*менингит
*иерсиниоз
*+ЖРВИ, тұмау
*вирусты гепатит
*менингоэнцефалит
#908
*! Қыз 17 жаста, жедел ауырған: дене қызуы 38,2º С дейін көтерілген, бас ауру, бұлшық еттер мен буындарында ауырсыну, жұтыну кезінде тамақтағы ауру сезімі, мұрынның бітелуі, көздің ащуы, жас ағу болды. Жағдайы қанағаттанарлық. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы кілегейлі – іріңді бөліндімен қапталған. Оң көздің конъюнктивасы айқын гиперемирленген, ісінген. Жақ асты, мойын лимфа түйіндері 1 см диаметрге дейін ұлғайған.
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*+ЖРВИ
*менингит
*иерсиниоз
*вирусты гепатит
*менингоэнцефалит
#909
*! Жігіт 15 жаста, жедел ауырған: бастың ауыруы, енжарлық, тұмау, мұрынның бітелуі, тамақтың қышу сезімі пайда болды. Келесі күні интоксикация күшейіп, даустың қырылдауы, құрғақ жөтел қосылды. Температура 37,6 С. Жұтқыншақтың кілегейлі қабаты гиперемирленген, мұрын арқылы тынысы қиындаған, шырышты-серозды бөлініспен.
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*+ЖРВИ
*менингит
*иерсиниоз
*вирусты гепатит
*менингоэнцефалит
#910
*! Бала 3 жаста, анасының айтуы бойынша әлсіздік, енжарлық, температура 38,5С мазалайды, екі рет қабылданған тамақпен араласып құсқан. Қарап тексеру кезінде баланың жағдайы орташа ауырлықта, жұтқыншақтың кілігейлі қабаты гиперемирленген, мұрын арқлы тынысы қиындаған және кілігейлі – серозды бөлінділер бар. Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ. Шүйде бұлшық ет ригидттілігі аздап көрінеді, басқа менингеальді симптомдар теріс..
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*+ЖРВИ менингизм көріністерімен бірге
*ЖІИ жедел гастроэнтерит
*энцефалит
*менингит
*ЖМҚЖ
#911
*! Жігіт 20 жаста ЖМК бригадасын жатаханаға шақырған. Шағымдары: бас ауыруы, әлсіздік, бұлшық еттегі ауырсыну сезімі. Жедел ауырған, дәрігерге қаралмаған, өз бетінше дәрі қабылдамаған. Қарау кезінде АҚ -110/80мм.сын.бағ., ЖСЖ- 100 рет мин, Т-400С,менингельді белгілер теріс, жұтқыншақ кілегей қабаты аздап гиперемирленген.
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*менингит
*иерсиниоз
*+ЖРВИ, тұмау
*вирусты гепатит
*менингоэнцефалит
#912
*! Қыз 2 жаста, жақын арада кешке ауырған, дене қызуы 380С дейін көтерілген, ауыз-жұтқыншақ және конъюнктива гиперемиясы, тұмау. Түнге қарай дене қызуы 40,10С дейін көтерілді, терісі бозарған, аяқ-қолдың дистальді аймақтары ұстап қарағанда суық. Балаға парацетамол 2,5 мл. дозада беріп, температурасы түспеген. 103 шақырған.
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*менингит
*менингоэнцефалит
*энтеровирусты инфекция
*ЖРВИ, тырысу синдромы
*+ЖРВИ, гипертермиялық синдром
#913
*!Еркек 28 жаста дауыстың қырылдауына, дөрекі үруші жөтелге, тұмауға, төс артында ауыру сезіміне шағымданды. Кеше ауырған, әлсіздік, жөтел мен тұмау пайда болды, температурасын өлшемеген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температура 37,5°С, бозарған, жұтқыншық аздап гиперемирленген, тынысы қатаң, құрғақ сырылдар.
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*+ЖРВИ
*менингит
*пневмония
*вирусты гепатит
*менингоэнцефалит
#914
*!Еркек 30 жаста. Аурудың бірінші күні. Басталуы жедел, температурасы 39,5°С, қалтырау, маңдай бөлігіндегі локализацияланған бас ауруы, тамақытың қышуы, мұрынның бітелуі. Беті гиперемирленген, склера тамырларының инъекциясы, конъюнктивит. Тынысы везикулярлы, жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс 100 рет. мин., АҚ 110/60. тілі гиперемирленген, жұмсақ таңдайдың түйіршіктенуі.
Төменде аталған болжам диагноздардан ЕҢ мүмкін?
*менингит
*иерсиниоз
*+ЖРВИ, тұмау
*вирусты гепатит
*менингоэнцефалит
#915
*!Ұл бала 11 жаста. Анасының айтуынша жедел ауырған.Шағымдары дене қызуының 39.0С жоғарлауына,басының ауруына,жеңілдік әкелмейтін құсыққа,әлсіздікке.Қарап тексергенде: адинамиялы, әлсіз, енжар.Тері жабындысы бозғылт,бөксе аймағы терісінде бірнеше геморрагиялық жұлдыз тәрізді бөртпе бар.Менингеальды симптомдар теріс.Шүйде бұлшықетінің регидтілігі бар.Айқын гиперестезия. T-39,5 ºС, ЖСЖ 120 р мин, ТЖЖ 24 р мин.
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*менингит
*энцефалит
*арахноидит
*+менингококкцемия
*геморрагиялық васкулит
#916
*! Ұл бала 14 жаста. Шағымдары қарқынды бас ауруына,көп реттік құсуға,әлсіздікке.Науқастанғанына үшінші күн болған,сол күннен бастап дене қызуы 390С жоғарылаған,мұрны бітелген,құрғақ жөтел мазалаған.Қарап тексергенде:есі есеңгіреген,әлсіз,гиперестезия бар. Шүйде бұлшықетінің регидтілігі үш көлденең саусаққа дейін,Брудзинский симптомы оң.Аңқасы қызарған,жабынды жоқ..
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*ЖРВИ, грипп
*ЖРВИ, жедел фарингит
*+ЖРВИ, жедел менингит
*ЖРВИ, септикалық жағдай
*жедел ми қан айналым бұзылысы
#917
*!Бала 2 ж., жедел ауырған, дене қызуып 390С дейін жоғарылыған, мазасыз,бір рет құсқан,8 сағаттан кейін анасы бөртпе байқаған.Қарап тексергенде: терісі бозарған,аяқтарында геморрагиялық бөртпелер бар,менингеальды симптомдар оң.
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*+менингококты инфекция, менингококкцемия, менингит
*энтеровирусты инфекция, экзантема, менингит
*пневмококты менингит
*геморрагиялық васкулит
*токсикалық тұмау
#918
*!Ер адам 23 жаста,науқастануының екінші кунінде жедел жәрдем бригадасымен ес-түссіз ауруханаға жеткізілді. Дене қызуы 39,2С. Шүйде бұлшықетінің регидтілігі.Брудзинский,Керниг симптомдары оң. Пульс 56 р мин, ырғақты. АҚҚ 100/70 мм с. б.
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*субарахноидальды қан құюлу
*бас ми сауыт жарақаты
*менигоэнцефалит
*+менингит
*іш сүзегі
#919
*!Ер адам19 жаста,жедел ауырған,дене қызуы 39С,қатты бас ауырып,құсқан.қарап тексеру кезінде аяқтарында геморрагиялық бөртпелер,склерасына қан құюлу анықталған.Шүйде бұлшық етттерінің регидтілігі,Керниг,Брудзинский симптомы оң
Менигококты инфекцияның клиникалық формасын көрсетіңіз:
*менингит
*назофарингит
*менингоэнцефалит
*менингококкцемия
*+аралас(менингит+ менигококкцемия)
#920
*!Ер адам 20 жаста, дене қызуының400С жоғарылаумен,қалтыраумен жедел ауырған.Аяқ-қолдарының дистальды бөлімінде майда геморрагиялық бөртпелер бар.Менингеальды симптомдар теріс.
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*тұмау
*менигит
*менигоэнцефалит
*+менингококкцемия
*аденовирусты инфекция
#921
*!Бала 9 жаста жедел ауырған.Шағымдары:дене қызуының39,8С жоғарлауына,басының ауруына,жеңілдік әкелмейтін құсыққа. Объективті: адинамиялы, әлсіз,енжар.Терісі бозғылт,бөксе аймағы терісінде бірнеше геморрагиялық бөртпелер бар.Менигеальды симптомдар теріс. T 39,7 ºС.
Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтималы?
*менингит
*энцефалит
*арахноидит
*+менингококкцемия
*геморрагиялық васкулит
#922
*! Әйел 32 жаста кеше кешке қалтыраудан, дене қызуы 39°С дейін көтерілуімен басталды. Бірнеше сағаттан кейін қарқынды бас ауруы, құсу, есінен тану болды. Объективті: жағдайы өте ауыр, ессіз, терісі бозарған, кеудесі мен бөксе аймағында көлемі әр түрлі, кей жерлерде біріккен, геморрагиялық бөртпелер. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі 3см, Керниг пен Брудзинский симптомдары айқын оң.
Төменде көрсетілген болжама диагноздардың Ең ықтималы?
*менингоэнцефалит
*геморрагиялық васкулит
*менингококкты инфекция, менингит
*менингококкты инфекция, менингококкцемия
*+менингококкты инфекция, генерализацияланған форма, менингококкцемия, менингит
#923
*!Ер адам 22 жаста,қатты бас ауруына, әлсіздікке, бұлшық ет пен буындарының ауруына, терісінде бөртпенің пайда болуына шағымданды. Ауырғанына үшінші күн. Бүгін жағдайы нашарлады: бас ауруы күшейіп, дене қызуы 40° С дейін көтерілді. Объективті: жағдайы ауыр, тежелген. Акроцианоз. Кеудесінде, аяқ-қолдарында әр түрлі формадағы диаметрі 2-3 мм, ортасында некрозы бар көп мөлшердегі геморрагиялық бөртпелер. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритм дұрыс. Пульс 140 минутына, толуы және кернеулігі әлсіз. АҚ 55/30 мм.с.б.
Төменде аталған диагноздардың ішіндегі ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ?
*геморрагиялық васкулит
*геморрагиялық қызба
*жедел миокард инфаркты, кардиогенді шок
*медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок
*+менингококкты инфекция, менингококкцемия, жұқпалы-токсикалық шок
#924
*!Ер адам 20 жаста ауруының 2 күні бас ауруына, қалтырауға шағымданып, 103 шақырған. Объективті: жағдайы ауыр, температура 40,2°С. Адинамия, бозарған, еріннің шырышты қабатының цианозы. Жамбас және аяқ терісінде әр түрлі формадағы көп мөлшердегі геморрагиялық бөртпелер. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 130 минутына,толуы және кернеулігі әлсіз. АҚ 60/20 мм.с.б. олигурия.
*геморрагиялық васкулит
*геморрагиялық қызба
*жедел миокард инфаркты, кардиогенді шок
*медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок
*+менингококкты инфекция, менингококкцемия, жұқпалы-токсикалық шок
#925
*!Ұл бала 17 жаста. Бастың қатты ауруына, құсуға, жақында жедел ауырғанына шағымданды. Объективті: жағдайы ауыр, температура 400С. Тежелген, сұрақтарға біртекті жауап береді. Бір қырында басы артқа шалқайған, тізелерін ішіне қарай бүгілген күйде жатыр. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 80 рет минутына. АҚ 140/90 мм.с.б. Шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг симптомы айқын оң.
Аталған диагноздардың Ең ықтималы?
*субарахноидальды қан құйылу
*бас-ми жарақаты
*менигоэнцефалит
*+менингит
*бөртпелі сүзек
#926
*!Ер адам 23 жаста, ауруының 2 күні қаралған. Қатты бас ауруына, тамақ қабылдауына байланысты емес құсуға шағымданды. Объективті: жағдайы ауыр. Температура 39,80С. Терісінде бөртпелер жоқ. Есі анық. Шүйде бұлшық еттерінің айқын ригидтілігі. Керниг пен Брудзинский симптомдары оң.
Аталған диагноздардың Ең ықтималы?
*субарахноидальды қан құйылу
*бас-ми жарақаты
*менигоэнцефалит
*бөртпелі сүзек
*+менингит
#927
*!Ер адам 20 жаста. Кеше таңертеңгі уақыттан бері науқастанған: температура 39,8°С дейін көтерілуі, қатты бас ауруы, тамақ қабылдаумен байланысты емес құсу. Бүгін есінен танған. Объективті: жағдайы өте ауыр. Ессіз. Температура 40°С. Бөртпелері жоқ. Қимылдық қозу, қолдары мен аяқтарының тырысуы. Гиперестезия. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі айқын, Керниг пен Брудзинский симптомдары айқын оң. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритмді. Пульс 72 рет минутына. АҚ 160/100 мм.с.б. Жедел жәрдем дәрігері менингит диагнозын қойған.
Аталған асқынулардың ішіндегі Ең ықтималы?
* ми қан айналымның жедел бұзылуы
*субарахноидальды қан құйылу
*жұқпалы-токсикалық шок
*+бас миының ісінуі
*менингококкцемия
#928
*!Қыз 20 жаста. Дені сау бола тұра бірнеше сағат ішінде дене қызуы 40°С дейін көтеріліп, қатты бас ауруы мен көп реттік құсу қосылды. Дене қалпын өзгерткенде, күрт жарыққа және дауысқа бас ауруы күшейді. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі 2 көлденең саусаққа, Брудзинский және Керниг симптомдары әлсіз оң.
Төменде аталған диагноздардың Ең дұрысы?
*субарахноидальді қан құйылу
*бас-ми жарақаты
*менигоэнцефалит
*+менингит
*бөртпелі сүзек
#929
*!Ер адам 25 жаста. Медициналық пунктке бас ауруына, жүрек айну, құсуға, жарық пен дауыстарға сезімталдықтың жоғарылауына шағымданып келді. Жақында жедел ауырған.Объективті: жағдайы ауыр. Температура 40,8°С. Енжар, тежелген. Кеуде терісінде көп мөлшерде жұлдызшалы геморрагиялық бөртпелер. Пульс 104 минутына, ритмді. АҚ 110/60 мм.с.б. Жүрек тондары тұйықталған,ТАЖ 26 минутына. Өкпесінде везикулярлы тыныс сырылдар жоқ. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі айқындалған, Керниг симптомы оң.
Төменде аталған болжама диагноздардың Ең ықтималы?
*менингоэнцефалит
*геморрагиялық васкулит
*менингококкты инфекция, менингит
*менингококкты инфекция, менингококкцемия
*+менингококкты инфекция, генерализицияланған форма, менингококкцемия, менингит
#930
*!Ер адам 27 жаста. ЖРВИ байланысты 3 күн амбулаторлы емде болған. Кешке дене температурасы 39,7°С дейін жоғарылады. Сұрақтарға түсініксіз жауап береді. Бүкіл денедегі ауырсынуға шағымданады. Дене температурасы 37,5°С. Бет, кеуде, аяқ-қолдарының терісінде көп мөлшердегі экзантема, геморрагиялық элеменнтер басым. Балтыр терісінің айқын мәрмәр тәрізді болуы, акроцианоз. Пульс 120 рет минутына, толуы әлсіз. АҚ 70/40 мм.с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Менингеальды симптомдар жоқ.
Төменде аталған болжама диагноздардың Ең ықтималы?
*ЖРВИ, менингит
*ЖРВИ, менингоэнцефалит
*геморрагиялық васкулит
*+менингококкты инфекция, менингококкцемия
*менингококкты инфекция, генерализицияланған форма, менингококкцемия, менингит
#931
*!Ұл бал 16 жаста. Жақында кешке ауырып, әлсіздік, бас ауруын сезіп, бір реттік құсу болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Адинамия. Температуа 38°С. Тері жабындылары мен аңқасында гиперемия. Шүйде бұлшық еттері ригидті.
Аталған диагноздардың Ең ықтималы?
*+менингит
*энцефалит
*арахноидит
*менингококкцемия
*геморрагиялық васкулит
#932
*!Ұл бала 20 жаста. Жедел ауырды: температура 39°С дейін жоғарылаған, бас ауруы мен бұлшық еттің ауырсынуы пайда болған. 2 күні тамақ қабылдауына байланысты емес құсу қосылды, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі пайда болды.
Төменде аталған диагноздардың Ең ықтималы?
*+менингит
*энцефалит
*арахноидит
*менингококкцемия
*геморрагиялық васкулит
#933
*!Д, 13 жаста. Жедел ауырған, дене температурасы 38,9°С дейін жоғарылауы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі пайда болды. Аурудың 2 күні дене температурасы 40°С, жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу, бастың ауруы қосылды. Объективті: терісі таза, қабақ конъюктивасы гиперемияланған, склера тамырларының айқын инъекцияланған, аңқасында жайылған гиперемия, таңдайында энантема, ұрт шырышты қабығында көптеген тығыз қызыл жиегі бар ақ нүктелі түзілістер. Өкпесінде қатаң тыныс.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*+қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*желшешек
#934
*!Бала И, 5 жаста, 15 күн бұрын «аллергиялық бөртпесі» бар науқаспен байланыста болған. Ауруы жедел басталған, температурасы 38-39°С, конъюнктивит, жөтел, мұрыннан көп мөлшерде бөліністер, алдымен құлағының артында кейін кеудесі мен аяқ-қолдарында орташа-үлкен дақты ашық-қызыл бөртпелер пайда болды.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*+қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*желшешек
#935
*!Р, 9 жаста. Жөтелге, мұрын бітелуіне, бас ауруы, дене температурасының 40,5°С дейін көтерілуіне, жарықтан қорқуға шағымданады. 4 күн ауырып жатыр. Объективті: есі анық, енжар, беті ісінген, склерит. Құлақ артында және бет терісінде орташа дақты бөртпе, кей жерлерде бөртпелер біріккен. Аңқасында жайылған гиперемия, жұмсақ таңдайында энантема. Ұртының шырышты қабатында мөлшері көкнар түйініндей ақ дақтар. 15 күн бұрын бөртпелер бірінші күн шығарда қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болған. 1,5 жаста қызылшаға қарсы вакцина алған, ревакцинация болмаған.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*+қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*желшешек
#936
*!З есімді науқас, 4 жаста жедел ауырған, дене температурасы 38°С, бас ауруы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен ауырсынуы пайда болды. Осы күні бет пен кеудесінде бөртпелер пайда болды. Объективті: аңқасының шырышты қабатында шамалы гиперемия. Бөртпе ұсақ дақты, локализациясы бүкіл денеде, көп мөлшерде, көбінесе аяқ-қолдарының жазылатын беткейінде. Мойын артқы және шүйделік лимфа түйіндері 1,5 см-ге дейін, тығыздалған.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*+қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*желшешек
#937
*!9 жасар бала. Дене температурасы 39°С дейін көтерілуімен, мұрын бітелуімен жақында ауырған. Қарап тексеруде: температурасы 37,5°С, катаральды конъюнктивит, аңқа гиперемиясы. Бет, мойын, кеуде жоғарғы бөлігінің терісінде ұсақ дақты-папулезды бөртпе. Артқы мойын лимфа түйіндері ұлғайған.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*+қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*желшешек
#938
*!Бала 5 жаста, 6-шы тәулік ауырып жатыр. Жалпы жағдайының нашарлауы, дене температурасының 37,2°С дейін жоғарылауы, қышитын бөртпелер мазалайды. Объективті бастың шашты бөлігінде, бетте, денесінде, аяқ-қолдарында розеола түрінде полиморфты бөртпелер,папула, везикула, бірнеше пустулалар,қабыршақтар, беткей жаралар бар. Алақаны мен табаны бөртпесіз.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*+желшешек
#939
*!Бала 3 жаста, балалар ұжымына барады, ауырғанына 2 күн. Ауру дене температурасының 37,4°С дейін көтерілуімен, денеде бөртпелер пайда болуымен басталды. Бөртпелер терісінің өзгермеген фонында, ұсақ дақтар, папула және везикула түрінде пайда болды. Келесі күні бөртпе элементтері саны көбейген, везикула орнында бірнеше қабыршақтар пайда болды.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*+желшешек
#940
*!Бала 4 жаста, екінші күн ауырып жатыр Дене температурсының 37,3°С дейін көтерілуімен, өзгермеген терісінің фонында, көп емес ұсақ дақтар, папулалар, везикулалар түрінде пайда болған бөртпелер шығуымен ауруа бастады. Келесі күні бөртпе элменттер саны артқан, везикула орнына бірнеше қабыршақтар пайда болды.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*+желшешек
#941
*!Бала 7 жаста, дене температурасының 38,3°С дейін көтерілуі, бет,кеуде және аяқ-қол терісінде дақты-папулезді бөртпелер шығуымен ауруы жедел басталды. Қарап тексеру кезінде: бастың шашты бөлігінде, кеудесінде және науқастың арқасында бірнеше везикулалар анықталды. Келесі күні везикулярлы элементтердің саны көбейіп, ауыз қуысында бірнеше көпіршіктер пайда болды. Кешке алғаш шыққан везикулалар орнына қабыршақтар пайда болды.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*қызамық
*иерсиниоз
*жаншәу
*+желшешек
#942
*!Бала В, 12 жаста, дене температурасының 38°С дейін көтерілуімен, жұтыну кезіндегі тамақ ауруымен,бас ауруымен және екі реттік құсумен жедел басталды. Аурудың екінші күнінде ұсақ нүктелі бөртпелер бүкіл денеге жайылған.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*қызылша
*ангина
*қызамық
*+жаншәу
*желшешек
#943
*!Бала алты жаста, дене температурасының 39,2°С дейін жоғарылауына, бас ауруына, бір реттік құсу және тамақ ауруына шағымданды. Объективті тексеруде: жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, аңқасында шекарасы анық ашық гиперемия («жанып тұрған аңқа») және бадамшалар лакуналарында іріңді жабындылар бар. Терісі боз, құрғақ, бүкіл денесінде ұсақ нүктелі бөртпе.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*ангина
*қызамық
*иерсиниоз
*+жаншәу
*желшешек
#944
*!Бала А, 5 жаста, дене температурасының 39,5°С дейін жоғарылауына, бас ауруына, тамақ ауруына, қайталамалы құсуға шағымданды. Жағдайы орташа ауырлықта, бетінде ашық қызару,мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Кеуде және аяқ-қолдарының терісінде, көбінесе бүгілетін аймақтарында көптеген бөртпелер. Аңқас ашық гиперемияланған, бадамшалары лакуналарында сұрғылт жабындылар бар.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*ангина
*қызамық
*иерсиниоз
*+жаншәу
*желшешек
#945
*!Бала 4 жаста,дене темперутарсының 38°С дейін жоғарылауымен, бір реттік құсумен жедел ауыра бастаған. Кешке бөртпелер пайда болды. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта, бастың және тамақтың ауруына шағымданады. Бетінде және кеуде терісінде көп мөлшерде ұсақ нүктелі бөртпелер, мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Ауыз жұтқыншағында бадамшалар мен доғалардың ашық гиперемиясы. Оң бадамшаның лакунасында іріңді жабындылар бар.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?
*ангина
*қызамық
*иерсиниоз
*+жаншәу
*желшешек
#946
*!Қыз 4 жаста дене қызуының қатты жоғарылауымен жедел ауырған, қайталамалы құсу, екінші күні склера тамырларының инъекциясы пайда болуымен, аңқасында шамалы гиперемия, бадамшаларында герпестік бөртпелер, нәжісі тәулігіне 3 рет, сұйық.
Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ?