2.5 пунктінде аталған жеті рөл Ақпарат пункттерін қабылдау мен ұсыну және сөздің уақытпен шектелуін қамтиды. Басқа рөлдер секілді бұларды сақтау сендірудің кепілдігі бола алмайды. Егер топ мүшелері берілген уақыт көлемінде сөйлеп немесе көп Ақпарат Пункттарын қабылдаса, Төреші осы үшін жеңісті бере ала алмайды.
Ақпарат пункттары
Ақпарат пункттарын қою мен қабылдау туралы 1.4 бөлімінде айтылған болатын. Топтардың Ақпарат Пункттарын қабылдау да, қою да өте маңызды. 1.4 аталып кеткендей, әр дебатер өзінің сөзінде екі Ақпарат Пунктын қабылдайды деп күтіледі – оның біреуі форматтың талабы. Төрешілер дебатерларға Ақпарат Пункттарын қабылдауға міндеттей алмайды. Алайда, Ақпарат Пункттары басқа топтармен жұмыс жасалғандығын көрсетеді. Егер дебатер бірде-бір Ақпарат Пунктын қабылдамаса, Төрешілер дебатер өз сөзінде сенімділігі аз екендігін және басқа топтармен диалогта аргументін қорғай алмағандығын қорытындылай алады.
Ақпарат Пунктын қабылдамағандығын бағалаған кезде төреші дебатқа қатысудың басқа формалан ескеру қажет. Мысалы, қарсы шығу (ребаттл) сенімділікті қалпына келтіруге жеткілікті. Егер ойыншы Ақпарат Пункттарын қабылдамаса, қарсылас топтың аргументтеріне өте аз немесе мүлдем қарсы шықпаса, бұл Төрешінің көзінде жағымсыз фактор болып саналады. Бір кездері Ақпарат пунктын қабылдамау, өте зиянды бір Ақпарат Пункт болып есептеуге ұсынылған. Бірақ мұндай тәсіл бұл әрекетті бағалауға дұрыс емес. Төреші ешқашан берілмеген аргументке үлкен маңыздылық бермеу керек, тіпті басқа топтар өз рөлдерін толық орындамаса да. Бірақ Төреші Ақпарат Пунктын қабылдамауды қарсылас жақтың үздік материалымен жұмыс істелінбеді деп есептей алады.
Ойыншы қабылдайтын Ақпарат Пункттары, идеалды жағдайда, кем дегенде, басқа командалардың ең төменгі белсенділігіне сай болуы тиіс. Мысалы, егер Үкімет хатшысына Ашушы Оппозициядан сөздің бірінші жартысында ондаған сұрақтар қойылғанда ешқайсысын қабылдамай, кейін Жабушы Оппозицияның бірінші Ақпарат Пунктін қабылдаса, ойыншы АО кейсін елемей жатыр деген ой кетеді (әрине егер одан кейін де АО тобынан ештеңе қабылдамаса). Контекстке байланысты бұл АО аргументтерімен жұмыс жасалынбағанын көрсете алдады, және контекстке байланысты (мысалы ЖО аргументтері АҮ аргументтерінен айқын күштірек болған жағдайда) легтимді тактика бола алады.
Уақыт шектеулері
Бірінші бөлімде көрсетілгендей, Әлем Чемпионаттарында барлық сөздердің ресми көлемі 7 минут. Әдетте ойыншыларға қосымша 15 секунд беріледі және осы уақытта айтылған барлық мәлімет төрешімен қабылдана береді. Берілген уақыттан артық сөйлегенге жазалаудың қажеті жоқ, тек 7 минут 15 секундтан кейін айтылған материалдың барлығын елемеу керек. Егер ойыншы 8 минуттан артық сөйлесе, Бас Төреші дебат кестемен жүру үшін ойыншыны жайына отыруды сұрауға құқылы.
Equity
БПФ дебаттарының ережелерін сақтаудан басқа, Әлем Чемпионатында қатысушылардан Equity Policy (турнирдегі құлықтың кодексі) сақтауды талап етеді. Төрешілерде осы Кодекстін сақталуын қамтамасыз ету үшін өкілеттіктері жоқ. Төрешілер сөзді мүмкін кодекстің бұзылуынан тоқтата алмайды, тек егер экстремалды, ойыннын жүру жолы ауытқып кететін жағдайлар болсамаса. Онымен қоса, төрешілер орын бергенде және спикерлік балл қойғанда кодекстің бұзылуын ескермеу керек. Төрешілер раундты бағалау үшін арналған, демек кодексті бұзу қаншалықты сөзді сенімсіз немесе раундты әділетсіз қылатынына байланысты жазалау керек. Төрешілер кодекс бұзушылыққа автоматты түрде 0 спикерлік балл немесе 4 оын бере алмайды.
Кодекстің қандай да бір бұзышылығынын формалды түрде шешілу үшін төрешілер және/немесе ойыншылар турнирдегі қылық туралы кодекске жауапты топқа жеткізуге тиіс (equity team). Бұл топ өз кезегінде Төрешілер Коллегиясымен бірге кейінгі іс-әрекеттер жайлы шешімін шығарады. Алайда, кодекске байланысты сұрақтар туғызатын материал ақылды адамды сендіре алмайтынын ескеру керек. Расистік аргументтерді қолданған ойыншы өз сенімдігін жоғалтады.
Кодесті бұзу дебаттағы стандартты қалыптасқан жағдай емес. Керісінше, бұл жағдайлар ешқашан турнирде орын таппау қажет. Пікірсайыс барлық қатысушыларға рахат әкелуге арналған және осы үшін жеке байланыстарды бұзудың қажеті жоқ.