Бұл кодексті бұзушылық болмаса да, дебатерларға төрешіден қарағанда раундты бағалауды жақсырақ білемін деп есептеуді қою керек. Дебатер өзі ойнаған раунд туралы дұрыс қорытынды жасай алмайды. Бұл тек қана өз тобына деген алдын ала ойлауға ғана байланысты емес. Дебатерлар ойындағы барлық нәрсені төреші секілді ести алмайды: ойыншылар әріптесімен сөйлеседі, сөзін жазады, қарсы шығу жолдарын іздейді, Ақпарат Пункттарын ойлап табады. Сондықтан, көптеген маңызды мәліметті жіберіп алу ықтималдығы жоғары. Онымен қоса, дебатерлар аргумент жасаған кезде не айтқысы келетінін алдын ала біледі – ал төрешілер оны білмейді, сондықтан раундты тек қана дебатер нені айтқанына байланысты (ол әрдайым дебатер нені айтқысы келгенімен сәйкес келмейді) бағалайды. Тіпті үздік төреші өзі ойнаған раундқа әділ баға бере алмайды
Әсіресе, бұл топтар арасындағы айырмашылық аз болған жағдайда өте маңызды. Мұндай шарттарда төрешілерде бір жаққа ауытқу үшін басым себептер жоқ болады. Ойыншылар кейбір кезде кішкентай элементтер бір топтың екінші топқа басым түсуін көрсететін жалғыз нәрсе болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Және де шешімді Раундтың Бас Төрешісі шығарады деп ойламау керек. Іс жүзінде нәтижелер жеке адамдармен емес, төрешілер панелімен шығарылады.
Осы себептен, егер сіз ойыншы ретінде қорытындымен келіспей, көңіліңіз қалса бұл әдеттегі жағдай. Төрешілер барлығын біле бермейді, және Төрешілер Коллегиясына төрешілер қаншалықты дебат қорытындыларын түсіндіре алатыны туралы мәлімет керек. Дегенмен, командаларға нәтижелер қате деп есептемес бұрын себептерін тыңдап алу керек; келіспейтін тұстар туралы Төрешілер Коллегиясына агрессивті түрде емес, тиісті арналар арқылы жеткізуге тырысу қажет.
3.1 Нәтижелерді анықтау
Раунд біткен соң, дебатерлар бөлмеден шығуы тиіс, ал төрешілер командаларға бірінші, екінші, үшінші, төртінші орын беру керек.Төрешілер орындарды дисскусия арқылы бір шешімге келуарқылы анықтайды, олар шешімді бөлек қабылдап, дауыс беру арқылы анықтау дұрыс емес; олар сондай-ақ дауды «жеңіп» және басқаларына өз нәтижелерін белгілеу мақсатында бір-бірімен қызу пікірталасқа туспеуі керек. Төрешілік- бұл командалық жұмыс және де төрешілер өздерін команданың бөлігі ретінде қарастыру керек. Олардың міндеті әділ және командаларға лайықты шешім қабылдау болып табылады. Ойында әрқашанда бір команда бірінші, бір команда екінші, бір команда үшінші және де бір команда төртінші орын алуы міндетті.
БП пікірталасының жеңудегі негізгі критерилерін қайталау:
Төреші ең алдымен қай команда өзінің позициясына байлынысты дәлелдеулерімен сенімдірек болғанын бағалау керек. Төреші қай команда өзінің толықтай немесе жақсы түсіндірілген аргументтерімен резалюцианың қабылдануын немесе қабылданбауын дәлелдегенін анықтау қажет. Төрешілер 2.1, бөлімінде жазылғандай, қарапайым ақылды сайлаушылар сияқыты әрқашан тұтас және салыстырмалы болуы тиіс: олар тұтастай команданың қосқан үлесін қарастырып, басқа да командалардың қосқан үлесімен салыстыруы керек. Командалар өз сөзіндегі оқшауланған элементтерден жеңіске жете алмлмайды немесе жеңіліп қала алмайды, мысалы, олар жақсы анықтамасын бере алған үшін немесе бір команда қатысушыларының бірі-біріне қарама-қайшы айтқаны үшін. «автоматты төртінші орын» немесе «автоматты бірінші орын» деген заттар жоқ екенін атап өту маңызды. Бұл қарапайым логика болып табылады: команданың кандайда бір әрекеті нашар немесе жақсы болса да, басқа команда дәл сол әрекетті і оданда нашар немес жақсы орындауы мүмкін, оған қоса басқа жақсырак немесе нашарлау қылатын басқа бір іс әрекет жасауы мүмкін.
Дебат нәтижелері, команда не айтты және не айтқан жоқ арқылы анықталады. Төрешілер рауындықа кіріспеу керек. Төрешілер команда атынан аргументтер құрасыруға,команда атынан аргуменнтерді аяқтауға немесе аргументтерге қарсылық жасауға тыйым салынады. Кейбір кезде төрешілер “жақсы аргументті айтқан, бірақ жетілдірілменген” деп ойыншылар туралы айтады, бірақ бұл дұрыс емес. Бұл тек қана сылтау, себебі, олар өзіне ұнайтын аргументті естігісі келеды. Төрешілер өзі келіспейтін немесе қателікетрі бар болсада аргументтерді қарастыру тиіс. Сонымен қатар, рауындта басқа комндалар бір аргументке мән бермеседе төреші мән беру керек.
Төрешілер раунд барысында дәлелденгенділік деңгейін бағалау қажет.
Төрешілер әрқашанда өз пікірлерін максималды түрде аз қолдану керек. Егер мәлемдемелер ең басқа сыймас мәлімдемелер болса да, басқа командалардан қарсылық болмаса, міндетті түрде ескеліу керек. Идеал жағдайда, командалар қарсыласатрдың аргументіне детальді түрде қарсылық көрсету керек. Реал жағдайда, аргументтер бір-бірене қатысты емес болып келеді. Мұндай жағдайда, аргументтің тек қана маңыздылыған ғана емес,сонымен қатар дәлелденгенділігін бағалау қажет. Қарсылық келтірілмеген аргументтер,сонымен қатар төрешіден қандайда бір логикалық қадамдар қажет ететін аргументтер, сапалы түрде қарсылық келтірлген аргументтерге қарағанда мықтырақ, бірақ ешқашан жақсы түсіндірілген, саны аз пастулаттарға негізделген аргументтер мықты болған емес.
Сондықтанда, аргументке қарсылық келтірілгені немес келтірілмегендігі өте маңызды. Назар аударыңыз, қарсылық жасау барысында ойыншы “қарсылық” деп айту міндетті емес. Олай айту ойншының сөзін түсініктірек қылыуы мүмкін, бірақ төреші “қарсылық” деп айтпаған үшін оның қарсылығын есептемеу дұрыс емес.
Егер ойыншы барлық айқан аргументке қарсылык келтіру міндетті емес. Мысалы, есірткені легализаватьету туралы резалюция болса, ал үкімет “розовый пілдер өте адеми және …” деп айтса онда бұл аргументке “көк пілдер жақсырақ және...” жауап қайтару керек емес, себебі ол есірткенің легализаватьетуіне себеп болмайды. Сонымен қатар,“ бір есірткелер екіншісіне қарағанда зияны азырақ” десе, бұл аргументті де толықтай ескермеуге болады. Аргументтің тақырыпқа қатысты болғанымен, ол есірткенің заңдастыруына әсер етпейді.
Бір раундта бір ғана бас төреші, сонымен қатар көмекші (“wing judge”) немесе қаптал төрешілер болады. Бас төреші раундтағы жасалатын шешімге жауапты, ал көмекшілер бас төрешіге құрметпен қарап, оның сөзін бұзбау тиіс. Бас төрешіде көмекшілерді құрметтеп, дисскусия барысында оларға сөз беріп,олардың сөзін тыңдағаны жөн. Егер төрешілер берілген 15мин ішінде келісімге келмесеб онда кестеге байланысты уақыт болса онда тағы қосымша 5-10мин беріледі. Тағыда ортақ келісімге келмесе, онда келісімге келмеген жерде дауыс беру арқылы шешіледі. Көп дауыс жиналған шешім дұрыс деп жарияланады. Ал егер төрешілер саны жұп болған жағдайда, бас төрешініңшешімі дұрыс деп саналады.
Оқушы-төрешілер (trainee judges): Кейбіртөрешілер ойында “оқушы” болуы мүмкін. Ондай төрешілердің функциялары көмекші төрешілермен бірдей болады, бірақ олардың дауыс беругі құқығы жоқ. Бас төрешілер оларға тең дәрежеде өзінің пікірін айтуға мүмкіндік беруі тиіс, бірақ олар соңғы шешімді қабылдай алмайды. “Оқушы” статуысы тек уақытша бір-екі ойын барысында болады, кейін олар көмекші немесе бас төреші (олар туралы жақысы пікір айтылсы) бола алады.
3.2 Раунд барысындағы пікірлесу
Тең дәрежедегі командалардың ойыны кезінде, төрешілердің пікірлері әр түрлә болуы әбден мүмкін. Сондай жағдайда 15мин ішінде шешім қабылдау өте қиын.
Бас төреші көмекші төрешілердің әр командаға қандай орын беретінін сұрағаны жөн немесе олар дайын болмаса қай команда мықты/әсіз болғанын сұрағаны дұрыс болады. Бұл соңғы шешім емес жәй дисскусия. Көмекші төрешілердің беретін орны Бас төреші немесе басқа төрешілермен бірдей болуы тиіс емес, және де олар өзгерген жағдайда, ол төрешіге әсер естпейді. Әр төрешінің ойын туралы өзінің пікірі болған жөн. Болмаған жағдайда төреші ойынды зейінсіз тыңдаған дегенді білдіреді. Ортақ шешімге келудің мыңдаған комбинациялары бар, бірақ көбінесе олар мынандай болып келеді:
1. Барлық төрешілердің берген
орындары бірдей. Бұл жақсы, бірақ төрешілер бірақ төрешілер бірдей себеппен орынды бергенін анықтау үшін, кішігірім дисскусия жасағаны жөн.
2. Бір төрешіден басқа барлық төрешілерде бірдей орын. Бұндай жағдайда сол төреші неге ондай орын бергенін түсіндіріп, өз пікірін дәлелдеу керек. Тек басқалармен келіспеген жерін түсіндірп, оның пікірі басқаша болғанға оны дұрыс емес деп санау қате.
3. Кейбір орындардың ғана бірдеу болуы. Тек келіспеушілік болған орындарды дискуссияға салып талқылаған жөн.
4. Хаос. Ешқандай бірдей орындар болмаған жағдайда Бас төреші әр команданың аргументтерін және де командалар арасында болған пікірталасты (clashpoint) талқылап басқа төрешілермен келісетін нүктелерді анықтаған жөн.
1.Әр төреші аргументті әр түрлі түсінуі мүмкін сондықтанда аргументтің мағынасы туралы өзара түсінушілікке келу керек.
2. Егер екі түрлі төреші екі түрлі аргументті бас аргумент деп санаса, бас төреші екі аргументтің маңыздылығына қарай салыстыру керек. Ол үшін бұл екі төреші неге оның аргументі маңыздырақ екенін түсіндіру керек.
3. Кішігірім дискуссиядан кейін төрешеілер қайтадан командаларға орын беру керек, сола 3ші пунктқа қайтарыламыз. Нәтежие шықпаса, ең соңында, дауыс беру арқыла шешуге болады.
аттама толтыру
Ойын ойналатын жер белгілі болғаннан кейін бас төрешінің басқаруымен төрешілер хаттама толтыруы керек. Хаттамада командалардың орындары, ойыншылардың 50 мен 100 ұпай арасындағы спикерлік ұпайлары толтырылуы керек. Спикерлік ұпай қойғанда назар аударатын мәселелер:
Команданың спикерлік ұпай сандарының қосындысы олардың рангтарына байланысты болу керек. Мысалы, бірінші ранг алған команданың спикерлік ұпайларының қосындысы екінші орын алған команданың спикерлік ұпайларының санынан көп болу қажет. Командалардың спикерлік ұпайларының қосындысы тең бола алмайды, тым болмағанда ұпайға айырмашылық болу керек.
Спикерлік ұпайлар барлық төрешілердің келісімімен бірдей стандартта қойылуы керек. Орташа ұпай 75 балл болып табылады. Көбінесе 68ден 82ке дейінгі аралықта қойылады. Бірақ төрешілер одан жоғары немесе одан төмен қоюға қорықпау керек. Алайда ондай ұпай қою үшін пікірсайысшының сөзі керемет немесе өте нашар болу қажет.
3.4 Шешімді талқылау
Бас төреші шешімдерді және неге олай шешкенін хабарлайды.Егер шешім қабылдауда бас төреші дауыстан ұтылып қалса, онда шешімді және қабылдану себебін дауысты жеңіп алған жақтағы шет төреші жариялайды.
Шешімді талқылауда неге шешімнің солай қабылдану себептері нақты көрсетілуі және командаларға ақыл-кеңес берілуі керек. Себептер раунда не болғаны жайлы болады, ал ақыл-кеңес ойында болу керек, бірақ болмаған жайлы заттар туралы талқыланады. Соңғысы, яғни ақыл-кеңес міндетті емес. Шешімді талқылаудың басты міндеті: ойыншыларға неге сондай рангтер алғандығын нақтылап түсіндіріп беру.
Шешімді талқылау негізінде былай өтеді:
● Ойыншыларға рангтерін түсіндіру
● Бір команданың екінші командадан жоғары алуын түсіндіретін салыстырмалы анализ
Командаларды салыстыру оңай жасалатын тірлік емес. Бұл процесс кімнің ойында жеңгендігін, кімнің аргументтері мықты екендігін нақты түсіндіріп берілу кекек. Бұл жерде төрешілерге артылатын тапсырма өте маңызды, төрешілер анализді нақты, ойыншыларға түсінікті жеткізуге міндетті. Ойында болған аргументтерді байқай және қаншалықты олар қарсылыққа ұшырағанын анықтай білу керек. Сонымен қатар, қандай аргументтер заңды қабылдауға немесе қабылдамауға әсер еткендігін айта білу керек.
Шешімді талқылаудың бір түрі хронолиялық реттілікті сақтау: мысалы, бірінші АҮ, екінші АО, т.с.с. Екінші түрі – бірінші орын алған командадан бастап төменгі ретпен немесе төртінші рангтан бастап жоғарғы ретпен. Сонымен өатар рангтардың себебі, ақыл-кеңестен бөлек жүру керек. Себебі: ойыншылар шатаспай түсіну үшін.
Төрешілер ойыншыларға осындай ақыл-кеңестер бере алады:
● Ойынды қалай жақсы ойнауға болады жайлы жалпы кеңестер
● Ойын кезіңде ойыншыларда болған проблеманы түсіндіріп беру
● Альтернативті кейстар мен аргументтар көрсету
3.5 Төрешілер жайлы пікірлер
Төрешілер алқасына олар қалай төрешілік еткендігі қызықты болады. Сондықтан ойын соңында төрешілерге пікірлер жазылады. Бұл,біріншіден, турнирдің үздік төрешісін анықтау мақсатында, екіншіден, турнирдің өте сапалы, әділетті өтуіне көмектеседі.
Пікірлердің 3 түрі болады:
Командалардың төрешілерге бағасы
Бас төрешінің шет төрешілерге бағасы
Шет төрешілердің бас төрешіге бағасы