Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


оманданың жүктемесін не анықтайды?




урнир структурасы

Әлем чемпионаты екі бөліктен тұрады(төмендегі диаграммды қарау). Турнирдың басым бөлігі алғашқы үш күнде күнде өтіледі. Осы үш күнде, барлық келген топтар қатысатын, алғашқы іріктеу раундары өтеді. Әдетте бұл раундтар тоғыз. Раундтардың көпшілігі “ашық”. Яғни, топтар өздерінің нәтижелерін біле алады және төрешіден, ойын біткеннен кейін, фидбэк ала алады. Бірнеше соңғы “жабық” түрде өткізіледі. Бұндай раунд қорытындылары және фидбектері “брейкке” дейін белгісіз.

Алғашқы жалпы раундтардан кейін, ең мықты нәтиже көрсеткен топтар іріктеу раундтарына өтеді. Қалған топтар ойынға қатысуын тоқтатады. Мықты топтарды таңдау және жариялау кезеңі “брейк” деп аталады. Тэбте, топтардың алған орындары алғашқы ойындарда жиналған “топтық” баллдармен шешіледі (бірінші ранг үшін 3 балл, екінші ранг үшін 2 балл, үшінші рангқа 1 балл және, сәйкесінше, 4 ранг үшін 0 балл). Бірдей топтық балл жинаған топтар тағдыры “спикерлік” баллдар (ойыншыларға жеке сөздері үшін берілетін 50-ден 100-ге дейінгі баллдар) арқылы шешілді. Осы турнирде 48 топ ашық брейктен (турнирге қатысушы бүкіл топ бұндай брейк мүмкіндігіне ие), 16 топ “ESL брейкінен” (тек ESL және EFL статустары бар топтар ғана бұл категориядан брейкке өтуге құқылы), және 8 топ “EFL брейкке” (EFL статусы бар топтар ғана бұл категориядан брейкке өтуге құқылы) өтеді.

 

 

Алғашқы раундтар Брейк Іріктеу раундтары Чемпиондар
  Барлық топтар 16 үздік ESL топ ESL төрттен бір финалы, жарты финал және финал ESL категориясындағы әлем чемпиондары
48 үздік топ Ішінара ашық октофиналдар, октофиналдар, төрттен бір финалдар, жартылай финалдар, финал Ашық категориядағы әлем чемпиондары
8 үздік EFL топ EFL жартылай финалы және финал EFL категориясындағы әлем чемпиондары

 

 

2 тарау. Дебат және Әлем чемпионатындағы Төрешілік

2.1 Раундтағы жеңіс

Раундтағы командалар раундты жеңуге талпынады. Дебаттағы жеңіс төрешілер мен дебатерлер үшін келісе бекітумен сипатталады:

омандалар, өздерінің жағының дәлелдеу ауыртпалығына сәйкес шыншыл болса және парламенттік дебаттың ережелерінің шектеулерін сақтаған жағдайда жеңіске жетеді.

Бұл мәлімдемеге екі пікір қосылады:

· Қаншалықты сенімді дебатер бола тұра команданың жауапкершілігіндегі дәлелдеу ауыртпалығына сәйкес емес мәлімдемелермен жеңіске жету мүмкін емес.

· Дебат ережелері легитимді көндіру тәсілдерін шектейді. Мысалы, ережелер болмаған жағдайда оппозиция аналитигі (хатшысы) жаңа аргументтер қосу арқылы жеткілікті түрде сенімді бола алады, бірақ ережелер бұған тиым салады. Сол себептен сөйлеу тәсілдері сенімді және ережеге сай болған жағдайда ғана команда жеңіске жете алады.

“Қарапайым ақылды сайлаушы” тарапынан төрешілік

Өмір аясында, сенімді болу қабілеті өте субьективті түсінік. Бұл біздің қазіргі таңдағы әлем туралы түсінігіміз, персоналды стилистикалық және эстетикалық айрықша ықыластарымыз және жеке қызығушылықтарымыз қаншалықты көндіре алатындығына байланысты. Субьективті түсінікке қараған төрешілік өз кезегінде проблематикалық болар еді, себебі нәтиже төрешінің қандай адам болғандығына тәуелді болар еді. Сонымен қатар, төрешінің жеке қалауларына байланысты кейбір дебатерлерге жеңіске жету қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, төрешілер дебатерлердің сенімділігін өз ойы бойынша емес бәріне ортақ бағалау критерийлеріне байланысты бағалауға тиіс. Төрешілер бағалау барысында өз орнына “қарапайым ақылды сайлаушыны” (кейде “ортастатистикалық саналы индивидуум” немесе “мағлұматпен қамтамасыз етілген әлем азаматы”) қойып көрулері керек. Бұл гипотетикалық қарапайым ақылды сайлаушының дебат тақырыбына алдына ала жиналған көзқарасының болмауы оны алдау мен логикалық қателер және софистикаға көнбеуіне жәрдем етеді. Ол политикалық және социалогиялық сұрақтарды жақсы білгеніне қарамастан арнайы мамандандырылған білімдерге тапшы. Ол әлі көнбеген және оны кімге дауыс беру керек екендігі қобалжытады. Сол себептен ол ең сенімді кейс құрастырған командаға жеңісті бергенді жөн көретін болады. Ол қарама-қайшы аргументтерді (күрделі аргументтерді қоса алғанда) түсінуге және бағалауға жеткілікті түрде білімді; бірақ ол оған табысталған материалмен ғана шектеледі, егер де материал барлығына ортақ түсінікке қарама қайшы келмесе және таң қалдырарлықтай дәрежеде болса.

 

Жоғарыда көрсетілген материалға қарағанда қарапайым ақылды сайлаушы көпшілікке (немесе барлығына) ұқсамайды. Алайда, “қарапайым ақылды сайлаушы” концепциясы барлық командаларға жеңіске жетуге теңдей мүмкіндік беретін төрешіліктің характеристикалар жинағын жалпылауда пайдалы болып саналады. Сондықтан “қарапайым ақылды сайлаушы” термині төрешілердің келесі міндеттерін сипаттайды:

· Егер де тақырып әрбір адам білетін тақырып (мысалға, “Сирия таяу шығыста орналасқан”, “Ресей – аса маңызды мұнай экспортері” – бұлар көпке белгілі мәліметтер, ал Ирактағы әскери қимылыстар мұндай мәлімет емес) болмаса төрешіге өзінің білім жиынтығын қолдануға болмайды;

· Аргументті толықтай ашып бере алмаған мағлұмат көздері мен эмоциялық апелляцияларға көңіл бөлу маңызды емес;

· Аргументтерді бағалау барысында географиялық, мәдени, ұлттық немесе басқа контексті қолданудан алшақ болу;

· Сүйікті аргумент немесе сүйікті сөйлеу стиліне көңіл бөлмеу;

· Ұсыныстың, шешімнің және мәселенің абыройын өз көзқарасыңа қарамай бағалау.

Қарпайым ақылды сайлаушы ретінде төрешілік атқару раундта жақсы төрешілік ету (аргументтерді логикалық ағымын, қай команданың жеңіске жеткенін қарастыру және ережелер бұзылмауын қадағалау) жауапкершілігінен босатпайды. “Бұл анық иррационалды ынталандыру болды, бірақ қарапайым ақылды сайлаушы бұған сеніп қалуы мүмкін” деп пайымдауға болмайды. Бұл рационалды емес қорытындымен және төрешінің қарапайым ақылды сайлаушыдан ақылдырақ екендігін асыра сілтеп көрсетіп жібереді. Төрешілердің өздерін қарапайым ақылды сайлаушы ретінде идентификациялауы өзіндік субьективті талғамдар мен ойларын қолданудан қашу болып табылатындығын білдіргіміз келеді. Көпшілігіміз дебатты өте жиі ойнағандықтан арнайы стильдің эстетикалық префенцияларын және әзілдер қолдана бастаймыз. Бұл сүйікті бір хобби бола тұра дебат тақырыбынан ауытқуларға алып келуі мүмкін. Юмористикалық және күрделі стилде қолданылған ойлар сайлаушыларға ұнай бермейді. Төршілерге раундта кім ақылды, сырбаз немесе күлкілі болғанын емес кім өз ақылын, сырбаздылығын және әзілдерін сайлаушыны көндіре алатындай етіп қолданғанына қарап бағалауы керек екендігін ескерткен жөн. Бұған жетудің ең үздік тәсілі дебатқа шын проблема немесе дау ретінде қарап кім сайлаушыларды басқаларға қарағанда көндіре алатындығын тауып оларға орындарын жіктеу.

 

ндіре алу деген не?

Төрешілер орындарды раундта қай топ ең сенімді екендігіне қарай жіктейді. БПФ форматында аргументтің сенімділігі дәлелдемелер мен маңыздылығын көрсету арқылы жүзеге асады.

Анализ бен стиль екі бөлек бағалау критерийлері емес екендігін ескерге жөн. БПФ дебат форатында аргумент керемет мазмұндау стиліне қарамастан жеткілікті түрде сенімді бола алмайды. Аргументтерге дәлел келтірілмеген әдемі құрастырылған сөйлемдерде ешқандай мән болмайды. Сәйкесінше, төреші түсінбеген дәлелденген аргумент оны көндіре алмайды. Жақсы стиль деп анализді төрешіге барынша эффективті түрде жеткізуді атайды. Стиль және анализ жеке, тәуелсіз сендіру генераторы емес керісінше бірін-бірі толықтыратын көндіру элементтері болып табылады. Екеуінің бөлек секцияларда талқыланатындығы кедергі етпейді.

 

Анализ

Аргументтің анализі оны далелдейтін себептерден құралады. Себептер аргументті мынандай жолдармен даледей алады:

· логикалық тұрғыда аргументтің шындылығын дәлелдеу

· белгілі бір тұжырымға алып келетін себеп-салдарлық байланыс

· аргументтің шындылығын далейдейтін қоғамдық норманы көрсету

· басқа жағынан аргументтен шығатын жаман салдарларды көрсету

немесе бұдан да басқа көптеген төрешіні көндіретіндей шыңдыққа негізделген және дебатқа қатысты сөздермен дәлелдеуге болады. Себептер мықты және әлсіз болады. Ол пірірсайысшының қаншалықты мықты критерийлар жинағанына байланысты болады.

 

Аргументтің бағасын осындай себептермен қатар төрешілер де оның маңыздылығын, шындыққа негізделгендігін, оның сенімділігін анықтау үшін өзіндік стандарттар қолданады. Шындыққа қатты алыс тұжырымдар аргументке әлсіз қолдау болады немесе мүлдем қолдау болмайды. Аргументті дұрыс тізбектемеу ойыншылар үшін көптеген проблема әкеледі. Командалар сөз арасында бір-біріне қарсы шықпау керек. Егер де командалар ойын кезінде бір-бірінің сөздеріне қарсы шығып қалған жағдайда төреші екі аргументті де қабылдамауға құқылы немесе екеуінің біреуін қалдырады. Кейде екі аргументті де қабылдап, бірақ әлсіз ретінде алуы мүмкін.

 

Төмендегі критерийлар анализге түк әсер етпейді:

· аргументтің саны

· аргументтің ішіндегі қулықтар

· аргументтің қызықтылығы

Маңыздысы: осы аргуметтен шыққан тұжырым қаншалықты дебат раундына релевантты, қаншалықты мықты қолдаулармен дәлелденген, қаншалықты осы аргументке қарсылық болғандығы мен қаншалықты осы аргументке анализ жасалғандығы. Төрешілер аргументтің осы раунда қаншалықты маңызды рөл атқаруы мүмкін екендігіне қарамай, сол аргументтің ойында қаншалықты дәлелденгені мен сол аргументтің қаншалықты дебат ойында маңыздылығы болғандығына қарауы керек.

 

2.3 Қарсылық, тартымдылық және салыстыру

Егер пікірсайысшы ұсынған аргументтің қолдауы қатты мықты болмаса да, оған жеткілікті қарсылық болмаған жағдайда төреші тарапынан қабылдануы тиіс. Егер ұсынылған аргумент ойында қатты маңызды нүкте болмаса, ойыншылар уақытты тиімді пайдаланып маңызды нүктелерге қарсылық білдергені дұрыс. Алайда пікірсайысшылар ешқашан да ұсынылған аргументке деген қарсылық (ол қатты мықты болмаған жағдайдың өзінде де) төреші тарапынан олар үшін болмайтынын ескерген жөн. Егер ұсынылған кейс керемет аргументтерден тұратын болса, онда оған басқа команда тарапынан қарсылық болуға міндетті.

 

Қарсылық аргументтің шындыққа жанаспайтынын, релевантты емес екенін дәлелдейтін, саыстырмалы тұрғыда маңыздылығы төмен екенін көрсететін, жеткіліксіз, адекватты емес екенін дәлелдейтін кез-келген дүние болуы мүмкін. Қарсылықты раунд кезінде қарсылық деп айту міндетті емес, қарсылық спикердің сөзінің басында да, ортасында да, аяғында да болуы мүмкін.

 

оманданың жүктемесін не анықтайды?

Алдыңда ескертілгендей жақсы дәлелденген, алайда ойынға қатысы жоқ аргументтен еш пайда жоқ. Командалардың ойынға алып келген үлесін анықтау үшін, командаларға артылатын жүктемені байқай білу керек. Осы жүктемені екі жолмен анықтауға болады.

 

Ең алдымен, жүктеме тақырып арқылы беріліп тұруы мүмкін. Мысалы: «БП үлкен эпидемиялық ауру кезінде вакцинацияны жасауда заң тыңдайтын азаматтарға маңыздылық қояды» тақырып кезінде үкімет тарапы улкен эпидемия кезінде заң тыңдайтын азаматтарға маңыздылық беруін дәлелдеу керек. Үкіметтің ойын бағыты кез келген кезде маңыдылық беру туралы (тіпті эпидемия кезінде болмаса да) немесе заң таңдайтын азаматтардан басқа азаматтарға вакциния қабылдатпау жайлы болып кетпеу керек. Оппозиция тарапы заңға бағынатын азаматтардың кез келген уақытта маңыздылыққа ие болуына емес, олардың эпидемия кезіндегі маңыздылыққа ие болмауын дәлелдеуге тырысу керек.

 

Екіншіден, жүктеме белгілі бер аргументке байланысты болуы мүмкін. Мысалы: «БП адам өлтіру ішкі саясатта легитимді құрал деп есептейді» тақырыбында оппозиция лидері адам өлтіру халықаралық құқыққа қарсы іс-әрекет екенін айта алады. Осы аргументті дебатқа релевантты қылу үшін оппозиия лидері заңға қарсы іс-әрекеттер легитимді жол емес екенін дәлелдеп беруі керек.

 

Тақырыптардың түрлері

Тақырыптарды командаларға жүктелетін жүктемеге байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады (“Бұл палата... жасайды “, “ Бұл палата... деп есептейді”, “ Бұл палата … қолдайды”). Төрешілер осындай сөздерді бірден бір тақырыптың ішінде қолданбайды, себебі ойыншыларға тақырыптың түрін түсіну оңай болу үшін. Біз сіздерге төмендегідей ақыл-кеңес береміз:

● “Бұл палата...А... жасайды” тақырыбы көбінесе үкімет А заңын ұсынады жайыңда әңгіме қозғалады – сол заңды еңгізу үшін дәлелденетін аргументтер топтамасы. Осындай дебаттың орталық сұрағы – осы А заңын енгізу керек па, жоқ па? Үкімет тарапы осы заңдылықты еңгізген жөн екенін және болашақта жақсы болатынын дәлелдесе, оппозиция тарапы осы заңнан жаман жағдай қалыптасатынын дәлелдеуге тырысады. Бұл дебат үкімет тарапы институт (әдетте мемлекет) осындай іс-әрекеттерді жасап жатқандығы немесе шын өмірде осындай жағдай қалыптасып жатқандығы жайлы болмау керек. Сәйкесінше, оппозиция «бұндай заң мемлекет қабылдай алмайды» немесе «саясаткерлер ешқашанда олай жасамайды» деп қарсылық айта алмайды. Пікірсайысшылар мемлекет немесе саясаткер ретінде осы заң жайлы әңгіме айту керек, заң шың өмірде қабылданус мүмкін ба, жоқ па емес.

● “Бұл палата...А... деп есептейді” тақырыбы көбінесе үкімет тарапынан қандай да бір іс-әрекетті талап етпейді, бұл тақырыпта А тұжырымдамасының шынайы екенін дәлелдеу қажет, ал оппозиция оның дұрыс емес екендігіне төрешінің көзін жеткізу керек. Мысалы: ” Бұл палата әлемде барлық адамдар минимум өмір сүруге құқылы деп есептейді”. Кейде кейбір осындай тақырыптағы қарарлар белгілі бір іс-әрекет жайлы болуы да мүмкін: “ Бұл палата [субъект А] жасау керек [іс-әрекет Б] деп есептейді.”

● “Бұл палата...А... қолдайды” тақырыбы да үкімет тарапынан белгілі бір іс-әрекетті талап етпейді. Оның орнына үкімет символдық, саясат арқылы, материалдық немесе басқаша жолмен адамды, топты, институтты, істі, құндылықты немесе А тұжырымдамасын қолдау керектігін дәлелдеу керек. Оппозиция Аны қолдамау керектігін дәлелдейді.

● «Бұл Палата [A] ретінде [Б] болады» ерекше түрге жатады. Бұндай тақырыпта А субъекті ретінде бір қимыл жасау керек. Төрт команда да А субъекті ретінде ойнайды. Мысалы, егер тақырып “Бұл палата Турция мемлекеті ретінде Сирияға масштабтық соғыс ашады” болса, раунд Турция интервенция мемлекеті ретінде ойнатылады. Бұндай раундта Турция мемлекетінің позициясын таңдап, соған байланысты аргументтар келтірілу керек. Раундта аргуметтер А субъектіне негізделеді және спикер Турция араласу керек себебі бұл американдық бизнеске жақсы деген тұжырым айта алмайды, айту үшін бұл Турцияға қандай әсер алып келетінін дәлелдеу керек.

 

2.7 Дебаттағы оппозиция

Сонымен, үкімет ұсынысты неге қабылдау керек немесе өз ойы неге дұрыс екенін көрсететін аргументтерін ұсынады. Ал Оппозиция мүшелері не істеу қажет? Нақты шаралар туралы пікірталаста Оппозиция неге осы шараны істемеу керек екенін, яғни бұл ұсынысқа тиімдірек альтернатива бар екенін көрсетуге тиіс. Сондықтан, Үкімет қандай дефиниция беретінін таңдай алса, Оппозиция статус квоны қорғау мақсатында екі жолдын біреуін таңдай алады: альтернативті шешу жолын қорғау немесе Үкімет берген қарардағы ешбір шараны істемеу. (Әрине, екінші жолды таңдаған жағдайда команда толық әрекетсіздікті ұсынбайды, тек неге осы қарарды қабылдау мемлекеттін ситуациясын ушықтырытанын көрсетеді)

 

Контр-ұсыныс

 

Егер Оппозиция ұснылған қарардан бас тарту себептерін көрсетіп жатса, контр-ұсынысты енгізу легитимді болып саналады. Үкіметтін іс-шарасына нақты альтернативаны көрсетуге оппозиция міндетті емес. Алайда, егер оппозиция қаласа, Үкіметтін ұсынысына балама әрекеттерді қорғауға мүмкіндік бар. Бұл “контр-ұсыныс” немесе “контр-пропозиция” деп аталады. Егер Үкімет жағынан тек Премьер-министр дефиниция енгізуге құқылы болса, Оппозиция үстелдерінде тек Оппозиция Лидері альтернативті моделді көрсете алады. Альтернативті метод үкіметтін механизмімен қатарлас жұмыс істелуі мүмкін, бірақ бұл төрешіні сендіруде көп пайда әкелмейді, өйткені екі механизмді де бірдей қабылдауға болады. Сондықтан, өз моделін ұсынған Оппозиция неге бұл модель жақсы екенін түсіндіргеннен бөлек, неге бұл моделді Үкіметтің моделінін орнына қабылдау қажет екенін көрсеткені жөн.

Мысалы: Бұл Палата Сирияға әскер енгізеді

Мысал 1:

Премьер-Министр: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп, сол жерде жаңа үкімет орнатуға тиіс деп есептейміз»

Оппозиция Лидері: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп қана қоймай, Сирияның жаңа режиміне эконмикалық көмек беру керек деп есептейміз»





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2393 - | 2261 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.