Сабақтың мақсаты:
· клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
· Су-электролит алмасуы патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру
· Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру
· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру
Сабақ жүргізудің тәсілдері:
Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.
ТАПСЫРМАЛАР
Кейс-стади:
Есеп.
Клиникаға 3 айлық бала мынадай шағымдармен түсті: мазасыздық, қозғыштық, селкілдек, жиі сулы дәрет, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегінің түсуі, тілінің және терінің шырышты қабаттарының құрғауы, бұлшықетінің гипотониясы және ішектің парезі. АҚ 70/40 мм сбб. Қан сараптамасында эритроцит, гемоглобин және лейкоциттердің жоғарылауы. Диурез 300 мл. Шөлдеу сезімі жоқ.
1. Балада су-электролит алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамыды?
2. Негізгі көріністердің патогенезі қандай?
Есеп.
Ыстық цехта жұмыс кезінде өкпенің гипервентиляциясы және тер бөлінуінің жоғарылауы күшейді. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысына әкеледі? Су-электролит алмасуы бұзылысының қандай түрі дамуы мүмкін, егер ыстықты басу үшін тұзсыз су қабылдайтын болса?
№ 3 есеп.
Науқас айтарлықтай ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалып қойған, жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
1. Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?
2. Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
3. Дамыған жағдайларда патогенетикалық терапия әдісін ұсыныңыз
Есеп.
42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған.
Сұрақтар:
1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?
2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?
3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының патогенеін түсіндіріңіз?
4. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз, патогенездік терапияны ұсыныңыз.
№ 5 есеп.
22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданған, жедел гломерулонефрит дамыды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде: беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары ұлғайған, АҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, несепте – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.
Сұрақтар:
1. Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?
2. Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?
3. Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?
№6 есеп.
Науқас И., 5 жаста, бет аймағында ісіну байқалады, аралық және соңғы тәуліктік диурез 0,6 л, көрсетілген жағдайлар біртіндеп дамыды.
Науқаста ісінудің болжамын анықтау үшін қандай зертханалық зерттеулер жүргізу керек?
Есеп.
Науқас 52 жаста, бауыр ауруының жеткіліксіздігімен ауруханаға түсті. Қарап тексергенде: бауыр көлемі кішірейген, сипап сезгенде тығыз, көкбауыры ұлғайған және іші қампиған, перкуссияда іш қуысында бос сұйықтықтың жиналғаны анықталды.
1. Науқаста ісінудің қандай түрі дамыды?
2. Оның даму механизмі қандай?
№ 8есеп.
Науқас Д., 42 жаста, Африканың бір елінен ұзақ командировкадан келді. Бірнеше апта бойы қызымының ұстамалы қалтырауымен қысқа уақытқа көтеріліп қайта түсетінін айтады. Бірнеше уақыттан кейін дененің төменгі бөлімінде лимфа түйіндері, аяқтарында ісіну анықталды. Қарап тексергенде: аяқтарында айтарлықтай ісінулер, сыртқы жыныс ағзалары, терісі қызарған, сан аймағында, шап және ұмасын сипап сезгенде тері астында тығыз эластикалық тартылымдар анықталады.
1. Осы жағдайда ісінулердің даму механизмі және мүмкін болатын себебі қандай?
№ 9есеп. 40 жастағы науқасқа сол жақ сүт безін аймақты лимфа түйіндерімен бірге көлемді ота жасалды. Келесі күні терісінің түсі өзгеріссіз, сол қолының ісінуі байқалды. Ісінудің механизмі қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.
3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 682-746
4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 147-175
5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 59-63
6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.
7. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 188 – 205
Қосымша
8. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.
9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 315-334.
10. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.
11. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.
БАҚЫЛАУ
Ситуациялық есептер бойынша қорытындылар