен күйген» тәрізді. Потологиялық процесс ауыз қуысының шырышты қабатын конъюктиваны мұрын және жұтқыншақты, генеталийді қамтыған.
Төмендегі препараттардың қайсысы осы науқас үшін ең тиімдісі болып табылады?
*холинолитиктер
*антиферменттер
*шотқа қарым терапия
*антибактериальді теиспия
*+глюкокортикостероидтар үлкен дозада
#820
*!Бала 2 айлық.ОПВ + гепатит В + АКДС профилактикалық вакцинация жүргізілді. Вакцинация кейін 3 күннен соң температураның кенеттен 39-40°С дейін көтерілу, терінің барлық дерлік бетінде ірі көпіршіктер пайда болды. Терінің жұқа,механикалық күш түсіргенде оңай жыртылатын болігінде «малынған киім» (теріге тигенде оңай мыжылады) симптомы оң. Сондай-ақ, ауыз қуысының, зәр шығару жүйесінің шырышты қабаты тартылған. Тері «қайнаған сумен күйген» ұқсайды. Стивен-Джонсон синдромымен қай бөлімшеге госпитализациялау керек:
*аллергиялық
*хирургиялық
*тарапиялық
*госпитализациялау қажет емес
*+реанимациялық
#821
*!Бала 7 жаста.БЦЖ вакцинсын профилактикалық егуден кейін 4 күн өткен соң бас ауруы, құсу, әлсіздік, ангина, безгекке шағымданды. Осы белгілері басталғаннан соң 3 күннен кейін іштің терісінде және аяқта ісінген, анық шектеулі, диаметрі 3 см, қызғылт-қызыл, дөңгелек пішінді, екі бағыты бар: ішкі (сұр-көгілдір түсті орталығында көпіршігі бар, толтырылған серозды немесе геморрагиялық қосылысты) және сыртқы(қызыл) ауыздың шырышты қабатында сарғыш-сұр түсті жабындымен жабылған жазық папула пайда болды. Бөртпе қышынумен сипатталады
Қандай препараттар Стивенс-Джонсон синдромы емдеу ең тиімді?
*аспирин
*димедрол
*супрастин
*кетотифен
*+преднизалон
# 822
*!6 жастағы бала АДС вакцинасын салғаннан соң, 5 минут өткеннен кейін әлсіздік, кеудесінің қысу сезімі,ауаның жетіспеушілігі, ауыр жөтел, қорқыныш сезімі пайда болды. Содан кейін цианозбен сипатталатын бозару, тыныс алудың қиындауының салдарынан есін жоғалтты Анафилактикалық шок кезінде төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші қолданасыз?
*+эпинефрин 0,18%
*дексаметазон 2мг т/і
*реополиглюкин
*супрастин 2% б/е
* димедрол 1% б/е
# 823
*!18 жасар науқас қыз бүкіл денесіндегі терідегі бөртпелерге, мұрын бітелуіне шағымданады.Жағдайының төмендеуін дачадағы жұмыстармен байланыстырады, бөртпе қолынан басталып, мойын, іштің алдыңғы қабырғасының терісіне жайылған, температура 37,5 С көтерілген. Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Бет, қолында, ішінде көпіршікті қышумен жүретін біріккен сипатты бөртпелер. Терісін ұстағанда ыстық сезіледі.Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар байқалмайды. Жүрек тондары ритмді ЖСЖ минутына 90 рет, АД 120/80 мм.сын.бағ.
Жедел көмекте қандай амал тізбегі тиімді болып табылады?
*диклофенак
*+супрастин
*но-шпа
*кетонал
*фезам
*Аллергологиядағы жедел жәрдем*4*27*1*
#824
*!ШЫНАЙЫ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ СТАДИЯЛАРЫ
*жеделдеу
*созылмалы
*патогенетикалық
*+патохимиялық
*+иммунологиялық
*патоморфологиялық
#825
*!ШҰҒЫЛ КӨМЕКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРҒА ЖАТАДЫ
*+ Квинке ісінуі
*аллергиялық ринит
*аллергиялық васкулит
*+анафилактикалық шок
*жергілікті есекжем
*аллергиялық коньюнктивит
#826
*!ЕСЕКЖЕМ КЕЗІНДЕГІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР ТОБЫ
*бронхолитиктер
*антиоксиданттар
*адреномиметиктер
*бензодиазепиндер
*+антигистаминдер
*+глюкокортикостероидтар
#827
*!ЖЕДЕЛ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ЖАТАДЫ
*+ Квинке ісінуі
*стрептодермия
*мезгілдік поллиноз
*бронхиалді астма
*+анафилактикалық шок
*жүйелі склеродермия
#828
*!АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ КЕЗІНДЕГІ ТІН ЗАҚЫМДАЛУЫ ИММУНДЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЙ ТҮРІНЕ ТӘУЕЛДІ
*экзогендік
*реагиндік
*патохимиялық
*+цитотоксикалық
*иммунодефицитттік
*+иммунокомплекстік
# 829
*!КВИНКЕ ІСІНУІН БАСУ ҮШІН ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ МЫНА ПРЕПАРАТТЫ ТАҒАЙЫНДАУ ҚАЖЕТ
*атропин
*адреналин
*+супрастин
*кордиамин
*сальбутамол
*+преднизолон
# 830
*!МЕС ЖАСУШАЛАРЫНАН МЕДИАТРЛАРДЫҢ БОСАП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ АЛЫП КЕЛЕДІ
* цАМФ жоғарылауы
*артериолалардың спазмы
*+бронхоспазм
*қызару
*+тін ісінуі
*қышыну
# 831
*!АНТИГИСТАМИНДІ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ БІРІНШІ ҰРПАҒЫ
*+тавегил
*кларитин
*лоратадин
*цитиризин
*кларотадин
*+супрастин
# 832
ИНФУЗИОНДЫ ТЕРАПИЯ ҮШІН ЕҢ ТИІМДІ ПРЕПАРАТТАР
*гемодез
* альбумин
* желатиноль
* +полиглюкин
* аминқышқыл препараты
* +0,9% натрий хлориді
# 833
АНАФИЛАКСИЯЛЫҚ ШОК КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕҢ ТИІМДІ?
* Теріде ара уын қалдыру
* +шаққан жерге мұздай таңу
* Көктамырға пипольфен енгізу