Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*+тыныс жолдарындағы бөгде зат
*бронхиальді астма ұстамасы
*жалған круп ұстамасы
*жедел бронхит
*пневмония
#555
*!Науқас К., 58 жаста. Шағымдарын қиындықпен айтады. Шағымы: бір күннен асатын тұншығу ұстамасы, ентігу, оңай бөлінбейтін қақырықты жөтел, айқын әлсіздік. Ұзақ уақыттан бері бронхиальді астмамен ауырады, үнемі сальбутамол, серетид қабылдайды. Соңғы күндері сальбутамолды күніне 10 ретке дейін қабылдаған. Айтарлықтай нәтиже бермеген. Объективті: науқас қозған. Қимылы мен сөйлеуі қиындаған. Ортопноэ. Терісі ылғал. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. ТАЖ 35 р/мин. Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультцияда: өкпеде тыныс мүлдем естілмейді. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 125 р/мин., АҚҚ 150/100 мм.с.б.б
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*БА ұстамасы, орташа ауырлықта
*созылмалы обструктивті ауру
*демікпелік статус 1 ст
* демікпелік статус 2 ст
*+ демікпелік статус 3 ст
#556
*Әйел 35 жаста. Мамандығы аспаз. Алғашқы босануы кезінде кеудедегі қатты ауру сезімі мазалады. Кенеттен ентігу пайда болып, есін жоғалтты. Объективті: жағдайы ауыр, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы. Тынысы беткей, минутына 50 ретке дейін. Аускультацияда: кеуденің оң жақ бөлігіндегі тыныс әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырыл естіледі, төменгі бөлігінде дыбыссыз майда көпіршікті сырыл. Мойын веналары ісінген, пульс жіп тәрізді 100 р/мин. АҚҚ 90/40 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясында ІІ тонның ажырауы. Іші үлғайған, пальпацияланбайды.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*бронхиальді астма
*артериалық гипертензия
*ауруханадан тыс пневмония
*+өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
#557
Науқас К., 30 жаста. Кешке қарай көшеден табылды, жалпы жағдайы ауыр. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының айқын бозғылттануы байқалады. Күш көрсету белгілері жоқ. Аузынан алқызыл түсті қан ағуда. ЖСЖ 120 р/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б
Науқаста қай асқыну дамуы мүмкін?
*асқазан-ішек жолынан қан кету
*кеуде торының жарақаты
*+өкпеден қан кету
*өкпе ісінуі
*ӨАТЭ
#558
*!40 жылдан бері темекі шегетін науқастағы үнемі қайталанатын қан аралас қақырықты жөтел, жарты жыл көлемінде дене салмағының 20 кг төмендеуі, әлсіздік, физикалық күштеме кезінде пайда болатын ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз, ҚҰЖ жоғарылауы қай патологияга тән?
*бөліктік пневмонии
*бронхиальді астма
*+өкпе рагы
*ӨАТЭ
*ӨСОА
*Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар *3*72*2*
#559
*!Жедел жәрдем машинасымен, бронх демікпесімен ауыратын 22 жасар науқас жеткізілді. Түскенде қозған, дене температурасы 36,7 градус С, ЖЖЖ 120 минутына, ТАЖ минутына 32. Аускультацияда: тыныс бірден әлсіреген, жекелеген құрғақ сырылдар.Тәулік бойы 15 рет беротек ингаляциясын алды.
Бұл жағдайда науқасқа төменде аталғандардың қайсысы қарсы көрсеткіш болады?
*кортикостероидтар
*оттегімен ингаляция
*парентералді эуфиллин
*көктамырға регидратация
*+симпатомиметиктердің дозасын көбейту
#560
*!Науқас,асылудан кейінгі жағдай. Объективті: ес түссіз, спонтандытыныс, тырысулар. Тері бозданған. Мойынында странгуляциялық жүлгелері бар.
Төменде аталғандардың қайсысы науқасқа ең маңызды болып табылады?
*бемегрид, дәрігерге актив қалдыру
*cедуксен, оқиға болған жерде қалдыру
*ешқандай іс шараларсыз госпитализация
*+cедуксен, ӨЖЖ, стационарға тасымалдау
*кордиамин, кофеин, оқиға болған жерде қалдыру
#561
*!Бала 2 жаста тамақ ішкенде қақалып, көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады. Жедел жәрдем дәрігері тыныс жолдарында бөгде зат байқады.
Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
*өкпені жасанды желдендіру
*Геймлих әдісі, оксигенотерапия
*тырысуға қарсы препараттар енгізу
*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация
*+шұғыл коникотомия, асфиксия болса трахеостомия
#562
*!Ер адам 43 жаста, тамақ ішіп отырып қақалып қалды және көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады.
Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
*+Геймлих әдісі
*өкпені жасанды желдендіру
*тыныс аналептиктерін енгізу
*тырысуға қарсы препараттар енгізу
*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация
#563
*!Өкпе эмфиземасы бар зейнеткерде, есінің жоғалуымен бронхообструктивті синдром пайда болды.
Аталғандардың қайсысы асқынулардың ЕҢ негізгі себебі болуы мүмкін?
*кеңірдектің интубациясы
*2,4% эуфиллин ерітіндісін көктамырға енгізу
*ингаляционды глюкокортикостероидтарды қолдану
*+омнопон енгізу және седативті дәрілік заттарды беру
*кортикостероидтарды және қысқа әсерлі бета 2 агонистерді қолдану
#564
*!Науқас 45 жаста. Кеудеде ауыру сезімге тыныстарылуына шағымданады. 1сағат бұрын подьезде кеуде торына пышақпен жарақат алған. Объективті өарағанда: алдыңғы қолтықасты сызығы бойынша VII қабырғада оң жақ кеудеде пышақ кірген, көлемі 1х4 см. Аускультацияда оң жақта тыныс бірден әлсіреген, ТАЖ мин 22. Артериальді қысымы 80/60 с.б.б. Пульс жіптәрізді, ЖСЖ 120 минутына. Іші жұмсақ,уру сезімінсіз.
Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?
*миішілік қысымды азайту және ми ісінуін төмендету
*жараның айналасына новокаинді блокада жасау, эуфиллин енгізу
*Школьников бойынша блокада, гепарин енгізу, қысып тұратын асептикалық таңғыш
*қысып тұратын асептикалық таңғыш салу, профильді стационарғашұғыл госпитализация
*+полиглюкин, викасол не дицинон енгізу, қысып тұратын асептикалық таңғыш салу
#565
*!7 жасар балада жоғары тыныс жолдарында тұрып қалған бөгде зат, асфиксия дамуына алып келді. Объективті: бала ес түссіз, тері жамылғысы көгерген.
Аталғандардың қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
*трахеостомия
*Heimlich тәсілі
*+коникопункция
*крикотиреотомия
*корнцангпен бөгде затты алу
#566
*!Бала 4 жаста. Екінші күн ауырып жатыр. Аурудың басында дауысы өзгеріп, содан соң үрген тәрізді жөтел пайда болды. Объективті: баланың жағдайы өте ауыр, адинамиялық. Терісі сұр бозғылт, бұлшықет гипотониясы. Тынысы жиі, беткей, кеуде қуысының шұңқырларының тартылуынсыз. Пульс әлсіз, жіптәрізді. Жедел жәрдем дәрігері круптың 4-ші дәрежесін тапты, ол консервативті терапияға жауап бермеді.
Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
*коникотомия жасау
*+трахеотомия жасау
*маскалық наркоз жасау
*шұғыл кеңірдек интубациясы
*реанимациалық іс-шаралар жасау
#567
*!Отбасылық дәрігер науқаста қалтырау, әлсіздік, көп тер бөліну, кеуде торының оң жағында ауру сезімі, қоңыр, иісі жағымсыз қақырық бөлінуі, ентігу шағымдары бойынша үйге шақырылды. Анамнезінен: алкоголь ішкен соң далада ұйықтап қалып ауырған. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: науқас жағдайы ауыр, акроцианоз, ентікпе, тамақтануы төмен, күтімі жоқ,кеуде торының оң жағында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар, перкуссияда жоғарғы оң жақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы.
Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
*бөлімшелік терапевтті үйге шақыру, метрогил инъекциясын жасау
*+жедел жәрдем машинасын шақырту және шұғыл ауруханаға жатқызу
*стационарды үйде орналастыру және күнделікті медбикенің қарауы
*кефзол 1 г тәулігіне б/е, гентамицин б/е, гемодез к/ітамшылатып
*ампициллин 2 грамм тәулігіне, кордиамин, сульфокамфокаин инъекциясы
#568
*!Науқас 58 жаста. Бронхоэктаздық ауруымен, қызбамен оң жақ бүйірімен жатқанда көп мөлшерде іріңді, иісі жағымсыз қақырық бөлінуіне шағымданады.
Аталғандардың қайсысы тиімді болып табылады?
*микротрахеостома салу
*емдік бронхоскопия, постуральді дренаж
*бронхоөкпелік лаваж, санаторно-курорттық ем жылына бір рет
*жүйелі глюкокортикостероид, қақырықтүсіргіштер, ұзақ әсерлі бета 2 агонисттер
*+ кең спектрлі антибиотиктер, қақырықтүсіргіш және бронхолитикалық заттар
#569
*!Науқас 49 жаста. Шағымдары: әлсіздік, ентігу, бас ауруы, жөтел қиын бөліністі қақырықпен. Анамнезінде жағдайының ауырлауы 6 сағат бұрын басталды. Беротек ингаляциясын қабылдаған – әсері жоқ. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Тері жамылғысы цианозды. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу өкпенің барлық бөлігінде. ТАЖ 34рет/мин. ЖСЖ 92рет/мин. АҚ 130/90мм.сб.б. Жедел жәрдем дәрігерінің диагнозы: демікпелік статустың I дәрежесі.
Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?
*қысқа әсер ететін β2 агонистер, антибиотик
*+оттегі ингаляциясы, глюкокортикостероидтар
*зәр айдағыш препараттар, оттегі ингаляциясы
*спазмолитиктер, сұйықтықтарды тамырішілік инфузия
*ингаляциялық глюкокортикостероидтар, антибиотик
#570
*!Науқас әйел 47 жаста. Жас кезінен бастап бронх демікпесімен ауырады. Үнемі бронх кеңейткіш дәрәләк заттарды қолданады (ингалятор). Өзінің қаралатын дәрігері сальбутамол (альбутерол) ұсынған, тұншығу ұстамасын жақсарту мақсатында. Бірақ кейінгі уақытта науқасқа сальбутамолды күн сайын күндіз де, түнде де (2-3 рет түнде) қабылдауға тура келді.
Аталғандардың ішінде қай дәрілік затты тағайындау ЕҢ маңызды болып табылады?
*в- блокатор
*антибиотиктер
*пролонгирленген теофиллин
*жүйелік глюкокортикостероид
*+ингаляциялық кортикостероидтар
#571
*!42 жастағы науқас ентігуге, жүрек қағу сезіміне, бас айналуға шағымданады. Анамнезінде 3 жыл көлемінде бронх өкпелік сырқатпен ауыратындығы белгілі. Зиянды әдеті: темекі шегу
Бронх кеңейткіш әсері ЕҢ айқын препаратты қолданыңыз
*диуретики
*м-холиномиметики
*н-холиномиметики
*b-адреноблокаторы
*+b2-адреномиметики
#572
*!12 жастағы науқас тыныс алудың қиындауымен, тыныс тоқтауы ұстамасымен жедел көмек бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Объективті: тері жамылғысы бозарған және ылғалдылығы жоғары, тыныс алғанда мойын бұлшық еттерінің қатысады, тері жамылғысының цианозы, бөшке тәрізді кеуде торы.
Аталған жағдайдың МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз
*қан құю
*жүрек ақауы
*пневмоторакс
*+ларингоспазм
*кеуде қуысы жарақаты
#573
*!Науқас 36 жаста. Шағымдары: ауа жетіспеу сезімі, тынысының қиындауы, бас айналу. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы. Тері жамылғысы цианозды. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин.
Осы науқасқа ЕҢ НӘТИЖЕЛІ емді қолданыңыз
*беротек+фурагин
*+беродуал+будесонид
*кеторолак+эпинефрин
*нитроглицерин+атровент
*сальбутамол+ацетилцистеин
#574
*!35 жастағы науқас жедел көмек бригадасымен госпитализацияланды. Науқаста дем шығарудың қиындауымен қосарласқан ентігу, мазасыздық, ысқырықты дистанционды сырылдар.
БД ұстамасын емдеуде дұрыс деп саналатын ЕҢ таңдаулы препарат
*ГКС ингаляторлары
*b1 және b2 агонистер
*ұзақ әсерлі b2- агонисттер
*+ қысқа әсерлі b2 - агонистер
*антихолинергиялық препараттар
#575
*!45 жастағы науқаста бронх демікпесінің өршу сатысы диагностикаланды.
Бронх демікпесінің кез-келген ауырлық сатысының өршу кезеңінде қолданылатын ЕҢ НӘТИЖЕЛІ ем құрамына кіреді
*эуфиллин көктамырға
*эуфиллин таблетка түрінде
*ингаляциялық холинолитик
*ингаляциялық глюкокортикостероид
*+ қысқа әсерлі ингаляциялық b2- агонистер
#576
*! 25 жастағы науқас ентігуге, тамағындағы ауру сезіміне, даусының қарлығуына, дене температурасының 38,5С дейін жоғарлауына шағымданды. Науқасқа – «Ларинготрахеит, көмей стенозы, I дәрежесі» диагнозы қойылды.
Шұғыл көмек мақсатында НӘТИЖЕЛІ ПРЕПАРАТ
*оттегі
*эуфиллин
*глюкокортикоид
*+сілтілі ингаляция
*кеңірдек интубациясы, ӨЖЖ
#577
*!10 жастағы науқас ентігуге, тамағындағы ауру сезіміне, даусының қарлығуына, қатаң жөтелге шағымданды.Науқас мазасыз, мұрын қанаттары керілген, акроцианоз, дем алу кезінде қабырға аралық аймақтардың тартылуы анықталады. ЖСЖ-100/ мин.
Көмейдің II дәрежелі стенозымен асқынған ларинготрахеит кезінде ЕҢ алғашқы көмек
*эуфиллин
*стимуляторлар
*антибиотиктер
*+глюкокортикостероидтар
*қақырық түсіретін препараттар
#578
*!Науқаста ентігу, жүрек қағу, бас айналу. ДШПЖ (дем шығарудың пикті жылдамдығы) кенет төмендеген.
БД орташа ауырлық дәрежесіндегі науқасқа АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
*преднизолон, эуфиллин, оттегі
*интал, эуфиллин, преднизолон
*эуфиллин, преднизолон, задитен
*пульмикорт, кислород, эуфиллин
*+сальбутамол, эуфиллин, преднизолон
#579
*!Науқас 49 жаста. Ентігуге, әлсіздікке, дистанционды ысқырықты сырылға шағымданған 49 жастағы науқасқа бронх демікпесі диагнозы қойылды. Анамнезінен: 10 жыл бұрын ӨСОА диагнозы қойылғандығы анықталды.
Төмендегі бронхообструкция себептерінің қайсысы ЫҚТИМАЛДЫ?
*кәрілік жас
*туберкулез микобактериясы
*+бронх қабырғасының склерозы
*тамақтанудың режимін сақтамау
*кіші қан айналым шеңберінде гипертензия
#580
*!Ентігуге, әлсіздікке, дистанционды ысқырықты сырылға шағымданған науқасқа бронх
демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі диагнозы қойылды. b2-адреномиметиктер нәтижесіз.
НӘТИЖЕЛІ ингаляциялық ГКС көрсетіңіз
*интал
*+будесонид
*преднизолон
*мометазон фуроат
*флутиказона пропионат
#581
*!Науқаста жөтел, диффузды цианоз, үдемелі бронхообструкция. Демікпелік статус диагностикаланды.
ЕҢ НӘТИЖЕЛІ болып табылады
*атропин
*дифенгидрамин
*b-блокаторлар
*стимуляторлары
*+кортикостероидтар
#582
*! Науқас 60 жастағы науқас тынысының қиындауына, ауа жетіспеу сезіміне шағымданады. Ұстамалар айына 2 рет. Жағдайының осы нашарлауы 2 сағат бұрын пайда болып, психоэмоциональды жүктемеден соң дамыған. Сальбутамол ингаляциясын қолданған, нәтижесіз. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы күйде. Тері жамылғысы цианозды. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин. АҚҚ 130/90 мм.рт.ст.
Психоэмоциональды қозумен демікпелік статуста қандай препарат ЕҢ нәтижелі?
*конкор
*морфин
*промедол
*каптоприл
*+дроперидол
#583
*!Бронх демікпесінің жеңіл сатысы диагностикаланған науқасқа бронхолитиктер тағайындалған.
АСА жиі қолданылатын бронхолитиктер
*атропин,атровент
*+вентолин,беротек
*эпинефрин,мезатон
*преднизолон,изадрин
*пульмикорт,фуросемид
#584
*!Науқас Г., бронх демікпесінің ауыр сатысы диагностикаланды.
ЕҢ нәтижелі емдеу схемасын қолданыңыз
*будесонид+кеторолак+пирацетам
*анальгин+парацетамол+атровент
*преднизолон+эпинефрин+лидокаин
*+беродуал+преднизолон+будесонид
*пульмикорт+кальция глюконат+лазикс
#585
*! Бронх демікпесінің орташа ауыр сатысы диагностикаланған 7 жасар науқасқа ингаляциялық ГКС тағайындалды.
СӘЙКЕС КЕЛЕТІН тәуліктік мөлшерін көрсетіңіз
*5-10мг
*10-20мг
*+50-200мг
*250-400мг
*600-800мг
#586
*! Науқас 50 жаста. 39 жасынан туберкулезбен ауырады. Ретсіз ем қабылдайды. Науқас өкпеден қан кетіп тыныстың тоқтауына байланысты есін жоғалтты, бірақ жүрек жұмысы сақталған. Төменде аталғандардың қайсысы науқас үшін ТИІМДІРЕК болып табылады?
*тыныстық аналептиктер енгізу
*«ауыздан ауызға»жасанды тыныс
*айналымдағы қанды қалпына келтіру
*+ тыныс жолдарын қан ұйындысынан тазарту
*жасанды тыныс және тікелей емес жүрек массажын бастау
#587
*! Науқас Н. 65 жаста, қозғалғанда күшейетін алқызыл қан аралас қақырықпен жөтелге шағымданады. Анамнезінде: өкпе ауруына байланысты мекен-жайы бойынша бақыланады, жақында өкпесіне ота жасатқан. Жүрек ауруына байланысты аспирин қабылдайды. Объективті: тәбеті нашар, тері жабындылары бозғылт, ЖСЖ 100 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.с.б.
Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
*седативті препараттар
*тыныс аналептиктері
*жүрек гликозидтері
*эуфиллин енгізу
*+дицинон енгізу
#588
*!Ұл бала, 2 жаста. Кешеден бастап дене қызуы 37,2 С-қа дейін көтеріліп, мұрнынан көлемді серозды бөлінді пайда болған.Объективті: мұрнының айналасында мацерация(күлдіреу) байқалады, жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарған. Жүрек тондары естіледі, ритмді. Өкпе перкуссиясында ашық өкпелік дыбыс естіледі, аускултацияда – везикулярлы тыныс. Альацияда іші ауырсынусыз, жұмсақ. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Зәр шығару мен үлкен дәреті қалыпты.
Тұмау кезінде көрсетілген дәрілер арасына ЕҢ маңыздысы (бірінші кезекте) қайсысы болып табылады?
*ибупрофен
*рибавирин, виферон
*ацикловир, интерферон
*+лейкоцитарлы интерферон
*озельтамивир және интерферон
#589
*!12 жастағы бала кеудесіне оқ тиген, өте ауыр жағдайда жатыр. Жедел тыныс жетіспеушілігі мен шоктың клиникасы айқын байқалады. Жедел жәрдем дәрігері шұғыл жедел көмек көрсету барысында ашық пневмоклероз деп болжама диагноз қойды.
Көрсетілгендер ішінде науқасқа ең маңыздысы қай әрекет?
*ӨЖЖ жасау
*Бюлау бойынша дренаж қою
*+окклюзионды таңғыш қою
*плевральды пункция жасау
*ауырсыну сезімін басу, оксигенотерапия жүргізу
#590
*!Науқас 18 жаста. Жарақатынан қан ағуына, кеудесінднгі ауру сезіміне шағымданды. Анамнезінен: жедел жәрде бригадасын полиция қызметкерлері шақырған. Науқас көше бұзықтарынан кеудесіне пышақтық жарақат (проникающее- ойық) алған. Объективті: кеудесінде пышақтық ойық жарақат, оң жақта алдыңғы қолтық сызығынан 7 қабырғааралықта 1*4 өлшемінде орналасқан. Аускультацияда: оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, тыныс алу жиілігі 22 рет минутына.АҚҚ 80/60 мм.сын.бағ.. Пульсі жіп тәрізді.ЖСЖ 120 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
Науқасты емдеуде ЕҢ дұрыс тәсіл қандай?
*гепарин, трамадол енгізу, NaCl физиологиялық ерітіндісін енгізу
*cутегі асқын тотығымен жуу, басып тұратын асептикалық таңғыш
*эуфиллин, изотониялық ерітінді енгізу, стационарға шұғыл жеткізу
*ауырсынуды басатын дәрілер енгізу, басып тұратын асептикалық таңғыш
*+полиглюкин, викасол және дицинон, басып тұратын асептикалық таңғыш
#591
*! Науқас Т. 63 жаста, алқызыл қан бөлінетін, қозғалған кезде күшейетін жөтелге шағымданды. Анамнезінен: тұрғылықты жері бойынша өкпе ауруымен есепте тұрады, жақында өкпесіне операция жасалды. Жүрек аурумен ауырады, аспирин қабылдайды. Объективті тексеруде: тамақтану төмендеген, тері жабындысындағы бозару, ЖСЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ...
Көрсетілгендер ішінде науқастың жағдайын жақсартатын ең тиімді әрекет қайсысы?
*тыныстық аналептиктер, викасол, кетанал.
*қысқа әсерлі бета-2 агонистер, жүректік глиозидтер, кеудесіне суық басу
*ауырсыну сезімін басатын препараттар, реополиглюкинді тамырға енгізу
*+ қимыл-қозғалысты азайту, сөйлетпеу, дицинон, кеудеге суық басу
*көктамырға физиологиялық nacl ерітіндісін енгізу, жүректік глиозидтер
#592
*!Бала майда ойыншықтармен ойнап отырып кенет жөтелдi, тыныс алғанда алыстан естiлетiн сырыл бар.
Төменде аталған әрекеттердiң ішінде қайсысы науқасқа ЕҢ тиімді?
*жасанды тыныс
*жүректің жабық массажы
*+жедел госпитализация
*емханаға актив тастау
*тез арада кеңiрдек интубациясын жасау
#593
*!Науқас 28 жаста. Маңдай және самай бөлігінің ауыруына,әлсіздікке,енжарлық,мұрнының бітуіне,денесінің сырқырауына,сирек құрғақ жөтелге,дене температурасы 39,1ºС қа көтерілуіне шағымданады.Объективті: беті ісінген,қызарған.Склерит, конъюнктивит байқалады. Ауыз жұтқыншақтың шырышы қызарған,ұсақ дәнді айқын ісінген.Жүрек жұмысы қалыпты.Өкпесінде қатаңдаған везикулярлы тыныс. Аденовирусты инфекция диагнозы қойылды.