Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ




Сабақтың мақсаты:

· клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Көмірсу алмасуы патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау: көмірсу алмасуы патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау

ТАПСЫРМАЛАР

Кейс -стади

№ 1 есеп. 1-сынып оқушысында дене шынықтыру сабағынан 100 м-ге жүгіруден кейін, өздігінен қайтқан тырыспа-селкілдек және әлсіздік ұстамасы дамыды. Тырыспалар «жарылыс сипаттағы» кез-келген физикалық жүктемелерге қайталанады. Инсулин сөлденісі мен ҚПГ деңгейі қалыпты, физикалық жүктемеден кейін сүт қышқылының деңгейі өзгермейді. Бұлшықеттік биоптатты бояғанда және электрондық микроскоппен қарағанда сарколемманың астында және миофибрилдердің арасында гликогеннің жиналғанын көреміз. Науқастардың бұлшықеттерінде фосфорилаза ферментінің белсенділігі қалыптағыдан 10% төмен болады. Әлсіздік және тырыспа-селкілдек ұстамасынан кейін зәрде миоглобин анықталады.

Сұрақтар:

1. Ұстамалардың себептері қандай болуы мүмкін?

2. Науқасқа қандай ұсыныстар беруге болады?

 

№ 2 есеп. Клиникаға түскен емшек жасындағы екі монозиготты егіздерде бауырдың ұлғайғаны (гепатомегалия), ашқарынға қан плазмасындағы глюкозаның (ҚПГ) деңгейі төмендегені (гипогликемия) байқалды. ҚПГ мөлшері адреналин енгізгенге шамалы жоғарылайды. Бауыр жасушаларында фосфорилаза деңгейі күрт төмендеп, гликоген мөлшері жоғарылаған.

Сұрақтар:

1. Егіздерде қандай дерттік үрдіс дамыды?Жауапты негіздеңіз.

2. Осы дерттік үрдістің мүмкін болатын себептері қандай?

3. Гепатоциттерде осы дерттік жағдайдың түзілу тетіктері қандай?

4. Гепатомегалия, гипогликемия және адреналинге әлсіз гипергликемиялық әсердің даму тетіктері қандай?

Есеп.

Тексерілуге келген науқас соңғы 10 күн бойы сумен аштықта болған. Осы он күн бойы қанда глюкоза мөлшері (концентрациясы) анықталып отырған. Ашығу кезеңінде глюкозаның деңгейі қалыпты көрсеткіштің төменгі шекарасында болған.

Ашыққан адамның организмінде гликемияның қалыпты деңгейде болу тетігін түсіндіріңіз?

 

Есеп.

Науқастың қанында гипогликемия, С пептидтің жоғары деңгейі анықталды. Ішкі ақзаларды ультрадыбысты тексергенде ұйқы безінде өспе байқалды.

Бұл өзгерістер қандай ауруларға тән көрсеткіш. Жауапты түсіндіріңіз?

№ 5 есеп. Аш қарынға науқас А – ны тексергенде оның қанында глюкозаның мөлшері 7,26 ммоль/л. С- пептидтің деңгейі жоғары. Инсулиннің концентрациясы көтеріңкі. Гликозданған гемогобин деңгейі жоғары.

Олардың диагноз қою үшін құндылығы қандай? Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1 С-пептид және гликозданған гемоглобин деп қандай заттарды айтамыз? Олардың диагноздық маңызы қандай?

2 Қандай ауру туралы ойлауға болады? Қанда инсулин неге жоғарылаған?

3 Осы ауруда қанда глюкозаның жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз

4 Патогенездік емдеу тәсілдерін негіздеңіз

 

Есеп

Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: дене қызымы - 37,2 °С, өкпеде тынысы везикулярлы, тамыр соғысы -80 рет минутына, АҚ - 120/80 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды, бетінде және арқасында сыздауықтар.

1 Аурудың болжам диагнозын қойыңыз.

2 Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеулер қажет?Жауапты негіздеңіз

3 Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз

4 Патогенездік емдеу тәсілдерін негіздеңіз

 

Есеп

Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 1000 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.

1 Науқаста қандай жағдай дамыды?

2 Бұл жағдай патогенезінің негізгі тізбегі қандай?

3 Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

4 Науқаста ми ісінуі қаупі бар ма?

5 Патогенездік емдеу тәсілдерін негіздеңіз

 

Есеп

60 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Қасына еріп келген туысқанынан сұрау барысында науқастың ұзақ уақыт бойы ҚД-мен зардап шегетіні, қант деңгейін төмендететін дәрілердің аз мөлшерін қабылдайтыны және тұрақты шөлдеуге, жиі, көп кіші дәретке шығатыны анықталды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, көз алмасының межеқуаты және тері тургоры төмендеген, тынысы жиі, беткей, пульсі — 96, АҚ — 70/50 мм сын. бағ., ауық-ауық бет және аяқ-қол бұлшықеттерінің тырыспалық жиырылулары байқалады. Қанның жедел талдауы айқын гипергликемияны көрсетті (17 ммоль/л, рН –7,32, СҚ — 3,2 ммоль/л

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Осы жағдайдың негізгі патогенездік тізбегі қандай? Науқастағы қандай әйгіленімдер сіздің ойыңызға сәйкес келеді?

3. Осы жағдайдың емдеу ұстанымдары қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп.

Инсулинге тәуелді қантты диабетпен сырқаттанған адам комалық жағдайда ауруханаға түсті. Инсулин және Na гидрокарбонатымен емдегенге дейінгі және емнен кейінге ҚСҮ жағдайын бағалаңыз. Na гидрокарбонатымен емді жалғастыру керек пе, жоқ па, неге, түсіндіріңіз?

 

Қалыпты (норма) Емге дейін Емнен кейін
рН 7,35-7,45 рСО2 35-45мм с.б. SВ 20-27ммоль /л АВ 19-25ммоль/л ВВ40-60ммоль/л ВЕ +2,5-2,5ммоль/л рН 7,30 рСО2 25мм с.б. SВ 14ммоль/л АВ 17ммоль/л ВВ30ммоль/л ВЕ-14ммоль/л рН 7,44 рСО2 45мм с.б. SВ 30ммоль/л АВ 27ммоль/л ВВ52ммоль/л ВЕ-+4ммоль/л

 

Есеп.

Комалық жағдайдағы науқаста мынадай лабораториялық көрсеткіштер анықталды: қандағы глюкоза 55,5 ммоль/л, қан плазмасында осмолярлық қысым жоғары, рН -7,4; қанда сүт қышқылы 1,3 ммоль/л.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

Команың даму механизмі қандай?

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 130 - 139.

2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 568-620

3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 111-127.

4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 67-69

5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 251-269

6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 163 – 174

Қосымша

7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 52-60

8. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 228-238.

9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 271-293.

10. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 266-301.

11. Г.В.Зайчик и др. Основы патохимии. – М: Медицина, 2000.

12. Вагнер Ф., Роусс Г. Введение в клиническую биохимию. Санк-Петербург,1998- 402с.

 

Бақылау

Ситуациялық есептер бойынша қорытынды

 


 


 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1259 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.